ІІІ БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 09:22

Осы бір елестер Нұргүлдің көз алдынан зымырап өте шықты. Өңі қуқыл тартып кетіпті. Шошына қараған нәркес көздері кушетка үстінде жатқан жаралы жігітке тесіліп қапты. Бұл - Сұлтан еді. Нәзік сезімді мейірімсіз қаталдықпен жаншып, қыз жанына жазылмас жара салған Сұлтан. Ол қазір жазықсыз жапа шеккен кінәсіз жанның алдында жатыр. Нұргүлдің бұрынғы қасіреті қайтадан оянып, бітеу жараның аузы ашылып кеткендей болды. Қазір Нұргүлдің Сұлтанға деген бұрынғы өшпенділігі қайтадан тұтанып, күшіне кіріп алғандай еді. Ол шегіншектеп барып тұрып қалған күйінде екі шекесін қолымен басып бір сәтке ойланып қалды. Сонша жерден қонақтарын тастап, беймезгіл шақта алаөкпе боп жүгіріп келгендегі адамы Сұлтан болып шыққаны оның жанына қатты батып кетті. Әйткенмен, енді не істеу керек? Шынымен-ақ, қыз намысын табанымен таптап, өміріне ұмытылмас ақау түсірген адамды Нұргүл операциялай ма? Өзінің қас жауын ажалдан арашаламақ па?... Жоқ, ешқашан?!.. Сұлтанды операциялау түрмақ бетіне қарағысы да келмейді... Бірақ, мұнда Нұргүлден басқа операция жасайтын ешкім жоқ. He істеу керек?! Иә, иә... "Жедел жәрдем" каретасына салып, аудан орталығындағы ауруханаға жіберсе қайтеді? "Бұрын кездеспеген ауыр жара болғандықтан операция жасауға батылым бармады" десе толық дөлел табылады. Асылында, сөйткен жөн болар. Бірақ... Екі ара алыс, жолда жазатайым өліп кетсе ше?.. Мейлі, оған Нұргүл жауапты болмайды. Оның мұндай операцияларға шамасы келмеуі мүмкін, тәжірибесі аз, жас дәрігер екенін жұрттың бәрі біледі... Алайда осының өзі қалай болар екен? Шынымен-ақ өле берсін бе? Дәл осы кезде манадан бері қимылсыз, сұлқ талып жатқан Сұлтан ептеп есін жияйын деді. Қинала ыңқылдап, ауыр ыңырсып барып, бірте-бірте ақырындап көзін ашты. Алғашында айналасындағының бәрі алыстағы бұлдыр сағымдай көрінгенмен бірте-бірте жақындап, айқындала түсті. Ақ қабырғалар, ақ сырлы есік, ақ халат киген қыз... Бәрі де аппақ. Қыздың өңі де ақ шүберек тәрізді... Апыр-ау, бұл қайда жатыр?... Үлкен көздері - мөп-мөлдір, қап-қара. Сонша неге тесіледі екен? Heгe үндемейді? "Тұра тұр, тұра тұр... Қайдан көрдім мен оны? Иә,... жоқ, мүмкін емес! Жоқ, сол. Тап өзі! О, сұмдық! Нұргүл! Heгe?... Енді бітті бәрі де! Құрыдым... Кешірмейді, аямайды. Қайдан кешірсін?! Heгe алдадым оны?! Шынымен-ақ қол үшін бермей, осылай жатқызып қоя ма? Әлде операциялай ма? Бәрібір, бәрібір өлтіреді!" Сұлтанның тұла бойы тітіркеніп, мұздап сала берді. Үрейлі көздері ұясынан шыға бағжиып, әлсіз үнмен: - Келдім ғой алдыңа... Енді кегінді қайтаруыңа болады... Өлтіре бер... - деді де, қайтадан талықсып кетті. Сұлтанның соңғы екі сөзі, Нұргүлдің мынау дел-сал қалпынан оятып жібергендей болды. Өлтіре бер деді, ә? О, сұмдық, Нұргүлді қанішер деп ойлай ма?! Ол - дәрігер! Дәрігер - өлімнің жауы... Сұлтан олсе, тек Нұргүлдің кінәсінен өледі. Қолынан келіп тұрып операцияламағандықтан өліп кетсе, өз қолымен буындырып өлтіргені емей немене?! Тәжірибесіз жас маман екендігін сылтауратып, жұрт алдынан ақталып-ақ шықсын. Ал, ар-ұяты алдында несімен ақталмақ, нені сылтау етпек? Сұлтаңда кеткен ескі кегін бе? Жә, сонда Нұргүлдің кім болғаны?! Жоқ, ол мұндай жауыздыққа бара алмайды. Дәрігерлік арына, жанына лас істің қара дағын түсіргісі келмейді. Өзінің қатты алданып, опық жеген адам екенін ұмытуы керек. Жеке бастың қамын ойлап, қайғысына батып кекшілдікке кетер орын бұл емес. Қазір Сұлтан - ауыр жаралы адам да, Нұргүл - дәрігер. Дәрігер ауру адамға көмек көрсетуге міндетті. - Иә, мен оны операциялауға тиіспін! Бәрін де ұмыту керек. Ол - ауру, мен - дәрігер! -деп дауыстады Нұргүл. - Ол - дәрігер!... Дәрігер!... Осы сөздерді ол операция кезінде де іштей қайталаумен болды. Бірақ, өзін осылайша нығыздап, сезім дүниесін ақылына еріксіз бағындырғанмен де, жүрек толқынын, оның тағат таппай тулаған үнін баса алмады. Сұлтанға қолы тиген сайын бүкіл денесі дір ете түсті. Қатты бұралған домбыра ішегіндей шегіне жете созылған бүкіл нерві ышқына дыңылдап, тұла бойына азап сазын, күйініш күйін тартқандай болады. Нұргүл өзінің институт қабырғасында өткізген практикасында, мұнда келгелі бері өткізген дәрігерлік тәжірибесінде осыншама қиын операция жасап көрген емес?.. Ауруханадан ілби басып, есеңгірегендей боп, құр сүлдері ғана шықты. Манағы қатты жел толастап, енді қара нөсерге айналыпты. Аяқ асты көл-көсір, шылп-шылп етеді. Кезге түртсе кергісіз қараңғы түн. Оқтын-оқтын күн күркіреп, әлде қай- да алыста жарқылдаған нажағайдың сәулесі бір сәтке жер бетіндегі сумен шағылысып қалады. Нұргүл есіктен шыға бере ағыл-тегіл жылап жіберді. Ескі қайғысы есіне түсіп, бітеу жараның аузы ашылып кеткендіктен бе, әлде өзін-өзі операция жасауға күштеп, соншалық қиналғанына ма, жоқ ашынғандықтан ба кім білсін, неге жылағанын... Тек моншақ-моншақ болып домаланған көз жасы телегей-теңіз жаңбыр суына араласып, аяқ астында шылпып жатқандай көрінді оған. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Осы бір елестер Нұргүлдің көз алдынан зымырап өте шықты. Өңі қуқыл тартып кетіпті. Шошына қараған нәркес көздері кушетка үстінде жатқан жаралы жігітке тесіліп қапты. Бұл - Сұлтан еді. Нәзік сезімді мейірімсіз қаталдықпен жаншып, қыз жанына жазылмас жара салған Сұлтан. Ол қазір жазықсыз жапа шеккен кінәсіз жанның алдында жатыр. Нұргүлдің бұрынғы қасіреті қайтадан оянып, бітеу жараның аузы ашылып кеткендей болды. Қазір Нұргүлдің Сұлтанға деген бұрынғы өшпенділігі қайтадан тұтанып, күшіне кіріп алғандай еді.

Ол шегіншектеп барып тұрып қалған күйінде екі шекесін қолымен басып бір сәтке ойланып қалды. Сонша жерден қонақтарын тастап, беймезгіл шақта алаөкпе боп жүгіріп келгендегі адамы Сұлтан болып шыққаны оның жанына қатты батып кетті. Әйткенмен, енді не істеу керек? Шынымен-ақ, қыз намысын табанымен таптап, өміріне ұмытылмас ақау түсірген адамды Нұргүл операциялай ма? Өзінің қас жауын ажалдан арашаламақ па?... Жоқ, ешқашан?!..

Сұлтанды операциялау түрмақ бетіне қарағысы да келмейді... Бірақ, мұнда Нұргүлден басқа операция жасайтын ешкім жоқ. He істеу керек?! Иә, иә... "Жедел жәрдем" каретасына салып, аудан орталығындағы ауруханаға жіберсе қайтеді? "Бұрын кездеспеген ауыр жара болғандықтан операция жасауға батылым бармады" десе толық дөлел табылады. Асылында, сөйткен жөн болар. Бірақ... Екі ара алыс, жолда жазатайым өліп кетсе ше?.. Мейлі, оған Нұргүл жауапты болмайды. Оның мұндай операцияларға шамасы келмеуі мүмкін, тәжірибесі аз, жас дәрігер екенін жұрттың бәрі біледі...

Алайда осының өзі қалай болар екен? Шынымен-ақ өле берсін бе?

Дәл осы кезде манадан бері қимылсыз, сұлқ талып жатқан Сұлтан ептеп есін жияйын деді. Қинала ыңқылдап, ауыр ыңырсып барып, бірте-бірте ақырындап көзін ашты. Алғашында айналасындағының бәрі алыстағы бұлдыр сағымдай көрінгенмен бірте-бірте жақындап, айқындала түсті. Ақ қабырғалар, ақ сырлы есік, ақ халат киген қыз... Бәрі де аппақ. Қыздың өңі де ақ шүберек тәрізді... Апыр-ау, бұл қайда жатыр?... Үлкен көздері - мөп-мөлдір, қап-қара. Сонша неге тесіледі екен? Heгe үндемейді? "Тұра тұр, тұра тұр... Қайдан көрдім мен оны? Иә,... жоқ, мүмкін емес! Жоқ, сол. Тап өзі! О, сұмдық! Нұргүл! Heгe?... Енді бітті бәрі де! Құрыдым... Кешірмейді, аямайды. Қайдан кешірсін?! Heгe алдадым оны?! Шынымен-ақ қол үшін бермей, осылай жатқызып қоя ма? Әлде операциялай ма? Бәрібір, бәрібір өлтіреді!"

Сұлтанның тұла бойы тітіркеніп, мұздап сала берді. Үрейлі көздері ұясынан шыға бағжиып, әлсіз үнмен:

- Келдім ғой алдыңа... Енді кегінді қайтаруыңа болады... Өлтіре бер... - деді де, қайтадан талықсып кетті.

Сұлтанның соңғы екі сөзі, Нұргүлдің мынау дел-сал қалпынан оятып жібергендей болды. Өлтіре бер деді, ә? О, сұмдық, Нұргүлді қанішер деп ойлай ма?! Ол - дәрігер! Дәрігер - өлімнің жауы... Сұлтан олсе, тек Нұргүлдің кінәсінен өледі. Қолынан келіп тұрып операцияламағандықтан өліп кетсе, өз қолымен буындырып өлтіргені емей немене?! Тәжірибесіз жас маман екендігін сылтауратып, жұрт алдынан ақталып-ақ шықсын. Ал, ар-ұяты алдында несімен ақталмақ, нені сылтау етпек? Сұлтаңда кеткен ескі кегін бе? Жә, сонда Нұргүлдің кім болғаны?!

Жоқ, ол мұндай жауыздыққа бара алмайды. Дәрігерлік арына, жанына лас істің қара дағын түсіргісі келмейді. Өзінің қатты алданып, опық жеген адам екенін ұмытуы керек. Жеке бастың қамын ойлап, қайғысына батып кекшілдікке кетер орын бұл емес. Қазір Сұлтан - ауыр жаралы адам да, Нұргүл - дәрігер. Дәрігер ауру адамға көмек көрсетуге міндетті. - Иә, мен оны операциялауға тиіспін! Бәрін де ұмыту керек. Ол - ауру, мен - дәрігер! -деп дауыстады Нұргүл. - Ол - дәрігер!... Дәрігер!...

Осы сөздерді ол операция кезінде де іштей қайталаумен болды. Бірақ, өзін осылайша нығыздап, сезім дүниесін ақылына еріксіз бағындырғанмен де, жүрек толқынын, оның тағат таппай тулаған үнін баса алмады. Сұлтанға қолы тиген сайын бүкіл денесі дір ете түсті. Қатты бұралған домбыра ішегіндей шегіне жете созылған бүкіл нерві ышқына дыңылдап, тұла бойына азап сазын, күйініш күйін тартқандай болады. Нұргүл өзінің институт қабырғасында өткізген практикасында, мұнда келгелі бері өткізген дәрігерлік тәжірибесінде осыншама қиын операция жасап көрген емес?.. Ауруханадан ілби басып, есеңгірегендей боп, құр сүлдері ғана шықты.

Манағы қатты жел толастап, енді қара нөсерге айналыпты. Аяқ асты көл-көсір, шылп-шылп етеді. Кезге түртсе кергісіз қараңғы түн. Оқтын-оқтын күн күркіреп, әлде қай-

да алыста жарқылдаған нажағайдың сәулесі бір сәтке жер бетіндегі сумен шағылысып қалады.

Нұргүл есіктен шыға бере ағыл-тегіл жылап жіберді. Ескі қайғысы есіне түсіп, бітеу жараның аузы ашылып кеткендіктен бе, әлде өзін-өзі операция жасауға күштеп, соншалық қиналғанына ма, жоқ ашынғандықтан ба кім білсін, неге жылағанын... Тек моншақ-моншақ болып домаланған көз жасы телегей-теңіз жаңбыр суына араласып, аяқ астында шылпып жатқандай көрінді оған.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: