І БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 09:32

Әлгі бір арифметика оқулықтарында жазылатын еді ғой. Дәл сондай. Бір үлкен тораптық станцияға екі жақтан екі поезд келе жатты. Екеуі де аттары әлемге әйгілі екі үлкен қаланың арасына күнбе-күн қатынап тұратын ұшқыр поезд. Екеуінің де келе жатқан жылдамдығы бірдей. Екеуі де әлгі тораптық станцияға бір шамада барады. Екеуінің радиосы да қазір елімізде гастрольде жүрген шетелдік атақты джаз-оркестрінің концертін беріп жатты. Бүкіл планета түгел білетін сазға екі поездағы үлкен-кіші жаппай қосылып келеді. Жастар жағы темір еденді добалдай бәтіңкелерімен дүрс-дүрс тепкілеп, «емін беріп бағуда». Әйелдер жағы нәзік танауларын лүп-лүп желбіретіп ыңырси әндетеді. Етжеңді еркектердің үрген доптай жуан қарындары да бүлкілдеп қояды. Екі поездың да вагон-ресторанға таяу орта тұсындағы бір кезде «халықаралық» деп дабырайтып аталатын, қазір, кейбір қужақтар «көшпелі казино» деп күлетін купелер екі орындық жұмсақ вагонында есікке жапсырылған көлдей айнаның алдында сақа жігіттерден «гері, ересектеу», «жігіт ағасыларынан» гөрі «балаңдау» жұмыр мойын, қозы қарын екі еркек электр ұстарамен қырынып тұр. Екеуі де ойнақы әуенге елігіп, піскен помидордай томпақ ұрттарын қайта-қайта бұлтыңдата береді.— Пам-пам, па-па-па... Күн кешегіден де ыстық білем,— дейді шығыстан батысқа қарай бара жатқан поездың жолаушысы.  — Там-там та-та-та... Құдайдың күні шыжиын деп-ақ тұр екен,— дейді батыстан шығысқа қарай бара жатқан поездың жолаушысы.  Екеуі де қылтанақтан айырылып көктағанақтанып қалған тақыр иектеріне әуелі атақты болгар кремін жағып ысқылады, сосын құтыға құйған қияр суымен беті-қолдарын, мойындарын сүртіп шықты. Осы бір сиқырлы қимылдардан әп-сәтте жасарып-жаңғырып қоя бергендей көрінген жылмағай беттерінде көздеріне түспей қалған безеу-мезеу жоқ па екен деп тінткілей қарады. Әйтеуір, қазекемнің доғал шықшыт, дөңгелек жүз екі шара беті корольдың қабылдауына барса да, ешкім мін таға алмастай боп қапысыз ысқыланды, майланды, сыланды-сипанды. Сосын екеуі де өткен олимпиялық ойындарға қатысқан спортшыларға арнап тігілген пішімдегі еті мен ет сыптима көкшіл шалбардың үстіне қобажақтай үнді шытынан тігілген шытыра өрнекті жейдені желең іле салды. Екеуі де қазір станцияда сыртқа шығып «ауа жұтпақ». Егер базар жақын болса, осы кезде исі бұрқырап, бауырынан жарылып жататын әйгілі түстік қауынын алмақ. Поездар станция шетіне ілігіп те қалды. Терезеден шлагбаумды сүзе тоқтаған машиналар, арбалар, салт аттылар, есек мінгендер, велосипед мінгендер, мотоцикл мінгендер, жалауша кетеріп қаздиып-қаздиып тұрған стрелочниктер, жүкті составтар, бос составтар, су мұнарасы, үйлер жылт-жылт қалып жатыр.  Екеуі де ентелеген жұрттың алдымен де емес, соңынан да емес жуан ортасында перронға түсті. Екеуі де қарсы лап берген шелек-шелек жеміс, теңкиген-теңкиген қауын-қарбыз, ағаш, қалайы, шыны, пластмасса ыдыстармен айран, қымыз, шалап, қымыран көтерген қалың нөпірден зорға жылысып вокзал үйінің сыртындағы шаңдақ базарға беттеді.  Осы кезде пісетін «көкөніске» толып тұрған ұзын шұбақ жаймаларды екеуі екі жақтан жағалап келеді. Екеуінің де жігіт боп қалған жалбыр балақ, дудар шаш балалары қапталдарына жалт-жалт қарап домаланып жатқан тарғыл, сары қауындарға қайта-қайта жүгіріп барып:  — Папа, мынау қалай?— деп қояды.  Екеуінің әйелдері де еріндерін шүйіріп, қолдарын сілтейді.  Екі еркек тағатсыз балаларын арқадан қағып сабырға шақырады.  Екеуі ұзыншұбақ жайманың дәл қақ ортасына жете бергенде бірін-бірі көздері шалып қалды.  —  Оһо!— деді екеуі де қос қолдарын жоғары көтеріп.  —  Міне, керемет!— деді құшақтарын жайып.  Ал, халің қалай?— деді екеуі де, бірін-бірі күреадамдай айқара құшақтап ап, арқадан қағып жатып.

Әлгі бір арифметика оқулықтарында жазылатын еді ғой. Дәл сондай. Бір үлкен тораптық станцияға екі жақтан екі поезд келе жатты. Екеуі де аттары әлемге әйгілі екі үлкен қаланың арасына күнбе-күн қатынап тұратын ұшқыр поезд. Екеуінің де келе жатқан жылдамдығы бірдей. Екеуі де әлгі тораптық станцияға бір шамада барады. Екеуінің радиосы да қазір елімізде гастрольде жүрген шетелдік атақты джаз-оркестрінің концертін беріп жатты. Бүкіл планета түгел білетін сазға екі поездағы үлкен-кіші жаппай қосылып келеді. Жастар жағы темір еденді добалдай бәтіңкелерімен дүрс-дүрс тепкілеп, «емін беріп бағуда». Әйелдер жағы нәзік танауларын лүп-лүп желбіретіп ыңырси әндетеді. Етжеңді еркектердің үрген доптай жуан қарындары да бүлкілдеп қояды. Екі поездың да вагон-ресторанға таяу орта тұсындағы бір кезде «халықаралық» деп дабырайтып аталатын, қазір, кейбір қужақтар «көшпелі казино» деп күлетін купелер екі орындық жұмсақ вагонында есікке жапсырылған көлдей айнаның алдында сақа жігіттерден «гері, ересектеу», «жігіт ағасыларынан» гөрі «балаңдау» жұмыр мойын, қозы қарын екі еркек электр ұстарамен қырынып тұр. Екеуі де ойнақы әуенге елігіп, піскен помидордай томпақ ұрттарын қайта-қайта бұлтыңдата береді.— Пам-пам, па-па-па... Күн кешегіден де ыстық білем,— дейді шығыстан батысқа қарай бара жатқан поездың жолаушысы.

 — Там-там та-та-та... Құдайдың күні шыжиын деп-ақ тұр екен,— дейді батыстан шығысқа қарай бара жатқан поездың жолаушысы.

 Екеуі де қылтанақтан айырылып көктағанақтанып қалған тақыр иектеріне әуелі атақты болгар кремін жағып ысқылады, сосын құтыға құйған қияр суымен беті-қолдарын, мойындарын сүртіп шықты. Осы бір сиқырлы қимылдардан әп-сәтте жасарып-жаңғырып қоя бергендей көрінген жылмағай беттерінде көздеріне түспей қалған безеу-мезеу жоқ па екен деп тінткілей қарады. Әйтеуір, қазекемнің доғал шықшыт, дөңгелек жүз екі шара беті корольдың қабылдауына барса да, ешкім мін таға алмастай боп қапысыз ысқыланды, майланды, сыланды-сипанды. Сосын екеуі де өткен олимпиялық ойындарға қатысқан спортшыларға арнап тігілген пішімдегі еті мен ет сыптима көкшіл шалбардың үстіне қобажақтай үнді шытынан тігілген шытыра өрнекті жейдені желең іле салды. Екеуі де қазір станцияда сыртқа шығып «ауа жұтпақ». Егер базар жақын болса, осы кезде исі бұрқырап, бауырынан жарылып жататын әйгілі түстік қауынын алмақ. Поездар станция шетіне ілігіп те қалды. Терезеден шлагбаумды сүзе тоқтаған машиналар, арбалар, салт аттылар, есек мінгендер, велосипед мінгендер, мотоцикл мінгендер, жалауша кетеріп қаздиып-қаздиып тұрған стрелочниктер, жүкті составтар, бос составтар, су мұнарасы, үйлер жылт-жылт қалып жатыр.

 Екеуі де ентелеген жұрттың алдымен де емес, соңынан да емес жуан ортасында перронға түсті. Екеуі де қарсы лап берген шелек-шелек жеміс, теңкиген-теңкиген қауын-қарбыз, ағаш, қалайы, шыны, пластмасса ыдыстармен айран, қымыз, шалап, қымыран көтерген қалың нөпірден зорға жылысып вокзал үйінің сыртындағы шаңдақ базарға беттеді.

 Осы кезде пісетін «көкөніске» толып тұрған ұзын шұбақ жаймаларды екеуі екі жақтан жағалап келеді. Екеуінің де жігіт боп қалған жалбыр балақ, дудар шаш балалары қапталдарына жалт-жалт қарап домаланып жатқан тарғыл, сары қауындарға қайта-қайта жүгіріп барып:

 — Папа, мынау қалай?— деп қояды.

 Екеуінің әйелдері де еріндерін шүйіріп, қолдарын сілтейді.

 Екі еркек тағатсыз балаларын арқадан қағып сабырға шақырады.

 Екеуі ұзыншұбақ жайманың дәл қақ ортасына жете бергенде бірін-бірі көздері шалып қалды.

 —  Оһо!— деді екеуі де қос қолдарын жоғары көтеріп.

 —  Міне, керемет!— деді құшақтарын жайып.

 Ал, халің қалай?— деді екеуі де, бірін-бірі күреадамдай айқара құшақтап ап, арқадан қағып жатып.

Бөлісу: