VII БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 10:58

Қыстың аяқ кезіңде Балайым аман-есен босанып, ұл туды. Сол қуаныштың ертеңіне Әбдібек қызметке ерте келді. Кеңседе жан жоқ екен. Әрі-бері ұмсынып көріп еді, жұмысқа қолы бармады. Сонан соң тәуекел деп Жамалдың үйіне телефон соққан. -        Қисынсыз мазалағаныма кешірім өтінем, - деген Әбдібек. - Бүгін сондай бір жағдай боп тұрғаны. -        Таң алакеуімде ешкім телефон соқпаушы еді, - деді Жамал жұмбақтай сөйлеп. - Қалай батылыңыз барғанын. -        Кеше біздің үйге бір жігіт кеп, - дей беріп еді, Жамал түсіне қойды. -        Құттықтаймын! Ұлыңыздың бауы берік болсын! Жамалдың дауысы жарықшақтанып шыққанын Әбдібек анық сезді. Дегенмен, ештеңе білмегенсіп: -        Бүгін таң алагеуімде ояныппын. Үйде бір өзім. Қиын екен, - деген. -        Әй, еркектер-ай, сәл болса, өстесіздер. Әйтпесе мен сияқтылардың шықпай жүрген жаны. -        Ондай беріктік бізге бұйырмаған ғой.        Әбдібектің ойына Жамалдың жалғыздығы түсті. Күйеуімен ажырасқанына екі жыл болғанын, төрт бөлмелі үлкен үйде өзі ғана тұратынын сырт адамдардан естіген. Әзірге білетіні - осы. Арғы жағын қазбалап сұрамаған. Сұраса болды, тұнығы лайланатындай көрінеді. Әлі күн- ге Жамал да жартымды ештеңе дей қойған жоқ. -        Heгe үндемей қалдыңыз?- деді Жамал. -        Қызметке ертерек келсеңші. -        Шынымен-ақ жалғызсырағаннан саумысыз?! -        Ертерек келші. -        Кей жұрттың көзінен де, сөзінен де қорқам. -        Ол мәреден өтіп кеткен сияқтымыз. -        Қай-дам, - деді Жамал. -        Күтем, - деген Әбдібек сол екі ортада.          Жамал, «қойшы, несіне пәлденем» деп әлгі қызыл көйлегін киді де, асығыс үйден шықты. Жолай оның ойы әр қиырды бір шарлады. Көңілінде иірім-иірім боп, көп толғаныс жатты. Сол иірімдер үйіріліп келіп Әбдібектің айналасынан шықпайтын тәрізді: «Ол ұлды боп, қуанышы қойнына сыймай отыр. Сонда қалай? Дәп қазір мені іздегені... Өйткен күнде әншейін-ақ арагідік көңіл көтеретін құпия-қосақ болғаным ба?».          Кеңседе екеуінен басқа ешкім жоқ. Аядай кабинеттегі жалғыз терезенің алдында Жамал тұр. Әбдібек бір шетте, одан көз алмайды, -        Ал, сүйіншіге не сұрайсыз? - деді Жамал.         Әбдібек оның жанына жетіп барды. Жетіп барды да, қолынан ұстай алды: -        Heгe мүнша көңілсізсің? Менімен бірге қуанады деп жүрсем.         Жамал жалт беріп, кабинеттен жүгіре шығып кетті. Co бойы көз жасына булығып, орнына әрең жеткен.              Сол күні Жамал түс кезінде дүкенге барып, жас нәрестеге, Балайымға толып жатқан сауқат алды да, ешкімге айтпастан қаланың шетіндегі әйелдер босанатын үйге тартты. Жол бойы екі ұдай ойдан арыла алмай-ақ қойды.        «Менің жайымды қайдан білсін» деп бір толқиды. «Нәрестенің не айыбы бар» деп тағы толқиды. «Рас, Әбдібектің жөні бір басқа...». Есік алдына жеткенде жүрегі дүрс-дүрс соқты. «Осы босағадан мен де бір күн аттар ма екенмін» деп күбірлегенін біреу-міреу естіп қоймады ма дегендей, жан-жа- ғына жалтақ-жалтақ қарады.          Әкелген сауқаттарының бәрін әшекейлі кәрзеңкеге салып, бір жапырақ қағазға асығыс хат жазды. «Балайым! Аман-есен босанып, ана болғаныңмен құттықтаймыз! Екеуіңе де мықты денсаулық, бақыт тілейміз! Әбдібек қызмет істейтін коллектив атынан Жамал!»            Сауқат таситын кемпір көп ұзамай жауап хатты да әкеп берген.           «Жамал апай! Сіздерге көп-көп рақмет! Екеуіміз де жақсымыз. Енді екі-үш күнде үйге қайтатын шығармыз. Әбдібекке айтарсыз, бүгін жолығып кетсін. Б а л а й ы м!»        Қайтып келе жатып, «өзінен үлкен екенімді қайдан біледі», деп ойлаған. Сосын «әлдеқандай болуын қарашы» деп бір қойды. «Әбдібекке айтарсыз, бүгін жолығып кетсін» дейді, ә.

Қыстың аяқ кезіңде Балайым аман-есен босанып, ұл туды. Сол қуаныштың ертеңіне Әбдібек қызметке ерте келді. Кеңседе жан жоқ екен. Әрі-бері ұмсынып көріп еді, жұмысқа қолы бармады. Сонан соң тәуекел деп Жамалдың үйіне телефон соққан.

-        Қисынсыз мазалағаныма кешірім өтінем, - деген Әбдібек. - Бүгін сондай бір жағдай боп тұрғаны.

-        Таң алакеуімде ешкім телефон соқпаушы еді, - деді Жамал жұмбақтай сөйлеп. - Қалай батылыңыз барғанын.

-        Кеше біздің үйге бір жігіт кеп, - дей беріп еді, Жамал түсіне қойды.

-        Құттықтаймын! Ұлыңыздың бауы берік болсын! Жамалдың дауысы жарықшақтанып шыққанын Әбдібек анық сезді. Дегенмен, ештеңе білмегенсіп:

-        Бүгін таң алагеуімде ояныппын. Үйде бір өзім. Қиын екен, - деген.

-        Әй, еркектер-ай, сәл болса, өстесіздер. Әйтпесе мен сияқтылардың шықпай жүрген жаны.

-        Ондай беріктік бізге бұйырмаған ғой.

       Әбдібектің ойына Жамалдың жалғыздығы түсті. Күйеуімен ажырасқанына екі жыл болғанын, төрт бөлмелі үлкен үйде өзі ғана тұратынын сырт адамдардан естіген. Әзірге білетіні - осы. Арғы жағын қазбалап сұрамаған. Сұраса болды, тұнығы лайланатындай көрінеді. Әлі күн-

ге Жамал да жартымды ештеңе дей қойған жоқ.

-        Heгe үндемей қалдыңыз?- деді Жамал.

-        Қызметке ертерек келсеңші.

-        Шынымен-ақ жалғызсырағаннан саумысыз?!

-        Ертерек келші.

-        Кей жұрттың көзінен де, сөзінен де қорқам.

-        Ол мәреден өтіп кеткен сияқтымыз.

-        Қай-дам, - деді Жамал.

-        Күтем, - деген Әбдібек сол екі ортада.

         Жамал, «қойшы, несіне пәлденем» деп әлгі қызыл көйлегін киді де, асығыс үйден шықты. Жолай оның ойы әр қиырды бір шарлады. Көңілінде иірім-иірім боп, көп толғаныс жатты. Сол иірімдер үйіріліп келіп Әбдібектің

айналасынан шықпайтын тәрізді: «Ол ұлды боп, қуанышы қойнына сыймай отыр. Сонда қалай? Дәп қазір мені іздегені... Өйткен күнде әншейін-ақ арагідік көңіл көтеретін құпия-қосақ болғаным ба?».

         Кеңседе екеуінен басқа ешкім жоқ. Аядай кабинеттегі жалғыз терезенің алдында Жамал тұр. Әбдібек бір шетте, одан көз алмайды,

-        Ал, сүйіншіге не сұрайсыз? - деді Жамал.

        Әбдібек оның жанына жетіп барды. Жетіп барды да, қолынан ұстай алды:

-        Heгe мүнша көңілсізсің? Менімен бірге қуанады деп жүрсем.

        Жамал жалт беріп, кабинеттен жүгіре шығып кетті. Co бойы көз жасына булығып, орнына әрең жеткен.

   

         Сол күні Жамал түс кезінде дүкенге барып, жас нәрестеге, Балайымға толып жатқан сауқат алды да, ешкімге айтпастан қаланың шетіндегі әйелдер босанатын үйге тартты. Жол бойы екі ұдай ойдан арыла алмай-ақ қойды.

       «Менің жайымды қайдан білсін» деп бір толқиды. «Нәрестенің не айыбы бар» деп тағы толқиды. «Рас, Әбдібектің жөні бір басқа...». Есік алдына жеткенде жүрегі дүрс-дүрс соқты. «Осы босағадан мен де бір күн аттар ма екенмін» деп күбірлегенін біреу-міреу естіп қоймады ма дегендей, жан-жа-

ғына жалтақ-жалтақ қарады.

         Әкелген сауқаттарының бәрін әшекейлі кәрзеңкеге салып, бір жапырақ қағазға асығыс хат жазды.

«Балайым!

Аман-есен босанып, ана болғаныңмен құттықтаймыз! Екеуіңе де мықты денсаулық, бақыт тілейміз!

Әбдібек қызмет істейтін коллектив атынан Жамал!»

           Сауқат таситын кемпір көп ұзамай жауап хатты да әкеп берген.

          «Жамал апай! Сіздерге көп-көп рақмет! Екеуіміз де жақсымыз. Енді екі-үш күнде үйге қайтатын шығармыз. Әбдібекке айтарсыз, бүгін жолығып кетсін.

Б а л а й ы м!»

       Қайтып келе жатып, «өзінен үлкен екенімді қайдан біледі», деп ойлаған. Сосын «әлдеқандай болуын қарашы» деп бір қойды. «Әбдібекке айтарсыз, бүгін жолығып кетсін» дейді, ә.

Бөлісу: