VIII БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 09:00

Жалпы бұл институтта гипотермияның көмегімен операция жасау тәсілі жақсы жолға қойылған. Кардиохирургияның болашағы туралы айта келіп, Мешалкиннің өзі осы тәсілге үлкен сенім білдіреді. - Жүрек ауруларының ішіндегі ең көп тараған осы ақау (порок), - дейді Евгений Николаевич. - Мұндай кеселмен кез келген елде тұратын халықтың үш проценті ауырады. Олар негізінен жастар, әлгілердің басым көпшілігі 20 мен 30-дың арасындағылар. Өзіңіз есептеп керіңізші, үш проценттің аз еместігіне көзіңіз жетеді. Мысалы, бір ғана Сібірдің өзінде үш процент алты жүз мыңға тең, ал Қазақстаңда төрт жүз мың. Біздің институтта он жылдың ішінде ғана он мыңнан астам операция жасалды. Бұл бүкіл Сібір мен Қиыр Шығыстағы жалғыз институт. Демек, сырқатқа шалдыққан сібірліктерге көмектесу үшін ғана біздің коллективке алпыс жыл уақыт керек. Немесе осыншама адамға он, он бес жылдың ішінде операция жасау үшін дәл біздікі секілді тағы да бес-алты кардиохирургиялық орталық ұйымдастыру қажет. Меніңше, мұндай клиниканы кез келген облыстық, қалалық ауруханалардан ашуға болар еді. Кез келген ауруханада сырқат адамдарға кардиохирургияық көмек көрсететін мезгіл жетті. Бұүл тез арада шешілуге тиіс мәселе. Бұл іске гипөтермия тәсілі кең жол ашады... Шындығында да жүрек ауруларына қарсы күресті күшейту үшін оған барлық майданнан шабуыл жасау қажет. Яғни, бұл іске хирургтерді кең көлемде тартқан дұрыс болар еді. Ауруханаларда мамандандырылған кардиохирургтер неғұрлым көп болса, жүздеген мың сырқаттарға кәрсетілер көмек те соғұрлым жеделдер өрі жеңілдер еді. Меніңше, бұған ешкім де дау айтпайды. Өйткені осы күні ақаулы жүрекке операция жасау кейбіреулер ойлайтындай аса қауіпті емес, себебі - қазіргі кезде бұл іс өте жақсы меңгерілген. Дегенмен бұл операциялардың көпшілігін жүректі аз уақытка болса да қан айналу жүйесінен бөлектемей тұрып жасау мүмкін емес. Мұндай соттерде өзіміз білетін АИК-тің көмегі қажет. Ол операция кезінде жүректің қызметін атқарады, яғни, қанды тамырларға таратып тұрады. Немесе мұндай операцияны мұздың көмегімен, адам денесінің температурасын төмендету аркылы жасауға болады. Мұндай кезде организмдегі зат алмасу процесі тоқтап, клеткалар мен ткандар қан айналысының үзілуіне қарамастан ондаған минуттар аралығында өмір сүре береді. Совет хирургтері, әсіресе Мешалкин және оның шәкірттері операция үстінде сырқаттардың жүрегін 5-10 минутқа тоқтатып қояды. Жүректі әр түрлі ақаулардан тазалауға бұл уақыт толық жетеді. Олар АИК аппаратын өте қиын жағдайларда, операция тым ұзаққа созылып кеткенде, операцияның тез арада аяқталатындығына сенбегенде ғана қолданады. АИК аппаратының кардиохирургтердің мүмкіндігін кеңітетіні, сонымен бірге өте сенімді қолқанат екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен оның бір үлкен кемшілігі де бар. Өйткені, бұл аппаратты қазірше жаппай қолдануға мүмкіндік жоқ. Себебі АИК-тің көмегімен жасалынған бір ғана операцияға орта есеипен 5 литр донорлық қан кетеді. Ал жүрегін тоқтатып қою арқылы операция жасау қажет болатын сырқаттар сан мындап саналады. Ендеше мүншама мөлшерде Қан табудың өзі қиын. Сондықтан да жүрек сырқатына шалдыққандарды жаппай операция арқылы емдегенде ең тиімдісі - гипотермия тәсілі. Ал Мешалкиннің қарсыластары адам денесін мұздату арқылы операция жасау өте қауіпті деген тұжырым айтады. Олардын, ұғымынша, жүрекке жаппай операция жасау аса қиын. Демек, мұндай операциялар тек қана мамандандырылған орталықтарда ғана жасалуға тиіс. Рас, бұл жеңіл емес, өте қауіпті екені де анық. Дегенмен, жүрекке қай жерде операция жасалмасын, мейлі, мұның өзі қауіпті емес пе? Ендеше тәуекелсіз іс бітпейді. Иә, бүл тәсіл де өте күрделі. Оны меңгеру үшін кім-кім де білімді, тәжірибелі әрі өз ісінің шебері болуға тиіс. Бірақ бұл тәсілді игеруге болмайды деп ешкім де айта алмайды. ІПет елдік кардиохирургтерді айтпағанның өзінде, еліміздегі басқа кардиохирургиялық орталықтарда бүл тәсіл жақсы игерілген. Бар істің оны батыл қолға алуға ғана тіреліп тұрғаны ақиқат. Біздің хирургтердің оны тез арада игеріп кететіндігіне күмән келтіруге болмайды. Тіпті, осыдан аз ғана уақыт бұрын баршамыз жүректі емдеуге болмайды деп келген жоқпыз ба?! Сонымен бірге өкпе, нейрохирургия, ортопедия және де басқа осылар секілді күрделі операцияларды арнайы маманданған орталықтарда ғана жасауга болады деп есептегеніміз де құпия емес қой. Өмірдің өзі осындай түсініктерді теріске шығарды. Совет медицинасы өзінің ауқымдылығымен, профилактикалық және емдеу тәсілдерін кең көлемде тарата білетін қасиетімен бағаланады. Себебі - мұның шын мәнінде жалпы мемлекеттік ауқымда аса зор әлеуметтік мәні бар.

Жалпы бұл институтта гипотермияның көмегімен операция жасау тәсілі жақсы жолға қойылған. Кардиохирургияның болашағы туралы айта келіп, Мешалкиннің өзі осы тәсілге үлкен сенім білдіреді.

- Жүрек ауруларының ішіндегі ең көп тараған осы ақау (порок), - дейді Евгений Николаевич. - Мұндай кеселмен кез келген елде тұратын халықтың үш проценті ауырады. Олар негізінен жастар, әлгілердің басым көпшілігі 20 мен 30-дың арасындағылар. Өзіңіз есептеп керіңізші, үш проценттің аз еместігіне көзіңіз жетеді. Мысалы, бір ғана Сібірдің өзінде үш процент алты жүз мыңға тең, ал Қазақстаңда төрт жүз мың. Біздің институтта он жылдың ішінде ғана он мыңнан астам операция жасалды. Бұл бүкіл Сібір мен Қиыр Шығыстағы жалғыз институт. Демек, сырқатқа шалдыққан сібірліктерге көмектесу үшін ғана біздің коллективке алпыс жыл уақыт керек. Немесе осыншама адамға он, он бес жылдың ішінде операция жасау үшін дәл біздікі секілді тағы да бес-алты кардиохирургиялық орталық ұйымдастыру қажет. Меніңше, мұндай клиниканы кез келген облыстық, қалалық ауруханалардан ашуға болар еді. Кез келген ауруханада сырқат адамдарға кардиохирургияық көмек көрсететін мезгіл жетті. Бұүл тез арада шешілуге тиіс мәселе. Бұл іске гипөтермия тәсілі кең жол ашады...

Шындығында да жүрек ауруларына қарсы күресті күшейту үшін оған барлық майданнан шабуыл жасау қажет. Яғни, бұл іске хирургтерді кең көлемде тартқан дұрыс болар еді. Ауруханаларда мамандандырылған кардиохирургтер неғұрлым көп болса, жүздеген мың сырқаттарға кәрсетілер көмек те соғұрлым жеделдер өрі жеңілдер еді. Меніңше, бұған ешкім де дау айтпайды. Өйткені осы күні ақаулы жүрекке операция жасау кейбіреулер ойлайтындай аса қауіпті емес, себебі - қазіргі кезде бұл іс өте жақсы меңгерілген. Дегенмен бұл операциялардың көпшілігін жүректі аз уақытка болса да қан айналу жүйесінен бөлектемей тұрып жасау мүмкін емес. Мұндай соттерде өзіміз білетін АИК-тің көмегі қажет. Ол операция кезінде жүректің қызметін атқарады, яғни, қанды тамырларға таратып тұрады. Немесе мұндай операцияны мұздың көмегімен, адам денесінің температурасын төмендету аркылы жасауға болады. Мұндай кезде организмдегі зат алмасу процесі тоқтап, клеткалар мен ткандар қан айналысының үзілуіне қарамастан ондаған минуттар аралығында өмір сүре береді. Совет хирургтері, әсіресе Мешалкин және оның шәкірттері операция үстінде сырқаттардың жүрегін 5-10 минутқа тоқтатып қояды. Жүректі әр түрлі ақаулардан тазалауға бұл уақыт толық жетеді. Олар АИК аппаратын өте қиын жағдайларда, операция тым ұзаққа созылып кеткенде, операцияның тез арада аяқталатындығына сенбегенде ғана қолданады.

АИК аппаратының кардиохирургтердің мүмкіндігін кеңітетіні, сонымен бірге өте сенімді қолқанат екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен оның бір үлкен кемшілігі де бар. Өйткені, бұл аппаратты қазірше жаппай қолдануға мүмкіндік жоқ. Себебі АИК-тің көмегімен жасалынған бір ғана операцияға орта есеипен 5 литр донорлық қан кетеді. Ал жүрегін тоқтатып қою арқылы операция жасау қажет болатын сырқаттар сан мындап саналады. Ендеше мүншама мөлшерде Қан табудың өзі қиын. Сондықтан да жүрек сырқатына шалдыққандарды жаппай операция арқылы емдегенде ең тиімдісі - гипотермия тәсілі.

Ал Мешалкиннің қарсыластары адам денесін мұздату арқылы операция жасау өте қауіпті деген тұжырым айтады. Олардын, ұғымынша, жүрекке жаппай операция жасау аса

қиын. Демек, мұндай операциялар тек қана мамандандырылған орталықтарда ғана жасалуға тиіс.

Рас, бұл жеңіл емес, өте қауіпті екені де анық. Дегенмен, жүрекке қай жерде операция жасалмасын, мейлі, мұның өзі қауіпті емес пе? Ендеше тәуекелсіз іс бітпейді. Иә, бүл тәсіл де өте күрделі. Оны меңгеру үшін кім-кім де білімді, тәжірибелі әрі өз ісінің шебері болуға тиіс. Бірақ бұл тәсілді игеруге болмайды деп ешкім де айта алмайды. ІПет елдік кардиохирургтерді айтпағанның өзінде, еліміздегі басқа кардиохирургиялық орталықтарда бүл тәсіл жақсы игерілген. Бар істің оны батыл қолға алуға ғана тіреліп тұрғаны ақиқат. Біздің хирургтердің оны тез арада игеріп кететіндігіне күмән келтіруге болмайды. Тіпті, осыдан аз ғана уақыт бұрын баршамыз жүректі емдеуге болмайды деп келген жоқпыз ба?! Сонымен бірге өкпе, нейрохирургия, ортопедия және де басқа осылар секілді күрделі операцияларды арнайы маманданған орталықтарда ғана жасауга болады деп есептегеніміз де құпия емес қой. Өмірдің өзі осындай түсініктерді теріске шығарды. Совет медицинасы өзінің ауқымдылығымен, профилактикалық және емдеу тәсілдерін кең көлемде тарата білетін қасиетімен бағаланады. Себебі - мұның шын мәнінде жалпы мемлекеттік ауқымда аса зор әлеуметтік мәні бар.

Бөлісу: