V БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 10:56

Таңертең жаңа костюмін, ақ көйлегін киіп, мұп-мұздай болып алған Әбдібек: -        Мен келгенше ұйықтап қалма. Түн ішінде есікті тоқпақтап жүрмейін, - деген жайбарақат. Балайым бүгін институтқа бармақшы екенін, қыздарға жолығатынын айтып, өзінше әрі-бері ақылдаспақшы еді, күйеуінің мына сөзінен кейін райынан тез қайтты. Тек: -        Жалғыздан-жалғыз қалай ұйқы келеді. Жұрттың бәрін өзіңдей көресің-ау, - деген зілсіз ғана. -        Өй, жұрттың бәрі мендей болса, - деп ол асығыс бұрыла берді. -        Сенің арқаңда міне, отырмыз ғой, төрт жағымыз - Құбыла...         Әбдібек шығып кеткен соң, Балайым тағы да қатты тарығып қалды. Сол-ақ екен, оны қилы-қилы ойлар қаумалаған. Қарап отырса, қосылғалы бері екеуі оншалықты қатты сөзге келмеген тәрізді. Содан да болар, кеше кешкіліктегі Әбдібектің теріс қарап, тоңтеріс жатып қалғаны - шаншудай қадалған. «Оншалық қыңыраятын жөні жоқ қой» деп күрсінеді. «Бір сәткі қабақ шытқанымды да көтере алмады ма екен. Ер адам кешірімді келмеуші ме еді».          Ол әрі отырды, бері отырды. Әрі ойлады, бері ойлады. Содан шешесінің бір аманаты есіне түскен: «Күйеуіңнің қалт еткенінің бәрін жіпке тізе берме. Ер адам кейде артық айтар, кейде кем айтар. Кейде ерте келер, кейде кеш ке- лер. Кешірімді бол. Оттың басының тыныштығы ең алдымен саған байланысты. «Кең болсаң - кем болмайсың», деген ғой бұрынғылар. Әйелдің қытымыр атанғаны - құрығаны...». Балайым осының бәрін іштей тағы қайталап шықты. Қайталап шыққаны - бірте-бірте осының ыңғайына көше бастағаны ма? Солай шығар. Өйткені, еңді оны өзге бір ой жетектеп бара жатқандай еді.         Әбдібектің кеше кешкілік шешіп тастаған көйлегін шылапшындағы суға салып жатып: «Оған да оңай деймісің? Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп дегендей, жауапты қызметке жаңа ғана кірісті. Оңды-солын әбден танып алғанша қиын да шығар. Ендеше, қылт еткеннен кілтипан іздеудің қаншалық қажеті бар? Иә, аты-жөні жоқ шытынай бергенім ұят екен-ау, қойшы, ден сау болсын» деп өзі-өзінен басылып қалған.         Көйлекті жуып болған соң: «Әй, бүйтіп тырнақ арасынан кір іздей бергенде не бітеді? Аманшылық болса, бәрі бірте-бірте орнына келер де» деген тағы да.       Сол бойы сыртқа шығып еді, күн арқан бойы көтеріліп қалған екен. Айнала таңғы ауамен құшырлана тыныстағандай - елтіп тұр. Сарғайған ағаш жапырақтары аяқ астында аткөпір боп жатыр, - кәдімгі қоңыржай күздің батсайы шымылдық ішіндегі сәті. «Сары бояудың өзі қалай-қалай баурайды» деп тамсанды.          Әрлі-беріден кейін былтыр жаз астық жинауға барғандарын есіне алған. Қандай қызықты күндер еді. Таң алагеуімнен түн ортасына дейінгі қырмандағы думан көз алдынан кетпейді. Дән тиеген машиналар үсті-үстіне кеп, әбден қалжыраған сәттері мұздай судан бір жұтып ап, қалың шөптің үстіне құлай кеткеннің өзі - бір дастан-тын. Алпақ шелектің ішіндегі мөп-мөлдір судай жәудіреген аспанға қарап, тәтті ойға шомып жатқанда, әзілкеш құрбыларының біреуі білдірмей кеп, көйлегінің ашық өңіріне бір уыс бидайды құйып жіберер еді. -        Бұ қайсың тағы да, - деп жалт қарағанда әлгі баданадай-баданадай дән біткен жан-жақтан қытықтай жөнелетін. Сол екі ортада: -        Қозғалма, дән төгіледі, - деп екі-үш қыз шу ете қалады. Шу ете қалады да, Балайымды көтеріп ала жөнеледі. Ар жағы белгілі - жал-жал боп үйілген астықтың шетіне жете бере сілкілей бастайды. -        Мына қыздар қайтеді-ей, - деп кеңк-кеңк күлетін қырманбасы темекі түтініне әбден ысталып біткен ұзын мұртын сипалап тұрып. Сосын: -        Қашан көрсем де, түртпектейтіндерің - Балайым. Момын болған соң басынып алғансыңдар-ау, - дер еді. -        Ол - момын емес, - тағы да шу ете қалатын қыздар. - Момынды тапқан екенсіз... -        Онда көмпіс шығар. Бір айдан бері қанша түрткілесеңдер де қабақ шытқанын көргенім жоқ, - дейді қырманбасы. -        Бәрі де сіздің қамыңыз. Міне, Балайымды ширықтырып алдық. Енді түн ортасына дейін оның қолынан күрек түспейді. -        Сендерге дауа жоқ екен, - деп қырманбасы бұрылып жүре береді. -        Ағай, тоқтай тұрыңыз, - дейтін қыздардың біреуі. Онсыз да «бұ пәлелерден енді оңайлықпен құтыла алмаспын» деп қауіптеніп бара жатқан қырманбасы қалт тұра қалады. -        Агроном балаңызды қашан үйлендіресіз? Ерні тілім-тілім боп, жүнжіп бітіпті ғой, байғұс... -        Соның уайымы саған батып бара ме-ей? -        Жоға, мені қайтсін. Алда-жалда біреуге құда түсу ойыңызда болса, Балайымнан артық келін таппайсыз. Көрік десеңіз көркі бар. Мінезге боса-болмаса бай... -        Оны өзім де білем, - дейді қырманбасы Балайымнан көз алмай тұрып. -        Онда той жақын екен де. -        Сендерге дауа жоқ шығар. -        Жетісіп қапсыңдар. Әкелеріңдей кісімен сонша әзілдесесіңдер, - дер еді сонда Балайым. - Болашақ атасына жаны ашып жатқанын қарашы. Қыран-топан күлкі қырманды көтеріп кете жаздайтын. Осының бәрі талай айтылса да, қайталанған сайын қыздарға да тосын қызықтай көрінетін-ді... Балайым зілдей ғып бір күрсінгенін байқамай да қалған еді. «Биыл міне, ала жаздай үй күзеттім» деп ойлады. «Бас аяғы төрт-бес айдың ішінде талай халді бастан кешіріппін-ау». Сосын өз-өзінен ақталғандай боп: «Ерте ме, кеш пе әйтеуір бас екеу болмай көңіл тыншымас еді», - деген.           Бірдеңеге қобалжыса болды, оған жеңсік бермейтін уәж таба қоятын қашаннан әдеті Балайымның. Оның осы мінезіне қанық құрбылары: «Ең құрығанда тастай қатып ашулана да алмайсың» дейтін. Міне, қазір де ұяң таңертеңгіліктің үлбіреген шуағына көңіліндегі бар кірбің атаулыны жығып беріп: «Несі бар, аман-есен аяқтанып алсам, оқуымды келер жылы-ақ жалғастырармын» деп ойлады. «Әйтеуір, Әбдібек осы қызметіне мықтап орнығып кетсе, менің кешеуілдеуім мін емес қой».           Бір сәттері киініп алып, қыдырмақшы да болды. Түу, қалаға шықпағаны да қашан! Бір ай бойы үйдің жанындағы кішкентай азық-түлік дүкенінен әрі аспағаны-ау... Кенет күліп жіберді. «Бәрі - өзімнен. Әйтпесе, «төрт» қабырғаның ортасында шошайып отыра бер» деген кім бар? Қанша оқталса да, қапелімде қайда барарын білмеді. Отырды-отырды да, ақыры түк таппағасын кір жууға кіріскен.           Бір бастаған соң Әбдібектің бет орамалдарына шейін түгел жуып қойды. Сосын өзінің киімдерін жумақшы еді, сәлден соң айнып қалды - «еш жаққа барып жатқаным жоқ. Несіне тақуалана берем».          От басының тірлігі таусылушы ма еді. Әрлі-берлі қаққыштап, сүрткіштеп жүргенде күн батқанын да байқамай қалыпты. Ол тағы да есік алдына шығып, қақпаның жанындағы жатаған орындыққа қайта кеп отырды. Алматы күзінің үйреншікті тымық кеші. Көше бойындағы көл-көсір жапырақты әр жер-әр жерге төбе-төбе ғып үйіп, оған от қойған. Енді сол төбешіктер жарыса бықсып, айналаның бәрін көк түтінге орап алыпты.            Бұл қатарға үлкен қаланың кеуде тұсындағы у-шуы еркін жете қоймайды. Айнала тым-тырыс. Тұңғиық аспанға көлбей көтерілген түтін тізбегі тымық кешті онан сайын қымтай түсетін тәрізді. «Жапырақты неге ғана жағады екен» деп күйінеді Балайым. «Көрпедей болып жатқаны - қандай әдемі! Оны әншейінгі ыбырсық деуге кісінің аузы қалай барады?». Сосын: «Оқыған кітаптарымның арасына жапырақ біткенді қаттай беретінім бар-ау» деп ойлады. Іңір кезінде бір-екі кесе шай ұрттады да, Әбдібектің көйлектерін өтектеуге кіріскен. Оны да лезде бітгі. Енді кітап оқымақшы болып еді, зауқы соқпады. Содан үйреншікті әдетінше радио хабарын селқос тыңдап отыра берген. Сол отырғаннан Балайым түн ортасына дейін отырды. «Көп кешікпеспін» деген Әбдібек әлі жоқ. Бір кездері «кездейсоқ пәлеге ұрынып қалмаса игі еді» деп үрейленген. «Бармай-ақ қой деп ем, көнді ме?».         Әбден қалжырап енді-енді қалғып бара жатқан-тын - сырттан біреу есікті токылдата бастады. Селк ете қалған Балайым: -        Бұ кім?- деді. -        Кім болушы еді, мен ғой, - деген Әбдібектің қарлыққан даусы шықты. Жүгіріп барып, ілгекті ағытып қалғанда ар жақта есікке сүйеніп тұрған Әбдібек етпетінен құлай жаздады. -        Жазған-ау, саған не болған?          Ол киімшең төсекке сылқ етіп отыра кетті. Көзі қып-қызыл. Еріндері ісініп кеткен.           Екеуі да үнсіз қалды. Сәлден соң Балайымның үрейлі жүзіне көзі түскен Әбдібек: -        Ертерек қайтайын десем, үй иесі жата-жабысып қоймады, - деді. - Бала-шағасымен аяулы кісілер екен, көңілдерін қимағаным. Балайым терезеден сыртқа қарап еді, таң атып қалған екен. -        Сонда қалай, осы уақытқа шейін отырдыңдар ма? -        Е, жоқ. Түн ортасынан ауа шыққам. Бір жөні түзу көлік кездеспей-ақ қойды. Содан салпақтап жаяу жүре беріппін. -        О-о, жазған! -        Енді қайтейін. Ол үйге қайтып барудың ретін таппадым. -        Алды-артыңа қарамай іше бергенсің ғой. -        Өздері бір аяулы кісілер екен. -        О, жазған!          Әбдібек алқа-салқасы шығып, қалғып отыр. Балайым болса, күні бойы, түні бойы жалғыздан-жалғыз әбден жалыққан. Енді дәмелі көңіл өкпе-назды жиып қойып, басқа бір қисын іздейтіндей. -        «Қорыққанға қос көрінеді» деген ып-рас екен. Түні бойы елегізіп, сұп-суық бір үрейден құтыла алсамшы. -        Әбден сілем қатыпты, - деп міңгірлейді Әбдібек. Лезде көңілі орталанып қалған Балайым: «Сорың құрғырдың соншалықты іше бергені несі, - деп ойлады. - Бүгін қызметіне бара алса жарар еді» деген.

Таңертең жаңа костюмін, ақ көйлегін киіп, мұп-мұздай болып алған Әбдібек:

-        Мен келгенше ұйықтап қалма. Түн ішінде есікті тоқпақтап жүрмейін, - деген жайбарақат. Балайым бүгін институтқа бармақшы екенін, қыздарға жолығатынын айтып, өзінше әрі-бері ақылдаспақшы еді, күйеуінің мына сөзінен кейін райынан тез қайтты. Тек:

-        Жалғыздан-жалғыз қалай ұйқы келеді. Жұрттың бәрін өзіңдей көресің-ау, - деген зілсіз ғана.

-        Өй, жұрттың бәрі мендей болса, - деп ол асығыс бұрыла берді.

-        Сенің арқаңда міне, отырмыз ғой, төрт жағымыз - Құбыла...

        Әбдібек шығып кеткен соң, Балайым тағы да қатты тарығып қалды. Сол-ақ екен, оны қилы-қилы ойлар қаумалаған. Қарап отырса, қосылғалы бері екеуі оншалықты қатты сөзге келмеген тәрізді. Содан да болар, кеше кешкіліктегі Әбдібектің теріс қарап, тоңтеріс жатып қалғаны - шаншудай қадалған. «Оншалық қыңыраятын жөні жоқ қой» деп күрсінеді. «Бір сәткі қабақ шытқанымды да көтере алмады ма екен. Ер адам кешірімді келмеуші ме еді».

         Ол әрі отырды, бері отырды. Әрі ойлады, бері ойлады. Содан шешесінің бір аманаты есіне түскен: «Күйеуіңнің қалт еткенінің бәрін жіпке тізе берме. Ер адам кейде артық айтар, кейде кем айтар. Кейде ерте келер, кейде кеш ке-

лер. Кешірімді бол. Оттың басының тыныштығы ең алдымен саған байланысты. «Кең болсаң - кем болмайсың», деген ғой бұрынғылар. Әйелдің қытымыр атанғаны - құрығаны...». Балайым осының бәрін іштей тағы қайталап шықты. Қайталап шыққаны - бірте-бірте осының ыңғайына көше бастағаны ма? Солай шығар. Өйткені, еңді оны өзге бір ой жетектеп бара жатқандай еді.

        Әбдібектің кеше кешкілік шешіп тастаған көйлегін шылапшындағы суға салып жатып: «Оған да оңай деймісің? Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп дегендей, жауапты қызметке жаңа ғана кірісті. Оңды-солын әбден танып алғанша қиын да шығар. Ендеше, қылт еткеннен кілтипан іздеудің қаншалық қажеті бар? Иә, аты-жөні жоқ шытынай бергенім ұят екен-ау, қойшы, ден сау болсын» деп өзі-өзінен басылып қалған.

        Көйлекті жуып болған соң: «Әй, бүйтіп тырнақ арасынан кір іздей бергенде не бітеді? Аманшылық болса, бәрі бірте-бірте орнына келер де» деген тағы да.

      Сол бойы сыртқа шығып еді, күн арқан бойы көтеріліп қалған екен. Айнала таңғы ауамен құшырлана тыныстағандай - елтіп тұр. Сарғайған ағаш жапырақтары аяқ астында аткөпір боп жатыр, - кәдімгі қоңыржай күздің батсайы шымылдық ішіндегі сәті. «Сары бояудың өзі қалай-қалай баурайды» деп тамсанды.

         Әрлі-беріден кейін былтыр жаз астық жинауға барғандарын есіне алған. Қандай қызықты күндер еді. Таң алагеуімнен түн ортасына дейінгі қырмандағы думан көз алдынан кетпейді. Дән тиеген машиналар үсті-үстіне

кеп, әбден қалжыраған сәттері мұздай судан бір жұтып ап, қалың шөптің үстіне құлай кеткеннің өзі - бір дастан-тын. Алпақ шелектің ішіндегі мөп-мөлдір судай жәудіреген аспанға қарап, тәтті ойға шомып жатқанда, әзілкеш құрбыларының біреуі білдірмей кеп, көйлегінің ашық өңіріне бір уыс бидайды құйып жіберер еді.

-        Бұ қайсың тағы да, - деп жалт қарағанда әлгі баданадай-баданадай дән біткен жан-жақтан қытықтай жөнелетін.

Сол екі ортада:

-        Қозғалма, дән төгіледі, - деп екі-үш қыз шу ете қалады. Шу ете қалады да, Балайымды көтеріп ала жөнеледі. Ар жағы белгілі - жал-жал боп үйілген астықтың шетіне жете бере сілкілей бастайды.

-        Мына қыздар қайтеді-ей, - деп кеңк-кеңк күлетін қырманбасы темекі түтініне әбден ысталып біткен ұзын мұртын сипалап тұрып. Сосын:

-        Қашан көрсем де, түртпектейтіндерің - Балайым. Момын болған соң басынып алғансыңдар-ау, - дер еді.

-        Ол - момын емес, - тағы да шу ете қалатын қыздар. - Момынды тапқан екенсіз...

-        Онда көмпіс шығар. Бір айдан бері қанша түрткілесеңдер де қабақ шытқанын көргенім жоқ, - дейді қырманбасы.

-        Бәрі де сіздің қамыңыз. Міне, Балайымды ширықтырып алдық. Енді түн ортасына дейін оның қолынан күрек түспейді.

-        Сендерге дауа жоқ екен, - деп қырманбасы бұрылып жүре береді.

-        Ағай, тоқтай тұрыңыз, - дейтін қыздардың біреуі. Онсыз да «бұ пәлелерден енді оңайлықпен құтыла алмаспын» деп қауіптеніп бара жатқан қырманбасы қалт тұра қалады.

-        Агроном балаңызды қашан үйлендіресіз? Ерні тілім-тілім боп, жүнжіп бітіпті ғой, байғұс...

-        Соның уайымы саған батып бара ме-ей?

-        Жоға, мені қайтсін. Алда-жалда біреуге құда түсу ойыңызда болса, Балайымнан артық келін таппайсыз. Көрік десеңіз көркі бар. Мінезге боса-болмаса бай...

-        Оны өзім де білем, - дейді қырманбасы Балайымнан көз алмай тұрып.

-        Онда той жақын екен де.

-        Сендерге дауа жоқ шығар.

-        Жетісіп қапсыңдар. Әкелеріңдей кісімен сонша әзілдесесіңдер, - дер еді сонда Балайым.

- Болашақ атасына жаны ашып жатқанын қарашы. Қыран-топан күлкі қырманды көтеріп кете жаздайтын. Осының бәрі талай айтылса да, қайталанған сайын қыздарға да тосын қызықтай көрінетін-ді...

Балайым зілдей ғып бір күрсінгенін байқамай да қалған еді. «Биыл міне, ала жаздай үй күзеттім» деп ойлады. «Бас аяғы төрт-бес айдың ішінде талай халді бастан кешіріппін-ау». Сосын өз-өзінен ақталғандай боп: «Ерте ме, кеш пе әйтеуір бас екеу болмай көңіл тыншымас еді», - деген.

          Бірдеңеге қобалжыса болды, оған жеңсік бермейтін уәж таба қоятын қашаннан әдеті Балайымның. Оның осы мінезіне қанық құрбылары: «Ең құрығанда тастай қатып ашулана да алмайсың» дейтін. Міне, қазір де ұяң

таңертеңгіліктің үлбіреген шуағына көңіліндегі бар кірбің атаулыны жығып беріп: «Несі бар, аман-есен аяқтанып алсам, оқуымды келер жылы-ақ жалғастырармын» деп ойлады. «Әйтеуір, Әбдібек осы қызметіне мықтап орнығып кетсе, менің кешеуілдеуім мін емес қой».

          Бір сәттері киініп алып, қыдырмақшы да болды. Түу, қалаға шықпағаны да қашан! Бір ай бойы үйдің жанындағы кішкентай азық-түлік дүкенінен әрі аспағаны-ау... Кенет күліп жіберді. «Бәрі - өзімнен. Әйтпесе, «төрт» қабырғаның ортасында шошайып отыра бер» деген кім бар? Қанша оқталса да, қапелімде қайда барарын білмеді. Отырды-отырды да, ақыры түк таппағасын кір жууға кіріскен.

          Бір бастаған соң Әбдібектің бет орамалдарына шейін түгел жуып қойды. Сосын өзінің киімдерін жумақшы еді, сәлден соң айнып қалды - «еш жаққа барып жатқаным жоқ. Несіне тақуалана берем».

         От басының тірлігі таусылушы ма еді. Әрлі-берлі қаққыштап, сүрткіштеп жүргенде күн батқанын да байқамай қалыпты. Ол тағы да есік алдына шығып, қақпаның жанындағы жатаған орындыққа қайта кеп отырды. Алматы күзінің үйреншікті тымық кеші. Көше бойындағы көл-көсір жапырақты әр жер-әр жерге төбе-төбе ғып үйіп, оған от қойған. Енді сол төбешіктер жарыса бықсып, айналаның бәрін көк түтінге орап алыпты.

           Бұл қатарға үлкен қаланың кеуде тұсындағы у-шуы еркін жете қоймайды. Айнала тым-тырыс. Тұңғиық аспанға көлбей көтерілген түтін тізбегі тымық кешті онан сайын қымтай түсетін тәрізді. «Жапырақты неге ғана жағады екен» деп күйінеді Балайым. «Көрпедей болып жатқаны - қандай әдемі! Оны әншейінгі ыбырсық деуге кісінің аузы қалай барады?». Сосын: «Оқыған кітаптарымның арасына жапырақ біткенді қаттай беретінім бар-ау» деп ойлады. Іңір кезінде бір-екі кесе шай ұрттады да, Әбдібектің

көйлектерін өтектеуге кіріскен. Оны да лезде бітгі. Енді кітап оқымақшы болып еді, зауқы соқпады. Содан үйреншікті әдетінше радио хабарын селқос тыңдап отыра берген. Сол отырғаннан Балайым түн ортасына дейін отырды. «Көп кешікпеспін» деген Әбдібек әлі жоқ. Бір кездері «кездейсоқ пәлеге ұрынып қалмаса игі еді» деп үрейленген. «Бармай-ақ қой деп ем, көнді ме?».

        Әбден қалжырап енді-енді қалғып бара жатқан-тын - сырттан біреу есікті токылдата бастады. Селк ете қалған Балайым:

-        Бұ кім?- деді.

-        Кім болушы еді, мен ғой, - деген Әбдібектің қарлыққан даусы шықты. Жүгіріп барып, ілгекті ағытып қалғанда ар жақта есікке сүйеніп тұрған Әбдібек етпетінен құлай жаздады.

-        Жазған-ау, саған не болған?

         Ол киімшең төсекке сылқ етіп отыра кетті. Көзі қып-қызыл. Еріндері ісініп кеткен.

          Екеуі да үнсіз қалды. Сәлден соң Балайымның үрейлі жүзіне көзі түскен Әбдібек:

-        Ертерек қайтайын десем, үй иесі жата-жабысып қоймады, - деді. - Бала-шағасымен аяулы кісілер екен, көңілдерін қимағаным. Балайым терезеден сыртқа қарап еді, таң атып қалған екен.

-        Сонда қалай, осы уақытқа шейін отырдыңдар ма?

-        Е, жоқ. Түн ортасынан ауа шыққам. Бір жөні түзу көлік кездеспей-ақ қойды. Содан салпақтап жаяу жүре беріппін.

-        О-о, жазған!

-        Енді қайтейін. Ол үйге қайтып барудың ретін таппадым.

-        Алды-артыңа қарамай іше бергенсің ғой.

-        Өздері бір аяулы кісілер екен.

-        О, жазған!

         Әбдібек алқа-салқасы шығып, қалғып отыр. Балайым болса, күні бойы, түні бойы жалғыздан-жалғыз әбден жалыққан. Енді дәмелі көңіл өкпе-назды жиып қойып, басқа бір қисын іздейтіндей.

-        «Қорыққанға қос көрінеді» деген ып-рас екен. Түні бойы елегізіп, сұп-суық бір үрейден құтыла алсамшы.

-        Әбден сілем қатыпты, - деп міңгірлейді Әбдібек. Лезде көңілі орталанып қалған Балайым: «Сорың құрғырдың соншалықты іше бергені несі, - деп ойлады. - Бүгін қызметіне бара алса жарар еді» деген.

Бөлісу: