І БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 09:21

Совхоз қалашығының үстін тым-тырыс қапырық түннің бұлыңғыр қара мүнары басайын депті. Жақындап қалған нөсер алдындағы тымырсық ауа жұпар иіске, дала иісіне толы. Нұргүлдің мандайына түскен майда шашын анда-санда желпи соққан жылы самалда да осынау жатқан кең даланың нәзік лебі бар сияқты. Нұргүл айналасына мейірлене көз жіберді. Сүйсіне, құмарта қарайды. Өйтпегенде ше! Бұл совхоздың әр үйі, әр тасы мұның көз алдында қаланды, оның алғашқы дәрігерлік қадамы да совхоз өмірімен қатар басталып, осы жолда өзі де мына қалашықпен күрбы-құрдастай боп, бірге жасасып, біте қайнасып өсіп келеді. Нұргүл қандай жас дәрігер болса, совхоз да сондай жас. Оның түзу салынған кең көшелері көк қүйқасынан әлі арыла қойған жоқ, шаңытқан тақыр емес. Ортадағы бес-алты метрдей жер ғана тозып, жасылы көшенің екі жағына қарай ысырылыпты. Бірте-бірте тақылдаған тастақ жолға айналып бара жатқан бұл тақырмен осы кезде күні-түні бірдей тұқымдық астық тиеген, жанармай әкеле жатқан жүк машиналары, бұлтындаған "газиктер" мен мотоциклдер арлы-берлі тынымсыз ағылады да жатады. Нұргүл осы суреттерге қуана қарайды. Күніне әлденеше рет қараса да жалықпайтын секілді. Әрдайым бір соны жайды аңғарып, жаңалық тауып, өзінше байлам жасап жүреді. Қазір де ол сондай бір ой үстінде келеді. "Былтыр біз аурухана жанындағы анау талдарды еккенде, кейбіреулер "Әй, балалар-ай, бекер әуре боласындар-ау! Осыларыңнан еш нәрсе өне қояр ма екен?" - деп сәуегейлік айтып еді, ә?.. Енді жайқала өсіп, қаулап келе жатқандары мынау... Иә, совхозды көгалдандыру ісін қолға алу керек. Келесі көктемнен бастап іске кіріссек... Осы аурухана іргесіндегі бос жатқан үлкен алаңға бақ орнатса қайтер еді? Аурулардың дем алуына, балалардың ойнауына тамаша болмас па еді!? Иә, иә, мұны мықтап қолға алу керек. Совхоз басшыларына айтқан жөн... Айтпақшы, "Совхозға Алматыдан жаңа агроном келіпті. Жас болғанмен өз ісін жақсы білетін, шаруақор тамаша жігіт екен!" десіп жүр еді-ау осы жұрт. Өзімен танысып, осы жағдайды алдын-ала ертерек ескертіп қойғаным дұрыс болар", - деп түйді Нұргүл өзінің көптен бергі ойларын. Ауызғы бөлмеде әжесі күйбендеп, бір нәрсе істеп жүр екен. - Қонақтарыңыз тұтас жиналды ма? - деді Нұргүл түпкі үйдегі дабырлай сөйлескен адамдардың дауыстарына құлағын тігіп. Бүгін оның туған күні болатын. Бірақ, өзі операция жасаймын деп кешігіп қалған еді. - Иә, қарағым, бәрі де сені тосып отыр. Ac келді. Қонақтар орындарынан жапырласа тұрып Нұргүлдің жасы ширек ғасырға толуына байланысты құттықтауларын, дос ниеттерін айтысып, қолдарындағы күрең-қошқыл шарапты толтыра құйған рюмкаларын енді қағыстыра бергенде, сыртқы есік сарт етіп ашылып, ауызғы бөлмеге әлдекім асығыс кіре берді. Төргі үйдегілер рюмкаларын еріндеріне апара беріп, қайта төмен түсірді де, түгелдей бұрылып есік жаққа қарады. Ішке ентіге басып медсестра Аня кіріп келді. - Нұргүл Ахметовна! - деді ол демін де алмастан, - Жүріңіз, жылдам! Нұргүл үстіне жасыл жемперін жамылып жатып: - Қазір, қазір! He боп қалды, Анечка? - Жаңа келген агроном!.. - деді Аня. - Жаңа келген агроном?! - О жігітке не боп қапты? - десіп қонақтар да шу ете түсті. - Мотоциклден жығылып... Бағана түс мезгілінде eгic даласымен танысам деп кеткен екен... Содан жаңа кешке жуық қайтып келе жатып... қараңғыда байқамай шұңқырға құлап!.. Содан жарақаттанып!.. - деп асығып-аптығып жауап берді Аня. - Оң жақ қабырғасы сөгіліп кетіпті! Қансырап жатыр!... Дала уілдей соққан жел екпінімен гуілдеп тұр екен. Әуенін неше саққа жүгіртіп, әлдеқандай қорқынышты күй шерткен тәрізді. Манағы самал жел енді қатайып, қарсы алдынан екпіндей соққан күшті қара боранға айналыпты. Әлсін-әлсін демін ышқына алып, долдана соққанда Нұргүлді кеудесінен итеріп, етегінен жүла тартқылағандай болады. Бірақ, Нұргүл оған қарар емес, еңкейе түсіп, бар пәрменімен жүгіріп барады. Аласа бойлы, семіз денелі, ет-женді медсестра оған ілесе алмай, бортаң-бортаң етіп, едәуір арта қалып қойды. Нұргүл ауруханаға да сол жүгірген бойы келіп кірді. Халатын асығыс киіп жатып қасына келген кезекші дәрігер Войтовтан: - Жалпы жағдайы қалай? - деп сұрады. - Оң жақ қабырғасының көк еті сөгіліп кеткен. Бір-екі қабырғасы сынған сияқты. Талықсып жатыр, тезірек операция жасаған жөн. Менің пікірім осы, - деп Войтов та жауабын тез қайырды. Сарғыш клеенкамен тысталған аласа кушетканьщ үстінде толқынданған қою қара шашты, ұзын бойлы адам жатыр. Қыбыр етпейді. Нұргүл еңкейіп, оның жарақаттанған жерін байлаған шүберекті ала бастады. Талықсып жатқан агроном жанына дәрігер келгенін сезгендей-ақ ауыр ыңырсып, бетін бері бұрды. Манадан келеңкеде жатқан жүзіне электр жарығымен қатар Нұргүлдің көз қиығы түсіп кетті. Кең маңдайлы, аздап дөңес мүрынды сопақша бетінде бір тамшы қан қалмаған жас жігіт дәрігерге өте таныс сияқты корінді. Нұргүл оның жұқалау еңіне тесіле қарап біраз тұрып қалды да, кенет біреу кеудесінен итеріп жібергендей жылдам кейін шегінді. Көздері бажырайып, аузы аңқиған күйі үн-түнсіз тұрып қалды...

Совхоз қалашығының үстін тым-тырыс қапырық түннің бұлыңғыр қара мүнары басайын депті. Жақындап қалған нөсер алдындағы тымырсық ауа жұпар иіске, дала иісіне

толы. Нұргүлдің мандайына түскен майда шашын анда-санда желпи соққан жылы самалда да осынау жатқан кең даланың нәзік лебі бар сияқты.

Нұргүл айналасына мейірлене көз жіберді. Сүйсіне, құмарта қарайды. Өйтпегенде ше! Бұл совхоздың әр үйі, әр тасы мұның көз алдында қаланды, оның алғашқы дәрігерлік қадамы да совхоз өмірімен қатар басталып, осы жолда өзі де мына қалашықпен күрбы-құрдастай боп, бірге жасасып, біте қайнасып өсіп келеді.

Нұргүл қандай жас дәрігер болса, совхоз да сондай жас. Оның түзу салынған кең көшелері көк қүйқасынан әлі арыла қойған жоқ, шаңытқан тақыр емес. Ортадағы бес-алты метрдей жер ғана тозып, жасылы көшенің екі жағына қарай ысырылыпты. Бірте-бірте тақылдаған тастақ жолға айналып бара жатқан бұл тақырмен осы кезде күні-түні бірдей тұқымдық астық тиеген, жанармай әкеле жатқан жүк машиналары, бұлтындаған "газиктер" мен мотоциклдер арлы-берлі тынымсыз ағылады да жатады.

Нұргүл осы суреттерге қуана қарайды. Күніне әлденеше рет қараса да жалықпайтын секілді. Әрдайым бір соны жайды аңғарып, жаңалық тауып, өзінше байлам жасап жүреді. Қазір де ол сондай бір ой үстінде келеді.

"Былтыр біз аурухана жанындағы анау талдарды еккенде, кейбіреулер "Әй, балалар-ай, бекер әуре боласындар-ау! Осыларыңнан еш нәрсе өне қояр ма екен?" - деп сәуегейлік айтып еді, ә?.. Енді жайқала өсіп, қаулап келе жатқандары мынау... Иә, совхозды көгалдандыру ісін қолға алу керек. Келесі көктемнен бастап іске кіріссек... Осы аурухана іргесіндегі бос жатқан үлкен алаңға бақ орнатса қайтер еді? Аурулардың дем алуына, балалардың ойнауына тамаша болмас па еді!? Иә, иә, мұны мықтап қолға алу керек. Совхоз басшыларына айтқан жөн... Айтпақшы, "Совхозға Алматыдан жаңа агроном келіпті. Жас болғанмен өз ісін жақсы білетін, шаруақор тамаша жігіт екен!" десіп жүр еді-ау осы жұрт. Өзімен танысып, осы жағдайды алдын-ала ертерек ескертіп қойғаным дұрыс болар", - деп түйді Нұргүл өзінің көптен бергі ойларын.

Ауызғы бөлмеде әжесі күйбендеп, бір нәрсе істеп жүр екен.

- Қонақтарыңыз тұтас жиналды ма? - деді Нұргүл түпкі үйдегі дабырлай сөйлескен адамдардың дауыстарына құлағын тігіп. Бүгін оның туған күні болатын. Бірақ, өзі операция жасаймын деп кешігіп қалған еді.

- Иә, қарағым, бәрі де сені тосып отыр.

Ac келді. Қонақтар орындарынан жапырласа тұрып Нұргүлдің жасы ширек ғасырға толуына байланысты құттықтауларын, дос ниеттерін айтысып, қолдарындағы күрең-қошқыл шарапты толтыра құйған рюмкаларын енді қағыстыра бергенде, сыртқы есік сарт етіп ашылып, ауызғы бөлмеге әлдекім асығыс кіре берді. Төргі үйдегілер рюмкаларын еріндеріне апара беріп, қайта төмен түсірді де, түгелдей бұрылып есік жаққа қарады. Ішке ентіге басып медсестра Аня кіріп келді.

- Нұргүл Ахметовна! - деді ол демін де алмастан, - Жүріңіз, жылдам!

Нұргүл үстіне жасыл жемперін жамылып жатып:

- Қазір, қазір! He боп қалды, Анечка?

- Жаңа келген агроном!.. - деді Аня.

- Жаңа келген агроном?!

- О жігітке не боп қапты? - десіп қонақтар да шу ете түсті.

- Мотоциклден жығылып... Бағана түс мезгілінде eгic даласымен танысам деп кеткен екен... Содан жаңа кешке жуық қайтып келе жатып... қараңғыда байқамай шұңқырға құлап!.. Содан жарақаттанып!.. - деп асығып-аптығып жауап берді Аня. - Оң жақ қабырғасы сөгіліп кетіпті! Қансырап жатыр!...

Дала уілдей соққан жел екпінімен гуілдеп тұр екен. Әуенін неше саққа жүгіртіп, әлдеқандай қорқынышты күй шерткен тәрізді. Манағы самал жел енді қатайып, қарсы алдынан екпіндей соққан күшті қара боранға айналыпты. Әлсін-әлсін демін ышқына алып, долдана соққанда Нұргүлді кеудесінен итеріп, етегінен жүла тартқылағандай болады.

Бірақ, Нұргүл оған қарар емес, еңкейе түсіп, бар пәрменімен жүгіріп барады. Аласа бойлы, семіз денелі, ет-женді медсестра оған ілесе алмай, бортаң-бортаң етіп, едәуір арта қалып қойды.

Нұргүл ауруханаға да сол жүгірген бойы келіп кірді. Халатын асығыс киіп жатып қасына келген кезекші дәрігер Войтовтан:

- Жалпы жағдайы қалай? - деп сұрады.

- Оң жақ қабырғасының көк еті сөгіліп кеткен. Бір-екі қабырғасы сынған сияқты. Талықсып жатыр, тезірек операция жасаған жөн. Менің пікірім осы, - деп Войтов та жауабын тез қайырды.

Сарғыш клеенкамен тысталған аласа кушетканьщ үстінде толқынданған қою қара шашты, ұзын бойлы адам жатыр. Қыбыр етпейді. Нұргүл еңкейіп, оның жарақаттанған жерін байлаған шүберекті ала бастады. Талықсып жатқан агроном жанына дәрігер келгенін сезгендей-ақ ауыр ыңырсып, бетін бері бұрды. Манадан келеңкеде жатқан жүзіне электр жарығымен қатар Нұргүлдің көз қиығы түсіп кетті. Кең маңдайлы, аздап дөңес мүрынды сопақша бетінде бір тамшы қан қалмаған жас жігіт дәрігерге өте таныс сияқты корінді. Нұргүл оның жұқалау еңіне тесіле қарап біраз тұрып қалды да, кенет біреу кеудесінен итеріп жібергендей жылдам кейін шегінді. Көздері бажырайып, аузы аңқиған күйі үн-түнсіз тұрып қалды...

Бөлісу: