І БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 10:45

Сол көктем алыстағы ауылымды қатты аңсадым. Жатсам да, тұрсам да май топырағын жалаңаяқ кешіп, көк майсасын көрпедей көретін «Қоғалы» көңілден кетпей қойды. Біртүрлі қобалжып, таңды атырып, күнді батыру қиындап кетті.        Ақыры сол сағыныш жеңді. Демалысқа шығатын кезегіңді күтуге шыдамым жетпеді. Бастыққа барғыштап жүріп, өтініш қағазымның шекесіне қол қойдырып алдым.        Кідіргенім жоқ. Кешкілік жолға шықтым. Біздің үй «Қоғалыдағы» ауылдың ең шетінде еді. Қаладан қайырылатын жолға тіптен жақын болатын. Қас қарайып қалған кез-ді. Сыртқы қораның есігіне жақындап келдім де, кілт тоқтай қалдым. Жүрегім лүп-лүп соғады. Әлсін-әлі жөткірініп қоямын. Кіре берісте тағы біраз кідіріп барып, алдыңғы есікті аштым. Дәлізде жан жоқ екен. Аяғымның ұшымен басып, келесі есікке жақындай беріп едім, ар жақтан болар-болмас дабыр естілді. Таныс дабыр. -        Сабыр деген бола ма, сенде осы. Турап бітсін де. -        Мұны апам кішкентай інім Күмісбекке айтып отыр. -        Соны қиқалап әуре-сарсаңға түскенше жапырақ-жапырақ күйімен жей салатын...         Мұны үлкен інім - Тұрарбек айтып отыр. Оның қашаннан нарынды суқаны сүймейтін әдеті. Ет болса, онда да майлысы. Нан болса, артынан бір кесе мұздай су. Сол жетіп жатыр.          Біреу кеңкілдеп күліп отыр. Ол - әкей ғой. Қызық кісі. Апам ашуланса болды, ол күле береді.        Сағынышты жүрегім шымырлап кетті. Қозғалсам болды, бәрінен айрылып қалатындай қаздиып қатып қалыппын. Іште тағы бірдеңе десе екен деймін. Дей берсе, тыңдап тұра бермекшімін-ау, сірә.         Бір сәт есімді жинағандай болып, жай ғана жөткірініп алдым да, даусымды өзгертіңкіреп: -        Рұқсат па екен? - дедім. -        Бұ қайсысы сызылып қалған. Кіре бер, кім болсаң да мақтап жүреді екенсің...       Апамның кәдуілгі әдеті. Біздің үйде уәжге ең алдымен жүретін. Түк өзгермепті. -        Амансыздар ма? - Артымдағы есік жабылмай қалды. -        Құралжаным ғой мынау, айналайын!          Апам ұшып тұрып, қолымды сүйіп жатыр. -        Ассал ау м ағал ейкум!         Екі інім түрегеп амандасты. -        Айналайын-ау, тағы жалғыз келгеннен саумысың? Әлгі күткен келініміз қайда? Екі көзіміз төрт болып отырған жоқ па, осы. -        Апа, келініңіз төркінінің үйінен шыға алмай жатқан көрінеді.         Әкей төмен қарап күліп отыр. Мен де күліп жібердім. Екі інім де сылк-сылқ күліп жатыр. -        Әкеңдікі осы. Үлкеймей-ақ қойды, әйтеуір. Мыналарға көрсетер «өнегесі» болар жазғанның. -        Біз үйренген әдеті емес пе еді, апа? -        Оған қосқан. Көп қосқан. Көресің ғой әлі, - деп, ақырында апам да күлді. Жатаған столды қоршалай қалдық. Бәрі таныс. Бәрі ыстық. Бәрі жақын. Шетін өзім тістеп сындырған сырлы қасық. Қайрай-қайрай жұқарып кеткен мүйіз сапты ұзын пышақ. Қазандағы ыстық сорпадан асығыс сыбаға айырамын деп жүргенде ернімді талай күйдірген қалайы ожау. Бетіне «Құралжаныма арнадым» деп өрнекті ою салған түкті кілем... -        Ал, алыңдар, - деді апам. -        Көкеме коньяк әкеліп едім, - деп Күмісбекке қарадым. Ол ұшып тұрып, дәлізден бес жұлдызды бөтелкені екі қырлы стақанмен қоса әкелді.         Сәлден соң-ақ жаңбырлы қала да, Қадиша кемпірдің пәтері де, тіпті әнебір қыз да, бәрі-бәрі ұмыт болғандай еді Бейнебір осы «Қоғалыдан» аттап шықпағандаймын-ау... -        Ауру-сырқаудан амансың ба, айналайын? Апам ғой бұл. -        Мені қайтсын ауру-сырқау... -        Сонда да. Әнеукүнгі хатыңда «барам» деп ештеңе айтпаған екенсің. Қауын піскенде барып ат басын бір бұрар деп отырғанбыз. -        Сағынып кеттім ауылды. -        Келіншек алғанша осылай келіп тұрсайшы, - деді көкем мырс етіп. Екі інім қатар күлді. -        Балаңмен әзілдескенді қашан қоясың осы? Үлкеймей-ақ кетерсің өстіп сен жазған.         Апам әнтек бұрылып отырды. Кәдімгі көкем де. Көз қысып қояды. -        Әне, шығарады ғой бүл. Көз қысқан деген не пәле? Апам дәу табақты ортаға ысыра берді.         Көкем сылқ-сылқ күліп отыр.

Сол көктем алыстағы ауылымды қатты аңсадым. Жатсам да, тұрсам да май топырағын жалаңаяқ кешіп, көк майсасын көрпедей көретін «Қоғалы» көңілден кетпей қойды. Біртүрлі қобалжып, таңды атырып, күнді батыру

қиындап кетті.

       Ақыры сол сағыныш жеңді. Демалысқа шығатын кезегіңді күтуге шыдамым жетпеді. Бастыққа барғыштап жүріп, өтініш қағазымның шекесіне қол қойдырып алдым.

       Кідіргенім жоқ. Кешкілік жолға шықтым. Біздің үй «Қоғалыдағы» ауылдың ең шетінде еді. Қаладан қайырылатын жолға тіптен жақын болатын. Қас қарайып қалған кез-ді. Сыртқы қораның есігіне жақындап келдім де, кілт

тоқтай қалдым. Жүрегім лүп-лүп соғады. Әлсін-әлі жөткірініп қоямын.

Кіре берісте тағы біраз кідіріп барып, алдыңғы есікті аштым. Дәлізде жан жоқ екен. Аяғымның ұшымен басып, келесі есікке жақындай беріп едім, ар жақтан болар-болмас дабыр естілді. Таныс дабыр.

-        Сабыр деген бола ма, сенде осы. Турап бітсін де.

-        Мұны апам кішкентай інім Күмісбекке айтып отыр.

-        Соны қиқалап әуре-сарсаңға түскенше жапырақ-жапырақ күйімен жей салатын...

        Мұны үлкен інім - Тұрарбек айтып отыр. Оның қашаннан нарынды суқаны сүймейтін әдеті. Ет болса, онда да майлысы. Нан болса, артынан бір кесе мұздай су. Сол жетіп жатыр.

         Біреу кеңкілдеп күліп отыр. Ол - әкей ғой. Қызық кісі. Апам ашуланса болды, ол күле береді.

       Сағынышты жүрегім шымырлап кетті. Қозғалсам болды, бәрінен айрылып қалатындай қаздиып қатып қалыппын. Іште тағы бірдеңе десе екен деймін. Дей берсе, тыңдап тұра бермекшімін-ау, сірә.

        Бір сәт есімді жинағандай болып, жай ғана жөткірініп алдым да, даусымды өзгертіңкіреп:

-        Рұқсат па екен? - дедім.

-        Бұ қайсысы сызылып қалған. Кіре бер, кім болсаң да мақтап жүреді екенсің...

      Апамның кәдуілгі әдеті. Біздің үйде уәжге ең алдымен жүретін. Түк өзгермепті.

-        Амансыздар ма? - Артымдағы есік жабылмай қалды.

-        Құралжаным ғой мынау, айналайын!

         Апам ұшып тұрып, қолымды сүйіп жатыр.

-        Ассал ау м ағал ейкум!

        Екі інім түрегеп амандасты.

-        Айналайын-ау, тағы жалғыз келгеннен саумысың? Әлгі күткен келініміз қайда? Екі көзіміз төрт болып отырған жоқ па, осы.

-        Апа, келініңіз төркінінің үйінен шыға алмай жатқан көрінеді.

        Әкей төмен қарап күліп отыр. Мен де күліп жібердім. Екі інім де сылк-сылқ күліп жатыр.

-        Әкеңдікі осы. Үлкеймей-ақ қойды, әйтеуір. Мыналарға көрсетер «өнегесі» болар жазғанның.

-        Біз үйренген әдеті емес пе еді, апа?

-        Оған қосқан. Көп қосқан. Көресің ғой әлі, - деп, ақырында апам да күлді.

Жатаған столды қоршалай қалдық. Бәрі таныс. Бәрі ыстық. Бәрі жақын. Шетін өзім тістеп сындырған сырлы қасық. Қайрай-қайрай жұқарып кеткен мүйіз сапты ұзын пышақ. Қазандағы ыстық сорпадан асығыс сыбаға айырамын деп жүргенде ернімді талай күйдірген қалайы ожау. Бетіне «Құралжаныма арнадым» деп өрнекті ою салған түкті кілем...

-        Ал, алыңдар, - деді апам.

-        Көкеме коньяк әкеліп едім, - деп Күмісбекке қарадым. Ол ұшып тұрып, дәлізден бес жұлдызды бөтелкені екі қырлы стақанмен қоса әкелді.

        Сәлден соң-ақ жаңбырлы қала да, Қадиша кемпірдің пәтері де, тіпті әнебір қыз да, бәрі-бәрі ұмыт болғандай еді Бейнебір осы «Қоғалыдан» аттап шықпағандаймын-ау...

-        Ауру-сырқаудан амансың ба, айналайын?

Апам ғой бұл.

-        Мені қайтсын ауру-сырқау...

-        Сонда да. Әнеукүнгі хатыңда «барам» деп ештеңе айтпаған екенсің. Қауын піскенде барып ат басын бір бұрар деп отырғанбыз.

-        Сағынып кеттім ауылды.

-        Келіншек алғанша осылай келіп тұрсайшы, - деді көкем мырс етіп.

Екі інім қатар күлді.

-        Балаңмен әзілдескенді қашан қоясың осы? Үлкеймей-ақ кетерсің өстіп сен жазған.

        Апам әнтек бұрылып отырды. Кәдімгі көкем де. Көз қысып қояды.

-        Әне, шығарады ғой бүл. Көз қысқан деген не пәле? Апам дәу табақты ортаға ысыра берді.

        Көкем сылқ-сылқ күліп отыр.

Бөлісу: