IV БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 08:56

Ревматизм деген әдетте бала кезде жабысады. Бұл сырқат маған бұдан жиырма жыл бұрын, он бес жасқа жаңа толғанда алғаш рет "тіс" көрсетті. Оның жүрегімді зақымдауына небәрі төрт-ақ жыл керек болды. Кейінгі он жылдың ішіңде ревматизм бірде бір рет мазаламағанмен жүрегім біржола зақымданып, белгі бере бастады. Міне, сөйтіп келе-келе жүрегімнің ұстамасы көбейіп, кейінгі жылдары жағдайым, тіпті, нашарлап кетті. Демікпе қарыс қадам қалмайтын серігіме айналды, жүрегімнің қағу жиілігі бұзылды, осыдан кейін дөрісіз жүре алмайтын дәрежеге жеттім, жиі-жиі ауруханаға түсуді әдетке айналдырдым. Жергілікті терапевт-дәрігерлер менің жүрегімде жетімсіздік көп деп тапты да, ауруды хирургиялық жолмен емдеуге үзілді-кесілді қарсы тұрып келді. Өстіп жүргенде бүр күні мен Людмила Михайловна Андропова деген жас дәрігерге тап болдым. Ол бұған дейін алматылық кардиохирургтердің ортасында қызмет істеген екен, қан тамырлары мен жүрек ауруларын біршама біледі. Ол менің денсаулығымды ұзақ уақыт бақылай жүріп, беделді дейтін терапевт-дәрігерлердің маған теліп қойған диагнозы- на күдіктенетіндігін жасырмай айтты. Сөйтіп, ол мені Е. Н. Мешалкиннің дарынды шәкірттерінің бірі профессор Владислав Сергеевич Сергеевскийге апарып көрсетті. Ұзақ тексерістен кейін ол бір шешімге келді. "Клиникалық белгілерге қарағанда сенде жетімсіздікке қосымша стеноз басым" деді ол. Бірақ ол кісі өзінің бұл тұжырымына сол сәтте бәлендей сенімді де емес еді. Және жүрекке операция жасау үшін үлкен тәуекелге бару керек болатын. Митральды стеноз деген - митральды клапан аузының тарылуы. Осының кесірінен өкпеден сол жақ жүрекшеге құйылатын қан еш кедергісіз және керекті мөлшерде сол жақ асқазанға қарай өтпейді екен. Көп жағдайда жүрек ауруының бұл түрі хирургиялық жолмен емделетін көрінеді. Тарылған клапанның тесігін кеңіту осы уақытта біздің елде де, шет елдерде де жақсы жолға қойылғанын білдім. Жетімсіздіктің салдарынан, ревматизмнің кесірінен бүлінген клапан қақпағына кальций қабаттары жиналып, ол жұмсақтығынан айырылып, бірте-бірте көнтақаланып, қатая бастайды екен. Осы себепті де клапанның тесігін толық жаба алмай қалатын тәрізді. Соның салдарынан қан жүректің керекті жеріне толық бармай, әлгі саңылау арқылы кері құйылатын көрінеді. Кальций қабаттары неғұрлым қалыңдаған сайын клапан қақпағы да қата түседі, сөйтіп саңлаудың аумағы да үлкейе береді екен. Осының кесірінен жетімсіздік де күшейетін секілді. Мұндай жағдайда "жеңіл-желпі жөндеуден" өту арқылы сырқаттан ада-күде арылу мүмкін емес. Міндетті түрде клапанды ауыстыру керек. Бұл тәжірибе жүзінде дәлелденген. Әлемдегі және біздің еліміздегі жетекші дейтін кардиохирургиялық клиникаларда жүректі тоқтату арқылы жасалатын осынау күрделі операцияның методикасы мен техникасы кемел игерілген. Бірақ күні бүгінге дейін организмге залалсыз ұзаққа шыдайтын жасанды клапандар проблемасы шешілмеген. Осы тұста Сергиевский тұйыққа тірелгендей болды. Ол кеңес сұрап, өзінің ұстазына хабарласты. 1970 жылдың декабірінде кардохирургтердің Бүкілодақтық кеңесіне қатысу үшін Мешалкин келді. Менің сырқатымның тарихымен, әртүрлі анализдермен және көп жылдан бергі тексерістердің нәтижесімен танысып, жүрегімді ренттен арқылы көріп, мұқият тындаған соң, ол маған операция жасатуға кеңес берді. Бұл декабрь айында Алматыда болған жайт еді. Енді мені Новосибирскідегі Академия қалашығына орналасқан Мешалкин институтының мамандары қайтадан мұқият тексерістен өткізді. Профессор оларға өзінің түйінді ойын айтпаған секілді. Өйткені қалай емдеу керектігін, өздерінің түйінді шешімін маған тексеру жүргізген дәрігерлер айтуы керек екен. Тіпті, олардың ұйғарымы профессордікіне сәйкес келмеуі немесе қарама-қайшы болуы да мүмкін ғой. Мұндай жағдайда нағыз творчестволық айтыс басталады. Әр түрлі пікірлер айтылады. Осының нәтижесінде барлығы бір қорытындыға келеді. Міне, осыдан кейін барып кімге операция жасалатындығы белгілі болады. Мені бір қуантқан жайт - бұл жолы Ш. И. Шурган, Э. Я. Скрибник секілді терапевтер мен Г. А. Моргунов, A. О. Алкс, В. М. Чуяшов тәрізді хирургтердің және ренттенолог О. С. Антонов және басқалардың пікірі институт директорының қорытындысымен сәйкес келді. Бір кезде, осыдан он жеті жылдай бұрын мен альпинизммен шұғылданған едім. Биік-биік тауға өрмелеп бара жатқанда альпинистердің қандай күйге түсетінін және нендей сезімдерге бөленетінін жақсы білемін. Дәл қазір мен сондай күйдемін. Ең ақырғы асудан асқан секілдімін. Алдымда межелеген биік тұр, бұл соңғы шабуыл. Осынау шабуылға мені жан-жақты дайындауда. Қан тамырларым арқылы әртүрлі дәрілер жіберіп, жалғыз алып қалып кеңеседі, көңілімді көтерер жылы-жылы создер айтады. Ең ақырғы рет қанымды тексеруге де алды. Ерлер бөлімшесінің меңгерушісі аласа бойлы, мығым денелі, жүмсақ мінезді, миығынан мейірімді күлкі үзілмейтін Григорий Андреевич Моргунов дейтін кісі. Кеше ол маған операцияның қарапайым болатынын, митральды клапанның қалыңдап кеткен қақпағын жабық тәсілмен айыру көзделіп отырғандығын айтты. Егер тромбоз бола қалса гипөтермия қолданылатынын, яғни, жасанды түрде дене температурасын суытатындықтарын түсіндірді. Сондықтан да анестезиолог Д. И. Азбель мұз салуға арналған үп-үзын шлемімен бойымды өлшеп алды. бперацияны Евгений Николаевичтің өзі жасамақшы, ал Моргунов, Алкс, Чуяшов оның көмекшілері есепті болмақ.

Ревматизм деген әдетте бала кезде жабысады. Бұл сырқат маған бұдан жиырма жыл бұрын, он бес жасқа жаңа толғанда алғаш рет "тіс" көрсетті. Оның жүрегімді зақымдауына небәрі төрт-ақ жыл керек болды. Кейінгі он жылдың ішіңде ревматизм бірде бір рет мазаламағанмен жүрегім біржола зақымданып, белгі бере бастады. Міне, сөйтіп келе-келе жүрегімнің ұстамасы көбейіп, кейінгі жылдары жағдайым, тіпті, нашарлап кетті. Демікпе қарыс қадам қалмайтын серігіме айналды, жүрегімнің қағу жиілігі бұзылды, осыдан кейін дөрісіз жүре алмайтын дәрежеге жеттім, жиі-жиі ауруханаға түсуді әдетке айналдырдым. Жергілікті терапевт-дәрігерлер менің жүрегімде жетімсіздік көп деп тапты да, ауруды хирургиялық жолмен емдеуге үзілді-кесілді қарсы тұрып келді.

Өстіп жүргенде бүр күні мен Людмила Михайловна Андропова деген жас дәрігерге тап болдым. Ол бұған дейін алматылық кардиохирургтердің ортасында қызмет істеген екен, қан тамырлары мен жүрек ауруларын біршама біледі. Ол менің денсаулығымды ұзақ уақыт бақылай жүріп, беделді дейтін терапевт-дәрігерлердің маған теліп қойған диагнозы-

на күдіктенетіндігін жасырмай айтты. Сөйтіп, ол мені Е. Н. Мешалкиннің дарынды шәкірттерінің бірі профессор Владислав Сергеевич Сергеевскийге апарып көрсетті. Ұзақ тексерістен кейін ол бір шешімге келді. "Клиникалық белгілерге қарағанда сенде жетімсіздікке қосымша стеноз басым" деді ол. Бірақ ол кісі өзінің бұл тұжырымына сол сәтте бәлендей сенімді де емес еді. Және жүрекке операция жасау үшін үлкен тәуекелге бару керек болатын.

Митральды стеноз деген - митральды клапан аузының тарылуы. Осының кесірінен өкпеден сол жақ жүрекшеге құйылатын қан еш кедергісіз және керекті мөлшерде сол жақ асқазанға қарай өтпейді екен. Көп жағдайда жүрек ауруының бұл түрі хирургиялық жолмен емделетін көрінеді. Тарылған клапанның тесігін кеңіту осы уақытта біздің елде де, шет елдерде де жақсы жолға қойылғанын білдім.

Жетімсіздіктің салдарынан, ревматизмнің кесірінен бүлінген клапан қақпағына кальций қабаттары жиналып, ол жұмсақтығынан айырылып, бірте-бірте көнтақаланып, қатая бастайды екен. Осы себепті де клапанның тесігін толық жаба алмай қалатын тәрізді. Соның салдарынан қан жүректің керекті жеріне толық бармай, әлгі саңылау арқылы кері құйылатын көрінеді. Кальций қабаттары неғұрлым қалыңдаған сайын клапан қақпағы да қата түседі, сөйтіп саңлаудың аумағы да үлкейе береді екен. Осының кесірінен жетімсіздік де күшейетін секілді.

Мұндай жағдайда "жеңіл-желпі жөндеуден" өту арқылы сырқаттан ада-күде арылу мүмкін емес. Міндетті түрде клапанды ауыстыру керек. Бұл тәжірибе жүзінде дәлелденген.

Әлемдегі және біздің еліміздегі жетекші дейтін кардиохирургиялық клиникаларда жүректі тоқтату арқылы жасалатын осынау күрделі операцияның методикасы мен техникасы кемел игерілген. Бірақ күні бүгінге дейін организмге залалсыз ұзаққа шыдайтын жасанды клапандар проблемасы шешілмеген.

Осы тұста Сергиевский тұйыққа тірелгендей болды. Ол кеңес сұрап, өзінің ұстазына хабарласты. 1970 жылдың декабірінде кардохирургтердің Бүкілодақтық кеңесіне қатысу үшін Мешалкин келді. Менің сырқатымның тарихымен, әртүрлі анализдермен және көп жылдан бергі тексерістердің нәтижесімен танысып, жүрегімді ренттен арқылы көріп, мұқият тындаған соң, ол маған операция жасатуға кеңес берді.

Бұл декабрь айында Алматыда болған жайт еді. Енді мені Новосибирскідегі Академия қалашығына орналасқан Мешалкин институтының мамандары қайтадан мұқият тексерістен өткізді. Профессор оларға өзінің түйінді ойын айтпаған секілді. Өйткені қалай емдеу керектігін, өздерінің түйінді шешімін маған тексеру жүргізген дәрігерлер айтуы керек екен. Тіпті, олардың ұйғарымы профессордікіне сәйкес келмеуі немесе қарама-қайшы болуы да мүмкін ғой. Мұндай жағдайда нағыз творчестволық айтыс басталады. Әр түрлі пікірлер айтылады. Осының нәтижесінде барлығы бір қорытындыға келеді. Міне, осыдан кейін барып кімге операция жасалатындығы белгілі болады. Мені бір қуантқан жайт - бұл жолы Ш. И. Шурган, Э. Я. Скрибник секілді терапевтер мен Г. А. Моргунов, A. О. Алкс, В. М. Чуяшов тәрізді хирургтердің және ренттенолог О. С. Антонов және басқалардың пікірі институт директорының қорытындысымен сәйкес келді.

Бір кезде, осыдан он жеті жылдай бұрын мен альпинизммен шұғылданған едім. Биік-биік тауға өрмелеп бара жатқанда альпинистердің қандай күйге түсетінін және нендей сезімдерге бөленетінін жақсы білемін. Дәл қазір мен сондай күйдемін. Ең ақырғы асудан асқан секілдімін. Алдымда межелеген биік тұр, бұл соңғы шабуыл. Осынау шабуылға мені жан-жақты дайындауда. Қан тамырларым арқылы әртүрлі дәрілер жіберіп, жалғыз алып қалып кеңеседі, көңілімді көтерер жылы-жылы создер айтады. Ең ақырғы рет қанымды тексеруге де алды. Ерлер бөлімшесінің меңгерушісі аласа бойлы, мығым денелі, жүмсақ мінезді, миығынан мейірімді күлкі үзілмейтін Григорий Андреевич Моргунов дейтін кісі. Кеше ол маған операцияның қарапайым болатынын, митральды клапанның қалыңдап кеткен қақпағын жабық тәсілмен айыру көзделіп отырғандығын айтты. Егер тромбоз бола қалса гипөтермия қолданылатынын, яғни, жасанды түрде дене температурасын суытатындықтарын түсіндірді. Сондықтан да анестезиолог Д. И. Азбель мұз салуға арналған үп-үзын шлемімен бойымды өлшеп алды. бперацияны Евгений Николаевичтің өзі жасамақшы, ал Моргунов, Алкс, Чуяшов оның көмекшілері есепті болмақ.

Бөлісу: