Сарғайған құжаттар сыр шерткенде...

19 Қараша 2013, 10:14

       Жерлестеріміздің қан майданда көрсеткен ерліктері туралы жазылды, жазылып жатыр, жазыла да береді. Бұл қастерлі де қасиетті істерді жүзеге асыруға бір буынның ғұмыры жетпейді. Аздық етеді. Ойлап қараңызшы, екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы басталды ғой. Ол 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына ұласты. Міне, Ұлы Жеңіске 60 жыл толып отыр. Майдангерлер туралы толықтай жазылып бітті ме? Жоқ, жоқ, бітпек түгіл, бес пайызы қамтылды ма, жоқ па?!. Ұрысқа бір рет кіріп шыққан адам туралы талыстай том жазса, артық емес.     Басқаларын айтпағанда, бүгінге шейін белгісіз болып келген Батырлар қаншама! Мұрағат қорларындағы кезегін күткен құжаттарды қайда қоямыз. Суға батып, батпаққа сіңіп, бомба, снаряд салдарынан күл болып ұшып кеткендерді қайтеміз. Қысқасы, біздер, тірілер майдангерлер алдында, әсіресе өлілер алдында мың есе, миллион есе қарыздармыз... Менің алдымда Даңқ ордендерінің толық (ІІІ-ІІ-І дәрежелі) иегері жерлесіміз Қайырғазы Имашевтың уақыт әсерінен сарғайып кеткен төрт-бес құжаты жатыр. Үшеуі - соғыс кезінде тікелей Москваға, КССРО Жоғары Кеңесінің Президиумына жолданған марапаттау қағазы. Орыс тілінде толтырылған. Әдейі аудармай беріп отырмыз.  І «25.08.44г. с группой разведчиков в количестве 8 человек, возглавленной т.Мельник, пробрался в тыл обороны противника. Атаковав противника с тыла, тов. Имашев первым ворвался в окопы противника и огнем из автомата и врукопашный схватке уничтожил до 12 немцев и одного захватил в плен, а также захватил станковый пулемет противника. Пленный дал ценные сведения о группировке противника. За борьбу в тылу противника с превосходящими силами его, нанесение противнику большого урона и успешное выполнение задачи представляю к ордену Отечественной войны ІІ-степени. Командир 110-гв. СБП гв. подполковник Ильяшенко. «8» сентября 1944г.» Марапаттау қағазының екінші бетінде төмендегідей жазбалар бар: «Достоин правительственной награды ордена Отечественной войны ІІ-степени. Командир 38гв. СЛКРД  гв. генерал-майор Соловьев 12 сентября 1944г.» Жоғары жақ жаужүрек барлаушы Қайырғазы Имашевқа ІІІ-дәрежелі Даңқ ордені лайық деп тауыпты. Құжатта осылай жазылған. ІІ «10.10.1944г. в районе Непорнет, получив приказание разведать передний край противника, совместно с бойцами ворвался в деревню Непорнет и противотанковой гранатой уничтожил дзот противника и гарнизон, мешавший продвижению пехоты.             11.10.1944г., находясь впереди передовых подразделений, уничтожил огневые позиции противника, мешавшие продвижению пехоты и внезапным нападением на дзот уничтожил огневую точку с расчетом и дал возможность быстрого захвата рубежа.             Достоин награждения орденом Отечественной войны І-степени. Командир 110 гв. СБП гв. подполковник Ильяшенко. «12» октября 1944г.»             70-армия қолбасшысының Бұйрығымен сержант Қайырғазы Имашев ІІ-дәрежелі Даңқ орденіне ұсынылып, кезі келгенде омырауына тағылыпты. ІІІ «В боях при форсировании реки Брис-Флис у населенного пункта Сварнигап, когда противник не давал возможности подразделениям форсировать указанную реку, тов. Имашев, невзирая на опасность для жизни, переправился по колено в воде на правый берег и внезапно атаковал огневые точки противника, ручными гранатами подавил 2 станковых пулемета, уничтожил 13 вражеских солдат, взял в плен 6 вражеских солдат и захватил у противника два ручных пулемета, дал возможность нашим подразделениям переправиться через указанную реку без потерь и захватить населенный пункт Сварнигап.             Достоин правительственной награды ордена Красного Знамени. Командир 110 гв. СБП гв. подполковник Ильяшенко. «20» марта 1945г.» Құжаттың келесі бетіндегі жазбаларға назар аударайық. «Указом Президиума Верховного Совета СССР от 29 июня 1945 года награжден орденом Славы І-степени» деп жазылыпты. Бас-аяғы жеті айдың ішінде Даңқ ордендерінің ІІІ-ІІ-І-дәрежелісін қатарынан алып, Кеңес Одағының Батырымен теңескен Қайырғазы Имашев кім? Ол - біздің жерлесіміз. 1924 жылы Казталов ауданының Құрманкөл ауылында дүниеге келіпті. Мектепті тамамдағаннан кейін К.Е.Ворошилов атындағы ұжымшарда еңбек жолын бастап, сосын Казталовкадағы МТС-та жұмыс жасапты. 1942 жылдың басында майданға аттанып, сол жылдың наурызында алғашқы ұрысқа кірсе керек. Қайратты, қимылы тез, ойы оралымды жас жігіт командирлерінің назарына бірден ілігіпті. Қайырғазы көп кешікпей барлаушылар бөлімшесінің командирі болады. Аталуынан көрініп тұрғандай, барлаушы дегеніңіз әскери бөлім, бөлімше штабының көзі мен құлағы болып табылады. Шабуыл тұсында болсын, қорғаныс кезінде болсын ешбір үлкенді-кішілі командирлер барлау мәліметтерінсіз қия баспайды. Ал полк барлаушылары туралы айтсақ, олар өз қаруластары арасында болғаннан гөрі, уақыттарының басым көпшілігінде ең алғы шепте, жау тылында әрекет жасап жүреді. Сержант Қайырғазы Имашев Орталық, 1-Белорусь, 2-Белорусь майдандарында соғысты. Өз бөлімшесімен отыз рет жау тылында болып, жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Жаужүрек барлаушының атағы 38-гвардиялық дивизиядан асып, армия, тіпті тұтас майдан көлеміне тарап кетті. Онымен тәжірибе алмасуға басқа құрамалардан барлаушылар жиі келіп тұрды. Даңқ ордендерінің иегері, батыр барлаушы сержант Қайырғазы Имашевтың ерлік істерін паш еткен плакат, листовкалар шығарылды. Жерлесіміздің майдандағы ерлігін жоғарыда келтірілген құжаттар айғақтап тұрғандықтан, артық әңгімеге бармағанды жөн көрдік. Бұл кісімен көз тірісінде кездескен мүдделі қаламгер болса, барлаушылар өмірінен өте қызықты кітап жазған болар еді. Даңқ орденінің толық иегері Қайырғазы Имашев соғыстан аман оралып, бейбіт еңбекке араласты. 1948-1952 жылдар аралығында Орал механикалық зауытында үшінші разрядты құюшы болып жұмыс жасады. Бір жылдай қайтадан әскери қызметте болып, 1953 жылы Саратов облысының Озинки қаласына қоныс аударыпты. Батыр барлаушы ағамыз елу бес жасында, яғни 1979 жылы қайтыс болды. Қазір жесірі Нұриден ұл-қызымен және немерелерімен іргеміздегі Озинкиде тұрып жатыр. - Орал механикалық зауытында істеген жылдарда Қайрекеңнің портреті қалалық Құрмет Тақтасынан түспейтін еді. Қазіргілер оны ұмытты ғой, - деп отырады екен қазір Нұриден апамыз. Кезінде қалам ұстаған қауымның назарына іліне қоймаған тағы бір Батыр жерлесіміздің есімі еліне оралды. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы берік ұстанайықшы, ардақты ағайын! Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

       Жерлестеріміздің қан майданда көрсеткен ерліктері туралы жазылды, жазылып жатыр, жазыла да береді. Бұл қастерлі де қасиетті істерді жүзеге асыруға бір буынның ғұмыры жетпейді. Аздық етеді. Ойлап қараңызшы, екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы басталды ғой. Ол 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына ұласты. Міне, Ұлы Жеңіске 60 жыл толып отыр. Майдангерлер туралы толықтай жазылып бітті ме? Жоқ, жоқ, бітпек түгіл, бес пайызы қамтылды ма, жоқ па?!. Ұрысқа бір рет кіріп шыққан адам туралы талыстай том жазса, артық емес.

    Басқаларын айтпағанда, бүгінге шейін белгісіз болып келген Батырлар қаншама! Мұрағат қорларындағы кезегін күткен құжаттарды қайда қоямыз. Суға батып, батпаққа сіңіп, бомба, снаряд салдарынан күл болып ұшып кеткендерді қайтеміз. Қысқасы, біздер, тірілер майдангерлер алдында, әсіресе өлілер алдында мың есе, миллион есе қарыздармыз...

Менің алдымда Даңқ ордендерінің толық (ІІІ-ІІ-І дәрежелі) иегері жерлесіміз Қайырғазы Имашевтың уақыт әсерінен сарғайып кеткен төрт-бес құжаты жатыр. Үшеуі - соғыс кезінде тікелей Москваға, КССРО Жоғары Кеңесінің Президиумына жолданған марапаттау қағазы. Орыс тілінде толтырылған. Әдейі аудармай беріп отырмыз. 

І

«25.08.44г. с группой разведчиков в количестве 8 человек, возглавленной т.Мельник, пробрался в тыл обороны противника. Атаковав противника с тыла, тов. Имашев первым ворвался в окопы противника и огнем из автомата и врукопашный схватке уничтожил до 12 немцев и одного захватил в плен, а также захватил станковый пулемет противника. Пленный дал ценные сведения о группировке противника. За борьбу в тылу противника с превосходящими силами его, нанесение противнику большого урона и успешное выполнение задачи представляю к ордену Отечественной войны ІІ-степени.

Командир 110-гв. СБП гв. подполковник Ильяшенко.

«8» сентября 1944г.»

Марапаттау қағазының екінші бетінде төмендегідей жазбалар бар: «Достоин правительственной награды ордена Отечественной войны ІІ-степени.

Командир 38гв. СЛКРД

 гв. генерал-майор Соловьев

12 сентября 1944г.»

Жоғары жақ жаужүрек барлаушы Қайырғазы Имашевқа ІІІ-дәрежелі Даңқ ордені лайық деп тауыпты. Құжатта осылай жазылған.

ІІ

«10.10.1944г. в районе Непорнет, получив приказание разведать передний край противника, совместно с бойцами ворвался в деревню Непорнет и противотанковой гранатой уничтожил дзот противника и гарнизон, мешавший продвижению пехоты.

            11.10.1944г., находясь впереди передовых подразделений, уничтожил огневые позиции противника, мешавшие продвижению пехоты и внезапным нападением на дзот уничтожил огневую точку с расчетом и дал возможность быстрого захвата рубежа.

            Достоин награждения орденом Отечественной войны І-степени.

Командир 110 гв. СБП гв. подполковник Ильяшенко.

«12» октября 1944г.»

            70-армия қолбасшысының Бұйрығымен сержант Қайырғазы Имашев ІІ-дәрежелі Даңқ орденіне ұсынылып, кезі келгенде омырауына тағылыпты.

ІІІ

«В боях при форсировании реки Брис-Флис у населенного пункта Сварнигап, когда противник не давал возможности подразделениям форсировать указанную реку, тов. Имашев, невзирая на опасность для жизни, переправился по колено в воде на правый берег и внезапно атаковал огневые точки противника, ручными гранатами подавил 2 станковых пулемета, уничтожил 13 вражеских солдат, взял в плен 6 вражеских солдат и захватил у противника два ручных пулемета, дал возможность нашим подразделениям переправиться через указанную реку без потерь и захватить населенный пункт Сварнигап.

            Достоин правительственной награды ордена Красного Знамени.

Командир 110 гв. СБП гв. подполковник Ильяшенко.

«20» марта 1945г.»

Құжаттың келесі бетіндегі жазбаларға назар аударайық.

«Указом Президиума Верховного Совета СССР от 29 июня 1945 года награжден орденом Славы І-степени» деп жазылыпты.

Бас-аяғы жеті айдың ішінде Даңқ ордендерінің ІІІ-ІІ-І-дәрежелісін қатарынан алып, Кеңес Одағының Батырымен теңескен Қайырғазы Имашев кім? Ол - біздің жерлесіміз. 1924 жылы Казталов ауданының Құрманкөл ауылында дүниеге келіпті. Мектепті тамамдағаннан кейін К.Е.Ворошилов атындағы ұжымшарда еңбек жолын бастап, сосын Казталовкадағы МТС-та жұмыс жасапты. 1942 жылдың басында майданға аттанып, сол жылдың наурызында алғашқы ұрысқа кірсе керек.

Қайратты, қимылы тез, ойы оралымды жас жігіт командирлерінің назарына бірден ілігіпті. Қайырғазы көп кешікпей барлаушылар бөлімшесінің командирі болады. Аталуынан көрініп тұрғандай, барлаушы дегеніңіз әскери бөлім, бөлімше штабының көзі мен құлағы болып табылады. Шабуыл тұсында болсын, қорғаныс кезінде болсын ешбір үлкенді-кішілі командирлер барлау мәліметтерінсіз қия баспайды. Ал полк барлаушылары туралы айтсақ, олар өз қаруластары арасында болғаннан гөрі, уақыттарының басым көпшілігінде ең алғы шепте, жау тылында әрекет жасап жүреді.

Сержант Қайырғазы Имашев Орталық, 1-Белорусь, 2-Белорусь майдандарында соғысты. Өз бөлімшесімен отыз рет жау тылында болып, жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Жаужүрек барлаушының атағы 38-гвардиялық дивизиядан асып, армия, тіпті тұтас майдан көлеміне тарап кетті. Онымен тәжірибе алмасуға басқа құрамалардан барлаушылар жиі келіп тұрды. Даңқ ордендерінің иегері, батыр барлаушы сержант Қайырғазы Имашевтың ерлік істерін паш еткен плакат, листовкалар шығарылды.

Жерлесіміздің майдандағы ерлігін жоғарыда келтірілген құжаттар айғақтап тұрғандықтан, артық әңгімеге бармағанды жөн көрдік. Бұл кісімен көз тірісінде кездескен мүдделі қаламгер болса, барлаушылар өмірінен өте қызықты кітап жазған болар еді.

Даңқ орденінің толық иегері Қайырғазы Имашев соғыстан аман оралып, бейбіт еңбекке араласты. 1948-1952 жылдар аралығында Орал механикалық зауытында үшінші разрядты құюшы болып жұмыс жасады. Бір жылдай қайтадан әскери қызметте болып, 1953 жылы Саратов облысының Озинки қаласына қоныс аударыпты. Батыр барлаушы ағамыз елу бес жасында, яғни 1979 жылы қайтыс болды. Қазір жесірі Нұриден ұл-қызымен және немерелерімен іргеміздегі Озинкиде тұрып жатыр.

- Орал механикалық зауытында істеген жылдарда Қайрекеңнің портреті қалалық Құрмет Тақтасынан түспейтін еді. Қазіргілер оны ұмытты ғой, - деп отырады екен қазір Нұриден апамыз.

Кезінде қалам ұстаған қауымның назарына іліне қоймаған тағы бір Батыр жерлесіміздің есімі еліне оралды.

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы берік ұстанайықшы, ардақты ағайын!

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: