II БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 10:51

Әлгі кештен бастап Әбдібек пен Балайым жиі-жиі кездесетін болған. Үш жыл бойы еш сыр бермей келіп-келіп, Балайымның бір кеште-ақ әйдік жігітті «мұрындықтап» алғанына құрбылары алғашқыда таңырқаса да, көп ұзамай құптап кеткен. Қай-қайсысы да: «Кірді біз-ақ жуа саламыз. Бүгінше менің көйлегімді киіп бар», - деп бөйек боп жатқаны.          Одан тартынып жүрген Балайым жоқ. Әбдібек болса, кейінгі кездері күн құрғатпайтынды шығарды. Кешкілік салып-ұрып келеді де тұрады.. Сонда олардың кей қатарластары секілді күндіз-түні тыным көрмей ойын-сауық қуып жүргені де шамалы.           Екеуі жатақханаға жақындау бір бақтағы оңашалау орындыққа отырып алады да, таусылмайтын сыбырға көшеді. Әйтпесе ұзын көшенің біреуінің басынан түсіп ап, аяғынан бір-ақ шыққандарын кейде байқамай да қалар еді.           Балайым түн ортасында сүрініп-қабынып жатақханаға келгенде, олардың күндегі әдетіне қанық құрбылары әдейі әзілдеп: -        Ұзақты кеш не айта бересіңдер? - деп сұрайды. Сонда ол: -        Өзім де білмеймін. «Ренжіп қалар деп тыңдай берем. Әбдібек те жалықпайды», - дейтін. -        Сонда «сүйем, күйем» деген аузынан шыға ма? -        О сөзді күніне жүз қайталайды ғой. -        Сен не деп жауап қайтарасың? -        Қойыңдаршы, - деп Балайым үзіп тастайды. Қыздарға керегі де сол - жарыса кеп күледі. Әбдібек кешегі келгенінде: -        Мені осында қалдыратын болды, - деген. - Байқаймын, бір үлкен фабрикаға жіберетін ыңғайлары бар. Сол күні екеуі кешке дейін қыдырған. Паркке барды ма-ай, кино көрді ме-ей, бір кездері кітап дүкендерін аралады. He керек әйтеуір, олар Балайымның жатақханасына әбден шаршап оралған. Сондағы Әбдібектің бір айтқаны: -        Аяғым сырқырап тұр. Екеуіміз қатар кеп бір үйдің есігін ашар күнге қашан жетер екенбіз. Сен қазір қаласың. Мен кетем... -        Бір сөзді қайталай берудің қажеті не? Ендігі екі жылдан кейін, - деген Балайым байсалды қалыппен. -        Бүйтіп арқаны кеңге салатын жас емеспіз ғой. Ертерек сен ана болсаң, мен әке болсам, оның несі артық? -        Уақытың тығыз білем. Айтып қал. -        Ертең әдеттегідей жетіде келем. Көп күттірмеші, - еген Әбдібек бір түрлі қиыла сөйлеп. - Жатақхананың алдында күнделік қаққан қазықтай состиып тұрғаным... Терезеден ұрлана қарап қойып, «әлі де күте тұрсын» деп арзан бедел арттырудың не қажеті бар.           Балайым оған тесіле қарап тұр. «Әттең, болмайды-ау, әйтпесе, қазір бөлмеге шақырып, бипаздап шай берер едім» деп ойлады. «Ұзақты күнге ыстық ішкен жоқ». Сонда да іштей алып-ұшқан ықыласын сыртқа шығармай. -        Кейінгі кездері тым шыдамсыз боп бара жатырсың, - деген. -        Ертерек үй болуға асыққаным - айып па екен. - Әбдібек өзіне майдай жағатын әңгімеге тағы бұра тартып келе жатыр. -        Менің жағдайымды да ойлайық та. -        Өстіп кісіні қинай беретінің-ай. -        Жарайды. Ертең де күн бар ғой. -        Бәсе, сөйтіп сәл-пәл жіпсісеңші. Әйтпесе, түні бойы көз ілмей шығатын ем. -        Өй, шіркінің-ай!          Бөлмесіне келген соң Балайым ұзақ-сонар ойға қалды - «жаңағы айтқаны - Әбдібектің шыны ма екен? Ертең сол байлауын алдыма тағы жайып салса, не демекпін? Әрине, көнбеймін. Институт бітіруіме әлі екі жыл бар. Күтсін».           Ол өстіп бір бекініп алды да, артынша күдіктеніп қалды. Ертең бола ма, арғы күні бола ма, Әбдібек қиылып отырып алса, «болмайды» деу Балайымның қолынан келер ме екен? Әй, қайдам? Бір қадалса - қоймайды ол. Күнде талай тәпіштеп тыным бермейді. «Тойларың қашан» деп құрбылары да жиі-жиі сұрайтын болды. Бәрі де «ендігі қалған - Балайымның тұрмысқа шығуы» деп ойлайтын шығар.         Сосын оның есіне Әбдібектің әнеугүні айтқан бір әңгімесі түсті. -        Абырой боп, әжептәуір қызметке кіріскен кісінің салт бас, сабау қамшылы жүргені жараспайтын секілді. Оның үстіне өзің қатарлы жұртпен аралас-құралас болмасаң - тағы қиын?! - деген. Сонда Балайым «бұл сөзіңнің де жаны бар-ау» деп қарадай қобалжыған еді. Енді келіп соның бәрін алдына көлденең тартса, қайтпекші? «Өстіп әбден қыспаққа түспесем нетті» дейді. «Уәжге келгенде алдына жан салмайтұғын жампоздығына басып, әйда кеп жорғалай жөнелсе, тоқтату қиын-ау оны. Кейде қара аспанды төбесіне көтеріп ап, қинала налатыны тағы бар. Оның қайсыбіріне уәж таба бересің? Енді келсе, бөлмеден шықпай қояйыншы. Қайтер екен?!».         Сол мезет бір күдік caп ете қалды. «Бүйтіп көстеңдей берсем - көңілі суып кетер. Күндердің күнінде әбден мезі боп, бұрылып кете барса қайтем? Өйтуі де мүмкін-ау...».          Ол енді төтеннен тап берген мына күдіктен құтылуға асығып: «Бәріне өзім кінәлімін», - дейді. «Кездескен күннен-ақ бас изей беріппін ғой. Инабаттылықтың жөні осы екен десем керек». Артынша тағы ойланып қалады. «Әбдібектей жігітке қарсы сөз айту қиын, ки-ын!.».          Түн ортасы ауып барады. Қыздардың бәрі әлдеқашан ұйықтап қалған. Балайым әлі көз іліндіре алар емес. Манағы ой-толқулары маза бермейді. Әбдібек: «Кәне, той қамына қашан кірісеміз» деп дәл қазір дікектеп отырған- дай - жуық арада тыным табар түрі жоқ. Бір кездері «біз осы бір-бірімізді біліп болдық па», деп өз-өзіне көлденең сұрақ қояды. Соның артынша «әйтеуір құпия атаулы сарқылған сияқты» деп бір түйін тастайды. «Жарық дүниеге шыр етіп түскелі бергі хикаяның бәрі түп-түгел айтылды емес пе? Ендеше, күдіктенетін не бар? Ештеңе де жоқ тәрізді. Әйтсе де. Иә, әйтсе де Әбдібектің орынсыз тақуалана беретінін-ай». Сол-ақ екен, әнеугүні тойға барған бір кеште оның: «Киімді олпы-солпы киеді екенсің» дегені ойына caп ете түсті. Сонда Балайым: «Сен сияқты «үп-үп» деп үсті басын сипалай бергеннен мүйіз шыға ма деп күлген де қойған-тұғын. Енді кеп со сөз кесе-көлденең тұрып қапты. «Әлден мін таға бастады. Бара-бара қайтер екен?..».         Өстіп, ойы әр саққа жүгіріп, әбіржіп жатып ұйықтап кетіп еді. Ертеңінде де іштей көп әуреге түсіп, бір жағы толқып жүрді.

Әлгі кештен бастап Әбдібек пен Балайым жиі-жиі кездесетін болған.

Үш жыл бойы еш сыр бермей келіп-келіп, Балайымның бір кеште-ақ әйдік жігітті «мұрындықтап» алғанына құрбылары алғашқыда таңырқаса да, көп ұзамай құптап кеткен. Қай-қайсысы да: «Кірді біз-ақ жуа саламыз. Бүгінше менің көйлегімді киіп бар», - деп бөйек боп жатқаны.

         Одан тартынып жүрген Балайым жоқ. Әбдібек болса, кейінгі кездері күн құрғатпайтынды шығарды. Кешкілік салып-ұрып келеді де тұрады.. Сонда олардың кей қатарластары секілді күндіз-түні тыным көрмей ойын-сауық қуып жүргені де шамалы.

          Екеуі жатақханаға жақындау бір бақтағы оңашалау орындыққа отырып алады да, таусылмайтын сыбырға көшеді. Әйтпесе ұзын көшенің біреуінің басынан түсіп ап, аяғынан бір-ақ шыққандарын кейде байқамай да қалар еді.

          Балайым түн ортасында сүрініп-қабынып жатақханаға келгенде, олардың күндегі әдетіне қанық құрбылары әдейі әзілдеп:

-        Ұзақты кеш не айта бересіңдер? - деп сұрайды. Сонда ол:

-        Өзім де білмеймін. «Ренжіп қалар деп тыңдай берем. Әбдібек те жалықпайды», - дейтін.

-        Сонда «сүйем, күйем» деген аузынан шыға ма?

-        О сөзді күніне жүз қайталайды ғой.

-        Сен не деп жауап қайтарасың?

-        Қойыңдаршы, - деп Балайым үзіп тастайды. Қыздарға керегі де сол - жарыса кеп күледі.

Әбдібек кешегі келгенінде:

-        Мені осында қалдыратын болды, - деген. - Байқаймын, бір үлкен фабрикаға жіберетін ыңғайлары бар. Сол күні екеуі кешке дейін қыдырған. Паркке барды ма-ай, кино көрді ме-ей, бір кездері кітап дүкендерін аралады. He керек әйтеуір, олар Балайымның жатақханасына әбден шаршап оралған. Сондағы Әбдібектің бір айтқаны:

-        Аяғым сырқырап тұр. Екеуіміз қатар кеп бір үйдің есігін ашар күнге қашан жетер екенбіз. Сен қазір қаласың. Мен кетем...

-        Бір сөзді қайталай берудің қажеті не? Ендігі екі жылдан кейін, - деген Балайым байсалды қалыппен.

-        Бүйтіп арқаны кеңге салатын жас емеспіз ғой. Ертерек сен ана болсаң, мен әке болсам, оның несі артық?

-        Уақытың тығыз білем. Айтып қал.

-        Ертең әдеттегідей жетіде келем. Көп күттірмеші, - еген Әбдібек бір түрлі қиыла сөйлеп. - Жатақхананың алдында күнделік қаққан қазықтай состиып тұрғаным... Терезеден ұрлана қарап қойып, «әлі де күте тұрсын» деп

арзан бедел арттырудың не қажеті бар.

          Балайым оған тесіле қарап тұр. «Әттең, болмайды-ау, әйтпесе, қазір бөлмеге шақырып, бипаздап шай берер едім» деп ойлады. «Ұзақты күнге ыстық ішкен жоқ». Сонда да іштей алып-ұшқан ықыласын сыртқа шығармай.

-        Кейінгі кездері тым шыдамсыз боп бара жатырсың, - деген.

-        Ертерек үй болуға асыққаным - айып па екен. - Әбдібек өзіне майдай жағатын әңгімеге тағы бұра тартып келе жатыр.

-        Менің жағдайымды да ойлайық та.

-        Өстіп кісіні қинай беретінің-ай.

-        Жарайды. Ертең де күн бар ғой.

-        Бәсе, сөйтіп сәл-пәл жіпсісеңші. Әйтпесе, түні бойы көз ілмей шығатын ем.

-        Өй, шіркінің-ай!

         Бөлмесіне келген соң Балайым ұзақ-сонар ойға қалды - «жаңағы айтқаны - Әбдібектің шыны ма екен? Ертең сол байлауын алдыма тағы жайып салса, не демекпін? Әрине, көнбеймін. Институт бітіруіме әлі екі жыл бар. Күтсін».

          Ол өстіп бір бекініп алды да, артынша күдіктеніп қалды. Ертең бола ма, арғы күні бола ма, Әбдібек қиылып отырып алса, «болмайды» деу Балайымның қолынан келер ме екен? Әй, қайдам? Бір қадалса - қоймайды ол. Күнде талай тәпіштеп тыным бермейді. «Тойларың қашан» деп құрбылары да жиі-жиі сұрайтын болды. Бәрі де «ендігі қалған - Балайымның тұрмысқа шығуы» деп ойлайтын шығар.

        Сосын оның есіне Әбдібектің әнеугүні айтқан бір әңгімесі түсті.

-        Абырой боп, әжептәуір қызметке кіріскен кісінің салт бас, сабау қамшылы жүргені жараспайтын секілді. Оның үстіне өзің қатарлы жұртпен аралас-құралас болмасаң - тағы қиын?! - деген. Сонда Балайым «бұл сөзіңнің де жаны бар-ау» деп қарадай қобалжыған еді. Енді келіп соның бәрін алдына көлденең тартса, қайтпекші? «Өстіп әбден қыспаққа түспесем нетті» дейді. «Уәжге келгенде алдына жан салмайтұғын жампоздығына басып, әйда кеп жорғалай жөнелсе, тоқтату қиын-ау оны. Кейде қара аспанды төбесіне көтеріп ап, қинала налатыны тағы бар. Оның қайсыбіріне уәж таба бересің? Енді келсе, бөлмеден шықпай қояйыншы. Қайтер екен?!».

        Сол мезет бір күдік caп ете қалды. «Бүйтіп көстеңдей берсем - көңілі суып кетер. Күндердің күнінде әбден мезі боп, бұрылып кете барса қайтем? Өйтуі де мүмкін-ау...».

         Ол енді төтеннен тап берген мына күдіктен құтылуға асығып: «Бәріне өзім кінәлімін», - дейді. «Кездескен күннен-ақ бас изей беріппін ғой. Инабаттылықтың жөні осы екен десем керек». Артынша тағы ойланып қалады. «Әбдібектей жігітке қарсы сөз айту қиын, ки-ын!.».

         Түн ортасы ауып барады. Қыздардың бәрі әлдеқашан ұйықтап қалған. Балайым әлі көз іліндіре алар емес. Манағы ой-толқулары маза бермейді. Әбдібек: «Кәне, той қамына қашан кірісеміз» деп дәл қазір дікектеп отырған-

дай - жуық арада тыным табар түрі жоқ. Бір кездері «біз осы бір-бірімізді біліп болдық па», деп өз-өзіне көлденең сұрақ қояды. Соның артынша «әйтеуір құпия атаулы сарқылған сияқты» деп бір түйін тастайды. «Жарық дүниеге шыр етіп түскелі бергі хикаяның бәрі түп-түгел айтылды емес пе? Ендеше, күдіктенетін не бар? Ештеңе де жоқ тәрізді. Әйтсе де. Иә, әйтсе де Әбдібектің орынсыз тақуалана беретінін-ай». Сол-ақ екен, әнеугүні тойға барған бір кеште оның: «Киімді олпы-солпы киеді екенсің» дегені ойына caп ете түсті. Сонда Балайым: «Сен сияқты «үп-үп» деп үсті басын сипалай бергеннен мүйіз шыға ма деп күлген де қойған-тұғын. Енді кеп со сөз кесе-көлденең тұрып қапты. «Әлден мін таға бастады. Бара-бара қайтер екен?..».

        Өстіп, ойы әр саққа жүгіріп, әбіржіп жатып ұйықтап кетіп еді. Ертеңінде де іштей көп әуреге түсіп, бір жағы толқып жүрді.

Бөлісу: