ІІ БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 09:33

 — Жақсы,— деп бір-біріне жарыса жауап берді, енді қол алысып тұрып.  Екеуінің әйелі де әуелі қастарын керіп қайран қалысты. Сосын көздерін ұшқындатып, тістерін ақситып, наздана езу тартысты. Екі бала жігіт бұртиып, аш бүйірлерін таяна қапты.  Екі еркек езулері екі қүлақтарында, бәйбішелерінің қастарына келді.  — Танысып қой, менің бірге оқыған жолдасым,— деді екеуі де уәделесіп қойғандай бір уақытта, бірін-бірі кеудеден нұқып.  Шаштарын төбелеріне қоқайтып сәндеп түйген «шөмеле» прическалы, жастарын паспорттарына ғана қарап ажыратуға болатын, өңдері тая қоймаған қос келіншек тістерін ақситып қолдарын ұсынды.  Екі еркек тізелерін тіктеп, бастарын иіп, біреуінікі қоңыр, екіншісінікі аппақ — Сүйрік саусақтарға еріндерін тигізді.  —      Менің зайыбым,— деді екі еркек енді әйелдерін меңзеп.  Еркектер бас изесті. Әйелдер өздері қол алысып, аттарын атасты.  — Апырай, зымырап бара жатқан уақыт-ай!— десті екі еркек талайды көріп, талайды түсінген кейуана кәрінің ролін ойнап тұрған артистердей тақпақтай сөйлеп, күңірене күрсініп.— Біз институт бітіргелі де он жеті жыл бопты!  Екі еркек қолтықтасып алға түсті. Қос келіншек соңдарына ілесті. Анадай-анадайда одырая қарап тұрған екі бала ілбіп басып арттарынан жүрді.  Екі еркек қауқылдасып жағдай сұрасып келеді.  - Аудандағы азғантай бастықтың біреуімін,— дейді шалғай облыс жақтан келе жатқан поездан түскен жолаушы.  - Тресте орынбасармын,— дейді астана жақтан келе жатқан поездан түскен жолаушы.  -   Әйелім дәрігер,— дейді алыс ауданның азғантай бастықтарының бірі.  —  Менің зайыбым оқытушы, институтте сабақ береді,— дейді астанадағы трест бастығының орынбасары.   - Екі ұл, бір қызымыз бар,— деді дәрігер келіншектің күйеуі.  - Бізде екі қыз, бір үл,— деді оқытушы келіншектің күйеуі.  - Демалысқа келеміз,— деді астанаға келе жатқанжігіт.  - Біз де солай,— деді астанадан кетіп бара жатқанжігіт.  - Кейінгі жылдары жүрегі құрғыр шортан балықтың құйрығындай шошаңдай беретінді шығарып жүр. Оның үстіне қан қысымы жоғары. Осы тұрғанның өзінде қос құлағым айран толы местің пұшпағындай кілкіп тұр, — дейді ылғи алдымен сөз бастап, ақтарыла сөйлейтін ауданнан келе жатқан жігіт.  - Мен де солай. Екі жылдан бері емделіп жүрмін, — деді аңысын аңдап, әңгіменің соңын алып сөйлейтін астанадан келе жатқан жігіт.  - Қасымыздағы баламыздың үлкені,— деді алдымен сөйлейтін жігіт.  - Ендеше, біздің бала екеуі құрдас екен,— деді соңынан сейлейтін жігіт.  - Осы ай ыстық болатын рай танытып тұр-ау,— деді ауданнан келе жатқан жігіт аспанға көз тастап.  - Газеттер солай жазды ғой,— деді астананың жігіті мәжілістесінің жүзіне үңіліп.  Сол екі ортада репродукторлар самбырлай жөнелді. Вокзал дикторларына тән біртүрлі қалғып отырған кісідей күмілжіп сөйлейтін күлгін дауыс көп ұзамай поездың аттанатынын хабарлады.  Ойда жоқ жерде жолығысып қалған екі семья бір-біріне қабаттаса тоқтаған ұзын составтардың ортан беліне жете беріп кідірді.  -   Ал, сау тұрыңыз. Жақсы дем алып қайтыңыз, — деді ауданда тұратын жігіт.— Келер жолы біздің жаққа келіңіз. Теңізге шығамыз. Құс атамыз. Өз алдымызға кең үй-жайымыз бар. Аунап-қунап қайтасыздар.  - Біз оралғанша қайтып кетпесеңіз, үйге соғыңыз. Тауға   қарай   көтерілетін   үлкен   көшедегі   биік   үйдің бесінші қабатында. Қырық бірінші пәтер. Дачаға барып алма тереміз. Зайыбымның өзі қайнатқан қарақаттың вареньесімен шай ішесіздер,— деді астанада тұратын жігіт.  Екі еркек қол алысты. Екі әйел сүйісті. Екі бала бірінін қолын бірі үнсіз сілкіледі. Екі поезд аңыраған гудок беріп, бірі батысқа қарай, бірі шығысқа қарай жөнеп кетті. Көкшіл вокзал, қауын базар, шелек-шелек жеміс-жидек көтерген қатын-қалаш, бала-шаға, сорайған су мұнарасы, шлагбаумды сүзе тоқтаған жүк машиналары, арбалар, аттылы-есекті, мотоциклді-велосипедті жолаушылар көзден бір-бір ұшып артта қалып жатыр.  Вагондарына оралған екі еркек купелеріне кірмей, коридорда терезеге қарап тұр. Бетон бағандардан басқа ештеңе көзге шалынбайтын жылмиған жазық басталды. Аялдама кезінде сөйлемей қалған радио қайтадан қырылдады. Радистің қыдырма саусағы әр әуе толқынынан бір-бір дыбысты үзіп-жұлып, күллі әлемді шарлап жүр. Біресе сырнайын сызылтып, даңғыра қаққан шығыстың зарлы сазын безілдеген балалайка үні басып кетеді. Біресе қолына жазып берген қағазды зорға жүргізіп оқып тұрған біреудің жүрексінген даусы Латын Америкасындағы бір елде болған таяудағы төңкерістің егжей-тегжейін сарнатқан заржақ коментатордың тақылдақ дауысымен алмасады. Радист соның ешқайсысына місе тұтпай, қабылдағыш байғұстың құлағын өші бардай өршелене бұрайды.  «Өзі баяғысындай емес, тым сырбаз боп кеткен екен»,— дейді екі еркектің екеуі де кенет үнсіз ойға шомып.  «Аудандағы азғантай бастықтардың бірімін дейді. Жаман емес. Енді бір секірсе бірінші бастықтың өзі боп кетуі де мүмкін. О баста-ақ аузымен орақ орған неме еді. Біраз жерге бармай қоймас»,— дейді астанада тұратын лауазымды жігіт.  «Бұл өзі жымиып жүріп-ақ шаруасын бітіретін жымысқы неме еді. Белді треске орынбасар болып апты. Аман болса астанадағы талай-талай жұмсақ креслоға бір-бір отырып шығатын шығар»,— деді ауданда тұратын лауазымды жігіт.  «Осы неме баяғыда сауда техникумында оқитын қызбен жүрмейтін бе еді. Әйелі бір керік. Төркіні де осал болмас. Шапшаң сөйлеп, шапшаң қимылдайтын ұрыншақ неме орта жолда ши шығарып алмай, мұнша өскеніне қарағанда, қолтығында бір тегеурінді алақан жүрсе керек» деп кесіп-пішеді астанадағы араластық жөніне жетік орынбасар жігіт.  «Баяғыда студент кезінде қызымның әке-шешесі белгілі адамдар, анау-мынау жерлерге жібермейді деп, отырмақтарға ылғи соқа басы сорайып жалғыз келуші еді. Мұны өрге сүйреп жүрген көк өгіз сол дуалы ауыз қайын жұрты болды ғой. Әйтпесе, асып бара жатқан ештеңесі жоқ көп құла төбелдің бірі емес пе еді?— деп топшылайды ауылдағы араластықтың жөніне жетік аудан азаматы.  Сосын екеуі де мүдіріп қалады. Енді екеуі де теңдеудің түбірін таба алмай отырған студенттер құсап, көзілдіріктерінің мүйіз сабын кеміріп кетеді. Лауазымның логорифм кестесіне сап, бастарындағы бақ пен дәрежені салмақтайды, қайсысының ұлық, қайсысының кішік екенін білгілері келеді. Сөйтсе, әр қайсысының қызметінің өзіндік «плюс», «минустерін» былай қойғанда, бағалы кадрлардың есебінде екеуі де бір деңгей, бір топта жүретін боп шықты. Енді өздерін қоя қойып әйелдерін салыстырады.  «Аузының салымдысын қарашы. Қараторының әдемісіне тап бопты. Көзі жайнаңдап тұр. Әй-пәйіңе қаратпай тізгінді өз қолына алып алатын нағыз қатын патшаның сойы ғой. Кейде сондай әйелің тегеурінді болмаса, бұл еркек деген немелердің кежегелері кейін тартып, құдайдың берген бақытынан айырылып қалып жатқандары аз емес»,— дейді астанадан келе жатқан аққұба келіншектің күйеуі.  «Әйелінің тәрбиелі семьяда өскені айтпай-ақ көрініп тұр. Маңдайына шаң тиіп көрмеген ақ сұқсырдың өзі. Он сегіздегі қыздай. Тамағы үлбіреп тұр. Мұндай әйел анау-мынау еркекке аспаннан түскен ырыс қой! Қазіргі басшылардың я өзіңе, я әйеліңе көңілі бітуі керек. Әйтпесе бұрынғы дастарқан тұзақ, курорт пұл, картадан жорта ұтылу дегендерің бүгінде пішту болмай қалды деп жүр ғой кейбір білгіштер. Алтын басты әйелдің арқасында бағы жанып жүрген бақа басты еркектер де баршылық емес пе»,— дейді ауданнан келе жатқан қара торы келіншектің күйеуі.  «Екі үл, бір қызым бар дейді. Ертең-ақ екі ұлын ортан қолдай екі азамат қып, қатарға қосады. Сосын ол неменің мұртын балта шаба ма?»— деп қояды ішінен қалада тұратын екі қыз, бір ұлы бар әке.  «Екі қыз, бір ұлым бар дейді. Ертең анадай көрерге көз керек шешеге тартып туған екі сұлу қыз бой жеткен соң, ең бір құрығы ұзын, ең бір аузымен құс тістеген екі іргелі әулетпен құдандал болып алғасын, ол құтырмай мен құтырам ба! Жымысқы сығыр ондайдың есебін оңқа асықтай-ақ үйіріп әкетер-ау»,— деп қояды ішінен ауданда тұратын екі ұл, бір қызы бар әке. «Өзі де қу екен,—деп мырс етті екеуі де ақырында.— Қасындағы әлгі бір ит талаған дәруіштей жалбыр балақ, дударбас немені дөкей қаладағы институтке апара жатып, демалатын едік деп көлгірсиді. Осы күнгі жұрт арам боп кеткен!».  Бұл кезде купеде жұмсақ диванда шалқалай түсіп, модалар журналын ақтарып жатқан екі бәйбіше де қалың ойда еді.  «Астананың қақ ортасында мынау деген пәтері бар. Тауда дача тағы тұр. Өмірден сыбағасын ойып тұрып алды деп, әне соларды айт», деп тамсанады даладағы «мұңлық».  «Өз алдына особняк. Теңізге шығамыз, құс атамыз дейді. Шіркіндерің шолпып-ақ отыр екен»,— деп тамсанады қаладағы «мұңлық».  «Институтке сабақ берсе, әлгі замандасымыз нағыз сауын сиырдың өзі боп шықты ғой. Арақ ішіп барып, топалаң асып, экзаменді әке-көкелеп жүріп қайта тапсыратын студенттердің өздері-ақ аузыңды ақ май қылатын көрінеді ғой»,— деп кесіп-пішеді аудандағы «көріпкел».  «Ауылдық жердегі дәрігер дегенің өкіметтің қалтасын теспей сорады. Өтірік-шынды екі-үш ставкамен істейді. Олар табыс жағынан анау-мынау доцент-профессорларды шаңына ертпей кетеді»,— дейді қаланың «көріпкелі».  «Әлгінің туфлиін айтсайшы. Шіркін, қалада қалағаның табылады-ау. Оның үстіне біз байғұс көп ретте бардың езін ұқсата алмай сорлаймыз ғой»,— дейді даланың сұлуы, әлденеге өкпесі қышып.  «Жаңағының үстіндегі асыл матаны астанада еш дүкеннен таба алмайсың. Ауданда өздері би, өздері қожа. Қоймаға түскен тәуір нәрсені қаймағын қалқып отырып, алдымен өздері пышақ үстінен үлестіріп алады»,— дейді қаланың сұлу, әлденеге иығы дуылдап.  Сол екі ортада коридорда тұрған екі еркек купелеріне кірді. Сол екі ортада манадан бері қырылдап-сырылдап келе жатқан радио сайрап қоя берді. Атақты бір әнші: «Кел шырқайық, осындайда, қайдасыңдар, достарым?!»— деп назды қоңыр даусын зарлана созып тұрып алды.  — Апырай, мына біреу біздердің баяғы студент кезімізде айтылатын ән еді. Осы артист деген ағайындарды қанша төбемізге кетергенімізбен баяғы «әләуләйлерімен» әлі келеді. Репертуарларын жаңартса, іштері кебе ме екен,— дейді екі еркек те радионың тиегін сырт еткізіп жауып жатып.  Өйтетіні екеуінің де қабырғалас көршілері жұртқа белгілі үлкен кісі еді. Кешелі-берлі үш-төрт жолаушы сол кісімен «қол көріп, уақыт өткізіп» келе жатқан-ды. Қазір: «Ау, сызып жібермейміз бе!»— деп қабырғаны тоқылдатса, әлгі боздаған немені тыңдаймыз деп отырып, естімей қалулары ғажап емес қой.  Екі еркек те әлгі бір күтпеген кездесудің көкіректеріне желімше жабысып алған ыңғайсыз әсерінен тез құтылғылары кеп:   Дүниеде мұндай керемет те бола береді екен-ау. «Тау тауға жолықпайды, адам адамға жолығады» деген осы ғой. Аттай он бес жылдан соң бірінші рет көрісіп тұрмыз!— дейді әйелдеріне қарап бастарын шайқап.   Шынында да, таңғаларлык, нәрсе,— дейді әйелдері де.  Зымырап қалып жатқан құба далаға қарап отырған екі бала ләм-мим ештеңе деген жоқ. Екеуінің де сөрелерде теңкиіп-теңкиіп жатқан әлгі бір тәтті қауыннан, ең болмаса ауыз тимегендеріне іштері удай ашып келеді. «Керемет! Керемет? Несі керемет? Құшақтасты, сүйісті, қол алысты. Жымиысты, жылтырасты, Сонда тұрған не керемет бар?». Әлгінде ғана радиодан құлақтары шалып қалган беймағлұм сазды ысқыра қайталап қояды.  Өз көлеңкесін өзі таптап тауыса алмай келе жатқан ұзын поездың доңғалақтары орысша ойлайтын екі бала жігіттің көңіліне қашқан әлгі күмәнді растағандай: «так, так»,— деп үсті-үстіне тақылдап бақты. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

 — Жақсы,— деп бір-біріне жарыса жауап берді, енді қол алысып тұрып.

 Екеуінің әйелі де әуелі қастарын керіп қайран қалысты. Сосын көздерін ұшқындатып, тістерін ақситып, наздана езу тартысты. Екі бала жігіт бұртиып, аш бүйірлерін таяна қапты.

 Екі еркек езулері екі қүлақтарында, бәйбішелерінің қастарына келді.

 — Танысып қой, менің бірге оқыған жолдасым,— деді екеуі де уәделесіп қойғандай бір уақытта, бірін-бірі кеудеден нұқып.

 Шаштарын төбелеріне қоқайтып сәндеп түйген «шөмеле» прическалы, жастарын паспорттарына ғана қарап ажыратуға болатын, өңдері тая қоймаған қос келіншек тістерін ақситып қолдарын ұсынды.

 Екі еркек тізелерін тіктеп, бастарын иіп, біреуінікі қоңыр, екіншісінікі аппақ — Сүйрік саусақтарға еріндерін тигізді.

 —      Менің зайыбым,— деді екі еркек енді әйелдерін меңзеп.

 Еркектер бас изесті. Әйелдер өздері қол алысып, аттарын атасты.

 — Апырай, зымырап бара жатқан уақыт-ай!— десті екі еркек талайды көріп, талайды түсінген кейуана кәрінің ролін ойнап тұрған артистердей тақпақтай сөйлеп, күңірене күрсініп.— Біз институт бітіргелі де он жеті жыл бопты!

 Екі еркек қолтықтасып алға түсті. Қос келіншек соңдарына ілесті. Анадай-анадайда одырая қарап тұрған екі бала ілбіп басып арттарынан жүрді.

 Екі еркек қауқылдасып жағдай сұрасып келеді.

 - Аудандағы азғантай бастықтың біреуімін,— дейді шалғай облыс жақтан келе жатқан поездан түскен жолаушы.

 - Тресте орынбасармын,— дейді астана жақтан келе жатқан поездан түскен жолаушы.

 -   Әйелім дәрігер,— дейді алыс ауданның азғантай бастықтарының бірі.

 —  Менің зайыбым оқытушы, институтте сабақ береді,— дейді астанадағы трест бастығының орынбасары. 

 - Екі ұл, бір қызымыз бар,— деді дәрігер келіншектің күйеуі.

 - Бізде екі қыз, бір үл,— деді оқытушы келіншектің күйеуі.

 - Демалысқа келеміз,— деді астанаға келе жатқанжігіт.

 - Біз де солай,— деді астанадан кетіп бара жатқанжігіт.

 - Кейінгі жылдары жүрегі құрғыр шортан балықтың құйрығындай шошаңдай беретінді шығарып жүр. Оның үстіне қан қысымы жоғары. Осы тұрғанның өзінде қос құлағым айран толы местің пұшпағындай кілкіп тұр, — дейді ылғи алдымен сөз бастап, ақтарыла сөйлейтін ауданнан келе жатқан жігіт.

 - Мен де солай. Екі жылдан бері емделіп жүрмін, — деді аңысын аңдап, әңгіменің соңын алып сөйлейтін астанадан келе жатқан жігіт.

 - Қасымыздағы баламыздың үлкені,— деді алдымен сөйлейтін жігіт.

 - Ендеше, біздің бала екеуі құрдас екен,— деді соңынан сейлейтін жігіт.

 - Осы ай ыстық болатын рай танытып тұр-ау,— деді ауданнан келе жатқан жігіт аспанға көз тастап.

 - Газеттер солай жазды ғой,— деді астананың жігіті мәжілістесінің жүзіне үңіліп.

 Сол екі ортада репродукторлар самбырлай жөнелді. Вокзал дикторларына тән біртүрлі қалғып отырған кісідей күмілжіп сөйлейтін күлгін дауыс көп ұзамай поездың аттанатынын хабарлады.

 Ойда жоқ жерде жолығысып қалған екі семья бір-біріне қабаттаса тоқтаған ұзын составтардың ортан беліне жете беріп кідірді.

 -   Ал, сау тұрыңыз. Жақсы дем алып қайтыңыз, — деді ауданда тұратын жігіт.— Келер жолы біздің жаққа келіңіз. Теңізге шығамыз. Құс атамыз. Өз алдымызға кең үй-жайымыз бар. Аунап-қунап қайтасыздар.

 - Біз оралғанша қайтып кетпесеңіз, үйге соғыңыз. Тауға   қарай   көтерілетін   үлкен   көшедегі   биік   үйдің бесінші қабатында. Қырық бірінші пәтер. Дачаға барып алма тереміз. Зайыбымның өзі қайнатқан қарақаттың вареньесімен шай ішесіздер,— деді астанада тұратын жігіт.

 Екі еркек қол алысты. Екі әйел сүйісті. Екі бала бірінін қолын бірі үнсіз сілкіледі. Екі поезд аңыраған гудок беріп, бірі батысқа қарай, бірі шығысқа қарай жөнеп кетті. Көкшіл вокзал, қауын базар, шелек-шелек жеміс-жидек көтерген қатын-қалаш, бала-шаға, сорайған су мұнарасы, шлагбаумды сүзе тоқтаған жүк машиналары, арбалар, аттылы-есекті, мотоциклді-велосипедті жолаушылар көзден бір-бір ұшып артта қалып жатыр.

 Вагондарына оралған екі еркек купелеріне кірмей, коридорда терезеге қарап тұр. Бетон бағандардан басқа ештеңе көзге шалынбайтын жылмиған жазық басталды. Аялдама кезінде сөйлемей қалған радио қайтадан қырылдады. Радистің қыдырма саусағы әр әуе толқынынан бір-бір дыбысты үзіп-жұлып, күллі әлемді шарлап жүр. Біресе сырнайын сызылтып, даңғыра қаққан шығыстың зарлы сазын безілдеген балалайка үні басып кетеді. Біресе қолына жазып берген қағазды зорға жүргізіп оқып тұрған біреудің жүрексінген даусы Латын Америкасындағы бір елде болған таяудағы төңкерістің егжей-тегжейін сарнатқан заржақ коментатордың тақылдақ дауысымен алмасады. Радист соның ешқайсысына місе тұтпай, қабылдағыш байғұстың құлағын өші бардай өршелене бұрайды.

 «Өзі баяғысындай емес, тым сырбаз боп кеткен екен»,— дейді екі еркектің екеуі де кенет үнсіз ойға шомып.

 «Аудандағы азғантай бастықтардың бірімін дейді. Жаман емес. Енді бір секірсе бірінші бастықтың өзі боп кетуі де мүмкін. О баста-ақ аузымен орақ орған неме еді. Біраз жерге бармай қоймас»,— дейді астанада тұратын лауазымды жігіт.

 «Бұл өзі жымиып жүріп-ақ шаруасын бітіретін жымысқы неме еді. Белді треске орынбасар болып апты. Аман болса астанадағы талай-талай жұмсақ креслоға бір-бір отырып шығатын шығар»,— деді ауданда тұратын лауазымды жігіт.

 «Осы неме баяғыда сауда техникумында оқитын қызбен жүрмейтін бе еді. Әйелі бір керік. Төркіні де осал болмас. Шапшаң сөйлеп, шапшаң қимылдайтын ұрыншақ неме орта жолда ши шығарып алмай, мұнша өскеніне қарағанда, қолтығында бір тегеурінді алақан жүрсе керек» деп кесіп-пішеді астанадағы араластық жөніне жетік орынбасар жігіт.

 «Баяғыда студент кезінде қызымның әке-шешесі белгілі адамдар, анау-мынау жерлерге жібермейді деп, отырмақтарға ылғи соқа басы сорайып жалғыз келуші еді. Мұны өрге сүйреп жүрген көк өгіз сол дуалы ауыз қайын жұрты болды ғой. Әйтпесе, асып бара жатқан ештеңесі жоқ көп құла төбелдің бірі емес пе еді?— деп топшылайды ауылдағы араластықтың жөніне жетік аудан азаматы.

 Сосын екеуі де мүдіріп қалады. Енді екеуі де теңдеудің түбірін таба алмай отырған студенттер құсап, көзілдіріктерінің мүйіз сабын кеміріп кетеді. Лауазымның логорифм кестесіне сап, бастарындағы бақ пен дәрежені салмақтайды, қайсысының ұлық, қайсысының кішік екенін білгілері келеді. Сөйтсе, әр қайсысының қызметінің өзіндік «плюс», «минустерін» былай қойғанда, бағалы кадрлардың есебінде екеуі де бір деңгей, бір топта жүретін боп шықты. Енді өздерін қоя қойып әйелдерін салыстырады.

 «Аузының салымдысын қарашы. Қараторының әдемісіне тап бопты. Көзі жайнаңдап тұр. Әй-пәйіңе қаратпай тізгінді өз қолына алып алатын нағыз қатын патшаның сойы ғой. Кейде сондай әйелің тегеурінді болмаса, бұл еркек деген немелердің кежегелері кейін тартып, құдайдың берген бақытынан айырылып қалып жатқандары аз емес»,— дейді астанадан келе жатқан аққұба келіншектің күйеуі.

 «Әйелінің тәрбиелі семьяда өскені айтпай-ақ көрініп тұр. Маңдайына шаң тиіп көрмеген ақ сұқсырдың өзі. Он сегіздегі қыздай. Тамағы үлбіреп тұр. Мұндай әйел анау-мынау еркекке аспаннан түскен ырыс қой! Қазіргі басшылардың я өзіңе, я әйеліңе көңілі бітуі керек. Әйтпесе бұрынғы дастарқан тұзақ, курорт пұл, картадан жорта ұтылу дегендерің бүгінде пішту болмай қалды деп жүр ғой кейбір білгіштер. Алтын басты әйелдің арқасында бағы жанып жүрген бақа басты еркектер де баршылық емес пе»,— дейді ауданнан келе жатқан қара торы келіншектің күйеуі.

 «Екі үл, бір қызым бар дейді. Ертең-ақ екі ұлын ортан қолдай екі азамат қып, қатарға қосады. Сосын ол неменің мұртын балта шаба ма?»— деп қояды ішінен қалада тұратын екі қыз, бір ұлы бар әке.

 «Екі қыз, бір ұлым бар дейді. Ертең анадай көрерге көз керек шешеге тартып туған екі сұлу қыз бой жеткен соң, ең бір құрығы ұзын, ең бір аузымен құс тістеген екі іргелі әулетпен құдандал болып алғасын, ол құтырмай мен құтырам ба! Жымысқы сығыр ондайдың есебін оңқа асықтай-ақ үйіріп әкетер-ау»,— деп қояды ішінен ауданда тұратын екі ұл, бір қызы бар әке. «Өзі де қу екен,—деп мырс етті екеуі де ақырында.— Қасындағы әлгі бір ит талаған дәруіштей жалбыр балақ, дударбас немені дөкей қаладағы институтке апара жатып, демалатын едік деп көлгірсиді. Осы күнгі жұрт арам боп кеткен!».

 Бұл кезде купеде жұмсақ диванда шалқалай түсіп, модалар журналын ақтарып жатқан екі бәйбіше де қалың ойда еді.

 «Астананың қақ ортасында мынау деген пәтері бар. Тауда дача тағы тұр. Өмірден сыбағасын ойып тұрып алды деп, әне соларды айт», деп тамсанады даладағы «мұңлық».

 «Өз алдына особняк. Теңізге шығамыз, құс атамыз дейді. Шіркіндерің шолпып-ақ отыр екен»,— деп тамсанады қаладағы «мұңлық».

 «Институтке сабақ берсе, әлгі замандасымыз нағыз сауын сиырдың өзі боп шықты ғой. Арақ ішіп барып, топалаң асып, экзаменді әке-көкелеп жүріп қайта тапсыратын студенттердің өздері-ақ аузыңды ақ май қылатын көрінеді ғой»,— деп кесіп-пішеді аудандағы «көріпкел».

 «Ауылдық жердегі дәрігер дегенің өкіметтің қалтасын теспей сорады. Өтірік-шынды екі-үш ставкамен істейді. Олар табыс жағынан анау-мынау доцент-профессорларды шаңына ертпей кетеді»,— дейді қаланың «көріпкелі».

 «Әлгінің туфлиін айтсайшы. Шіркін, қалада қалағаның табылады-ау. Оның үстіне біз байғұс көп ретте бардың езін ұқсата алмай сорлаймыз ғой»,— дейді даланың сұлуы, әлденеге өкпесі қышып.

 «Жаңағының үстіндегі асыл матаны астанада еш дүкеннен таба алмайсың. Ауданда өздері би, өздері қожа. Қоймаға түскен тәуір нәрсені қаймағын қалқып отырып, алдымен өздері пышақ үстінен үлестіріп алады»,— дейді қаланың сұлу, әлденеге иығы дуылдап.

 Сол екі ортада коридорда тұрған екі еркек купелеріне кірді. Сол екі ортада манадан бері қырылдап-сырылдап келе жатқан радио сайрап қоя берді. Атақты бір әнші: «Кел шырқайық, осындайда, қайдасыңдар, достарым?!»— деп назды қоңыр даусын зарлана созып тұрып алды.

 — Апырай, мына біреу біздердің баяғы студент кезімізде айтылатын ән еді. Осы артист деген ағайындарды қанша төбемізге кетергенімізбен баяғы «әләуләйлерімен» әлі келеді. Репертуарларын жаңартса, іштері кебе ме екен,— дейді екі еркек те радионың тиегін сырт еткізіп жауып жатып.

 Өйтетіні екеуінің де қабырғалас көршілері жұртқа белгілі үлкен кісі еді. Кешелі-берлі үш-төрт жолаушы сол кісімен «қол көріп, уақыт өткізіп» келе жатқан-ды. Қазір: «Ау, сызып жібермейміз бе!»— деп қабырғаны тоқылдатса, әлгі боздаған немені тыңдаймыз деп отырып, естімей қалулары ғажап емес қой.

 Екі еркек те әлгі бір күтпеген кездесудің көкіректеріне желімше жабысып алған ыңғайсыз әсерінен тез құтылғылары кеп:

 Зымырап қалып жатқан құба далаға қарап отырған екі бала ләм-мим ештеңе деген жоқ. Екеуінің де сөрелерде теңкиіп-теңкиіп жатқан әлгі бір тәтті қауыннан, ең болмаса ауыз тимегендеріне іштері удай ашып келеді. «Керемет! Керемет? Несі керемет? Құшақтасты, сүйісті, қол алысты. Жымиысты, жылтырасты, Сонда тұрған не керемет бар?». Әлгінде ғана радиодан құлақтары шалып қалган беймағлұм сазды ысқыра қайталап қояды.

 Өз көлеңкесін өзі таптап тауыса алмай келе жатқан ұзын поездың доңғалақтары орысша ойлайтын екі бала жігіттің көңіліне қашқан әлгі күмәнді растағандай: «так, так»,— деп үсті-үстіне тақылдап бақты.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: