ІІ БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 08:18

Алмаз тауы деген қылыштың қырындай-ақ қырқа, бірақ биік қырқа. Басын бұлт құшақтап жатпаса да оп-оңай асу емес. Бір ғажайып белгісі - тұмсығы кірпінің тұмсығындай сүпсүйір және екі жерде ақ бор тас бар. Алыстан қарағанда бұл бейне бір жаны бар нәрсе дерлік. Көрінім жерден бор тастар көз сияқты да, ал, өзі көлбеп жатқан жыландай, құйрығы да иірім-иірім болып тепсеңге ұштасады. Отряд күн батыс бетінде келе жатты. Ал, күн шығыс жағындағы қойнауда құрттай құжынаған ақ бандылар еді. Екі арадағы қырат құрып қойған шымылдықтай, үстінен шығып қалмаса жан көрінбес таса. Түн қатып, қаланың күлін көкке ұшырмақ болып бандылар осында бой тасалаған-ды. Жан бармас, жан жүрмес қуыста мәз-мәйрам болып сырнайлатып, біреулері би билеп жатты. Сотқарлықты көксеген кейбір жастары өрістегі қоралы қойға шауып, ат үстінен семіз сектерді найзамен шанышып ұстап, есі шығып кеткен қойшыларды атпен қайырып әкеліп екі қолын артына байлап, көзін орамалмен таңып әлек етті. Атқа өңгеріп әкелген қойын қазан, шелектеріне тоғытады. Көптің арасындағы қолы сұғанақ жебірлері жолда ат шалдырып азан-қазан етіп кеткен ауылдардан іліп шыққан «табыстарын» қалталарынан суырып, кілем-қоржындарына тоғытты, кемпірлерді күрсіндіріп «жұлып-жұлқып» тартып әкеткен күміс теңге мен сақина-сырғаларды да сонда түйіншіктейді. Не керек тауқырқаның оңаша қойнауын сайранды саяхатқа айналдырып жатты... Бұлар сол өлкені басып-жаншып келген, белгілі бай, атты казактардың мұнан екі жыл бұрын бұғып қалған сотқарлары болатын. Жайық өзенінің арғы бетін тазартқанда жағалай жатқан станицалардың түкпір-түкпірін паналап жан сақтап, Қызыл Армия кеткеннен кейін бірі жер жыртушы, бірі сиыр бағушы болып, бірақ жұмыс басында тығулы қару-жарағы дайын, «ауа-райын» аңдыған баскесерлер еді. Түн жиналып, күн қарауылдап, мұнан үш күн бұрын жиынып-түйініп бас қосып, Ілбішіннен жылжып уезд орталығын алыстан орап талқандауға келе жатқан жалаң қылышты үш жүздей аттылы бұқпа жаудың ақырғы шапқыншылары болатын. Қырқадан асып түсіп қасқыр көргендей тұра қалған екі аттылыны олар бірден таныды: - Смотри, киргиз! - Разведчик! - Большевик!- дес-ті дереу ат тізгіндеріне жармасып. Орта бойлы, күрең сақалды атаманы дүрбімен қарай салып: - Василий, на коней. Желкесін қиып, басын қолына ұстат!- деп ұзын бойлы жас казакқа команда берді. Бір жағынан үрейлі, екінші жағынан өшпенді «большевик» деген қаһарлы сөз сақалдысақалсыз қаны қатқан жандарды бөріктіріп те жіберді: аттарын ысқыра тебініп бірден шоқыта жөнелген Василийдің дүрмегінен кейін қалғандарының арқасы қозып кеткендей, көзді ашып-жұмғанша қару-жарақтарын сарт та сұрт тағынып та алды. - Жаппай атқа қоныңдар! Жау-жорық жайғасуды сүймейді!- деді тағы да атаман. Кешікпей жүрісі тосын, жүзі суық, жорыққа үйренген атты казактардың түстенген жерінде шала желінген тамақтың қалдығы, бықсыған түтін, қоңыраған тандақ, тартқан махорканың күйік түбіршігі мен тамақ қырарлық ащы иісі ғана қалды...

Бөлісу: