IV БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 09:14

Дүлей дауылдың толассыз соққанына бір жарым тәулік болды. Әлі де тыным алатын түрі жоқ. Қаршадайларынан теңіз кешіп келе жатқан балықшылар мен бұдан да жойқын талай дауылдарды көрген теңізшілерге бүл да ештеңе емес еді, бірақ толассыз желмен қоса ауа райы да тым суытып кетті де, су бетінде "шәуіш" деп аталатын қойыртпақ пайда бола бастады. Бәрін де осы шәуіш сескендіреді. Температура төмендей берсе, оның түтасынан мұзға айналып кетуі мүмкін. Ал онда... Тоңазыған сорпаның іртік-іртік майындай болып су бетінде қалқып жүрген қойыртпақ кешке қарай, шынында да тұтасып, әйнек сияқты жұқа мұзға айнала бастады. Жағаға таяу жерде зәкір тастап тұрған екі жүзден астам реюшкалар мен стойкаларға ол өте-мәте қауіпті еді. Өйткені желдің күшімен көшкен мұз кеме қайықтарды өзімен бірге ықтырып апарып қайраңға отырғызады да, ағаш бортқа соғыла-соғыла, ақырында оны пышақпен кескендей етіп қақ ортасынан бөліп тастайды. Ішке су толады да, кырқылған кеме теңіз түбіне шегеді. Сағат сайын жақындап келе жатқан осынау қатерді балықшылар байқады ма, жоқ па? Белгісіз. Сондықтан оларға тез хабар беру керек еді. Бірақ қалай? "Отважный" таязда тұрған реюшкаларға жақындай алмайды. Өзінің қайраңға отырып қалуы мүмкін. Жалғыз ғана амал - прожектордың жарығымен хабарлау. Балықшылар бұл белгіні көре ме, көрсе, түсіне ме? Ол да белгісіз. Оның үстіне өкірген суық желдің өтінде, аждаһадай ақырған мұзды толқынның астында тұрып прожекторды басқару да оңай жұмыс емес. Шынтуайтқа келсе, бүл істі жүректі де батыл, сабырлы да төзімді Адам ғана атқара алады. Кімге тагісыру керек? Черкасов бірер минуттай ойға қалып, командасындағы жігіттерді бір бірлеп іштей көз алдынан өткізіп шықты да, бұлқыншы Олег Игнатьев пен өзінің аға көмекшісі Тұсбай Ісмұхамбетовты таңдады. Олег қандай қиын жағдай болмасын асып-сасуды білмейтін, екі иығына екі кісі мінгендей батыр тұлғалы, сабырлы да, салмақты жігіт. Оның азынаған желге де, мұзды суға да қыңқ демей шыдайтындығына, тапсырманы да тап-тұйнақтай етіп ұқыпты орындайтынына толық сенуге болады. Тұсбайдың "Отважныйға" келгеніне оншақты-ақ күн болса да Черкасовтың тәжірибелі көзі Түсбайдың талдырмаш денесінде көпті көрген көне теңізшінің өршіл жүрегі, қайсар жаны бар екенін бір қарағаннан байқап та үлгірген еді. Мұнысын Түсбай келгеннен бері ісімен де көрсетіп жүр... Осы түнгі вахта ол екеуінің де еш уақытта естерінен кетпестей болып өтті. Кезекте алдымен Олег тұрды. Тұсбай оны түн жарымында келіп ауыстырды. Өршеленген өркеш толқындар рубканың1 төбесіндегі капитан көпіршесіне дейін жетіп, өжет жігіттерді теңіз түңғиығына жұлып әкетпек болады. Төбеден басып, түгелдей көміп өтетін мұзды су плащтың тесік-саңлауларынан мойынға, қойын-қонышқа құйылып, денені инемен шабақтағандай тітіркендіреді. Кей кездерде ауыз-мұрынды тұмшалай жауып, дем алдырмай, тұншықтырып та тастайды. Бірақ, олардың екеуі де табиғаттың дүлей күші алдында тізе бүгіп, күйректік көрсете қоймады. Бір қолдарымен капитан көпіршесі қоршауының жақтауынан ұстап, екінші қолдарымен прожекторды бір жағып, бір сөндіріп тапжылмай тұра берді. Ойран-топыр теңіз төскейіндегі қою қараңғылықты қақ жарып, түнек қабырғасын жырта тесіп, ілгері ұмтылған осынау жалғыз сәуле алыстан атой беріп, жол сілтейді. Сұрапыл табиғат дүлейі қаншама ышқынса да, Адам атты алыптың қажырлы қолынан айбынды отты өшіре алмайды. Ол түн түндігін түріп, жана береді, жайнай береді... Таң ата "Отважный" зәкірін көтеріп, мұзы жоқ таза суға қарай бет алды. Өйткені оның түндегі дабылын қабылдаған балықшылар түгелдей тереңге кетіп үлгерген еді.

Дүлей дауылдың толассыз соққанына бір жарым тәулік болды. Әлі де тыным алатын түрі жоқ. Қаршадайларынан теңіз кешіп келе жатқан балықшылар мен бұдан да жойқын талай дауылдарды көрген теңізшілерге бүл да ештеңе емес еді, бірақ толассыз желмен қоса ауа райы да тым суытып кетті де, су бетінде "шәуіш" деп аталатын қойыртпақ пайда бола бастады. Бәрін де осы шәуіш сескендіреді. Температура төмендей берсе, оның түтасынан мұзға айналып кетуі мүмкін. Ал онда...

Тоңазыған сорпаның іртік-іртік майындай болып су бетінде қалқып жүрген қойыртпақ кешке қарай, шынында да тұтасып, әйнек сияқты жұқа мұзға айнала бастады. Жағаға таяу жерде зәкір тастап тұрған екі жүзден астам реюшкалар мен стойкаларға ол өте-мәте қауіпті еді. Өйткені желдің күшімен көшкен мұз кеме қайықтарды өзімен бірге ықтырып апарып қайраңға отырғызады да, ағаш бортқа соғыла-соғыла, ақырында оны пышақпен кескендей етіп қақ ортасынан бөліп тастайды. Ішке су толады да, кырқылған кеме теңіз түбіне шегеді.

Сағат сайын жақындап келе жатқан осынау қатерді балықшылар байқады ма, жоқ па? Белгісіз. Сондықтан оларға тез хабар беру керек еді. Бірақ қалай? "Отважный" таязда тұрған реюшкаларға жақындай алмайды. Өзінің қайраңға отырып қалуы мүмкін. Жалғыз ғана амал - прожектордың жарығымен хабарлау. Балықшылар бұл белгіні көре ме, көрсе,

түсіне ме? Ол да белгісіз. Оның үстіне өкірген суық желдің өтінде, аждаһадай ақырған мұзды толқынның астында тұрып прожекторды басқару да оңай жұмыс емес. Шынтуайтқа

келсе, бүл істі жүректі де батыл, сабырлы да төзімді Адам ғана атқара алады. Кімге тагісыру керек?

Черкасов бірер минуттай ойға қалып, командасындағы жігіттерді бір бірлеп іштей көз алдынан өткізіп шықты да, бұлқыншы Олег Игнатьев пен өзінің аға көмекшісі Тұсбай

Ісмұхамбетовты таңдады.

Олег қандай қиын жағдай болмасын асып-сасуды білмейтін, екі иығына екі кісі мінгендей батыр тұлғалы, сабырлы да, салмақты жігіт. Оның азынаған желге де, мұзды суға да қыңқ демей шыдайтындығына, тапсырманы да тап-тұйнақтай етіп ұқыпты орындайтынына толық сенуге болады.

Тұсбайдың "Отважныйға" келгеніне оншақты-ақ күн болса да Черкасовтың тәжірибелі көзі Түсбайдың талдырмаш денесінде көпті көрген көне теңізшінің өршіл жүрегі, қайсар жаны бар екенін бір қарағаннан байқап та үлгірген еді. Мұнысын Түсбай келгеннен бері ісімен де көрсетіп жүр...

Осы түнгі вахта ол екеуінің де еш уақытта естерінен кетпестей болып өтті. Кезекте алдымен Олег тұрды. Тұсбай оны түн жарымында келіп ауыстырды. Өршеленген өркеш толқындар рубканың1 төбесіндегі капитан көпіршесіне дейін жетіп, өжет жігіттерді теңіз түңғиығына жұлып әкетпек болады. Төбеден басып, түгелдей көміп өтетін мұзды су плащтың тесік-саңлауларынан мойынға, қойын-қонышқа құйылып, денені инемен шабақтағандай тітіркендіреді. Кей кездерде ауыз-мұрынды тұмшалай жауып, дем алдырмай, тұншықтырып та тастайды.

Бірақ, олардың екеуі де табиғаттың дүлей күші алдында тізе бүгіп, күйректік көрсете қоймады. Бір қолдарымен капитан көпіршесі қоршауының жақтауынан ұстап, екінші қолдарымен прожекторды бір жағып, бір сөндіріп тапжылмай тұра берді. Ойран-топыр теңіз төскейіндегі қою қараңғылықты қақ жарып, түнек қабырғасын жырта тесіп, ілгері ұмтылған осынау жалғыз сәуле алыстан атой беріп, жол сілтейді. Сұрапыл табиғат дүлейі қаншама ышқынса да, Адам атты алыптың қажырлы қолынан айбынды отты өшіре алмайды. Ол түн түндігін түріп, жана береді, жайнай береді... Таң ата "Отважный" зәкірін көтеріп, мұзы жоқ таза суға қарай бет алды. Өйткені оның түндегі дабылын қабылдаған балықшылар түгелдей тереңге кетіп үлгерген еді.

Бөлісу: