Өнердің таптырмас сиқыр шөбі

19 Қараша 2013, 09:51

    Қазақ халқында қандай да алыс сапарға бел буып шыққан жолаушының тасбақаның шөбін тауып алса, жолы болады деген сенім бар. Оны оп-оңай қолға түсіре қою әрине, кездейсоқтық. Бірақ суреткер үшін кездейсоқтық жоқ. Ол халық өмірінің қатпарына жаңа шығармасымен көркем барлау жасар алдында қай тұстан әлгі киелі шөпті олжалайтынын анық білуге тиіс. Онсыз, уақыт өткізу үшін атын қара тер ғып көкпар тартқандай өз ошағына құр қол қайтуы да бек мүмкін. Ал әдебиет табалдырығынан аттағаннан-ақ өзінің мақсат-мүддесін айқын сезген Ә.Кекілбаев «Құс қанаты» атты жаңа кітабында сол тасбақаның шөбін молынан тауып алыпты. Жазушы стилі тайға таңба басқандай анық, өзге туындыларға ұқсамайтын повестерінде қазіргі өміріміздің ішкі терең ағысына үңіліп, күрделі де соны процестің сыр-сипатын көркем тұрғыдан байыптып, танытуға ұмтылған. Бұл күрделі құбылыстың ішкі мазмұны сан қилы. Оны автордың қай тұрғыдан қарастырып, ашам десе де өркі бар. Әбіштің осы арады таңдаған жолы сан алуан. Бірақ оның бар шығармасын сараптай келгенде, автордың өмір құбылысын іріктеліп сарапталған кейіпкерлердің жан дүниесінен өткізу арқылы эстетикалық бағасын беретінін аңдауға болады. Ал, бұл асқан суреткерлік талғам мен талантты қажет етеді.Шынайы жазушыға жалқы арқылы жалпыны көрсету қиын да қызық. Көркем шығармашылықтың (творчество) бір құдіреті де осында жатыр. Әбіш бұдан бой тартпастан, жемісті еңбек еткен.    Оның кейіпкерлері өмірге көзқарасы өзіне қалыптасқан, салауатты жандар. «Құс қанатындағы» қара кемпірдің тіршіліктен көргені, түйгені көп, халқымызды жақсы этикалық қасиеттері бойына әбден сіңген. Бұрын ауыл арасынан ұзап басқа жаққа ат ізін сала қоймаған кейуананың өміріне кенеттен үлкен өзгеріс енді. Ол оқу бітірген болды. Әрине, ата-бабасы қоныс тепкен мекенене бірден көтеріліп кете қою оңай емес. Өйтсе сөз жоқ, жазушы кейіпкердің психологиясына қиянат жасаған болар еді.Әбіш, керісінше, қара кемпірдің жан дүниесіне, ену үшін осы ұрымтал сәтті пайдаланады. Туып-өскен дер қара кемпір үшін абстракция емес. Ол ата-бабасының, күйеуінің маңдай тері, қаны тамған, рухын мәңгі-бақи сақтайтын өлке. Кеше ғана қаршадай жалғыз ұлымен жөсірқалып, өзге біреуге ен салмастан түскен босағасында ақ некесін ақтай білген мейірімді ананы сол даламен байланыстырып жатқан, көзге көріне қоймайтын жіптер көп. Мәселе, сол сиқырлы жіпті таба білуде. Жазушы осы байланысты байыбына барып, көркем тұрғыдан зерттей келе, соңғы жолдары әдебиетімізде өлі де терең бейнеленбей жүрген қала мен дала проблемасының бір қатпарын ашады. Қара кемпірді туып-өскен өлкесімен мәңгі енді қалаға кеп ұштасқан тұсымен астастыра суреттейді. Осы арадан бастап ежелгі салт-сана мен жаңа әдет-ғұрыптың, өзара кескілескен сипат алмаса да, ана жанындағы елеулі қақтығысы басталады. Алғашқыда оған бәрә ерсі көрінеді. Ұлының мінезі де, аты-жөні жоқ келінін сау өткізіп әкелгені де, өзін қоршаған ортасы да ерсі. Осы «ерсіліктің» қара кемпір көңілінде басқаша сипатқа ие болуы- үлкен рухани жаңғырудың жемісі.     «Бір шоқ жиде» повесінде халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан жақсы этикалық қасиеттері ұрпақтар сабақтастығы соны бір қырынан көрінеді. Артында тұяқ қалдырмай, дүниеден баз көшем бе деген Тілеу ұстаның толғанысы заңды, қазақ халқына тән етене мінез. Бұл соңына ұрпақ тастап кетсем деген ниеттен тана туған биологиялық қажеттілік емес, керісінше шалдың өз бойына жиған бабаларынан бүгінге ауысқан кесен. Ұждани қасиеттерді болашаққа мирас етсем деген ізгі ойынан туған ірі талап. Сондықтан да ол үшін өзге баласының жаттығы жоқ.     Ірі драманы сәтті шешкен «Автомобиль» повесінің де, шешімі ұтымды. Әлі жаны романтикаға толы, албырт Жақанның қатал шындықпен бетпе-бет ккездесу психологиясы, іс-әрекеті нанымды. Бозбала рационалистік психологиясымен ұшырасқанда жүнжіп кетпей, тағдырына тиген ауыр соққыны дүниеге көзқарасын қалыптастыру жолындағы белгілі бір кезең ретінде дұрыс түсінеді. Жазушы Жақанның қалған өмірін башайлап зерттеп жатпаса да, оның енді қай жолмен тағдырының автомобилін айдайтыны анық.             Кітаптағы әңгімелер де Әбіштің қоғамды, адамды қарастыружолындағы зерттеушілік пафосын паш етеді. Бұл шығармаларында да автор жаңа рухани әлемді ашуға ұмтылады. Оны тапқан жалғыз ғана жазушы емес, сонымен қатар көзін ашқалы көріп келе жатқанын көк темір мен ұста  дүкені, шарболатты сағызша илеген Қарабалада. Табиғатынан артық сөзге жоқ ынжықтау ол сонау жылдарғы колхоздасу кезінде ел көзіне түсіп, қызыл сөзді оңды солды сапыра сөйлеп жүрген Оңбайлардың қасында өзін кеш төмен санайды. Жұрт пікірінше, Оңбай-ел арқасында жүрген аузы дуалы азамат. Ол айта салған жай сөзден неше түрлі ақылдылық табылып жатады. Ол істеген шаруа кейінгі кеген көз жастар алдына енеге ретінде айтылып жүреді. Қарабалада мұның бірі де жоқ. Әрі қызғанбайды да. Қайта құрдасының абыройы өсе түскен сайын іштей қуанып отырады. Сөйткен жайсаң жігітті кешегі сұрапыл соғыс мүгедек етті де кетті. Бұл мүгедектің аяғы рухани мүгедектікке әкеліп соқтырды. Енді кешегі ел аузынан түспей жүрген, аузымен орақ орған Оңбай-қайдағы біреулермен ұстаса кететін дәукес. Сөзінде де бәтуа жоқ. Күн санап өзгеріп бара жатқан замана ағымына ілесе алмай, баяғы қаз-қалпында қалғандықтан колхоз басшылығынан да бірте-бірте ысырылды. Ақыр аяғында ата-бабасының істемеген кәсібін істеп кетті. Сөйтіп жүріп жаңа заманды түсінбей қалды. Ол үшін аудан басшылары шетінен бюрократ, қызыл-көз біреулер. Сондықтан да басты шаруасына өмір бойы аудан есігін бір-ақ рет ашқан Қарабаланы жұмсайды. Көз ашқалы кеңсе жағалап көрмеген, осы сапарға қинала-қинала шыққан Қарбаланың өміріне көзқарасына үлкен өзгеріс енді.Басқа, аудан басшылары Оңбай айтқандай бюрократ емес екен. Олар қарапйым еңбек адамын құрметтеп, бар шаруасын тындырып берді. Сөйтіп, өзін елдің азы мен тозы санайтын Қарабала алғаш рет ана отызыншы жылдар тудырған күні өтіп бара жатқан тип Оңбайлардан рухани жақтан биік машина сұрай келіп, өзінің зор адамгершілік қасиеттерін ашты.              «Ақырғы аялдама», «Керек адам», «Міне, керемет» әңгімелерінде осы заманғы ар-ождандық мәселелер көтеріліп, сәтті көркемдік шешімін тапқан «міне, керемет» әңгімесінің формасы қызық. Мұнда да жазушы курстар достарды араға біраз жыл салып, өмір турасында қалыптасып біткен түсініктердің ішкі қақтығысын зертейді. Әр түрлі ортада болған достардың енді ой-түсінігі бір-бірінен бөлек. Өмірінің поездары да екі бағытқа қарай зулап барады. Олар жаңа ғана атшалдырғанстансадан ойы бір, тілегі бір жас дәуреннің символындай болған қауынды сатып ала алмады. Сатып алуға хақылары да жоқ еді. Тіптен екеуінің де естерінен қауын шығып кетті. Тек оған екі бағытта кетіп бара жатқан екі бала ғана шынымен өкінеді. Автор осындай контраст арқылы өзгеше шешім жасайды. Өмірді өзінше көріп-білген, жігіт ағасы боп қалған кісілердің ойлары мен албырт балалардың қиялы қарама-қарсы қойылады. Осыдан-ақ суреткер позициясы анық танылады.     Ә.Кекілбаев өз шығармаларында детальды, штрихты орнымен жақсы пайдаланады. Алғашқы туындыларында бұрқан-тапқан боп ерік бермей ғана жөнелетін сөз стихиясын тізгіндеп, нақтылы, жанды картина жасап сөйлейді. Оған жазушының әрбір майда құбылысты қалт жібермей бағып отырған қырағы көзі, шұрайлы тілі қосылып, өзгеше суреткерлік әлемін жасайды. Және де дәл ұсталған типтер, содан өздігінен шығып жатқан терең идея әлеуметтік мәні зор үлкен жүкті арқалап тұр. Сөз жоқ, бұл кітап төл әдебиетіміздегі  жаңа сөз, көркем ойымыздағы айтарлықтай құбылыс. Дегенмен жазушының мүлт кетпегенмен мүкі басқан тұстары да жоқ емес. «Көлденең көк аттыдағы» көркемдік шешім тың, орынды болғаымен өмір материалы соны жағымен таныла бермейді. Ал «Есболай» әңгімесінде кейіпкердің туып-өскен ортасы ауыз-екі сөйлеу стихиясында тайға таңба басқандай көрінбейді. Автордың характерлерді даралай түсу жағын да ойланғаны жөн. Кейде баяндаудың оқырманды жалықтыратын тұстары да жоқ емес. Дегенмен мұндай міндер суреткер табысын кеміте алмайды. Ең бастысы, бұрын да салмақты шығармаларымен көрініп жүрген қаламгер бұл жолы да сапары сәтті болып, сирек кездесетін өнер шебін тауып алыпты. Біз сол табудың көркемдік табысқа ұласқанына куә болдық.    Бекділда АЛДАМЖАРОВ Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

    Қазақ халқында қандай да алыс сапарға бел буып шыққан жолаушының тасбақаның шөбін тауып алса, жолы болады деген сенім бар. Оны оп-оңай қолға түсіре қою әрине, кездейсоқтық. Бірақ суреткер үшін кездейсоқтық жоқ. Ол халық өмірінің қатпарына жаңа шығармасымен көркем барлау жасар алдында қай тұстан әлгі киелі шөпті олжалайтынын анық білуге тиіс. Онсыз, уақыт өткізу үшін атын қара тер ғып көкпар тартқандай өз ошағына құр қол қайтуы да бек мүмкін. Ал әдебиет табалдырығынан аттағаннан-ақ өзінің мақсат-мүддесін айқын сезген Ә.Кекілбаев «Құс қанаты» атты жаңа кітабында сол тасбақаның шөбін молынан тауып алыпты. Жазушы стилі тайға таңба басқандай анық, өзге туындыларға ұқсамайтын повестерінде қазіргі өміріміздің ішкі терең ағысына үңіліп, күрделі де соны процестің сыр-сипатын көркем тұрғыдан байыптып, танытуға ұмтылған. Бұл күрделі құбылыстың ішкі мазмұны сан қилы. Оны автордың қай тұрғыдан қарастырып, ашам десе де өркі бар. Әбіштің осы арады таңдаған жолы сан алуан. Бірақ оның бар шығармасын сараптай келгенде, автордың өмір құбылысын іріктеліп сарапталған кейіпкерлердің жан дүниесінен өткізу арқылы эстетикалық бағасын беретінін аңдауға болады. Ал, бұл асқан суреткерлік талғам мен талантты қажет етеді.Шынайы жазушыға жалқы арқылы жалпыны көрсету қиын да қызық. Көркем шығармашылықтың (творчество) бір құдіреті де осында жатыр. Әбіш бұдан бой тартпастан, жемісті еңбек еткен.

   Оның кейіпкерлері өмірге көзқарасы өзіне қалыптасқан, салауатты жандар. «Құс қанатындағы» қара кемпірдің тіршіліктен көргені, түйгені көп, халқымызды жақсы этикалық қасиеттері бойына әбден сіңген. Бұрын ауыл арасынан ұзап басқа жаққа ат ізін сала қоймаған кейуананың өміріне кенеттен үлкен өзгеріс енді. Ол оқу бітірген болды. Әрине, ата-бабасы қоныс тепкен мекенене бірден көтеріліп кете қою оңай емес. Өйтсе сөз жоқ, жазушы кейіпкердің психологиясына қиянат жасаған болар еді.Әбіш, керісінше, қара кемпірдің жан дүниесіне, ену үшін осы ұрымтал сәтті пайдаланады. Туып-өскен дер қара кемпір үшін абстракция емес. Ол ата-бабасының, күйеуінің маңдай тері, қаны тамған, рухын мәңгі-бақи сақтайтын өлке. Кеше ғана қаршадай жалғыз ұлымен жөсірқалып, өзге біреуге ен салмастан түскен босағасында ақ некесін ақтай білген мейірімді ананы сол даламен байланыстырып жатқан, көзге көріне қоймайтын жіптер көп. Мәселе, сол сиқырлы жіпті таба білуде. Жазушы осы байланысты байыбына барып, көркем тұрғыдан зерттей келе, соңғы жолдары әдебиетімізде өлі де терең бейнеленбей жүрген қала мен дала проблемасының бір қатпарын ашады. Қара кемпірді туып-өскен өлкесімен мәңгі енді қалаға кеп ұштасқан тұсымен астастыра суреттейді. Осы арадан бастап ежелгі салт-сана мен жаңа әдет-ғұрыптың, өзара кескілескен сипат алмаса да, ана жанындағы елеулі қақтығысы басталады. Алғашқыда оған бәрә ерсі көрінеді. Ұлының мінезі де, аты-жөні жоқ келінін сау өткізіп әкелгені де, өзін қоршаған ортасы да ерсі. Осы «ерсіліктің» қара кемпір көңілінде басқаша сипатқа ие болуы- үлкен рухани жаңғырудың жемісі.

    «Бір шоқ жиде» повесінде халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан жақсы этикалық қасиеттері ұрпақтар сабақтастығы соны бір қырынан көрінеді. Артында тұяқ қалдырмай, дүниеден баз көшем бе деген Тілеу ұстаның толғанысы заңды, қазақ халқына тән етене мінез. Бұл соңына ұрпақ тастап кетсем деген ниеттен тана туған биологиялық қажеттілік емес, керісінше шалдың өз бойына жиған бабаларынан бүгінге ауысқан кесен. Ұждани қасиеттерді болашаққа мирас етсем деген ізгі ойынан туған ірі талап. Сондықтан да ол үшін өзге баласының жаттығы жоқ.

    Ірі драманы сәтті шешкен «Автомобиль» повесінің де, шешімі ұтымды. Әлі жаны романтикаға толы, албырт Жақанның қатал шындықпен бетпе-бет ккездесу психологиясы, іс-әрекеті нанымды. Бозбала рационалистік психологиясымен ұшырасқанда жүнжіп кетпей, тағдырына тиген ауыр соққыны дүниеге көзқарасын қалыптастыру жолындағы белгілі бір кезең ретінде дұрыс түсінеді. Жазушы Жақанның қалған өмірін башайлап зерттеп жатпаса да, оның енді қай жолмен тағдырының автомобилін айдайтыны анық.

            Кітаптағы әңгімелер де Әбіштің қоғамды, адамды қарастыружолындағы зерттеушілік пафосын паш етеді. Бұл шығармаларында да автор жаңа рухани әлемді ашуға ұмтылады. Оны тапқан жалғыз ғана жазушы емес, сонымен қатар көзін ашқалы көріп келе жатқанын көк темір мен ұста  дүкені, шарболатты сағызша илеген Қарабалада. Табиғатынан артық сөзге жоқ ынжықтау ол сонау жылдарғы колхоздасу кезінде ел көзіне түсіп, қызыл сөзді оңды солды сапыра сөйлеп жүрген Оңбайлардың қасында өзін кеш төмен санайды. Жұрт пікірінше, Оңбай-ел арқасында жүрген аузы дуалы азамат. Ол айта салған жай сөзден неше түрлі ақылдылық табылып жатады. Ол істеген шаруа кейінгі кеген көз жастар алдына енеге ретінде айтылып жүреді. Қарабалада мұның бірі де жоқ. Әрі қызғанбайды да. Қайта құрдасының абыройы өсе түскен сайын іштей қуанып отырады. Сөйткен жайсаң жігітті кешегі сұрапыл соғыс мүгедек етті де кетті. Бұл мүгедектің аяғы рухани мүгедектікке әкеліп соқтырды. Енді кешегі ел аузынан түспей жүрген, аузымен орақ орған Оңбай-қайдағы біреулермен ұстаса кететін дәукес. Сөзінде де бәтуа жоқ. Күн санап өзгеріп бара жатқан замана ағымына ілесе алмай, баяғы қаз-қалпында қалғандықтан колхоз басшылығынан да бірте-бірте ысырылды. Ақыр аяғында ата-бабасының істемеген кәсібін істеп кетті. Сөйтіп жүріп жаңа заманды түсінбей қалды. Ол үшін аудан басшылары шетінен бюрократ, қызыл-көз біреулер. Сондықтан да басты шаруасына өмір бойы аудан есігін бір-ақ рет ашқан Қарабаланы жұмсайды. Көз ашқалы кеңсе жағалап көрмеген, осы сапарға қинала-қинала шыққан Қарбаланың өміріне көзқарасына үлкен өзгеріс енді.Басқа, аудан басшылары Оңбай айтқандай бюрократ емес екен. Олар қарапйым еңбек адамын құрметтеп, бар шаруасын тындырып берді. Сөйтіп, өзін елдің азы мен тозы санайтын Қарабала алғаш рет ана отызыншы жылдар тудырған күні өтіп бара жатқан тип Оңбайлардан рухани жақтан биік машина сұрай келіп, өзінің зор адамгершілік қасиеттерін ашты.

             «Ақырғы аялдама», «Керек адам», «Міне, керемет» әңгімелерінде осы заманғы ар-ождандық мәселелер көтеріліп, сәтті көркемдік шешімін тапқан «міне, керемет» әңгімесінің формасы қызық. Мұнда да жазушы курстар достарды араға біраз жыл салып, өмір турасында қалыптасып біткен түсініктердің ішкі қақтығысын зертейді. Әр түрлі ортада болған достардың енді ой-түсінігі бір-бірінен бөлек. Өмірінің поездары да екі бағытқа қарай зулап барады. Олар жаңа ғана атшалдырғанстансадан ойы бір, тілегі бір жас дәуреннің символындай болған қауынды сатып ала алмады. Сатып алуға хақылары да жоқ еді. Тіптен екеуінің де естерінен қауын шығып кетті. Тек оған екі бағытта кетіп бара жатқан екі бала ғана шынымен өкінеді. Автор осындай контраст арқылы өзгеше шешім жасайды. Өмірді өзінше көріп-білген, жігіт ағасы боп қалған кісілердің ойлары мен албырт балалардың қиялы қарама-қарсы қойылады. Осыдан-ақ суреткер позициясы анық танылады.

    Ә.Кекілбаев өз шығармаларында детальды, штрихты орнымен жақсы пайдаланады. Алғашқы туындыларында бұрқан-тапқан боп ерік бермей ғана жөнелетін сөз стихиясын тізгіндеп, нақтылы, жанды картина жасап сөйлейді. Оған жазушының әрбір майда құбылысты қалт жібермей бағып отырған қырағы көзі, шұрайлы тілі қосылып, өзгеше суреткерлік әлемін жасайды. Және де дәл ұсталған типтер, содан өздігінен шығып жатқан терең идея әлеуметтік мәні зор үлкен жүкті арқалап тұр. Сөз жоқ, бұл кітап төл әдебиетіміздегі  жаңа сөз, көркем ойымыздағы айтарлықтай құбылыс. Дегенмен жазушының мүлт кетпегенмен мүкі басқан тұстары да жоқ емес. «Көлденең көк аттыдағы» көркемдік шешім тың, орынды болғаымен өмір материалы соны жағымен таныла бермейді. Ал «Есболай» әңгімесінде кейіпкердің туып-өскен ортасы ауыз-екі сөйлеу стихиясында тайға таңба басқандай көрінбейді. Автордың характерлерді даралай түсу жағын да ойланғаны жөн. Кейде баяндаудың оқырманды жалықтыратын тұстары да жоқ емес. Дегенмен мұндай міндер суреткер табысын кеміте алмайды. Ең бастысы, бұрын да салмақты шығармаларымен көрініп жүрген қаламгер бұл жолы да сапары сәтті болып, сирек кездесетін өнер шебін тауып алыпты. Біз сол табудың көркемдік табысқа ұласқанына куә болдық.

 

 Бекділда АЛДАМЖАРОВ

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: