І БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 09:09

Моторлы балық аулау станциялары мен колхоз істері жөніндегі Гурьев2 облыстық басқармасының бастығы Жазықбаевтың кабинетіне радист қыз жүгіре басып, тым асығыс кірді. Ауызғы бөлмеде отырғандарға сәлем де берместен, тақтай еденді тасырлатьш, құйындай ұйтқып өте шықты. Аңқиған ауыздар, аңырған жүздер, ынтызар көздер - бәрі де бастық кабинетінің есігіне ауып, соны телміре бағып қалған. Радист қыз, асылында, өте қарбалас хабар әкелген тәрізді. Жазықбаевты бүгін бірінші рет көріп тұрғанымен, оған да амандаспады. - Міне, жаңа ғана алдым! Апат туралы хабар! - Қолындағы бір жапырақ қағазды стол үстіне тастай берді. Әншейінде есіктен басын ғана сүғып: "Рұқсат па?" деп әдеп сақтап тұратын ұяң мінезді, сабырлы қыздың осыншама дегбірсізденген түріне таңырқай қарап отырған Жазықбаев "Апат!" деген соңғы сөзді естігенде, жайлы креслосынан егде адамға тән емес ширақ қимылмеи атып тұрды да, жаңағы қағазды қос қолдап ұстай алып, тез-тез оқи бастады. "Апаттық радиограмма нкт Жазықбаевқа үтр Ақмаевқа үтр Трускинге үтр Лесинге үтр Моховиковқа нкт "Отважный" теплоходы тесілді нкт ығып жүрміз нкт Новинск ауданында батыстан шығысқа қарай ығып келеміз нкт Бортымызда 20 балықшы бар  суды қолмен төгеміз, дереу көмек берулеріңізді сұраймын  Черкасов". Туламай тыныш жататын, "жуас" теңіз болмайды. Олардың бәрі де сәттен-сәтке aшy шақырып, таудай толқындарын тулатып, дауылдатып тұрады. Осы жағынан алып қарағанда, кәрі Каспий нағыз көкжалдың өзі деседі байырғы балықшылар. 1          Оқушыға ескертерім: бұл очерк марқұм Жүсіп Жұмахановпен бірігіп жазылған. Aвтop. 2          Кітаптағы жер-су, шаруашылық аттары жазылған кездегі қалпында сақталынды туынша, Каспийдегі дауылды күндердің саны орта есеппен алғанда жылына үш жүзден асатын көрінеді. Каспийдің "тым тынышсыз теңіз" атануының тағы да бір себебі - ондағы толқындардың белгісі бір бағытта емес, қалай болса солай бей-берекет толқынданатындығывда деседі. Мысалға, толқындары бір бағытта жүретін басқа теңіздерде кеменің тұмсығын желге қарсы қойса, теңселу де, шайқалу да азайып, теңізшілерді қатты қалжыратпайды. Оның үстіне аударылып кету қаупі де азаяды. Ал, Каспийде толқын көбінесе алдыңнан да, артыңнан да, бүйіріңнен де соғады. Бұл, әсіресе, желкенді қайықтар үшін өте қолайсыз. Каспий теңізінің бір шеті оңгүстіктегі аңызақ желді, аптап ыстықты шөл далаларға сүғьша кіріп жатса, екінші шеті көкорай шалғынды, ну тоғайлы, ылғалды орыс жеріне барып жалғасады. Оңтүсгіктен, сонау Африка құрлығы мен араб, парсы жерлерінен аптап аңызақ ессе, солтүстіктен салқын самал соғады. Ауадағы екі түрлі ағыс осы Каспий үстінде келіп түйісіп, бірін-бірі жеңісе алмай, ауа райының сәт сайын құбылуына әкеп соқтырады. Дамылсыз дауыл да, шым-шытырық "тәртіпсіз" толқын да, "шымыра" деп аталатьш теңіз құйыны да осыдан туады. Кәрі Каспийдің кесепаттығы сондай - оның "тынышсыз" толқынына осында туып-өскен адамдар болмаса, сырттан келгендердің көбі шыдай алмайтын көрінеді. Мысалға, өткен жылы атақты Қара теңіздің өзінен каспийліктерге көмекке келген бір топ балықшы кәрі теңіздің көк жойқын толқындарына төзе алмай, қайтып кетіпті... Әсіресе, биылғы көктем өте-мәте құбылмалы болды. Теңіздің солтүстік-шығыс бөлегінде ауа райы бұзылып, кенеттен суытып кетті. Теңіз бетінде өйнек тәрізді қабыршақтанып жұқа мұз қата бастады. Гурьев облысы балық аулау колхоздарының қайық-кемелері теңіз тамағындағы Орал Каспий каналына келіп паналады. Жоғарыда аталған "Отважный" теплоходы осы кезде басқа кемелермен бірге жаңағы балықшы қайықтарының күзетінде жүрген еді.

Моторлы балық аулау станциялары мен колхоз істері жөніндегі Гурьев2 облыстық басқармасының бастығы Жазықбаевтың кабинетіне радист қыз жүгіре басып, тым асығыс кірді. Ауызғы бөлмеде отырғандарға сәлем де берместен, тақтай еденді тасырлатьш, құйындай ұйтқып өте шықты. Аңқиған ауыздар, аңырған жүздер, ынтызар көздер - бәрі де бастық кабинетінің есігіне ауып, соны телміре бағып қалған. Радист қыз, асылында, өте қарбалас хабар әкелген тәрізді. Жазықбаевты бүгін бірінші рет көріп тұрғанымен, оған да амандаспады.

- Міне, жаңа ғана алдым! Апат туралы хабар! - Қолындағы бір жапырақ қағазды стол үстіне тастай берді.

Әншейінде есіктен басын ғана сүғып: "Рұқсат па?" деп әдеп сақтап тұратын ұяң мінезді, сабырлы қыздың осыншама дегбірсізденген түріне таңырқай қарап отырған Жазықбаев "Апат!" деген соңғы сөзді естігенде, жайлы креслосынан егде адамға тән емес ширақ қимылмеи атып тұрды да, жаңағы қағазды қос қолдап ұстай алып, тез-тез оқи бастады.

"Апаттық радиограмма нкт Жазықбаевқа үтр Ақмаевқа үтр Трускинге үтр Лесинге үтр Моховиковқа нкт "Отважный" теплоходы тесілді нкт ығып жүрміз нкт Новинск ауданында батыстан шығысқа қарай ығып келеміз нкт Бортымызда 20 балықшы бар  суды қолмен төгеміз, дереу көмек берулеріңізді сұраймын  Черкасов". Туламай тыныш жататын, "жуас" теңіз болмайды. Олардың бәрі де сәттен-сәтке aшy шақырып, таудай толқындарын тулатып, дауылдатып тұрады. Осы жағынан алып қарағанда, кәрі Каспий нағыз көкжалдың өзі деседі байырғы балықшылар.

1          Оқушыға ескертерім: бұл очерк марқұм Жүсіп Жұмахановпен бірігіп жазылған. Aвтop.

2          Кітаптағы жер-су, шаруашылық аттары жазылған кездегі қалпында сақталынды туынша, Каспийдегі дауылды күндердің саны орта есеппен алғанда жылына үш жүзден асатын көрінеді. Каспийдің "тым тынышсыз теңіз" атануының тағы да бір себебі - ондағы толқындардың белгісі бір бағытта емес, қалай болса солай бей-берекет толқынданатындығывда деседі. Мысалға, толқындары бір бағытта жүретін басқа теңіздерде кеменің тұмсығын желге қарсы қойса, теңселу де, шайқалу да азайып, теңізшілерді қатты қалжыратпайды. Оның үстіне аударылып кету қаупі де азаяды. Ал, Каспийде толқын көбінесе алдыңнан да, артыңнан да, бүйіріңнен де соғады. Бұл, әсіресе, желкенді қайықтар үшін өте қолайсыз.

Каспий теңізінің бір шеті оңгүстіктегі аңызақ желді, аптап ыстықты шөл далаларға сүғьша кіріп жатса, екінші шеті көкорай шалғынды, ну тоғайлы, ылғалды орыс жеріне барып жалғасады. Оңтүсгіктен, сонау Африка құрлығы мен араб, парсы жерлерінен аптап аңызақ ессе, солтүстіктен салқын самал соғады. Ауадағы екі түрлі ағыс осы Каспий үстінде келіп түйісіп, бірін-бірі жеңісе алмай, ауа райының сәт сайын құбылуына әкеп соқтырады. Дамылсыз дауыл да, шым-шытырық "тәртіпсіз" толқын да, "шымыра" деп аталатьш теңіз құйыны да осыдан туады.

Кәрі Каспийдің кесепаттығы сондай - оның "тынышсыз" толқынына осында туып-өскен адамдар болмаса, сырттан келгендердің көбі шыдай алмайтын көрінеді. Мысалға, өткен жылы атақты Қара теңіздің өзінен каспийліктерге көмекке келген бір топ балықшы кәрі теңіздің көк жойқын толқындарына төзе алмай, қайтып кетіпті...

Әсіресе, биылғы көктем өте-мәте құбылмалы болды. Теңіздің солтүстік-шығыс бөлегінде ауа райы бұзылып, кенеттен суытып кетті. Теңіз бетінде өйнек тәрізді қабыршақтанып жұқа мұз қата бастады. Гурьев облысы балық аулау колхоздарының қайық-кемелері теңіз тамағындағы Орал Каспий каналына келіп паналады.

Жоғарыда аталған "Отважный" теплоходы осы кезде басқа кемелермен бірге жаңағы балықшы қайықтарының күзетінде жүрген еді.

Бөлісу: