ІІ БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 09:22

Нұргүл медицина институтында, емдеу факультетінің төртінші курсында оқитын. Олардың жатақханасында әр сенбі сайын би кештері еткізіліп тұратын-ды. Мұнда кенметаллургия, физкультура, ауыл шаруашылық институттарының студенттері жиі келуші еді. Кешке пәлен институттың студенттері келіпті дегенді ести сала-ақ бірге жататын құрбы қыздары сыланып-сипанып, үлкен айнаға таласатын да қалатын. Осындай кештердің бірінде ол ауыл шаруашылық институтының бір студентімен танысты. Сүлу кескінді, толқынданған кою қара шашты, бойшаң жігіт Сұлтан Нұргүлге ә дегеннен-ақ өзінің өте ізетті, сезімтал мінезімен үнай кетті. Әңгімелесе келе Нұргүл оның ойлы адам екенін де аңғарды. Бүкіл кеш бойы Сұлтан Нұргүлдің қасынан екі елі ажырамады. Нұргүл де оның мұнысына қарсылық білдірген жоқ. Керек десеңіз, ол келесі сенбіні бір түрлі асыға күтіп жүрді де, би кешіне тағы да барды. Сұлтан да келген екен. Қыз көзіне бір түрлі жылы ұшырай кетті... Содан былай Сұлтан оған жай уақыттарда да келе беретін болды. Кино мен театрларға, сырғанақ тебуге де бірге барып жүрді... Ақыры екеуі біріне-бірі жүрек сырларын да шертісті. Олардың достығы тату да, тәтті де сияқты көрінетін Нұргүлге. Оның Сұлтанға есі-дертімен берілгендігі соншалық, әлдеқалай себептермен екі-үш күн көрмесе, тынышы кетіп ұйықтай алмайтын. Сұлтанның сезімі де дәл өзінікіндей екендігіне сенімі өте мол болатын. Оған сенімсіздік білдіріп, шұбәлану деген мүлде басына келген емес-ті... Келесі жылы олардың қарым-қатынасы бұрынғыдан да бекіп, жымдаса түскендей еді. Сүйіскен жүректер арасынан қыл өтпестей жақындасқан шақ. Әсіресе, Нұргүл көңілінде ешқандай саңылау жоқ. Жай достықтың шеңберінен шығып, ерлі-зайыпты адамдардай ете жақын болып кеткеніне мүлде өкінбеді де, - оның келешек өміріне, семья бақытына сенімінің күштілігі сондай болатын! Бесінші курстың аяқ кезінде емтихан тапсырып жүріп Нұргүл Сұлтанға өзінің үлкен қуанышын - ана болатынын айтты. Сұлтан қуанудың орнына қапаланғанын жасыра алмай тіксініп қалды. - Сен не дедің осы?! - деді ол шошынған үнмен қабағын шытып. Оның бажырайған көзі, бір түрлі сопайып жатқан ұзынша беті, қыртыс-қыртыс боп жиырыла қалған мандай терісі басындағы қорқынышты да, өкінішті де бүркей алмай, үнсіз жария етіп түр. - Ана?.. Бала?.. - Иә, одан неге шошыдың соншама, Сұлтан?! - деді Нұргүл күйінішті үнмен. - Жо-жоқ... Шошығаным жоқ. Бала ма?.. Дұрыс... жақсы! - деді Сұлтан күлімсірей, көтеріңкі айтуға тырысып. Бірақ, онысы жыламсыраған адамның кейпіне кеп ұқсас еді. - Сұлтан! Шынынды айтшы, ашып айтшы?! He болды саған, сен бұрынғы Сұлтанға мүлде үқсамайсың?! Жасырмай айт, бүкпе! Енді шыдар жай қалмаған сияқты менде... - Нұргүл... сен мені кешір... - деді ол күмілжіп біраз үнсіздіктен кейін, - мен... мен қазір сені сүймейтін сияқтымын... Мүмкін мүлде сүймеген де шығармын... Саған берер кеңесім мынау: Сен бұл баланы тума, білдің бе? Түсініп тұрмысың - тума! Масқара болғың келмесе тума, өйткені мен сені бәрібір алмаймын! Уәде де берген емеспін... Нұргүл оны үнсіз тыңдады. Түс көріп тұрған секілді. Өз құлағына сенерін де, сенбесін де білмейді. Мұндай сөздерді сүйген кісісі тұрмақ жалпы адам баласы айта алады деген ой оның миына кірер емес. Алғашында құлаққа ұрған танадай үн-түнсіз тұрып қалған Нұргүл енді өзінің аңғырттығына деген ыза-күйігіне, ауыр қасіретіне булыққандай еді. Ыза мен өшпенділік кеңірдегіне кептеліп қалғандай боп, аузынан "Азғын!" деген жалғыз ауыз сөз шықты да, жас парлаған көзін қолымен басып, жүгіре жөнелді. Нұргүл жатақханаға түн ортасы ауа ғана қайтты. Сұлтан айтқан манағы улы сөздер сәт сайын тагы да құлағына саңқ етіп, миын жарып өткендей болып ұйықтай алмай, көрер танды көзбен атқызды... Нұргүл әсте кекшіл адам емес болатын. Сондықтан да ол кейбіреулер құсап Сұлтанның соңына түсіп, жанына салған жара үшін өш алуға бір жағынан арланса, екінші жағынан дәті бармады. Бірақ, бөлмелес құрбылары: "Адамдық арыңды аяққа таптатпаймыз! Көрсетеміз біз оған азғындығын!" - деп жоғын жоқтап, намысын қорғады.   Сөйтіп, Сұлтан тиісті жазасын алды. Рас, ол алғашқыда институттан да, комсомол қатарынан да шығарылып тасталғанымен, бірақ кейіннен біздің өміріміздің о жер, бұ жерінен кездесіп қала беретін "тамыр-таныстық" деп аталатын бір мықты сүйеудің арқасында институтқа қайта алынып, мемлекеттік емтихандарға жіберілді. Бұған оның сабақта үздік оқитындығы да көмек болуы мүмкін. Әйткенмен де, Сұлтанның жазаға тартылуы Нұргүлдің қайғы-шерін жеңілдете алмады. Ол Сұлтанның тағдырын ойына алып, жаза шеккеніне қуанып көрген емес. Тек ұмыта алмайтыны баяғы суық сөз, өзінің алданып қалғандығы. Жүрегіндегі жарасы да, қасіреті де, ішін жалаған күйігі де - осы. Көп ұзамай кішкентай Сәуле туды. Ол өзінің іңгәлаған сүйкімді даусымен бірге бү дүниеге ана бақытын, ана қуанышын ала келді. Анда-санда болмаса Нұргүлдің жүрек жарасы енді бұрынғыдай емес, өп ауырмайтын тәрізді, ескіріп, ұмыттырып бара жатқан сықылды. Бұл оқиғадан кейін екі жыл өтті. Нұргүл институтты бітіріп, осындағы совхозаралық медицина пунктіне меңгеруші болып келді. Ескі жара жазылып кеткендей еді. Әсіресе, көктем шығып, өмірі күрек тимеген тың дала қопарыла бастағалы сондай бір қызық еңбек думанына, қуанышты дүбірге араласып, өткен күннің өкініштерінен біржола арылғандай, қайтып оралмастай шақта жүрген-ді...

Нұргүл медицина институтында, емдеу факультетінің төртінші курсында оқитын. Олардың жатақханасында әр сенбі сайын би кештері еткізіліп тұратын-ды. Мұнда кенметаллургия, физкультура, ауыл шаруашылық институттарының студенттері жиі келуші еді. Кешке пәлен институттың студенттері келіпті дегенді ести сала-ақ бірге жататын құрбы қыздары сыланып-сипанып, үлкен айнаға таласатын да қалатын.

Осындай кештердің бірінде ол ауыл шаруашылық институтының бір студентімен танысты. Сүлу кескінді, толқынданған кою қара шашты, бойшаң жігіт Сұлтан Нұргүлге ә

дегеннен-ақ өзінің өте ізетті, сезімтал мінезімен үнай кетті. Әңгімелесе келе Нұргүл оның ойлы адам екенін де аңғарды.

Бүкіл кеш бойы Сұлтан Нұргүлдің қасынан екі елі ажырамады. Нұргүл де оның мұнысына қарсылық білдірген жоқ. Керек десеңіз, ол келесі сенбіні бір түрлі асыға күтіп жүрді де, би кешіне тағы да барды. Сұлтан да келген екен. Қыз көзіне бір түрлі жылы ұшырай кетті...

Содан былай Сұлтан оған жай уақыттарда да келе беретін болды. Кино мен театрларға, сырғанақ тебуге де бірге барып жүрді... Ақыры екеуі біріне-бірі жүрек сырларын да шертісті.

Олардың достығы тату да, тәтті де сияқты көрінетін Нұргүлге. Оның Сұлтанға есі-дертімен берілгендігі соншалық, әлдеқалай себептермен екі-үш күн көрмесе, тынышы кетіп ұйықтай алмайтын. Сұлтанның сезімі де дәл өзінікіндей екендігіне сенімі өте мол болатын. Оған сенімсіздік білдіріп, шұбәлану деген мүлде басына келген емес-ті...

Келесі жылы олардың қарым-қатынасы бұрынғыдан да бекіп, жымдаса түскендей еді. Сүйіскен жүректер арасынан қыл өтпестей жақындасқан шақ. Әсіресе, Нұргүл көңілінде ешқандай саңылау жоқ. Жай достықтың шеңберінен шығып, ерлі-зайыпты адамдардай ете жақын болып кеткеніне мүлде өкінбеді де, - оның келешек өміріне, семья бақытына сенімінің күштілігі сондай болатын!

Бесінші курстың аяқ кезінде емтихан тапсырып жүріп Нұргүл Сұлтанға өзінің үлкен қуанышын - ана болатынын айтты. Сұлтан қуанудың орнына қапаланғанын жасыра алмай тіксініп қалды.

- Сен не дедің осы?! - деді ол шошынған үнмен қабағын шытып. Оның бажырайған көзі, бір түрлі сопайып жатқан ұзынша беті, қыртыс-қыртыс боп жиырыла қалған мандай терісі басындағы қорқынышты да, өкінішті де бүркей алмай, үнсіз жария етіп түр. - Ана?.. Бала?..

- Иә, одан неге шошыдың соншама, Сұлтан?! - деді Нұргүл күйінішті үнмен.

- Жо-жоқ... Шошығаным жоқ. Бала ма?.. Дұрыс... жақсы! - деді Сұлтан күлімсірей, көтеріңкі айтуға тырысып. Бірақ, онысы жыламсыраған адамның кейпіне кеп ұқсас еді.

- Сұлтан! Шынынды айтшы, ашып айтшы?! He болды саған, сен бұрынғы Сұлтанға мүлде үқсамайсың?! Жасырмай айт, бүкпе! Енді шыдар жай қалмаған сияқты менде...

- Нұргүл... сен мені кешір... - деді ол күмілжіп біраз үнсіздіктен кейін, - мен... мен қазір сені сүймейтін сияқтымын... Мүмкін мүлде сүймеген де шығармын... Саған берер кеңесім мынау: Сен бұл баланы тума, білдің бе? Түсініп тұрмысың - тума! Масқара болғың келмесе тума, өйткені мен сені бәрібір алмаймын! Уәде де берген емеспін...

Нұргүл оны үнсіз тыңдады. Түс көріп тұрған секілді. Өз құлағына сенерін де, сенбесін де білмейді. Мұндай сөздерді сүйген кісісі тұрмақ жалпы адам баласы айта алады деген ой оның миына кірер емес.

Алғашында құлаққа ұрған танадай үн-түнсіз тұрып қалған Нұргүл енді өзінің аңғырттығына деген ыза-күйігіне, ауыр қасіретіне булыққандай еді. Ыза мен өшпенділік кеңірдегіне кептеліп қалғандай боп, аузынан "Азғын!" деген жалғыз ауыз сөз шықты да, жас парлаған көзін қолымен басып, жүгіре жөнелді.

Нұргүл жатақханаға түн ортасы ауа ғана қайтты. Сұлтан айтқан манағы улы сөздер сәт сайын тагы да құлағына саңқ етіп, миын жарып өткендей болып ұйықтай алмай, көрер

танды көзбен атқызды...

Нұргүл әсте кекшіл адам емес болатын. Сондықтан да ол кейбіреулер құсап Сұлтанның соңына түсіп, жанына салған жара үшін өш алуға бір жағынан арланса, екінші жағынан дәті бармады. Бірақ, бөлмелес құрбылары: "Адамдық арыңды аяққа таптатпаймыз! Көрсетеміз біз оған азғындығын!" - деп жоғын жоқтап, намысын қорғады.

 

Сөйтіп, Сұлтан тиісті жазасын алды. Рас, ол алғашқыда институттан да, комсомол қатарынан да шығарылып тасталғанымен, бірақ кейіннен біздің өміріміздің о жер, бұ жерінен кездесіп қала беретін "тамыр-таныстық" деп аталатын бір мықты сүйеудің арқасында институтқа қайта алынып, мемлекеттік емтихандарға жіберілді. Бұған оның сабақта үздік оқитындығы да көмек болуы мүмкін. Әйткенмен де, Сұлтанның жазаға тартылуы Нұргүлдің қайғы-шерін жеңілдете алмады. Ол Сұлтанның тағдырын ойына алып, жаза шеккеніне қуанып көрген емес. Тек ұмыта алмайтыны баяғы суық сөз, өзінің алданып қалғандығы. Жүрегіндегі жарасы да, қасіреті де, ішін жалаған күйігі де - осы.

Көп ұзамай кішкентай Сәуле туды. Ол өзінің іңгәлаған сүйкімді даусымен бірге бү дүниеге ана бақытын, ана қуанышын ала келді. Анда-санда болмаса Нұргүлдің жүрек жарасы енді бұрынғыдай емес, өп ауырмайтын тәрізді, ескіріп, ұмыттырып бара жатқан сықылды.

Бұл оқиғадан кейін екі жыл өтті. Нұргүл институтты бітіріп, осындағы совхозаралық медицина пунктіне меңгеруші болып келді. Ескі жара жазылып кеткендей еді. Әсіресе, көктем шығып, өмірі күрек тимеген тың дала қопарыла бастағалы сондай бір қызық еңбек думанына, қуанышты дүбірге араласып, өткен күннің өкініштерінен біржола арылғандай, қайтып оралмастай шақта жүрген-ді...

Бөлісу: