V БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 08:57

Ертеңгі сағат тоғызда аға медициналық сестра Нина Андреевна маған Алматьщан, достарымнан келген екі телеграмманы әкеліп берді. Олар менің көңілімді жұбатып, табыс тілейді. Әрине, бұл мені біраз толқытты. Осындай сәттерде үлкен жүректерімен тілектес болып, ізгілік тілеп, жанашырлық танытқан жақындарыңнан хабар алу қандай тамаша. Ол саған дем береді. Құлап бара жатсаң демеп қалар ниеттес достарьщның көптігін біліп, кереметтей қуанышқа бөленесің. Рақмет сендерге, алғыс жаусын, менің қымбаттыларым!... Тағы да бес минуттай уақыт өтті. Міне, сып-сидам ақ қайың секілді келісті келген, қой кезді Таня мен қимылы салмақты, өзі сабырлы Лида төсегімнің тұсына қол арбаны итеріп алып келді. Ақырғы сәтте олар мені көңілдендіруге тырысып, әзіл айтады, күледі. Кәп кешікпей жолға шықтық. Әдеттегідей дәліздің екі қапталында түрегеп жүретіндер қазқатар тізіліп тұр. Қолдарын бұлғап, табыс тілейді, жылы жымияды. Әдетте қиын-қыстау кезде адамдар бір-бірімен тез арада жақындасып, қандас бауырлардай болып кетеді ғой. Операцияға баратын кісіні дәл осылай шығарып салу мұндағы жан толқытар ең бір жақсы дәстүр. Сендерге де рақмет, қымбаттыларым! Жаным жадырап, сенімім бұрынғыдан да күшейе түскендей... Мені операция бөлмесінің кіреберістегі дәлізіне алып келді. Таня мен Люда арнайы дайындалмағандықтан осы арада қалады, ал қол арбаны аппақ маска және көкшіл түсті аяқкиім киген анестезиологиялық медсестралар ішке кіргізуге тиіс. Сол қапталдагы бөлмеге кірдік. Бізді Сан Саныч жымия күліп, қарсы алды. - Келуіңмен! Қалай қорқынышты емес пе? - деп сұрады ол. - Жоқ. Қорқыныш түгіл секем де жоқ, - дедім мен - Рас, аздап қана толқып жатырмын. Сонан соң бұл мұндай операция бөлмесіне бірінші рет келуім емес... Бұл рас. Бұған дейін менің екі рет кардиохирургиялық операцияларға қатысуыма мүмкіндік туған-ды. Мұнда емес әрине, Алматыда, Сергиевскийдің институтында. Ол кісі Қазақтың клиникалық жөне эксперименталды ғылыми-зерттеу институтының жүрек аурулары бөлімін басқарады. 1969 жылы март айында осы институтта аурулардың тілімен айтқанда, мені екі рет "атқан", яғни, жүрегімнің қағысын түзету үшін дефибрилляция жасаған, жүрегім арқылы жоғары кернеулі электр тогын өткізген. Бірақ бұдан ешқандай ңәтиже шықпады. Мен бұл жолы операция бөлмесімен танысып, хирургиялық столды көріп, қан тамырларына жіберілетін наркөздың ғажайып әсер-күшін басымнан өткерумен және электрлі "зеңбіректің атқылауын" сезінуменен ғана қанағаттанған болатынмын. Аз ғана көріп білгенің, шамалы тәжірибеңнің өзі сеніміңді күшейтіп, қорқынышыңды сейілтіп жібереді екен. Бір кезде электрлі зеңбіректің "атқылауына" төтеп берген маған операциядан корқу ұят қой. Мен арбадан түсіп, көгілдір-жасыл мата тоселген енсіздеу келген столдың үстіне шығып, Сан Санычпен сөйлесе отырып, төңірегімді түгелдей шолып шыққан соң барып, шалқамнан жаттым. Оң жағымда қан құйғыш аппарат тұр. Осы арқылы менің тамырыма наркөз жібереді. Міне, медициналық сестралар тамырыма ине қадап, санай бастады. Қалай ұйықтап кететіндігімді біліп алмаққа барымды салып-ақ бақтым, бірақ, ештеңе де аңғара алмадым, алғашқы әлетте аздап қана басым айналған секілденді, сонан соң әлдебір тұңғиыққа түсіп кеткендей болдым...

Ертеңгі сағат тоғызда аға медициналық сестра Нина Андреевна маған Алматьщан, достарымнан келген екі телеграмманы әкеліп берді. Олар менің көңілімді жұбатып, табыс

тілейді. Әрине, бұл мені біраз толқытты. Осындай сәттерде үлкен жүректерімен тілектес болып, ізгілік тілеп, жанашырлық танытқан жақындарыңнан хабар алу қандай тамаша. Ол

саған дем береді. Құлап бара жатсаң демеп қалар ниеттес достарьщның көптігін біліп, кереметтей қуанышқа бөленесің. Рақмет сендерге, алғыс жаусын, менің қымбаттыларым!...

Тағы да бес минуттай уақыт өтті. Міне, сып-сидам ақ қайың секілді келісті келген, қой кезді Таня мен қимылы салмақты, өзі сабырлы Лида төсегімнің тұсына қол арбаны итеріп алып келді. Ақырғы сәтте олар мені көңілдендіруге тырысып, әзіл айтады, күледі. Кәп кешікпей жолға шықтық. Әдеттегідей дәліздің екі қапталында түрегеп жүретіндер қазқатар тізіліп тұр. Қолдарын бұлғап, табыс тілейді, жылы жымияды. Әдетте қиын-қыстау кезде адамдар бір-бірімен тез арада жақындасып, қандас бауырлардай болып кетеді ғой. Операцияға баратын кісіні дәл осылай шығарып салу мұндағы жан толқытар ең бір жақсы дәстүр. Сендерге де рақмет, қымбаттыларым! Жаным жадырап, сенімім бұрынғыдан да күшейе түскендей...

Мені операция бөлмесінің кіреберістегі дәлізіне алып келді. Таня мен Люда арнайы дайындалмағандықтан осы арада қалады, ал қол арбаны аппақ маска және көкшіл түсті аяқкиім киген анестезиологиялық медсестралар ішке кіргізуге тиіс. Сол қапталдагы бөлмеге кірдік. Бізді Сан Саныч жымия күліп, қарсы алды.

- Келуіңмен! Қалай қорқынышты емес пе? - деп сұрады ол.

- Жоқ. Қорқыныш түгіл секем де жоқ, - дедім мен - Рас, аздап қана толқып жатырмын. Сонан соң бұл мұндай операция бөлмесіне бірінші рет келуім емес...

Бұл рас. Бұған дейін менің екі рет кардиохирургиялық операцияларға қатысуыма мүмкіндік туған-ды. Мұнда емес әрине, Алматыда, Сергиевскийдің институтында. Ол кісі

Қазақтың клиникалық жөне эксперименталды ғылыми-зерттеу институтының жүрек аурулары бөлімін басқарады. 1969 жылы март айында осы институтта аурулардың тілімен айтқанда, мені екі рет "атқан", яғни, жүрегімнің қағысын түзету үшін дефибрилляция жасаған, жүрегім арқылы жоғары кернеулі электр тогын өткізген. Бірақ бұдан ешқандай ңәтиже шықпады. Мен бұл жолы операция бөлмесімен танысып, хирургиялық столды көріп, қан тамырларына жіберілетін наркөздың ғажайып әсер-күшін басымнан өткерумен және электрлі "зеңбіректің атқылауын" сезінуменен ғана қанағаттанған болатынмын. Аз ғана көріп білгенің, шамалы тәжірибеңнің өзі сеніміңді күшейтіп, қорқынышыңды сейілтіп жібереді екен. Бір кезде электрлі зеңбіректің "атқылауына" төтеп берген маған операциядан корқу ұят қой.

Мен арбадан түсіп, көгілдір-жасыл мата тоселген енсіздеу келген столдың үстіне шығып, Сан Санычпен сөйлесе отырып, төңірегімді түгелдей шолып шыққан соң барып, шалқамнан жаттым. Оң жағымда қан құйғыш аппарат тұр. Осы арқылы менің тамырыма наркөз жібереді. Міне, медициналық сестралар тамырыма ине қадап, санай бастады. Қалай

ұйықтап кететіндігімді біліп алмаққа барымды салып-ақ бақтым, бірақ, ештеңе де аңғара алмадым, алғашқы әлетте аздап қана басым айналған секілденді, сонан соң әлдебір тұңғиыққа түсіп кеткендей болдым...

Бөлісу: