VI БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 10:57

Төсектен әрең-әрең тұрған Әбдібек апыл-ғұпыл киінді де, шайға да қарамастан асығыс шығып кетті. Балайым оған жас балаша жәутең-жәутең қараған күйі үнсіз қала берген. «Жазған-ау, бір-екі кесе ыстық су ұрттасаң етті» демекші еді, тіптен үлгере алмай қалды. Әбдібек ауыр күрсінді.            Ауыр күрсінгені - кешегі меймандыққа барғанын ойлап отыр. Бәрі де көз алдында. Табалдырықтан әп деп аттасымен үй иесі дағарадай-дағарадай бес бөлмені түгел аралатқан. Меймандар бел жазып отыратын жәйі - бір бөлек, одан әрі қонақасы беретін жәйі - бір бөлек, одан әрі отағасының кабинеті, одан әрі балалардың жәйі, одан әргісі - оңаша жәйі. Жиһаздары - қыздың жасауындай. Бірақ артық-ауыс тұрған бірде-бір бұйым жоқ. Түгелімен  орын-орнында. «Бұған жету үшін бізге көп жыл керек шығар», деп ойлаған Әбдібек.           Сол екі ортада ас үйден отағасының бәйбішесі шыға келген. Енді-енді тола бастаған дөңгелек жүзді, пісте мұрын, қара торы кісі екен. -        Папасы-ау, аузыңнан тастамайтын інінді таныстырсаң қайтеді. Маналы бері күттім, күттім. -        Сәлеметсіз бе, апай, - деді Әбдібек. -        Жеңеше десейші, - деді отағасы. -        Мұндай жас жігіттердің «апай» деп сызылмай-ақ жеңеше деп жылы ұшырағанына не жетсін, - деп бәйбіше аузына дейін әдемі қаланған алтын тістерін бір көрсетіп қойды. -        Сені мақтап жүрсін деп үйді түгел аралатып шықтым, - деген отағасы. -        Енді қолымыздан дәм татсын. Арғы жағын өзі білер де. -        Бұ жеңгең майда сөйлеуге келгенде алдына жан салмайды өстіп, - деп отағасы әлгі бой жазып отыратын бөлмеге қарай бұрыла берген. -        Папасы-ау, менің майда сөйлегенімнен не жамандық көрдің? -        Жамандық көрсем, айтам ба? -        Бәсе, сөйдесейші.          Әбдібек отағасының бәйбішесіне тағы бір қарап: «Сөзімен-ақ сылап-сипап, сөзімен-ақ тойғызатын осындай әйелді жұрт қайдан тауып ала береді, - деп ойлаған. - Жасы жер ортаға келсе де жұтынып тұр».           Бір топ үлкен кісілерді шақырған екен. Көп кешікпей түгел жиналды. Сыпайы амандасқаны болмаса, олардың арасында Әбдібек өзін жетім қозыдай сезініп, бірте-бірте шеттей берген. Үй иесі қанша икемдегенмен жарасты мәслихаттың жігін тауып қосылу оңай болмады. «Араласып-құраласып, барысып-келісіп жүрмегесін осы да», деп әлденеше күйінген ол кеш бойы.         Әбдібек тағы ауыр күрсінді.         Ұйқысы қанбаған, оның үстіне кешегі ішкіліктен болса керек, басы солқылдап алып барады. Қас қылғандай ескі автобустың артқы орындығына тап болар ма? Күйген май иісі күлімсіп жүрегі айныды. Әйтеуір, айнала жұрттан ұялғанынан зорға дегенде отыр. Тіптен қиналған сәттері мана ащы шай ішіп, әлденіп алмағанына өкінді. Өкіне отырып, бір жағы - Балайымның күйбең сөзінен ертерек құтылғанын да жөн көрді.        Балайым демекші, кейінгі кездері Әбдібек өз үйіне өзі қонақ сияқты. Келеді - кетеді. Әйтеуір, амалдың жоқтығынан әупірімдеп жүргендей. Әйтпесе... Әйтпесе дегенмен, одан арғы жағын Әбдібек толық түсініп болған жоқ. Бір көңілден кетпейтіні - тауықтың кетегіндей кішкентай бөлме де, қолына ілінгенін кие салып, олпы-солпы жүретін Балайым да күн санап алыстап бара жатқан тәрізді.         Баяғыда танысқан кездері, одан бергіде - талай қол ұстасып қыдырған кездері, тіпті одан бергі - үйленгеннен кейінгі алғашқы күндері Балайымның үріп ауызға салғандай ұяңдығы Әбдібекке ала бөтен ұнайтын-ды. Әсіресе, оның төмен қарап, күліп тұратын жібектей жұмсақтығын бәрінен де артық көретін еді. Енді келе-келе оның сол үнсіз «сен білесіңі» мезі ғып жібергендей. Үйіне барса болды - біреу әдейі қамап қойғандай аяқ астынан ашу қыса бастайды. Қанша ашу қысса да Балайымға дүрсе қоя берудің тағы есебін таппайды. Сөйтіп іштей күйіп-пісіп отырады-отырады да, әбден қалжырап барып сабасына түседі.         Содан бір кездерде «бұ не тіршілік» деп өзінше ойға қалады. Өйтіп ойға қалса болды, Балайым көз алдынан кетпей қояды. Сонда: «Ау, бұның не?- деп еді оған Әбдібек іштей күйзеліп. - Лезде өзгеріп кеткенің. Баяғыда құпиясы таусылмайтын майда жібек қылығымен де, әдемі-әдемі сөзімен де, сыңғырлаған күлкісі, жапырақ сыбдырындай жүріс-тұрысымен де ертелі-кеш тәнті ғып отыратын келіншегім болса деп армандайтын ем ғой».          Автобустан түсіп, кеңсеге келгенше қиналумен болды. Айналып келіп күбірлейтіні «қателесті деген осы да». Шіркін-ай, қазір ойындағысының бәрін біреуге лақ еткізіп, ақтара салар ма еді...           Кабинетіне кеп отырған соң, нән графиндегі мұздай суды сімірді-ай кеп. Сол-ақ екен, көзінің алды бусанып, бойы сәл-пәл жеңілдегендей болған. Сол-ақ екен, осындайда бүкпесіз сыр айтып отыратын жақын біреудің жоқтығына өкінді. «Бүйткенше, баяғыда ауылға тартып кетпеген екем, - деп ойлады. - Осы күнге шейін етек-жеңімді жиып, кеуде қатарына қосылып қалатын ек».          Сәлден кейін тағы басы солқылдап ала жөнелді. Жаңағы мұздай су да кілкіп тұрып қалғандай - жүрегі айнып, құлағы шыңылдайды. Әбден қиналған соң директордан бүгінге мұрсат сұрамақшы боп бір оқталды. Артынша ойда жоқ жерде осыншалық босаңсуының мән-жайын үлкен кісінің біліп қоятынын ойлады. «Сезіп қалса, ұят болар».          Өстіп әрі-сәрі отырғанда есепші Жамал кіріп келді. Шымқай қызыл көйлек киген екен. Дөңгелек жүзі де алаулап тұрғандай көрінді. -        Өткендегі шаруаны ұмытқан жоқсыз ба? -        Отырсаңшы. -        Бастықтың кабинетінде көп кідіре беруден қаймығамыз кейде, - деген Жамал шеткі орындықтың біреуін ыңғайлай беріп.          Әбдібек манағы су сімірген сәттегідей аз-кем көтеріліп қалды. Жамал демекші, осы келіншек кейінгі кездері Әбдібекті көп айналсоқтайтын боп кетті. Орайын тапса, әзілден де қашпайды. Орайын тапса, жай-күй сұрап, іш тартып та қоятыны бар.         Әнеугүні түске жақын Әбдібек жақын маңдағы асханалардың біріне барып, түстенгелі отыр еді, дәп өстіп Жамал кіріп келген. Шаруа жайын әңгімелесіп болған соң кенеттен: -        Байқап жүрмін, түс кезінде үйіңізге бармайды екенсіз. Асханада ылғи кезекте тұрғанша, кей-кейде осында-ақ шай ішуге болар, - деген. Қапелімде не айтарын білмеген Әбдібек: -        Сіз шайға шақырсаңыз, одан артық маған ешбір қажеті жоқ, - деп әзіл айтқан. -        Шынында, біз күнделік бір мезгіл шай ішеміз, келіп тұрыңыз, - деді Жамал жаңағы әзілге онша малданбаған сыңай танытып.         Сонымен, Әбдібек түсте көбіне бухгалтериядағылармен бірге шай ішетін болған. Ол сәттері бұған тиетін кесе біткеннің бәрі Жамалдың қолынан өтер еді. Сондағы оның дес бермес кербездігі, ылғи да құпия сырдай көрінетін әдемі күлкісі Әбдібекті талай әбігерге түсірген. Кейінгі күндерде Жамалды көрсе болды, бір жағы - қуанып қалады, бір жағы - қиналады. Тіптен сондай бір сәтте Жамал мен Балайымды ойша қатар отырғызып, екеуіне кезек-кезек тесіле қарағаны да бар. Сүйріктей саусақтарындағы жүзіктері жарқырап, құпия күлімсірей кесе ұсынған Жамал. Үстіндегі шыт көйлегінің жағасы мыж-мыж, көзі кіртиіп, әрең отырған Балайым.         Жамал шығып кетті. Әбдібек маңдайының терін сүртті. Сосын көңілі қобалжып, орнынан тұрды. Сосын әлденеге ашынғандай қайтадан креслоға сылқ ете түсті. «Бұ қалай сонда? Өстіп ілініп, салынып жүре беру керек пе?». Сосын: «Сөйлеспесе болмас», деп ойлады. Бірақ кіммен сөйлесерін буып-түймегені өз алдына, тіптен бажайламаған да еді. Әйтеуір, бір білетіні - кейінгі кездері көңілі тоғаймай-ақ қойды. Ылғи көңіл орта болған соң жоқ іздегендей жан-жағын қармана беретін сияқты. Ал, сонда не іздейтіні - тағы беймәлім.          Ол шойын жәшіктегі бір бума қағазды алдына жайып салып еді, әр тұстан мен мұндалаған қалың цифр қаптап шыға келді. Сол нөпірге қайта-қайта көз жүгірте беріп «Әлгі Жамалдың қайта-қайта қадағалағаны қайсы еді, неде болса, содан бастайын» деп ойлаған.         Кешкісін үйге келген соң күндізгі бір дүдәмал ой жетеледі білем: -        Балайым-ау, осы сен үсті-басыңа қараудан қалып барасың. Жинақылау жүрсеңші, - деген Әбдібек.           Балайым оны қаперіне де алмағандай. Қаперіне алмағаны ғой: -        Сенің осы тақуалығың-ақ қалмады-ау. - Бар тапқаны - ертеден қара кешке дейін бой түзейтін кәрі қыз емеспін. Оның үстіне екіқабат болсам, кім мін тағар екен, - деп күлген де қойған.          Әбдібек не дерін білмеді. Co сәт оның көз алдына Жамал кеп тұра қалған. Жанынан өтсе болды, жұпар леп есе жөнелетін сырбаз келіншек қазір де бір жағы - наздана, бір жағы - қызғана қарайтын тәрізді.          Бір күрсініп алды да, қолындағы кесесін төңкере салды. Іштейгі күйзеліс пе, әлде тоңтеріс ой ма, әйтеуір бір ауыр жүк иығынан түспей қойған Әбдібек артынша жатып қалған. Сол жатқаннан таң саз бергенше жайсызданумен болған.           Таңертең фабрикаға ертелеу кеп, орнына отыра бергені сол еді, біреу есік қақты. Жамал екен. -        Төрлетіңіз, - деген Әбдібек басын көтерместен. -        Сәлеметсіз бе? -        Немене, мұнша ертелеп келгенің? -        Есен-саулық сұрауды қойған-ау, бұ жұрт. -        Жақсымысың. -        Енді әлгі сұрауыңызға жауап беруге болар. Сіздің өстіп ерте келетініңізді кеше-ақ сезгем.          Дәп қазір ол шынында да Әбдібектің көңіліндегісінің бәрін дәп танып отырған тәрізді. Тесіле қарағаны, сәл қабақ шытқаны, соны айтып тұр. -        He болған бұл, бүгін тағы өң-түс жоқ қой өзіңде, - деді Жамал әлден уақыттан кейін. -        Шынымды айтсам - ақтарыла сырласатын адам таппай отырмын. -        Сіздей жігіттің бүйтіп таусыла бергені тіпті жараспайды екен. -        Жараспаса қайтейін... -        Кейде бала сияқтысыз. -        Маған бес-алты ауыз жылы сөзіңді қиямысың. -        Ол шипа болса, аянатын не бар. Дегенмен, отағасысын үйден көңілдендіріп аттандыра алмаған әйеліңізге ренжіп отырғанымды несіне жасырайын. -        Ә-өй, оны қайтесің. -        Оттың басынан жарастық кетті дегенше... Ол басымыздан өткен.         Мына сөз Әбдібекке инедей қадалды. Содан кешегі түн Балайымның ебіл-дебіл боп отырып қисынсыз бірдеңелерді айтқаны есіне түсті. Есіне түскен бойы тыжырынып қалған. Оның кірпік қаққанына дейін бағып отырған Жамал. -        Мұндайда басалқы бірдеңе айтудың өзі қиын, - деген мұңайған пішінмен. -        Жамал, жаңа өзіңді көргенде қуанып қалғанымды байқаған да шығарсың. Бүгін мен қилы-қилы халдемін.  Әттең, оңаша жерде болса, көкейдегінің бәрін ақтарып-ақ салар ем. Әлі де бір реті келер. Түбінде оны сенен басқа жанға айтпаспын да. -        Несін тықпыштай берейін. Осында алғаш келген күніңізден бастап, сізді бір түрлі жақын тартып кеттім. Мұның өзі ұят та шығар, айыпқа бұйырмаңыз.            Әбдібек не айтарын білмеді.

Төсектен әрең-әрең тұрған Әбдібек апыл-ғұпыл киінді де, шайға да қарамастан асығыс шығып кетті. Балайым оған жас балаша жәутең-жәутең қараған күйі үнсіз қала берген. «Жазған-ау, бір-екі кесе ыстық су ұрттасаң етті» демекші еді, тіптен үлгере алмай қалды.

Әбдібек ауыр күрсінді.

           Ауыр күрсінгені - кешегі меймандыққа барғанын ойлап отыр. Бәрі де көз алдында. Табалдырықтан әп деп аттасымен үй иесі дағарадай-дағарадай бес бөлмені түгел аралатқан. Меймандар бел жазып отыратын жәйі - бір

бөлек, одан әрі қонақасы беретін жәйі - бір бөлек, одан әрі отағасының кабинеті, одан әрі балалардың жәйі, одан әргісі - оңаша жәйі. Жиһаздары - қыздың жасауындай. Бірақ артық-ауыс тұрған бірде-бір бұйым жоқ. Түгелімен  орын-орнында. «Бұған жету үшін бізге көп жыл керек шығар», деп ойлаған Әбдібек.

          Сол екі ортада ас үйден отағасының бәйбішесі шыға келген. Енді-енді тола бастаған дөңгелек жүзді, пісте мұрын, қара торы кісі екен.

-        Папасы-ау, аузыңнан тастамайтын інінді таныстырсаң қайтеді. Маналы бері күттім, күттім.

-        Сәлеметсіз бе, апай, - деді Әбдібек.

-        Жеңеше десейші, - деді отағасы.

-        Мұндай жас жігіттердің «апай» деп сызылмай-ақ жеңеше деп жылы ұшырағанына не жетсін, - деп бәйбіше аузына дейін әдемі қаланған алтын тістерін бір көрсетіп қойды.

-        Сені мақтап жүрсін деп үйді түгел аралатып шықтым, - деген отағасы.

-        Енді қолымыздан дәм татсын. Арғы жағын өзі білер де.

-        Бұ жеңгең майда сөйлеуге келгенде алдына жан салмайды өстіп, - деп отағасы әлгі бой жазып отыратын бөлмеге қарай бұрыла берген.

-        Папасы-ау, менің майда сөйлегенімнен не жамандық көрдің?

-        Жамандық көрсем, айтам ба?

-        Бәсе, сөйдесейші.

         Әбдібек отағасының бәйбішесіне тағы бір қарап: «Сөзімен-ақ сылап-сипап, сөзімен-ақ тойғызатын осындай әйелді жұрт қайдан тауып ала береді, - деп ойлаған. - Жасы жер ортаға келсе де жұтынып тұр».

          Бір топ үлкен кісілерді шақырған екен. Көп кешікпей түгел жиналды. Сыпайы амандасқаны болмаса, олардың арасында Әбдібек өзін жетім қозыдай сезініп, бірте-бірте шеттей берген. Үй иесі қанша икемдегенмен жарасты мәслихаттың жігін тауып қосылу оңай болмады. «Араласып-құраласып, барысып-келісіп жүрмегесін осы да», деп әлденеше күйінген ол кеш бойы.

        Әбдібек тағы ауыр күрсінді.

        Ұйқысы қанбаған, оның үстіне кешегі ішкіліктен болса керек, басы солқылдап алып барады. Қас қылғандай ескі автобустың артқы орындығына тап болар ма? Күйген май иісі күлімсіп жүрегі айныды. Әйтеуір, айнала жұрттан ұялғанынан зорға дегенде отыр. Тіптен қиналған сәттері мана ащы шай ішіп, әлденіп алмағанына өкінді. Өкіне отырып, бір жағы - Балайымның күйбең сөзінен ертерек құтылғанын да жөн көрді.

       Балайым демекші, кейінгі кездері Әбдібек өз үйіне өзі қонақ сияқты. Келеді - кетеді. Әйтеуір, амалдың жоқтығынан әупірімдеп жүргендей. Әйтпесе... Әйтпесе дегенмен, одан арғы жағын Әбдібек толық түсініп болған жоқ. Бір көңілден кетпейтіні - тауықтың кетегіндей кішкентай бөлме де, қолына ілінгенін кие салып, олпы-солпы жүретін Балайым да күн санап алыстап бара жатқан тәрізді.

        Баяғыда танысқан кездері, одан бергіде - талай қол ұстасып қыдырған кездері, тіпті одан бергі - үйленгеннен кейінгі алғашқы күндері Балайымның үріп ауызға салғандай ұяңдығы Әбдібекке ала бөтен ұнайтын-ды. Әсіресе, оның төмен қарап, күліп тұратын жібектей жұмсақтығын бәрінен де артық көретін еді. Енді келе-келе оның сол үнсіз «сен білесіңі» мезі ғып жібергендей. Үйіне барса болды - біреу әдейі қамап қойғандай аяқ

астынан ашу қыса бастайды. Қанша ашу қысса да Балайымға дүрсе қоя берудің тағы есебін таппайды. Сөйтіп іштей күйіп-пісіп отырады-отырады да, әбден қалжырап барып сабасына түседі.

        Содан бір кездерде «бұ не тіршілік» деп өзінше ойға қалады. Өйтіп ойға қалса болды, Балайым көз алдынан кетпей қояды. Сонда: «Ау, бұның не?- деп еді оған Әбдібек іштей күйзеліп. - Лезде өзгеріп кеткенің. Баяғыда құпиясы таусылмайтын майда жібек қылығымен де, әдемі-әдемі сөзімен де, сыңғырлаған күлкісі, жапырақ сыбдырындай жүріс-тұрысымен де ертелі-кеш тәнті ғып отыратын келіншегім болса деп армандайтын ем ғой».

         Автобустан түсіп, кеңсеге келгенше қиналумен болды. Айналып келіп күбірлейтіні «қателесті деген осы да». Шіркін-ай, қазір ойындағысының бәрін біреуге лақ еткізіп, ақтара салар ма еді...

          Кабинетіне кеп отырған соң, нән графиндегі мұздай суды сімірді-ай кеп. Сол-ақ екен, көзінің алды бусанып, бойы сәл-пәл жеңілдегендей болған. Сол-ақ екен, осындайда бүкпесіз сыр айтып отыратын жақын біреудің жоқтығына өкінді. «Бүйткенше, баяғыда ауылға тартып кетпеген екем, - деп ойлады. - Осы күнге шейін етек-жеңімді жиып, кеуде қатарына қосылып қалатын ек».

         Сәлден кейін тағы басы солқылдап ала жөнелді. Жаңағы мұздай су да кілкіп тұрып қалғандай - жүрегі айнып, құлағы шыңылдайды. Әбден қиналған соң директордан бүгінге мұрсат сұрамақшы боп бір оқталды. Артынша ойда жоқ жерде осыншалық босаңсуының мән-жайын үлкен кісінің біліп қоятынын ойлады. «Сезіп қалса, ұят болар».

         Өстіп әрі-сәрі отырғанда есепші Жамал кіріп келді. Шымқай қызыл көйлек киген екен. Дөңгелек жүзі де алаулап тұрғандай көрінді.

-        Өткендегі шаруаны ұмытқан жоқсыз ба?

-        Отырсаңшы.

-        Бастықтың кабинетінде көп кідіре беруден қаймығамыз кейде, - деген Жамал шеткі орындықтың біреуін ыңғайлай беріп.

         Әбдібек манағы су сімірген сәттегідей аз-кем көтеріліп қалды. Жамал демекші, осы келіншек кейінгі кездері Әбдібекті көп айналсоқтайтын боп кетті. Орайын тапса, әзілден де қашпайды. Орайын тапса, жай-күй сұрап, іш тартып та қоятыны бар.

        Әнеугүні түске жақын Әбдібек жақын маңдағы асханалардың біріне барып, түстенгелі отыр еді, дәп өстіп Жамал кіріп келген. Шаруа жайын әңгімелесіп болған соң кенеттен:

-        Байқап жүрмін, түс кезінде үйіңізге бармайды екенсіз. Асханада ылғи кезекте тұрғанша, кей-кейде осында-ақ шай ішуге болар, - деген. Қапелімде не айтарын білмеген Әбдібек:

-        Сіз шайға шақырсаңыз, одан артық маған ешбір қажеті жоқ, - деп әзіл айтқан.

-        Шынында, біз күнделік бір мезгіл шай ішеміз, келіп тұрыңыз, - деді Жамал жаңағы әзілге онша малданбаған сыңай танытып.

        Сонымен, Әбдібек түсте көбіне бухгалтериядағылармен бірге шай ішетін болған. Ол сәттері бұған тиетін кесе біткеннің бәрі Жамалдың қолынан өтер еді. Сондағы оның дес бермес кербездігі, ылғи да құпия сырдай көрінетін әдемі күлкісі Әбдібекті талай әбігерге түсірген. Кейінгі күндерде Жамалды көрсе болды, бір жағы - қуанып қалады, бір жағы - қиналады. Тіптен сондай бір сәтте Жамал мен Балайымды ойша қатар отырғызып, екеуіне кезек-кезек тесіле қарағаны да бар. Сүйріктей саусақтарындағы жүзіктері жарқырап, құпия күлімсірей кесе ұсынған Жамал. Үстіндегі шыт көйлегінің жағасы мыж-мыж, көзі кіртиіп, әрең отырған Балайым.

        Жамал шығып кетті. Әбдібек маңдайының терін сүртті. Сосын көңілі қобалжып, орнынан тұрды. Сосын әлденеге ашынғандай қайтадан креслоға сылқ ете түсті. «Бұ қалай сонда? Өстіп ілініп, салынып жүре беру керек пе?». Сосын: «Сөйлеспесе болмас», деп ойлады. Бірақ кіммен сөйлесерін буып-түймегені өз алдына, тіптен бажайламаған да еді. Әйтеуір, бір білетіні - кейінгі кездері көңілі тоғаймай-ақ қойды. Ылғи көңіл орта болған соң жоқ іздегендей жан-жағын қармана беретін сияқты. Ал, сонда не іздейтіні - тағы беймәлім.

         Ол шойын жәшіктегі бір бума қағазды алдына жайып салып еді, әр тұстан мен мұндалаған қалың цифр қаптап шыға келді. Сол нөпірге қайта-қайта көз жүгірте беріп «Әлгі Жамалдың қайта-қайта қадағалағаны қайсы еді, неде болса, содан бастайын» деп ойлаған.

        Кешкісін үйге келген соң күндізгі бір дүдәмал ой жетеледі білем:

-        Балайым-ау, осы сен үсті-басыңа қараудан қалып барасың. Жинақылау жүрсеңші, - деген Әбдібек.

          Балайым оны қаперіне де алмағандай. Қаперіне алмағаны ғой:

-        Сенің осы тақуалығың-ақ қалмады-ау. - Бар тапқаны - ертеден қара кешке дейін бой түзейтін кәрі қыз емеспін. Оның үстіне екіқабат болсам, кім мін тағар екен, - деп күлген де қойған.

         Әбдібек не дерін білмеді. Co сәт оның көз алдына Жамал кеп тұра қалған. Жанынан өтсе болды, жұпар леп есе жөнелетін сырбаз келіншек қазір де бір жағы - наздана, бір жағы - қызғана қарайтын тәрізді.

         Бір күрсініп алды да, қолындағы кесесін төңкере салды. Іштейгі күйзеліс пе, әлде тоңтеріс ой ма, әйтеуір бір ауыр жүк иығынан түспей қойған Әбдібек артынша жатып қалған. Сол жатқаннан таң саз бергенше жайсызданумен болған.

          Таңертең фабрикаға ертелеу кеп, орнына отыра бергені сол еді, біреу есік қақты. Жамал екен.

-        Төрлетіңіз, - деген Әбдібек басын көтерместен.

-        Сәлеметсіз бе?

-        Немене, мұнша ертелеп келгенің?

-        Есен-саулық сұрауды қойған-ау, бұ жұрт.

-        Жақсымысың.

-        Енді әлгі сұрауыңызға жауап беруге болар. Сіздің өстіп ерте келетініңізді кеше-ақ сезгем.

         Дәп қазір ол шынында да Әбдібектің көңіліндегісінің бәрін дәп танып отырған тәрізді. Тесіле қарағаны, сәл қабақ шытқаны, соны айтып тұр.

-        He болған бұл, бүгін тағы өң-түс жоқ қой өзіңде, - деді Жамал әлден уақыттан кейін.

-        Шынымды айтсам - ақтарыла сырласатын адам таппай отырмын.

-        Сіздей жігіттің бүйтіп таусыла бергені тіпті жараспайды екен.

-        Жараспаса қайтейін...

-        Кейде бала сияқтысыз.

-        Маған бес-алты ауыз жылы сөзіңді қиямысың.

-        Ол шипа болса, аянатын не бар. Дегенмен, отағасысын үйден көңілдендіріп аттандыра алмаған әйеліңізге ренжіп отырғанымды несіне жасырайын.

-        Ә-өй, оны қайтесің.

-        Оттың басынан жарастық кетті дегенше... Ол басымыздан өткен.

        Мына сөз Әбдібекке инедей қадалды. Содан кешегі түн Балайымның ебіл-дебіл боп отырып қисынсыз бірдеңелерді айтқаны есіне түсті. Есіне түскен бойы тыжырынып қалған. Оның кірпік қаққанына дейін бағып отырған Жамал.

-        Мұндайда басалқы бірдеңе айтудың өзі қиын, - деген мұңайған пішінмен.

-        Жамал, жаңа өзіңді көргенде қуанып қалғанымды байқаған да шығарсың. Бүгін мен қилы-қилы халдемін.  Әттең, оңаша жерде болса, көкейдегінің бәрін ақтарып-ақ салар ем. Әлі де бір реті келер. Түбінде оны сенен басқа жанға айтпаспын да.

-        Несін тықпыштай берейін. Осында алғаш келген күніңізден бастап, сізді бір түрлі жақын тартып кеттім. Мұның өзі ұят та шығар, айыпқа бұйырмаңыз.

           Әбдібек не айтарын білмеді.

Бөлісу: