IX БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 09:01

Кардиохирургтер аса шапшаң адамдар. Тек олар ғана емес, медициналық сестралар, санитаркалар мен лаборанттар да осындай. Мұнда қандай іс болса да еш кідіріссіз, өте шапшаң орындалып жатады. Бұл мекемеде жұмыс істейтіндер тек қана теріден тігілген сүйретпе киеді. Осы аяқ киімнің дыбысы құлаққа соншалық етене. Таң азаннан түннің бір уағына дейін әлгі дыбыс естіліп тұрады. Қарбалас жүріс, әсіресе, ертеңгілікте басым. Өйткені бұл кезде операция жүріп жатады. Кардиохирургтер үшін уақыт деген ауадай қымбат. Ол хирургтердің қыр желкесіне төніп тұрған алмас қылыш тәрізді. Құрсақ қуысына, миға, ішкі секреция бездеріне және басқа мүшелерге асықпай, әлденеше рет үзіліс жасап, аздап демалып, сонан соң сырқат туралы студенттерге әңгіме айтып тұрып-ақ операция жасай беруге болады. Ал жүрекке операция жасаушы хирургтің мұндай мүмкіндігі жоқ. Өйткені мұндайда бір сәттік кідірістің өзі істі насырға шаптыруы мүмкін. Мәселен, ми қан айналу процесінсіз бес минут қана өмір сүре алады. Тіпті жүрек қалтқысы арқылы зақымданған клапан тесігінің бітуінің кесірінен жүректің тоқтап қалуы мүмкін. АИК-тің көмегімен операция жасау кезінде де уақыттың мәні жоғалмайды. Жасанды жолмен қан айналуды реттеу арқылы жүректі 20 минут тоқтатып қоюға болады. Мұның бэлендей зардабы жоқ. Ал 30 минуттан асқан соң қанның үйығыштық қасиетін қалпына келтіру өте қиын. Ал, егер жүрек бір сағат бойы немесе одан да кеп уақыт тоқтап тұратын болса, онда өлім туады, демек мұндай жағдайда үміттену бекер. Міне, кардиохирургтердің асығыстығының сыры осында. Алматыда да және осында келген соң да мен кардиохирургтердің шапшандығын, қашан болсын асығыпаптығып жүретіндігін - тәртіптің және олардың өз ісіне берілгендігінің белгісі шығар деп ойлайтынмын. Сөйтсем, кардиохирург мамандығы сылбырлықты кетермейді екен. Кімде кім батылсыз, сылбыр да салақ болса бұл мекемеде қызмет істей алмайды. Өйткені, мұнда өмір деген сағатпен емес секундтармен есептеледі. Сонымен бірге әрбір кардиохирург өзінің ғана емес, өзгенің қайғысына шын күйіне білетіндей, сырқат адамның туыстары мен жақындарымен бірге қайғыра алатындай болуға тиіс. Және шын мәніндегі гуманист, ерекше жүрек иесі болу оның бірінші міндеті. "Өйткені ол, - дейді Мешалкин, - күн сайын тірі адамның өмірін сақтап қалу үшін тәуекел жасайды. Оның адам өмірін сақтап қалуы да, ойламаған жердсн өлтіріп алуы да мүмкін". Кардиохирургиялық клиникалардағы дәрігерлердің шетінен салмақтылығының өз істеріне шынайы берілгендігінің адам өмірін сақтап қалу үшін күш-жігерін, тіпті, өз қара басын да аямайтын, керек болса сырқаттың жанына түнеп қала беретін жанксштілігінің сыры осында жатса керек. Сырқат адамның өміріне қауігі төнген жағдайда кез-келген кезекші дәрігер уақыттың қай кез екендігіне қарамай қажеттілікке орай кез-келген дәрежедегі маман-дәрігерді шақыртып ала алады. Мен Мешалкиннің, оның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, профессор Н. И. Кремлевтің, институттың бас терапевті Ш. И. Шуртаяның, бөлімше меңгерушілері - медицина ғылымының докторлары Е. П. Келин және Г. А. Моргуновтардың түн жарымында шақыру бойынша клиникаға келгенін, адам өмірін сақтап қалу үшін арпалыспен таң атырғанын талай рет көрдім. Олар мұндай күндері уақыт тапса ғана аздап мызғып алып, қызметтеріне кірісіп кететін. Дәл осындай жайттардың болып тұратынын Алматыда, В. С. Сергиевскийдің клиникасында емделіп жатқан кезімде де байқағанмын. Мешалкин басқаратын институт даңқының дацғайырлығы сонша, мұнда еліміздің әр қиырынан адамдар қаптап келіп жатады. Өздері тұратын қалаларда ірі-ірі кардиохирургиялық орталықтардың жұмыс істейтіндігіне және жолдың қашықтығына қарамастан сонау Украинадан, Орта Азия мен Қазақстаннан, Кавказдан, Ленинград пен Москвадан, тіпті, шет елдерден адамдардың ағылып келетіндігі аса ірі хирургке деген сенімнің белгісі болса керек. Украиналық Зем мен Пермяковқа, молдавиялық Карбовскийге, москвалық Игуменовқа, туысқан Монғолиядан келген Болдан мен Цэвэлге менімен қатар операция жасалды. Ал енді кезек күтіп жатқандар қаншама!... Михаил Карбовскийге киевтегілер операция жасаудан бас тартыпты. Ондағылар бүл жігіттің қолқасы ақаулы деп тапқан көрінеді. Мұнда келген соң оған жан-жақты тексеру жүргізілген, ақыры бұрынғы диагонозының дұрыс қойылмағанын анықтаған да операция жасаған. Оның сырқатының қолқа клапанының стенозы екенін мұнда келмесе бұрынғы дәрігерлері біле алмай асқындырып алуы да мүмкін  екен. Операция өте сәтті өтті, үшінші күні оны өз палатасына алып келді, қатты қуанған шығар, бәлкім, ол сол күні орнынан тұрып, жүріп кетпекші болды. Бірнеше адым аттағаны сол еді, басы айналып, құлап түсті. Кезекші дәрігерлер,медициналық сестралар, лаборанттар жүгіріп-жүгіріп келді. Көп ұзамай бөлімше меңгерушісі, институттың бас терапевті келді, оған операция жасаған профессор Кремлевті үйінен шақыртып алды. Тек қана батыл да тура шешімнің арқасында Карбовскийдің жіпке ілініп қалған өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды. Әлі жазылып бітпеген тігісті қайта сөгуге тура келді... Сол сияқты Монғол Халық Республикасы Мемлекеттік ән-би ансамблінің артисі Чимиддорж Цэвэлге де екі рет операция жасалды. Оның ауруы өте күрделі еді. Қолқа мен митральды клапандары бүлінген. Операцияны Мешалкиннің өзі жасады. Кешкісін сағат сегіздің кезінде науқастың қан қысымы күрт төмендеп, жағдайы қиындап кетті. Жүрек соғысы небәрі 40 қана; оның қағысы әрең-әрең естіледі. Оған тікелей қан қүйылды. Бірақ жігіт есін жинай алмайақ қойды. Асығыс профессор келді. Екінші қайтара операция жасаудан басқа амал қалмаған еді. Оны операция бөлмесіне алып барып, тағы да қан қүйды. Сонан соң барып негізгі шаруаға кірісті. - Сенің организмінде енді әрі сұлу әрі денсаулығы мықты екі бірдей орыс қызының қаны бар. Демек бұдан кейін бір өзің үшін ғана емес, үш адам үшін өмір сүруге міндеттісің. Кейінірек біз оған осылай деп қалжындайтынбыз. Сол түні ешбір дайындықсыз жедел түрде тағы бір сырқат адамға операция жасалды. Әлгі адамның кенеттен өкпесі ісініп, жүрегі тоқтап қалған. Мешалкин бастаған бір топ хирург сарғайып таң атқанша тізе бүкпестен өлім деген аждаһамен шайқасты. Бірақ бүл жолы өкпенің кесірінен әлгі жан мерт болды. Иә, ол қолдан демалдырғыш аппараттың күшімен бір түн, бір күн жатты. Дәрігерлер мұндай жағдайда жасалар көмектің бәрін де көрсетті, дегенмен оның өмірін сақтап қалуға олардың күші жетпеді. Өте сирек болса да өмір шіркіннің осындай қатал шындығы болып тұрады. Мен Мешалкиннің ауыр сырқаттың бетін қайтаруға шамасы келмей өзінің әлсіздігін мойындағандай күйзелгенін де көрдім. Бұл 25 февраль күні болған жайт еді. Дәл осы күні Евгений Николаевич елуге толған. Бұл күні оның операция жасаудан бас тартуға толық қақысы бар болатын. Бірақ Мешалкин ондай адам емес. Ол жеке басының қамынан халықтың, көмекке зәру жеке адамдардың мүддесін жоғары қоя білетін жан. Ол екі көздері төрт болып көмек күтіп жатқан үмітті жандарды ешқашан ұмыта алмайды. Сондықтан оларға көрсетер көмегін де кейінгі күндер үлесіне қалдырған емес. "Өте қатерлі сырқат - жүрек ауруын емдеп жазуға мүмкіндігі бар нағыз дәрігердің Қара басының қамын ойлап, өзгенің өміріне қиянат жасауға Қақысы жоқ деп жазады ол және өзі де осы принципті әрқашан берік ұстайды. Дәл сол күні, елу жылдығын атап өтудің орнына ол төрт жасар балаға операция жасады. Алдында баланың жүректің қан қуысы шымылдығында ақау бар деп шамалаған. Мықтап қателескенін жүректі ашқанда барып бір-ақ білді. Әдетте екеу болатын жүректің қан қуысы біреу болып шықты. Ал шымылдық деген атымен жоқ. Күре тамырымен жүретін қан артериямен ағатын қанмен араласып кеткен. Мешалкиннің қолынан келмейтін іс бұл. Ол кесілген жерді қайта тігіп, өзінің әлсіздігін, баланың анасының алдында ашықтан-ашық мойындады. - Бір ғана мүмкіндік қалды. Балаға жаңа жүрек салу керек. Күту керек - деді ол. Өмірде осындай жәйттер де болып тұрады. Мешалкин алдағы операцияның өте күрделі екендігін әрине білді. Институттан кетердің алдында Евгений Николаевичтен мен жүрек ауыстыруға және адамның басқа да ішкі органдарын жаңалауға қалай қарайтыңдығын, сонымен бірге жалпы кардиохирургияның болашағы туралы сұрадым. - Мен, - деді Мешалкин, - прөтездің орнында қисық та болса өз аяғының болғаны дұрыс деп есептеймін. Мен ішкі органдар мен жүректі ауыстыруға байланысты да осы сөзді айтар едім. Әрине, ақауланған органдарды жасанды протездермен ауыстыру ұлы жетістік екендігі рас. Қазіргі кезде кездесетін кедергілерді, мысалы, тканьдардың сәйкеспеушілік проблемасын белгілі бір дәрежеде шешкенмен органдарды ауыстырып, орнына басқа жаңасын салу немесе оларды протезбен алмастыру секілді істерге тек қана басқа мүмкіндік сарқылған кезде барған жөн. Шет елдерде, тіпті біздің елімізде де жүректі алмастыруға байланысты даңғаза шу шығып жүр - бұл дұрыс емес. Жүрек ауыстыру ісінің толып жатқан проблемалары бар. Сондықтан біз, кардиохирургтер, дәл қазіргі уақытта жүрек ауруларын хирургиялық жолмен емдеу жұмысын кең көлемде жүргізуді қамтамасыз етуге тиіспіз. Дүние жүзіңде жүрек сырқатына шалдыққан адамдар өте көп, сондықтан да олардың барлығының жүрегін ауыстырып, жаңасын салу немесе протезбен ауыстыруға ешқандай мүмкіндікжоқ. Өйткені осыншалық мөлшерде ақаусыз жүрек табу мүмкін емес. Сонымен бірге біздің ішкі органдарымыз жасанды ортаға бейімделмеген. Мұндай жағдайда жүрек ақауын емдеуге боларлық бір ғана жол қалатыны түсінікті. Демек жүрек ауруларын жаппай хирургиялық жолмен емдеуге көшкен жөн. Осылай ету арқылы ғана жүрек сырқаттарын жаппай емдеудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жасауға, ауруларға дер кезінде кардиохируршялық көмек көрсетуге және аталмыш сырқаттың өрісін тарылтуға болады. Мұндай жүйенің ең бір тиімді әрі жанды көрінісі - кардиохирургиялық институттар. Осы уақытта новосибирскілік ғалымдар өздері ашқан жаңалықтарын Сібір мен Қиыр Шығыс ауруханаларының тәжірибесіне батыл ендіруде. Осы өңірдегі өр түрлі қалаларда тұратындар жүйелі түрде профилактикалық байқаудан өткізіліп тұрады. Осы институтта 600 ден астам дәрігерлер арнайы даярлықтан өтті. Жергілікті хирургтер мен студенттер әр түрлі операцияларға қатысады. Соңғы бес жылдың ішінде ғана Новосибирск институтыньтң көмегінің арқасында Барнаул, Вологда, Вильнюс, Рига, Пятигорск, Омбы, Красноярск және Томск калаларында кардиологиялық орталықтар ұйымдастырылды. Институттың белді-белді қызметкерлері лекция оқып, тәжірибелік операциялар жасап және басқа да аса қажетті комектер көрсету үшін жиі-жиі осы қалаларға барып тұрады. Бұл секілді қарым-қатынастар жақсы нәтиже беріп жүр. Жергілікті жерлерде өте күрделі операциялар жасай алатын жақсы маманданған кардиохирургтер қатары көбейіп келеді. Менің жүрегімді ұлы хирург қолына алып көрді. Жо-жоқ, мен асырып айтып тұрған жоқпын. Ол кісіні басқаша атай алмаймын. Мен өзім осындай ғажайып хирургтың қолына түскенімді үлкен бақыт санаймын. Оның алтын пышағының қүдіретті күшімен сауығып кеткен мыңдаған адамдар секілді мен де Мешалкиннің асқан дарынына бас иемін. Мешалкин СССР-де бірінші болып, 1950 жылдан бастап іштен ақаулы жүрекпен туған балаларға операция жасап келеді. Ол үш жүзден астам ғылыми еңбектің авторы. Әлемде бірінші болып ол жүрекке операция жасаудың жиырма түрін және тәсілін тәжірибе жүзінде анықтады. Оның ең үздік шәкірттері - A. М. Марцинкявичус, И. А. Медведев, A. А. Минаелян, В. С. Сергиевский, И. И. Тожинский, Э. Т. Эзеритис, В. И. Фуфин, В. И. Францевтер осы уақытта Вильнюс, Ереван, Алматы, Пятигорск, Рига, Москва және де басқа Қалаларда жүрек-қан тамырлары бөлімшелеріне басшылық жасайды. Олар кардиохирургия ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосып жүр. Оның ішімдікке әуестігі жоқ, темекі де тартпайды. Денсаулығы жақсы. Елуге келгеніне қарамастан сырт көзге жас көрінеді. Ол сергек те сезімтал, күш-қуаты мол, нағыз дер шағында. Демек оның алтын пышағы талай сырқат адамдардың өмірін сақтап қалары ақиқат. Оның ғылым үшін, гуманизмнің асыл мұраттары үшін еңбек ете берері анық. Терапевтерден хирургтердің бір артықшылығы - олардың емінің тездігі мен нәтижелігінде болса керек. Қазір мен өзімді операциядан бұрынғыдан әлдеқайда жақсы сезінемін. Денсаулығым да күннен күнге жақсарып келе жатқан секілді. Операцияның нағыз нәтижесі бір жылдан кейін белгілі болмақ. Мешалкин осылай деген. Қазірше шыдау керек. Ендігінің бәрі де өзіме байланысты. Менің ендігі емшім - уақыт. Жүрек сырқатынан біржола арылып кетпесімді білемін. Профессордың өзі де бұлай деген жоқ. Ревматизмнің кесірінен жоғалтқанымның тең жартысы қалпына келсе де үлкен жетістік. Ең бастысы - қазір мен дені сау адамдар секілді емін-еркін тыныстай аламын. Бұрынғыдай жөтелге тұншығып, таң атқанша мазасызданбаймын, шалқамнан жатып үйықтай беремін. Ернім бұрын кезеріп тұрушы еді, қазір жүзіме қан жүгіріп, оңалып қадцым. Сағат санап, күн санап күшім де толысып келеді. Мен осынау ғажайып жұпар ауаны құмарым қанбай жұтамын. Өмір қандай ғажап еді! Мен саған ғашықпын, ғажайып өмір!..  Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Кардиохирургтер аса шапшаң адамдар. Тек олар ғана емес, медициналық сестралар, санитаркалар мен лаборанттар да осындай. Мұнда қандай іс болса да еш кідіріссіз, өте шапшаң орындалып жатады. Бұл мекемеде жұмыс істейтіндер тек қана теріден тігілген сүйретпе киеді. Осы аяқ киімнің дыбысы құлаққа соншалық етене. Таң азаннан түннің бір уағына дейін әлгі дыбыс естіліп тұрады. Қарбалас жүріс, әсіресе, ертеңгілікте басым. Өйткені бұл кезде операция жүріп жатады.

Кардиохирургтер үшін уақыт деген ауадай қымбат. Ол хирургтердің қыр желкесіне төніп тұрған алмас қылыш тәрізді. Құрсақ қуысына, миға, ішкі секреция бездеріне және басқа мүшелерге асықпай, әлденеше рет үзіліс жасап, аздап демалып, сонан соң сырқат туралы студенттерге әңгіме айтып тұрып-ақ операция жасай беруге болады. Ал жүрекке операция жасаушы хирургтің мұндай мүмкіндігі жоқ. Өйткені мұндайда бір сәттік кідірістің өзі істі насырға шаптыруы мүмкін. Мәселен, ми қан айналу процесінсіз бес минут қана өмір сүре алады. Тіпті жүрек қалтқысы арқылы зақымданған клапан тесігінің бітуінің кесірінен жүректің тоқтап қалуы мүмкін. АИК-тің көмегімен операция жасау кезінде де уақыттың мәні жоғалмайды. Жасанды жолмен қан айналуды реттеу арқылы жүректі 20 минут тоқтатып қоюға болады. Мұның бэлендей зардабы жоқ. Ал 30 минуттан асқан соң қанның үйығыштық қасиетін қалпына келтіру өте қиын. Ал, егер жүрек бір сағат бойы немесе одан да кеп уақыт тоқтап тұратын болса, онда өлім туады, демек мұндай жағдайда үміттену бекер.

Міне, кардиохирургтердің асығыстығының сыры осында. Алматыда да және осында келген соң да мен кардиохирургтердің шапшандығын, қашан болсын асығыпаптығып жүретіндігін - тәртіптің және олардың өз ісіне берілгендігінің белгісі шығар деп ойлайтынмын. Сөйтсем, кардиохирург мамандығы сылбырлықты кетермейді екен. Кімде кім батылсыз, сылбыр да салақ болса бұл мекемеде қызмет істей алмайды. Өйткені, мұнда өмір деген сағатпен емес секундтармен есептеледі.

Сонымен бірге әрбір кардиохирург өзінің ғана емес, өзгенің қайғысына шын күйіне білетіндей, сырқат адамның туыстары мен жақындарымен бірге қайғыра алатындай болуға тиіс. Және шын мәніндегі гуманист, ерекше жүрек иесі болу оның бірінші міндеті. "Өйткені ол, - дейді Мешалкин, - күн сайын тірі адамның өмірін сақтап қалу үшін тәуекел жасайды. Оның адам өмірін сақтап қалуы да, ойламаған жердсн өлтіріп алуы да мүмкін". Кардиохирургиялық клиникалардағы дәрігерлердің шетінен салмақтылығының өз істеріне шынайы берілгендігінің адам өмірін сақтап қалу үшін күш-жігерін, тіпті, өз қара басын да аямайтын, керек болса сырқаттың жанына түнеп қала беретін жанксштілігінің сыры осында жатса керек. Сырқат адамның өміріне қауігі төнген жағдайда кез-келген кезекші дәрігер уақыттың қай кез екендігіне қарамай қажеттілікке орай кез-келген дәрежедегі маман-дәрігерді шақыртып ала алады. Мен Мешалкиннің, оның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, профессор Н. И. Кремлевтің, институттың бас терапевті Ш. И. Шуртаяның, бөлімше меңгерушілері - медицина ғылымының докторлары Е. П. Келин және Г. А. Моргуновтардың түн жарымында шақыру бойынша клиникаға келгенін, адам өмірін сақтап қалу үшін арпалыспен таң атырғанын талай рет көрдім. Олар мұндай күндері уақыт тапса ғана аздап мызғып алып, қызметтеріне кірісіп кететін. Дәл осындай жайттардың болып тұратынын Алматыда, В. С. Сергиевскийдің клиникасында емделіп жатқан кезімде де байқағанмын.

Мешалкин басқаратын институт даңқының дацғайырлығы сонша, мұнда еліміздің әр қиырынан адамдар қаптап келіп жатады. Өздері тұратын қалаларда ірі-ірі кардиохирургиялық орталықтардың жұмыс істейтіндігіне және жолдың қашықтығына қарамастан сонау Украинадан, Орта Азия мен Қазақстаннан, Кавказдан, Ленинград пен Москвадан, тіпті, шет елдерден адамдардың ағылып келетіндігі аса ірі хирургке деген сенімнің белгісі болса керек. Украиналық Зем мен Пермяковқа, молдавиялық Карбовскийге, москвалық Игуменовқа, туысқан Монғолиядан келген Болдан мен Цэвэлге менімен қатар операция жасалды. Ал енді кезек күтіп жатқандар қаншама!...

Михаил Карбовскийге киевтегілер операция жасаудан бас тартыпты. Ондағылар бүл жігіттің қолқасы ақаулы деп тапқан көрінеді. Мұнда келген соң оған жан-жақты тексеру жүргізілген, ақыры бұрынғы диагонозының дұрыс қойылмағанын анықтаған да операция жасаған. Оның сырқатының қолқа клапанының стенозы екенін мұнда келмесе бұрынғы дәрігерлері біле алмай асқындырып алуы да мүмкін  екен. Операция өте сәтті өтті, үшінші күні оны өз палатасына алып келді, қатты қуанған шығар, бәлкім, ол сол күні

орнынан тұрып, жүріп кетпекші болды. Бірнеше адым аттағаны сол еді, басы айналып, құлап түсті. Кезекші дәрігерлер,медициналық сестралар, лаборанттар жүгіріп-жүгіріп келді. Көп ұзамай бөлімше меңгерушісі, институттың бас терапевті келді, оған операция жасаған профессор Кремлевті үйінен шақыртып алды. Тек қана батыл да тура шешімнің арқасында Карбовскийдің жіпке ілініп қалған өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды. Әлі жазылып бітпеген тігісті қайта сөгуге тура келді...

Сол сияқты Монғол Халық Республикасы Мемлекеттік ән-би ансамблінің артисі Чимиддорж Цэвэлге де екі рет операция жасалды. Оның ауруы өте күрделі еді. Қолқа мен митральды клапандары бүлінген. Операцияны Мешалкиннің өзі жасады. Кешкісін сағат сегіздің кезінде науқастың қан қысымы күрт төмендеп, жағдайы қиындап кетті. Жүрек соғысы небәрі 40 қана; оның қағысы әрең-әрең естіледі. Оған тікелей қан қүйылды. Бірақ жігіт есін жинай алмайақ қойды. Асығыс профессор келді. Екінші қайтара операция жасаудан басқа амал қалмаған еді. Оны операция бөлмесіне алып барып, тағы да қан қүйды. Сонан соң барып негізгі шаруаға кірісті.

- Сенің организмінде енді әрі сұлу әрі денсаулығы мықты екі бірдей орыс қызының қаны бар. Демек бұдан кейін бір өзің үшін ғана емес, үш адам үшін өмір сүруге міндеттісің.

Кейінірек біз оған осылай деп қалжындайтынбыз.

Сол түні ешбір дайындықсыз жедел түрде тағы бір сырқат адамға операция жасалды. Әлгі адамның кенеттен өкпесі ісініп, жүрегі тоқтап қалған. Мешалкин бастаған бір топ хирург сарғайып таң атқанша тізе бүкпестен өлім деген аждаһамен шайқасты. Бірақ бүл жолы өкпенің кесірінен әлгі жан мерт болды. Иә, ол қолдан демалдырғыш аппараттың күшімен бір түн, бір күн жатты. Дәрігерлер мұндай жағдайда жасалар көмектің бәрін де көрсетті, дегенмен оның өмірін сақтап қалуға олардың күші жетпеді.

Өте сирек болса да өмір шіркіннің осындай қатал шындығы болып тұрады. Мен Мешалкиннің ауыр сырқаттың бетін қайтаруға шамасы келмей өзінің әлсіздігін мойындағандай күйзелгенін де көрдім. Бұл 25 февраль күні болған жайт еді. Дәл осы күні Евгений Николаевич елуге толған. Бұл күні оның операция жасаудан бас тартуға толық қақысы бар болатын. Бірақ Мешалкин ондай адам емес. Ол жеке басының қамынан халықтың, көмекке зәру жеке адамдардың мүддесін жоғары қоя білетін жан. Ол екі көздері төрт болып көмек күтіп жатқан үмітті жандарды ешқашан ұмыта алмайды. Сондықтан оларға көрсетер көмегін де кейінгі күндер үлесіне қалдырған емес. "Өте қатерлі сырқат - жүрек ауруын емдеп жазуға мүмкіндігі бар нағыз дәрігердің Қара басының қамын ойлап, өзгенің өміріне қиянат жасауға Қақысы жоқ деп жазады ол және өзі де осы принципті әрқашан берік ұстайды. Дәл сол күні, елу жылдығын атап өтудің орнына ол төрт жасар балаға операция жасады. Алдында баланың жүректің қан қуысы шымылдығында ақау бар деп шамалаған. Мықтап қателескенін жүректі ашқанда барып бір-ақ білді. Әдетте екеу болатын жүректің қан қуысы біреу болып шықты. Ал шымылдық деген атымен жоқ. Күре тамырымен жүретін қан артериямен ағатын қанмен араласып кеткен. Мешалкиннің қолынан келмейтін іс бұл. Ол кесілген жерді қайта тігіп, өзінің әлсіздігін, баланың анасының алдында ашықтан-ашық мойындады.

- Бір ғана мүмкіндік қалды. Балаға жаңа жүрек салу керек. Күту керек - деді ол.

Өмірде осындай жәйттер де болып тұрады. Мешалкин алдағы операцияның өте күрделі екендігін әрине білді.

Институттан кетердің алдында Евгений Николаевичтен мен жүрек ауыстыруға және адамның басқа да ішкі органдарын жаңалауға қалай қарайтыңдығын, сонымен бірге жалпы кардиохирургияның болашағы туралы сұрадым.

- Мен, - деді Мешалкин, - прөтездің орнында қисық та болса өз аяғының болғаны дұрыс деп есептеймін. Мен ішкі органдар мен жүректі ауыстыруға байланысты да осы сөзді айтар едім. Әрине, ақауланған органдарды жасанды протездермен ауыстыру ұлы жетістік екендігі рас. Қазіргі кезде кездесетін кедергілерді, мысалы, тканьдардың сәйкеспеушілік проблемасын белгілі бір дәрежеде шешкенмен органдарды ауыстырып, орнына басқа жаңасын салу немесе оларды протезбен алмастыру секілді істерге тек қана басқа мүмкіндік сарқылған кезде барған жөн. Шет елдерде, тіпті біздің елімізде де жүректі алмастыруға байланысты даңғаза шу шығып жүр - бұл дұрыс емес. Жүрек ауыстыру ісінің толып жатқан проблемалары бар. Сондықтан біз, кардиохирургтер, дәл қазіргі уақытта жүрек ауруларын хирургиялық жолмен емдеу жұмысын кең көлемде жүргізуді қамтамасыз етуге тиіспіз. Дүние жүзіңде жүрек сырқатына шалдыққан адамдар өте көп, сондықтан да олардың барлығының жүрегін ауыстырып, жаңасын салу немесе протезбен ауыстыруға ешқандай мүмкіндікжоқ. Өйткені осыншалық мөлшерде ақаусыз жүрек табу мүмкін емес. Сонымен бірге біздің ішкі органдарымыз жасанды ортаға бейімделмеген. Мұндай жағдайда жүрек ақауын емдеуге боларлық бір ғана жол қалатыны түсінікті. Демек жүрек ауруларын жаппай хирургиялық жолмен емдеуге көшкен жөн. Осылай ету арқылы ғана жүрек сырқаттарын жаппай емдеудің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жасауға, ауруларға дер кезінде кардиохируршялық көмек көрсетуге және аталмыш сырқаттың өрісін тарылтуға болады.

Мұндай жүйенің ең бір тиімді әрі жанды көрінісі - кардиохирургиялық институттар. Осы уақытта новосибирскілік ғалымдар өздері ашқан жаңалықтарын Сібір мен Қиыр Шығыс ауруханаларының тәжірибесіне батыл ендіруде. Осы өңірдегі өр түрлі қалаларда тұратындар жүйелі түрде профилактикалық байқаудан өткізіліп тұрады. Осы институтта 600 ден астам дәрігерлер арнайы даярлықтан өтті. Жергілікті хирургтер мен студенттер әр түрлі операцияларға қатысады. Соңғы бес жылдың ішінде ғана Новосибирск институтыньтң көмегінің арқасында Барнаул, Вологда, Вильнюс, Рига, Пятигорск, Омбы, Красноярск және Томск калаларында кардиологиялық орталықтар ұйымдастырылды. Институттың белді-белді қызметкерлері лекция оқып, тәжірибелік операциялар жасап және басқа да аса қажетті комектер көрсету үшін жиі-жиі осы қалаларға барып тұрады. Бұл секілді қарым-қатынастар жақсы нәтиже беріп жүр. Жергілікті жерлерде өте күрделі операциялар жасай алатын жақсы маманданған кардиохирургтер қатары көбейіп келеді.

Менің жүрегімді ұлы хирург қолына алып көрді. Жо-жоқ, мен асырып айтып тұрған жоқпын. Ол кісіні басқаша атай алмаймын. Мен өзім осындай ғажайып хирургтың қолына түскенімді үлкен бақыт санаймын. Оның алтын пышағының қүдіретті күшімен сауығып кеткен мыңдаған адамдар секілді мен де Мешалкиннің асқан дарынына бас иемін.

Мешалкин СССР-де бірінші болып, 1950 жылдан бастап іштен ақаулы жүрекпен туған балаларға операция жасап келеді. Ол үш жүзден астам ғылыми еңбектің авторы. Әлемде бірінші болып ол жүрекке операция жасаудың жиырма түрін және тәсілін тәжірибе жүзінде анықтады. Оның ең үздік шәкірттері - A. М. Марцинкявичус, И. А. Медведев, A. А. Минаелян, В. С. Сергиевский, И. И. Тожинский, Э. Т. Эзеритис, В. И. Фуфин, В. И. Францевтер осы уақытта Вильнюс, Ереван, Алматы, Пятигорск, Рига, Москва және де басқа Қалаларда жүрек-қан тамырлары бөлімшелеріне басшылық жасайды. Олар кардиохирургия ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосып жүр.

Оның ішімдікке әуестігі жоқ, темекі де тартпайды. Денсаулығы жақсы. Елуге келгеніне қарамастан сырт көзге жас көрінеді. Ол сергек те сезімтал, күш-қуаты мол, нағыз дер шағында. Демек оның алтын пышағы талай сырқат адамдардың өмірін сақтап қалары ақиқат. Оның ғылым үшін, гуманизмнің асыл мұраттары үшін еңбек ете берері анық.

Терапевтерден хирургтердің бір артықшылығы - олардың емінің тездігі мен нәтижелігінде болса керек. Қазір мен өзімді операциядан бұрынғыдан әлдеқайда жақсы сезінемін. Денсаулығым да күннен күнге жақсарып келе жатқан секілді. Операцияның нағыз нәтижесі бір жылдан кейін белгілі болмақ. Мешалкин осылай деген. Қазірше шыдау керек. Ендігінің бәрі де өзіме байланысты. Менің ендігі емшім - уақыт. Жүрек сырқатынан біржола арылып кетпесімді білемін. Профессордың өзі де бұлай деген жоқ. Ревматизмнің кесірінен жоғалтқанымның тең жартысы қалпына келсе де үлкен жетістік. Ең бастысы - қазір мен дені сау адамдар секілді емін-еркін тыныстай аламын. Бұрынғыдай жөтелге тұншығып, таң атқанша мазасызданбаймын, шалқамнан жатып үйықтай беремін. Ернім бұрын кезеріп тұрушы еді, қазір жүзіме қан жүгіріп, оңалып қадцым. Сағат санап, күн санап күшім де толысып келеді. Мен осынау ғажайып жұпар ауаны құмарым қанбай жұтамын. Өмір қандай ғажап еді! Мен саған ғашықпын, ғажайып өмір!..

 Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: