І БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 08:53

Ақыры міне, дәрігерлер жұмысқа шығуыма рұқсат етті. Сонау бір естен кетпес күннен бері алты ай өтті. Сол күні профессор Е. Н. Мешалкин меніқ қабырғамды сөгіп, жұп-жуан болса да әбден шеберленген саусақтарымен ревматизмнің әсерінен бүлінген жүрегімнің жарылып кеткен митральдық клапынын кеңіткен еді... * * *      Сонымен бұл репортажды мен Лениндік сыйлықтың лауреаты, атақты кардиохирург Е. Н. Мешалкин басқаратын Новосибирск қаласындағы қан айналым патологиясы ғылыми-зерттеу институтынан жүргіземін. Мен бірінші санды операция столында жатырмын. Сағат таңғы тоғыздан он минут өткен. Анестезиолог A. А. Белозеров соңғы рет келіп, көңілімді аулап, жылы-жылы сөздер айтып тұр. Міне, қан тамырым арқылы наркөз берді. Бір, екі, үш, төрт... жеті... Осы мен қайда кетіп барамын? Көзімнің алды бұлдырап, түпсіз тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Құлағыма әлдебір сарын келетіндей... Кенет жым-жырт тыныштық орнады. Егер дәл осы сәтте менің қолымда репортерлік микрофон болса бұл репортажым дәл осылай басталған болар еді. Жүректерге операция жасау, әлемдік кардиохирургияның қазіргі жайы, медицина ғылымының осы бір аса күрделі саласы туралы квп айтылды, көп жазылды. Мен операцияға дейін және одан кейінгі өз басымнан өткен жайттар туралы әңгімелегім, тек бір өзімді ғана емес, мындаған, миллиондаған адамдарды толғандырып жүрген кейбір мәселелер төңірегінде пікірлескім келеді. Өйткені менің жүрекке операция жасаудың қандай болатындығынан хабардар екенімді ешкім жоққа шығармаса керек. Себебі - Мешалкин скальпелінің күш-қуатын және даңқты хирургтің қалай жұмыс істейтінін, оның асқан шеберлігін көрдім, дәлірек айтқанда жан жүрегіммен сезіндім. Журналист ағайындардың көпшілікке мәлім бір қулығы бар. Олар өздері жазатын обьектіге байланысты мамандықтарын өзгертіп ала қояды. Сол оқиғаның ішінде жүріп, көзімен көріп жазу материалдың құнын арытыра түседі ғой. Мені профессор Е. Н. Мешалкиннің операция столына тілшілік машық емес, өте ауыр жүрек сырқаты алып келді. Солай бола тұрса да операция алдында да, соңынан да менің көп нәрсені білсем деген ынтам бір де кеміген жоқ. Шынымды айтсам, бұл репортажға мен іштей екі жыл бұрын, яғни жүректі хирургиялық жолмен емдеу туралы маңызды әңгіме қозғалған күннен дайындала бастағанмын. Сол күннен бастап кардиохирургия ғылымының жаңалықтарына барынша ден қойып осы салаға байланысты толып жатқан кітап және мақалалар оқыдым. Новосибирскіге келісімен күнделік жазуды қолға алдым. Операция столына жатардан он минут бұрын да және операциядан үш күннен кейін мен өз әсерімді осы кітапшаға қысқаша түрде жаздым. Жазу әрине өте қиынға түсті, әсіресе операциядан соңғы алғашқы кезенде қатты қиналдым, бүкіл денемді қорғасындай ауыр салмақ басып, тынысым тарылады, кей ретте басым айналып, көрдей қараңғы қапасқа түсіп кеткендей боламын, мұндай сәтте төңірегімдегі көзге шалынар зат атаулының бәрі осынау тіршілік дейтін қимас қымбаттың өзі жиіркеііішті көрінеді; көзім көргенііің баршасы маған мұндайда шындықтан аулақ бұлыңғыр бірнәрсе секілденетін, бірте-бірте әлгілердің нобайы көмескіленіп, көзімнің алды түмандана бастайды, осындайда кенеттен сол жақ көкірегіме әлдекім алмас қанжарын сұғып алғандай, сол өткір зат бірте-бірте жүрегіме бойлап бара жатқандай жан шыдатпас сұрапыл ауру, бар төзім-қайратымды жалмап жүтып қоятын... Міне, енді сол қысқаша жазбаларым кәдеге жарады. Бірақ, бір қызығы мен үшін ештеңемен де тең келмейтін, өте қиын операция Евгений Николаевич Мешалкин үшін қарапайым ғана, күнделікті жасала беретін, яғни, оның өте бай, хирургтік тәжірибесіңцегі көп операциялардың бірі болса керек. Бүл жерде үлкен хирургке үлкен жұмыс тауып бере алмаған менің өзім кінәлімін ғой...

Ақыры міне, дәрігерлер жұмысқа шығуыма рұқсат етті. Сонау бір естен кетпес күннен бері алты ай өтті. Сол күні профессор Е. Н. Мешалкин меніқ қабырғамды сөгіп, жұп-жуан болса да әбден шеберленген саусақтарымен ревматизмнің әсерінен бүлінген жүрегімнің жарылып кеткен митральдық клапынын кеңіткен еді...

* * *

     Сонымен бұл репортажды мен Лениндік сыйлықтың лауреаты, атақты кардиохирург Е. Н. Мешалкин басқаратын Новосибирск қаласындағы қан айналым патологиясы ғылыми-зерттеу институтынан жүргіземін.

Мен бірінші санды операция столында жатырмын. Сағат таңғы тоғыздан он минут өткен. Анестезиолог A. А. Белозеров соңғы рет келіп, көңілімді аулап, жылы-жылы сөздер

айтып тұр. Міне, қан тамырым арқылы наркөз берді. Бір, екі, үш, төрт... жеті... Осы мен қайда кетіп барамын? Көзімнің алды бұлдырап, түпсіз тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Құлағыма әлдебір сарын келетіндей... Кенет жым-жырт тыныштық орнады.

Егер дәл осы сәтте менің қолымда репортерлік микрофон болса бұл репортажым дәл осылай басталған болар еді. Жүректерге операция жасау, әлемдік кардиохирургияның қазіргі жайы, медицина ғылымының осы бір аса күрделі саласы туралы квп айтылды, көп жазылды. Мен операцияға дейін және одан кейінгі өз басымнан өткен жайттар туралы әңгімелегім, тек бір өзімді ғана емес, мындаған, миллиондаған адамдарды толғандырып жүрген кейбір мәселелер төңірегінде пікірлескім келеді. Өйткені менің жүрекке операция жасаудың қандай болатындығынан хабардар екенімді ешкім жоққа шығармаса керек. Себебі - Мешалкин скальпелінің күш-қуатын және даңқты хирургтің қалай жұмыс істейтінін, оның асқан шеберлігін көрдім, дәлірек айтқанда жан жүрегіммен сезіндім.

Журналист ағайындардың көпшілікке мәлім бір қулығы бар. Олар өздері жазатын обьектіге байланысты мамандықтарын өзгертіп ала қояды. Сол оқиғаның ішінде жүріп, көзімен көріп жазу материалдың құнын арытыра түседі ғой. Мені профессор Е. Н. Мешалкиннің операция столына тілшілік машық емес, өте ауыр жүрек сырқаты алып келді. Солай бола тұрса да операция алдында да, соңынан да менің көп нәрсені білсем деген ынтам бір де кеміген жоқ. Шынымды айтсам, бұл репортажға мен іштей екі жыл бұрын, яғни жүректі хирургиялық жолмен емдеу туралы маңызды әңгіме қозғалған күннен дайындала бастағанмын. Сол күннен бастап кардиохирургия ғылымының жаңалықтарына барынша ден қойып осы салаға байланысты толып жатқан кітап және мақалалар оқыдым. Новосибирскіге келісімен күнделік жазуды қолға алдым. Операция столына жатардан он минут бұрын да және операциядан үш күннен кейін мен өз әсерімді осы кітапшаға қысқаша түрде жаздым. Жазу әрине өте қиынға түсті, әсіресе операциядан соңғы алғашқы кезенде қатты қиналдым, бүкіл денемді қорғасындай ауыр салмақ басып, тынысым тарылады, кей ретте басым айналып, көрдей қараңғы қапасқа түсіп кеткендей боламын, мұндай сәтте төңірегімдегі көзге шалынар зат атаулының бәрі осынау тіршілік дейтін қимас қымбаттың өзі жиіркеііішті көрінеді; көзім көргенііің баршасы маған мұндайда шындықтан аулақ бұлыңғыр бірнәрсе секілденетін, бірте-бірте әлгілердің нобайы көмескіленіп, көзімнің алды түмандана бастайды, осындайда кенеттен сол жақ көкірегіме әлдекім алмас қанжарын сұғып алғандай, сол өткір зат бірте-бірте жүрегіме бойлап бара жатқандай жан шыдатпас сұрапыл ауру, бар төзім-қайратымды жалмап жүтып қоятын... Міне, енді сол қысқаша жазбаларым кәдеге жарады.

Бірақ, бір қызығы мен үшін ештеңемен де тең келмейтін, өте қиын операция Евгений Николаевич Мешалкин үшін қарапайым ғана, күнделікті жасала беретін, яғни, оның өте бай, хирургтік тәжірибесіңцегі көп операциялардың бірі болса керек. Бүл жерде үлкен хирургке үлкен жұмыс тауып бере алмаған менің өзім кінәлімін ғой...

Бөлісу: