III БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 10:53

        ...Айтқандай-ақ, дәл кешкі жетіде Балайым терезеден қарап еді. Әбдібек кәдуілгідей есіктің алдында қаздиып тұр екен. Мұздай киініп алыпты. Асығыс тәрізді, әлсін-әлсін сағатына қарай береді. «Ойын-сауыққа шақыратын жөні жоқ. Кешегі әңгімесін апыл-ғұпыл қайта бастамақшы ғой» деп ойлады. «Қайдан тап болып еді, әбден әуреге түстім-ау...». Сонда Балайым отырып-отырып: -        Бүгін осы шықпай-ақ қояйыншы. Әбдібекке «ауырып қалды» дей салындаршы, - деген қыздарға қиыла. -        Саған не болған? -        Сүйкейсал сылтауыңа көне салатын кісіні тапқан екенсің. Сені «ауырып қалды» дейікші, Әбдібегің есік алдындағы қат-қабат кезекшілерді итеріп тастап, қазір-ақ жетіп келеді. -        Келсе, тас бүркеніп алам. -        Тәлімсімей-ақ қойсайшы. Маналы бері жиналғанның аз боп па еді. -        Немене өздерің... - Балайым орнынан ұшып тұрды. Сол мезет қыздардың біреуі терезені ашып жіберіп: -        Қазір шығады, - деді есіктен көз алмай тұрған Әбдібекке.          О кезде Балайым төмен түсіп бара жатқан. Содан көп ұзамай олар той жасаған.  Тойдан кейін көп ұзамай Балайымдар жазғы демалысқа шыққан. О күндері Әбдібек те мемлекеттік емтиханды еңсеріп тастап еді. Алғашқыда екі-үш апта олар Әбдібектің бір жолдасының үйінде тұрды. Әне-міне деп жүргенде үй иелері демалыстан кеп қалды. Енді қысылып-қымтырылудың өзі қиынға түскен. Содан бір күні екеуі пәтер іздемек болды. «Қаланың орталығынан табармыз» деп үміттенудің реті жоқ. Ендеше, бір-бірін алдаусыратып қайтеді, әп дегеннен-ақ шаһардың шет жағына тартқан. Co бойы олар келіп-келіп «бұ жерге пәтер іздеушілер әлі жете қоймаған шығар» дейтіндей қылдырықтай көшеге түсіп алып, жағалай есік қаға бастаған.            Үлкен көк кақпалы үйдің алдындағы аласа орындықта әлсін-әлсін табанының астына шырт түкіріп қойып, пісте шағып отырған орта жастағы жирен мұртты кісі: -        Ерлі-зайыптымысыңдар?- деген. -        Иә, жақында... -        Онда болмайды екен. -        Heгe?- деген Әбдібек. -        Ертең-ақ балаларың улап-шулап берекемізді кетіреді. Жаялық иісінен әбден жеріп біттік. -        Ойпырай, қаупіңіз күшті екен.          Екінші үйдің иесі тағы да «ерлі-зайыптымысыңдар» деп томсырая қалды. Жөпелдемеде Әбдібек оның алдын орамақ болып: -        Бала-шаға дегенді қоя тұрамыз ғой, - деген. -        Жо-жоқ, одан қауіптеніп қайтейін. Сендер сыйған жерге бала да сыяды. -        Басқа кілтипанды көре алмай тұрмын-ау, - деді           Әбдібек дәмелі көңілмен. -        Болмайды, - деді ол- Ертең үйіме көшіп алып, сосын мықтап тіркеліп алып, бір күні «осы ымараттың жартысы - біздің еншіміз», деп пәле салмақшысыңдар ғой. Сондай бір қызыл көз пәледен жақында зорға құтылдым. Жо-жоқ, аш құлақтан тыныш құлақ! Одан да бос тұрғаны жақсы. -        Ойпыр-о-ой, мынауыңыз тіпті... Екеуі де аң-таң қалды. Үш ұйықтаса түске кірмейтін күдік. -        Осындай да адамдар бар екен-ау, әлі, - деді Балайым күйіп-пісіп. -        Көрдің ғой, - деді Әбдібек те қабақ шыта.            Амал жоқ, тағы да көше кезуге тура келеді. Әбден көз байланып қалған кезде со көшенің ең шетінен тауықтың кетегіндей бір бөлме табылды. Таңдап жататын жағдай қайда? Соның өзін кең сарайдай көріп, қалғанының бәріне құп деп, ертесіне көшіп келетін болған. Ауладан шықпай жатып: -        Жаңағыдай үйде тұрып, жұртпен аралас-құралас болғаныңды әлі көрермін, - деп Балайым қабақ шытқан. - Енді қайтеміз, - деген Әбдібек те тосыла. - Әзірге амалдай тұрамыз да.

        ...Айтқандай-ақ, дәл кешкі жетіде Балайым терезеден қарап еді. Әбдібек кәдуілгідей есіктің алдында қаздиып тұр екен. Мұздай киініп алыпты. Асығыс тәрізді, әлсін-әлсін сағатына қарай береді. «Ойын-сауыққа шақыратын жөні жоқ. Кешегі әңгімесін апыл-ғұпыл қайта бастамақшы ғой» деп ойлады. «Қайдан тап болып еді, әбден әуреге түстім-ау...».

Сонда Балайым отырып-отырып:

-        Бүгін осы шықпай-ақ қояйыншы. Әбдібекке «ауырып қалды» дей салындаршы, - деген қыздарға қиыла.

-        Саған не болған?

-        Сүйкейсал сылтауыңа көне салатын кісіні тапқан екенсің. Сені «ауырып қалды» дейікші, Әбдібегің есік алдындағы қат-қабат кезекшілерді итеріп тастап, қазір-ақ жетіп келеді.

-        Келсе, тас бүркеніп алам.

-        Тәлімсімей-ақ қойсайшы. Маналы бері жиналғанның аз боп па еді.

-        Немене өздерің... - Балайым орнынан ұшып тұрды. Сол мезет қыздардың біреуі терезені ашып жіберіп:

-        Қазір шығады, - деді есіктен көз алмай тұрған Әбдібекке.

         О кезде Балайым төмен түсіп бара жатқан.

Содан көп ұзамай олар той жасаған.

 Тойдан кейін көп ұзамай Балайымдар жазғы демалысқа шыққан. О күндері Әбдібек те мемлекеттік емтиханды еңсеріп тастап еді. Алғашқыда екі-үш апта олар Әбдібектің бір жолдасының үйінде тұрды. Әне-міне деп жүргенде үй иелері демалыстан кеп қалды. Енді қысылып-қымтырылудың өзі

қиынға түскен. Содан бір күні екеуі пәтер іздемек болды. «Қаланың орталығынан табармыз» деп үміттенудің реті жоқ. Ендеше, бір-бірін алдаусыратып қайтеді, әп дегеннен-ақ шаһардың шет жағына тартқан. Co бойы олар келіп-келіп «бұ жерге пәтер іздеушілер әлі жете қоймаған шығар» дейтіндей қылдырықтай көшеге түсіп алып, жағалай есік қаға бастаған.

           Үлкен көк кақпалы үйдің алдындағы аласа орындықта әлсін-әлсін табанының астына шырт түкіріп қойып, пісте шағып отырған орта жастағы жирен мұртты кісі:

-        Ерлі-зайыптымысыңдар?- деген.

-        Иә, жақында...

-        Онда болмайды екен.

-        Heгe?- деген Әбдібек.

-        Ертең-ақ балаларың улап-шулап берекемізді кетіреді. Жаялық иісінен әбден жеріп біттік.

-        Ойпырай, қаупіңіз күшті екен.

         Екінші үйдің иесі тағы да «ерлі-зайыптымысыңдар» деп томсырая қалды. Жөпелдемеде Әбдібек оның алдын орамақ болып:

-        Бала-шаға дегенді қоя тұрамыз ғой, - деген.

-        Жо-жоқ, одан қауіптеніп қайтейін. Сендер сыйған жерге бала да сыяды.

-        Басқа кілтипанды көре алмай тұрмын-ау, - деді

          Әбдібек дәмелі көңілмен.

-        Болмайды, - деді ол- Ертең үйіме көшіп алып, сосын мықтап тіркеліп алып, бір күні «осы ымараттың жартысы - біздің еншіміз», деп пәле салмақшысыңдар ғой. Сондай бір қызыл көз пәледен жақында зорға құтылдым. Жо-жоқ, аш құлақтан тыныш құлақ! Одан да бос тұрғаны жақсы.

-        Ойпыр-о-ой, мынауыңыз тіпті...

Екеуі де аң-таң қалды. Үш ұйықтаса түске кірмейтін күдік.

-        Осындай да адамдар бар екен-ау, әлі, - деді Балайым күйіп-пісіп.

-        Көрдің ғой, - деді Әбдібек те қабақ шыта.

           Амал жоқ, тағы да көше кезуге тура келеді. Әбден көз байланып қалған кезде со көшенің ең шетінен тауықтың кетегіндей бір бөлме табылды. Таңдап жататын жағдай қайда? Соның өзін кең сарайдай көріп, қалғанының бәріне құп деп, ертесіне көшіп келетін болған.

Ауладан шықпай жатып:

-        Жаңағыдай үйде тұрып, жұртпен аралас-құралас болғаныңды әлі көрермін, - деп Балайым қабақ шытқан.

- Енді қайтеміз, - деген Әбдібек те тосыла. - Әзірге амалдай тұрамыз да.

Бөлісу: