ІІ БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 08:43

Республикалық спартакиаданың Алматыда өтетін финалдық кездесулеріне небәрі бір-ақ ай уақыт қалған еді. Мәмбет Қарағандыдан қайтып орала салысымен-ақ көптен бері киілмей, гардеробтың бір бұрышында ілулі тұрған былғары қолқабын қайтадан алып, жаттығуға кірісіп те кетті... Күндер зымырап өте берді. Мәмбет те уақыт озған сайын бәйге атындай жарап, шыңдала келіп, спартакиада ашылар қарсаңында өзінің ежелгі қалпына түсті. Мәмбеттің жарысқа қатынасатындығын алғаш естігенде бокс федерациясының басшылары таңданарларын да, қуанарларын да білмей, қатты дал болды. Өйткені, олар жыл басында Мәмбетті СССР халықтарының спартакиадасына қатынасуға қаншама үгіттесе де көндіре алмай қойған еді. Мәмбет: "Жасым болса келіп қалды, оның үстіне соңғы кезде нашарлап бара жатқанымды өзім де сезіп жүрмін. Менен де анау Әлтай Нұрхановты апарған жөн. Ол әлдеқайда мықты, әрі беті кайтпаған, жалындап тұрған жас. Мені ол кәзір көп қиналмай-ақ жеңіп кетеді", - деп қасарысып отырып алған-ды. Енді аяқ астынан қатысам деп отырғаны мынау. Қызық, онысы несі екен? Бір айдың ішінде формасына ене алса жақсы, әйтпесе масқара болуы мүмкін ғой. Бірақ, федерацияға бұдан келіп-кетер зиян бар ма? Әрине, жоқ. Үтылса - өз обалы өзіне, ал жеңіп шықса - тіпті тамаша. Онда Москваға сөз жоқ барады!" "Мейлі, қатынасса қатынассын!" - деп шешті бокс федерациясының басшылары. Көп ұзамай-ақ спартакиада ашылып, боксшылардың жекпе-жектері басталып та кетті. Сәті түскендей, жеребе де сондай тамаша шығып отырды. Мәмбет пен Әлтай финалға дейін бірімен-бірі кездеспеді. Екеуі де ешкімнен жеңілген жоқ. Қарсы келгенді қағып тастап ілгерілей берді, ілгерілей берді. Әсіресе Әлтай. Ол өзімен жекпе-жекке түскен боксшылардың бір де біреуімен үш минуттан артық шайқасып көрмеді. Бірінші раундта-ақ нокаутқа ұшырып түсіреді немесе бәсекелесінің секунданты өз шәкіртінің ұтылғандығын мойындап, рингке ақ орамал лақтырады; қала берді, айқын артықшылығын көрген төреші ұрысты тоқтатып, Әлтайдың қолын көтереді. Мәмбет болса жұртшылықты онша риза қыла қоймады. Оның қимылы жанкүйерлерге ұнаған жоқ. Рингте бейне шаршаған адамша салғырт жүреді. Бұрынғы самдағайлықтан, көз ілеспейтін жай оғындай жойқын соққылардан, дауылды шабуылдардан дәнеме де қалмаған тәрізді. Жүрісі де ауыр, соққылары да әредік, әрі әлсіз секілді. Жанкүйерлер қауымының ашулы айғайларын да, күлкілерін де "Ұр мастерді!", "Ой, чемпион болмай кеткір!" деген өкпе - ренішке толы ащы сөздерін де, тіпті келемеж-мазақтарын да естуге тура келді. Бір ғана ғанибеті - әйтеуір денесіне жұдырық дарытпайды. Ал, Әлтай "қаусаған кәрі сүйек дімкәс чемпионды" өзінің оп-оңай жеңетіндігіне ешбір күманданбайтын секілді...

Республикалық спартакиаданың Алматыда өтетін финалдық кездесулеріне небәрі бір-ақ ай уақыт қалған еді. Мәмбет Қарағандыдан қайтып орала салысымен-ақ көптен бері

киілмей, гардеробтың бір бұрышында ілулі тұрған былғары қолқабын қайтадан алып, жаттығуға кірісіп те кетті...

Күндер зымырап өте берді. Мәмбет те уақыт озған сайын бәйге атындай жарап, шыңдала келіп, спартакиада ашылар қарсаңында өзінің ежелгі қалпына түсті. Мәмбеттің жарысқа қатынасатындығын алғаш естігенде бокс федерациясының басшылары таңданарларын да, қуанарларын да білмей, қатты дал болды. Өйткені, олар жыл басында Мәмбетті СССР халықтарының спартакиадасына қатынасуға қаншама үгіттесе де көндіре алмай қойған еді. Мәмбет: "Жасым болса келіп қалды, оның үстіне соңғы кезде нашарлап бара жатқанымды өзім де сезіп жүрмін. Менен де анау Әлтай Нұрхановты апарған жөн. Ол әлдеқайда мықты, әрі беті кайтпаған, жалындап тұрған жас. Мені ол кәзір көп қиналмай-ақ жеңіп кетеді", - деп қасарысып отырып алған-ды. Енді аяқ астынан қатысам деп отырғаны мынау. Қызық, онысы несі екен? Бір айдың ішінде формасына ене алса жақсы, әйтпесе масқара болуы мүмкін ғой. Бірақ, федерацияға бұдан келіп-кетер зиян бар ма? Әрине, жоқ. Үтылса - өз обалы өзіне, ал жеңіп шықса - тіпті тамаша. Онда Москваға сөз жоқ барады!" "Мейлі, қатынасса қатынассын!" - деп шешті бокс федерациясының басшылары.

Көп ұзамай-ақ спартакиада ашылып, боксшылардың жекпе-жектері басталып та кетті. Сәті түскендей, жеребе де сондай тамаша шығып отырды. Мәмбет пен Әлтай финалға дейін бірімен-бірі кездеспеді. Екеуі де ешкімнен жеңілген жоқ. Қарсы келгенді қағып тастап ілгерілей берді, ілгерілей берді. Әсіресе Әлтай. Ол өзімен жекпе-жекке түскен боксшылардың бір де біреуімен үш минуттан артық шайқасып көрмеді. Бірінші раундта-ақ нокаутқа ұшырып түсіреді немесе бәсекелесінің секунданты өз шәкіртінің ұтылғандығын мойындап, рингке ақ орамал лақтырады; қала берді, айқын артықшылығын көрген төреші ұрысты тоқтатып, Әлтайдың қолын көтереді.

Мәмбет болса жұртшылықты онша риза қыла қоймады. Оның қимылы жанкүйерлерге ұнаған жоқ. Рингте бейне шаршаған адамша салғырт жүреді. Бұрынғы самдағайлықтан, көз ілеспейтін жай оғындай жойқын соққылардан, дауылды шабуылдардан дәнеме де қалмаған тәрізді. Жүрісі де ауыр, соққылары да әредік, әрі әлсіз секілді. Жанкүйерлер қауымының ашулы айғайларын да, күлкілерін де "Ұр мастерді!", "Ой, чемпион болмай кеткір!" деген өкпе - ренішке толы ащы сөздерін де, тіпті келемеж-мазақтарын да естуге тура келді. Бір ғана ғанибеті - әйтеуір денесіне жұдырық дарытпайды.

Ал, Әлтай "қаусаған кәрі сүйек дімкәс чемпионды" өзінің оп-оңай жеңетіндігіне ешбір күманданбайтын секілді...

Бөлісу: