Петропавлда Тұңғыш Президент залы ашылды

30 Қараша 2012, 11:48

Петропавлда Тұңғыш Президент залы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану музейінде жаңа Тұңғыш Президент залы ашылды. Залдың ашылуына облыс әкімі Серік Біләлов, ардагерлер қатысты. Мемлекет басшысының әр жылдардағы өмірі мен қызметінен сыр шертетін экспозиция 6 бөлімнен тұрады. Н.Назарбаевтың отбасы, мектептегі жылдары, еңбек жолының басталуы, қалыптасу кезеңі туралы фотосуреттер қойылған. Жас елорда – Астананың құрылысына үлкен көңіл бөлінген. Залдың ортасында «Бәйтерек» ілініп тұр. Президенттің тағдыры Қазақстанның кейінгі жылдардағы тарихымен үндес. Залда тамаша экспонаттар да бар. Теледидардан «ҚР Президенті Телерадиокешені», «Қазақфильм», «Хабар», «Қазақстан-Петропавл» телеарналары түсірген фильмдерді көруге болады. Музей қызметкерлері Президенттің облысқа жасаған сапарлары туралы фотоальбом жасады.

Петропавлда Тұңғыш Президент залы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану музейінде жаңа Тұңғыш Президент залы ашылды. Залдың ашылуына облыс әкімі Серік Біләлов, ардагерлер қатысты.

Мемлекет басшысының әр жылдардағы өмірі мен қызметінен сыр шертетін экспозиция 6 бөлімнен тұрады. Н.Назарбаевтың отбасы, мектептегі жылдары, еңбек жолының басталуы, қалыптасу кезеңі туралы фотосуреттер қойылған. Жас елорда – Астананың құрылысына үлкен көңіл бөлінген. Залдың ортасында «Бәйтерек» ілініп тұр.

Президенттің тағдыры Қазақстанның кейінгі жылдардағы тарихымен үндес. Залда тамаша экспонаттар да бар.

Теледидардан «ҚР Президенті Телерадиокешені», «Қазақфильм», «Хабар», «Қазақстан-Петропавл» телеарналары түсірген фильмдерді көруге болады.

Музей қызметкерлері Президенттің облысқа жасаған сапарлары туралы фотоальбом жасады.

Бөлісу: