Бітіктен-Берлинге

19 Қараша 2013, 10:08

    1944 жыл. Қарашаның тас қараңғы түні. Венгрия жері. Таяқ тастам жерде Дунай өзені буырқана ағып жатыр. Михаил Абдолов бөлімшесіндегі жауынгерлермен блиндаж ішінде беріліп қалуы мүмкін тапсырмалар төңірегінде әңгімелесіп отыр. - Мына Дунай дегенің біздің Еділдей боп қалар, ә? - деді жігіттердің бірі. - Әй, қой ондай сөзді. Жаудың өзенін суына қанымыз араласқан Еділге теңеп, не көрінді көзіңе! - деп кекселеу Петров жаңағы жас жауынгерге зілсіз зекіп тастады. - Қойыңдар бос сөзді! Дунай өзені - жаудікі емес, жағасында тірлік еткен халықтікі. Босқа дауласпай, осы ені жалпақ, ағысы қатты өзеннен қалай өтуге болатынын ойласайық та, - деп аға сержант Абдолов қарамағындағыларды нақты іске шақырды. Оншақты жігіт бастарын түйістіріп, дөңбектің үстіне жайылған шағын қартаға үңілді. Әдетте алғы шептегілерге 5-10 км. шаршылық көлемінде түсірілген карталар беретін. Жауынгерлер өз пікірлерін айтып жатыр. Бөлімше командирі аға сержант Михаил  Абдолов мұқият тыңдап отыр. Анда-санда екі қасы қосылып кеткендей болады. Көздері бір нүктеге қадала қалады. Бұл - оның болашақ операцияны ой елегінен өткізіп отырғаны. Қарамағындағылар мұны жақсы біледі. Олар дауыстарын бәсеңдете қояды. Командир ойлансын дегендері бұл. Блиндаж есігі алдындағы кезекшінің «тоқта, пароль» деген дауысы естілді. Біреу «Дунай» деп тақ етті. Іле-шала ішке жас лейтенант кірді. Михаил бастаған бөлімше жауынгерлері орындарынан тұрып, бойларын тіктеп алды. - Жолдас лейтенант! Бөлімше Дунай өзенінен өтудің жолдарын қарастырып жатыр, - деп рапорт берді аға сержант Абдолов. - «Іздегенге - сұраған». Мен де осы мәселемен келіп тұрмын полк штабынан, - деді лейтенант, - шұғыл түрде жиналып, арғы бетті барлап, плацдарм алуға бұйрық бар. Айтты - болды! Бұйрық талқыланбайды, орындалады. Аға сержант бастаған барлаушылар бөлімшесі балықшылар қайығымен Дунайдың оң жағасына аман-есен өтті. Бұл Мохач қаласының тұсы екен. Еділдегі, Днепрдегі, Днестрдегі сияқты жау Дунай өзенінің жағалауын мықты бекініске айналдырғаны мәлім болатын. Бірақ нақты дерек жоқ. Соларды барлаушылар анықтайды. Олардың жандары үнемі шүберекке түюлі. Жаумен бірінші рет бетпе-бет келетін де солар. Дұшпан әскерлерінің орналасу тәртібін, байланыс жүйесін, күшін, әскери техникасын, қысқасы, командованиеге қажетті құпияларды дәл анықтап, жеткізетін осы барлаушылар ғой. Демек олар үлкенді-кішілі штабтардың көзі мен құлағы болып есептеледі.             Сталинград үшін болған қиян-кескі ұрыстар кезінен барлаушылар бөлімшесін басқарып келе жатқан Михаил Абдоловтың тәжірибесі мен ерлігі полктен асып, дивизия түгел, 57-армияның көлеміне белгілі болатын. Оған ең қиын тапсырмалар жүктелетін. Міне, Дунайдан да бөлімшесімен бірінші болып өтті.             Он бір жігіт қараңғы түнде еппен жылжып келеді. Кәнігі барлаушылар жаудың бекініс шебін мұқият зерделеуде. Михаил Абдолов сулығын басына бүркеніп, қолшамын іске қосып, картасына белгілер соғып қояды. Келісілген мерзімде полк Дунайдан өте бастайды. Әскерлер бергі бетке жетті-ау деген тұста барлаушылар бөлімшесі фашистердің траншеясына тосын шабуыл жасап, барлық назарды өздеріне аударулары керек.               Аға сержант жаудың осалдау деген жерлерін шамалап алып, «Ураға» басып, бөлімшесімен траншеяға секіріп түсті. Фашистер мұндайды күтпеген еді. Қарсы келген екі адам сығылысып өтетін тар траншея барлаушылар үшін өте қолайлы еді. Автоматтан оқ жаудырып, немістерді баудай түсіріп жатты. Ал фашистер болса, кімнің қай жақтан атып жатқанын білмей, бірін-бірі итеріп, қорадан шыққан қойдай ұйлыға берді. Нәтижесінде Михаилдың бөлімшесі отызшақты гитлершілерді жер жастандырды. Осының оны аға сержанттың «үлесіне» тиген болатын. Мұның сыртында 12 солдат пен офицерді тұтқынға алып, бағалы құжаттарды қоса қолға түсіріп, полк штабына жөнелтті.             Михаил Абдолов өз полкінің өзеннен өтіп жатқанын сағатына қарап шамалады. Енді бір 30-40 минутта жаппай шабуыл басталады. Жау есін жиып, қарсы ұрысқа дайындалып үлгеруі мүмкін. Ол бөлімше жауынгерлерінің жартысын жеткен жерлерінде ұрыс жүргізе беруге қалдырып, өзі бес жауынгермен жаудың ажал оғын төгіп тұрған дзоттарына қарай еңбектеді. Бұларды тез арада жоймаса, шабуылға шыққан біздің әскерлерге зор шығын әкелмек. Михаил бес жігітпен алға ұмтылып, гранатамен ұрымтал жерде орналасқан екі дзоттың күлін көкке ұшырды. Өздері әзірге оқтан аман. Сірә, тез қимыл, шұғыл шешім жаудың дәлдеп атуына мүмкіндік бермей тұрған сияқты. Алты жігіт келесі траншеяға секіріп түсті. Қолма-қол ұрыс басталды. Фашистер анағұрлым көп болғанымен, тар траншея ішінде еркін қимылдай алмай әлек. Ақыры тағы взвод мөлшеріндегі жау ажал құшты. Алты жауынгер миномет батареясын және екі кіші калибрлі зеңбіректі қолға түсірді. Взводтай фашист солдаттары қашып-пысып, келесі траншеяға барып бас сауғалауда. Мұның бәрін дұшпан полкінің командирі көріп тұрса керек. Алты адамның бір ротаны тас талқан еткеніне қаны қайнап, тұтас батальонды алты арыстанға қарсы салды. Михаил Абдолов жігіттерімен жаудың минометтері мен екі зеңбірегінен оқ жаудырды. Дұшпанның өз қаруы өзіне жұмсалды. Осы ұрыста аға сержанттың бір өзі немістің тағы 11 солдаты мен офицерін жойып, төртеуін тұтқынға алды. Көзсіз батыр деп осындай адамды айтар болар! Бұл Михаил Абдоловтың бір ғана шабуыл кезіндегі ерлігі еді. Ол қаншама кескілесте болды десеңші! 1945 жылдың 24 наурызында ержүрек барлаушы аға сержант Михаил Абдоловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол Ленин, Қызыл Ту, І-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталды. Батыр барлаушы соғысты қаруластарымен бірге Берлинде аяқтады. Қиырда жатқан Бітік ауылынан майданға аттанған жігіт Рейхстаг жанында суретке түсті. Қазір Михаил аға Абдолов өзі туып-өскен, майданға аттанған Бітік-Бұлан өңірінде тұрып жатыр. Әрине 87 аз жас емес. Қарт жауынгер Ұлы Жеңістің 60 жылдығын асыға күтіп, күнде де, түнде де майдандағы оқиғаларды есіне түсіріп, егемен Еліміздің тыныштығын тілейді. Батыр аға, сіз ел есіндесіз!  Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

    1944 жыл. Қарашаның тас қараңғы түні. Венгрия жері. Таяқ тастам жерде Дунай өзені буырқана ағып жатыр. Михаил Абдолов бөлімшесіндегі жауынгерлермен блиндаж ішінде беріліп қалуы мүмкін тапсырмалар төңірегінде әңгімелесіп отыр.

- Мына Дунай дегенің біздің Еділдей боп қалар, ә? - деді жігіттердің бірі.

- Әй, қой ондай сөзді. Жаудың өзенін суына қанымыз араласқан Еділге теңеп, не көрінді көзіңе! - деп кекселеу Петров жаңағы жас жауынгерге зілсіз зекіп тастады.

- Қойыңдар бос сөзді! Дунай өзені - жаудікі емес, жағасында тірлік еткен халықтікі. Босқа дауласпай, осы ені жалпақ, ағысы қатты өзеннен қалай өтуге болатынын ойласайық та, - деп аға сержант Абдолов қарамағындағыларды нақты іске шақырды.

Оншақты жігіт бастарын түйістіріп, дөңбектің үстіне жайылған шағын қартаға үңілді. Әдетте алғы шептегілерге 5-10 км. шаршылық көлемінде түсірілген карталар беретін.

Жауынгерлер өз пікірлерін айтып жатыр. Бөлімше командирі аға сержант Михаил  Абдолов мұқият тыңдап отыр. Анда-санда екі қасы қосылып кеткендей болады. Көздері бір нүктеге қадала қалады. Бұл - оның болашақ операцияны ой елегінен өткізіп отырғаны. Қарамағындағылар мұны жақсы біледі. Олар дауыстарын бәсеңдете қояды. Командир ойлансын дегендері бұл.

Блиндаж есігі алдындағы кезекшінің «тоқта, пароль» деген дауысы естілді. Біреу «Дунай» деп тақ етті. Іле-шала ішке жас лейтенант кірді. Михаил бастаған бөлімше жауынгерлері орындарынан тұрып, бойларын тіктеп алды.

- Жолдас лейтенант! Бөлімше Дунай өзенінен өтудің жолдарын қарастырып жатыр, - деп рапорт берді аға сержант Абдолов.

- «Іздегенге - сұраған». Мен де осы мәселемен келіп тұрмын полк штабынан, - деді лейтенант, - шұғыл түрде жиналып, арғы бетті барлап, плацдарм алуға бұйрық бар.

Айтты - болды! Бұйрық талқыланбайды, орындалады. Аға сержант бастаған барлаушылар бөлімшесі балықшылар қайығымен Дунайдың оң жағасына аман-есен өтті. Бұл Мохач қаласының тұсы екен. Еділдегі, Днепрдегі, Днестрдегі сияқты жау Дунай өзенінің жағалауын мықты бекініске айналдырғаны мәлім болатын. Бірақ нақты дерек жоқ. Соларды барлаушылар анықтайды. Олардың жандары үнемі шүберекке түюлі. Жаумен бірінші рет бетпе-бет келетін де солар. Дұшпан әскерлерінің орналасу тәртібін, байланыс жүйесін, күшін, әскери техникасын, қысқасы, командованиеге қажетті құпияларды дәл анықтап, жеткізетін осы барлаушылар ғой. Демек олар үлкенді-кішілі штабтардың көзі мен құлағы болып есептеледі.

            Сталинград үшін болған қиян-кескі ұрыстар кезінен барлаушылар бөлімшесін басқарып келе жатқан Михаил Абдоловтың тәжірибесі мен ерлігі полктен асып, дивизия түгел, 57-армияның көлеміне белгілі болатын. Оған ең қиын тапсырмалар жүктелетін. Міне, Дунайдан да бөлімшесімен бірінші болып өтті.

            Он бір жігіт қараңғы түнде еппен жылжып келеді. Кәнігі барлаушылар жаудың бекініс шебін мұқият зерделеуде. Михаил Абдолов сулығын басына бүркеніп, қолшамын іске қосып, картасына белгілер соғып қояды. Келісілген мерзімде полк Дунайдан өте бастайды. Әскерлер бергі бетке жетті-ау деген тұста барлаушылар бөлімшесі фашистердің траншеясына тосын шабуыл жасап, барлық назарды өздеріне аударулары керек.  

            Аға сержант жаудың осалдау деген жерлерін шамалап алып, «Ураға» басып, бөлімшесімен траншеяға секіріп түсті. Фашистер мұндайды күтпеген еді. Қарсы келген екі адам сығылысып өтетін тар траншея барлаушылар үшін өте қолайлы еді. Автоматтан оқ жаудырып, немістерді баудай түсіріп жатты. Ал фашистер болса, кімнің қай жақтан атып жатқанын білмей, бірін-бірі итеріп, қорадан шыққан қойдай ұйлыға берді. Нәтижесінде Михаилдың бөлімшесі отызшақты гитлершілерді жер жастандырды. Осының оны аға сержанттың «үлесіне» тиген болатын. Мұның сыртында 12 солдат пен офицерді тұтқынға алып, бағалы құжаттарды қоса қолға түсіріп, полк штабына жөнелтті.

            Михаил Абдолов өз полкінің өзеннен өтіп жатқанын сағатына қарап шамалады. Енді бір 30-40 минутта жаппай шабуыл басталады. Жау есін жиып, қарсы ұрысқа дайындалып үлгеруі мүмкін. Ол бөлімше жауынгерлерінің жартысын жеткен жерлерінде ұрыс жүргізе беруге қалдырып, өзі бес жауынгермен жаудың ажал оғын төгіп тұрған дзоттарына қарай еңбектеді. Бұларды тез арада жоймаса, шабуылға шыққан біздің әскерлерге зор шығын әкелмек.

Михаил бес жігітпен алға ұмтылып, гранатамен ұрымтал жерде орналасқан екі дзоттың күлін көкке ұшырды. Өздері әзірге оқтан аман. Сірә, тез қимыл, шұғыл шешім жаудың дәлдеп атуына мүмкіндік бермей тұрған сияқты.

Алты жігіт келесі траншеяға секіріп түсті. Қолма-қол ұрыс басталды. Фашистер анағұрлым көп болғанымен, тар траншея ішінде еркін қимылдай алмай әлек. Ақыры тағы взвод мөлшеріндегі жау ажал құшты. Алты жауынгер миномет батареясын және екі кіші калибрлі зеңбіректі қолға түсірді. Взводтай фашист солдаттары қашып-пысып, келесі траншеяға барып бас сауғалауда. Мұның бәрін дұшпан полкінің командирі көріп тұрса керек. Алты адамның бір ротаны тас талқан еткеніне қаны қайнап, тұтас батальонды алты арыстанға қарсы салды. Михаил Абдолов жігіттерімен жаудың минометтері мен екі зеңбірегінен оқ жаудырды. Дұшпанның өз қаруы өзіне жұмсалды. Осы ұрыста аға сержанттың бір өзі немістің тағы 11 солдаты мен офицерін жойып, төртеуін тұтқынға алды.

Көзсіз батыр деп осындай адамды айтар болар! Бұл Михаил Абдоловтың бір ғана шабуыл кезіндегі ерлігі еді. Ол қаншама кескілесте болды десеңші!

1945 жылдың 24 наурызында ержүрек барлаушы аға сержант Михаил Абдоловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол Ленин, Қызыл Ту, І-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталды.

Батыр барлаушы соғысты қаруластарымен бірге Берлинде аяқтады. Қиырда жатқан Бітік ауылынан майданға аттанған жігіт Рейхстаг жанында суретке түсті.

Қазір Михаил аға Абдолов өзі туып-өскен, майданға аттанған Бітік-Бұлан өңірінде тұрып жатыр. Әрине 87 аз жас емес. Қарт жауынгер Ұлы Жеңістің 60 жылдығын асыға күтіп, күнде де, түнде де майдандағы оқиғаларды есіне түсіріп, егемен Еліміздің тыныштығын тілейді.

Батыр аға, сіз ел есіндесіз!

 Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: