І БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 08:17

Жаз күні еді... Әр жерде бүліншілік. Талан-тараж. Жайық жағасын қаптаған ақ банды, ойда бой тасалаған бөрідей қырдағы елге тұра бас салады. Бұл іштен шалған жау, әсіресе Жымпиты уезінің берекесін қашырып жатты. Жас өкіметтің жас қайраткерлерінен қарулы жасақ жасақталған. Сол отряд аяқ астынан шыға келетін жаудың жолын бөгеп, уезд орталығын қорғауға кіріскен-ді. Бастығы: аққұба, ұзын бойлы, жап-жас жігіт. Жауынгерлері өңкей қазақ. Бәрі де оқыған жастар, жас жігіттер. Қаладан шыққанына бірнеше күн өтіп кеткен. Кең өңір. Елі сирек. Жері ойлы, адырлы. Кейде тау-жондар көлденеңдеп жатады. Отряд сондай бір жонға беттеп келе жатты. Алдын барлауға екі кісі ілгері озып еді, олардың қарасы әлдеқашан үзіліп те кетті. Отряд заулап жүріп келеді. Шеткерірек келе жатқан екеудің бірі Халит Мұхамбетов. Қара торы, ет-бетті жас. Уездік Ревком қызметкері, отрядті жасақтаушылардың бірі. Жасырын хабарға қарағанда: Совет өкіметіне қаны қас атты казактардың қалдығы бас қосып уезд орталығын шауып алу қаупын туғызған. Сондықтан бұл «Ілбішін жақтан шықты» деген талаушыларды күдіктікүдікті жерден тосқауылдап, кездескен жерде соққы беріп, онан әрі қудалау мақсатын қойған. - Бүгін Алмаз тауына жетіп түнемесек бас кесерлер алдымызды орап кетуі мүмкін,- деді Халит, өзінен жасы үлкен арық өңді Мүтиге. Мүти тура жауаптың орнына қаскүнемдердің әдісіне көшті. - Атты казактар ежелден қасқыр құлықты. Бұлар із тастап жаңылыстыратын жыртқыш сияқты. Тура солай. Қазір бір бүйір кетіп, ойда жоқ жерден бас салу үшін бетті мүлдем басқа жаққа бұрған. Мұнысы айла,- деп, бір қойды ол. - Сонда аттың басын бура сала кері серіппекші ме? - Иә. Жұрт: «Беті басқа жақ. Уезге соқпай бір бүйір кетіп бара жатыр» деген хабар берді ғой. - Бастық жігіт қалай дейді? - Оған да мен осыны айттым...             - Ол да осы болжалды қолдай ма? - «Тап солай. Мен білемін ғой олардың сырын»,- деді. Жол созыла берді. Күн екіндіден төмен құлап, түскі ыстық лепті бәсеңдеткендей. Кенет алдан самал жел де үргілей бастап, булығып келе жатқан аттың да, адамның да тынысы кеңейіп жүре берді. Қағу жел. Ұшқыр ат. Лекіген жүріс. Кең дала. Ерікке қоймай әлдеқайда сүйрейді. Алыстағы үмітке, жұмбағы мол сайранға жетелейді!.. Әзіл-қалжың мен тіл қағысу, бөрік алып қашу мен аударыспақ ойнау да сол сайранның басы. Зейнедден Ақназаров өзі алғыр, өзі албырт өскен жас. Алты жылдық Орыс-Қырғыз мектебінде өзімен бірге оқыған балаларға «зорлық» жасау оған өнер болып кеткен-ді. Мына келе жатқандардың бірқатары сол кезде алысқанда Зейнедденге әлі келмей астына түсіп, талай-талай учительге шағымға да барғандар. Қазірде Зейнедден алдына адам салмай келе жатыр. Қуып жеткендерінің бас киімін қағып алып келеді. Жармасқандарды аударып тастау ниетінде ойқастап шауып, тізгініне жармасады... Жеткізбегендерді қиқулап қуады. Алда қатерлі, әрі айлалы жау - жарағы сай, қыраттың бауырын, таудың қойынын сағалап бұқпантайлап жүрген жау барын ұмытқан жандай жайбарақат. Даланың дарқан құшағында именбей өскен перзенттер. Етек-жеңін жимай, бұғып бой жасырмай заулап келе жатты. Ат тұяғы майда тастарды асықтай шүйіріп өрге де аяң салды. Қыратқа шыққан сайын төменде қалған ойпаң жерлер дөңгеленіп, тостағанның түбіндей шұңғылданды. Алда келе жатқан Зейнедден бір кез кілт тоқтап, қыраттың қылыш қырына көзін шүйді. Шүйді де атының басын кері бұрып кейіндегілерге: - Түйдектелген шаң... шаң астында шапқан аттылы!- деп айқай салды. Ат басын тежей қалған жауынгерлер тегісінен шаң шыққан жаққа көздерін тікті: құйыншыбын болып, бәйгеге шапқандай үзеңгі қағысып келе жатқан барлаушылар бұрқыраған тозаңнан бөлініп шыға берді; отряд бір «бәле »барын бірден сезді. Алға кеткен жігіттерін үнсіз, тағатсыздана күтті...

Жаз күні еді... Әр жерде бүліншілік. Талан-тараж. Жайық жағасын қаптаған ақ банды, ойда бой тасалаған бөрідей қырдағы елге тұра бас салады. Бұл іштен шалған жау, әсіресе Жымпиты уезінің берекесін қашырып жатты. Жас өкіметтің жас қайраткерлерінен қарулы жасақ жасақталған. Сол отряд аяқ астынан шыға келетін жаудың жолын бөгеп, уезд орталығын қорғауға кіріскен-ді. Бастығы: аққұба, ұзын бойлы, жап-жас жігіт. Жауынгерлері өңкей қазақ. Бәрі де оқыған жастар, жас жігіттер. Қаладан шыққанына бірнеше күн өтіп кеткен. Кең өңір. Елі сирек. Жері ойлы, адырлы. Кейде тау-жондар көлденеңдеп жатады. Отряд сондай бір жонға беттеп келе жатты. Алдын барлауға екі кісі ілгері озып еді, олардың қарасы әлдеқашан үзіліп те кетті. Отряд заулап жүріп келеді. Шеткерірек келе жатқан екеудің бірі Халит Мұхамбетов. Қара торы, ет-бетті жас. Уездік Ревком қызметкері, отрядті жасақтаушылардың бірі. Жасырын хабарға қарағанда: Совет өкіметіне қаны қас атты казактардың қалдығы бас қосып уезд орталығын шауып алу қаупын туғызған. Сондықтан бұл «Ілбішін жақтан шықты» деген талаушыларды күдіктікүдікті жерден тосқауылдап, кездескен жерде соққы беріп, онан әрі қудалау мақсатын қойған. - Бүгін Алмаз тауына жетіп түнемесек бас кесерлер алдымызды орап кетуі мүмкін,- деді Халит, өзінен жасы үлкен арық өңді Мүтиге. Мүти тура жауаптың орнына қаскүнемдердің әдісіне көшті. - Атты казактар ежелден қасқыр құлықты. Бұлар із тастап жаңылыстыратын жыртқыш сияқты. Тура солай. Қазір бір бүйір кетіп, ойда жоқ жерден бас салу үшін бетті мүлдем басқа жаққа бұрған. Мұнысы айла,- деп, бір қойды ол. - Сонда аттың басын бура сала кері серіппекші ме? - Иә. Жұрт: «Беті басқа жақ. Уезге соқпай бір бүйір кетіп бара жатыр» деген хабар берді ғой. - Бастық жігіт қалай дейді? - Оған да мен осыны айттым...

            - Ол да осы болжалды қолдай ма? - «Тап солай. Мен білемін ғой олардың сырын»,- деді. Жол созыла берді. Күн екіндіден төмен құлап, түскі ыстық лепті бәсеңдеткендей. Кенет алдан самал жел де үргілей бастап, булығып келе жатқан аттың да, адамның да тынысы кеңейіп жүре берді. Қағу жел. Ұшқыр ат. Лекіген жүріс. Кең дала. Ерікке қоймай әлдеқайда сүйрейді. Алыстағы үмітке, жұмбағы мол сайранға жетелейді!.. Әзіл-қалжың мен тіл қағысу, бөрік алып қашу мен аударыспақ ойнау да сол сайранның басы. Зейнедден Ақназаров өзі алғыр, өзі албырт өскен жас. Алты жылдық Орыс-Қырғыз мектебінде өзімен бірге оқыған балаларға «зорлық» жасау оған өнер болып кеткен-ді. Мына келе жатқандардың бірқатары сол кезде алысқанда Зейнедденге әлі келмей астына түсіп, талай-талай учительге шағымға да барғандар. Қазірде Зейнедден алдына адам салмай келе жатыр. Қуып жеткендерінің бас киімін қағып алып келеді. Жармасқандарды аударып тастау ниетінде ойқастап шауып, тізгініне жармасады... Жеткізбегендерді қиқулап қуады. Алда қатерлі, әрі айлалы жау - жарағы сай, қыраттың бауырын, таудың қойынын сағалап бұқпантайлап жүрген жау барын ұмытқан жандай жайбарақат. Даланың дарқан құшағында именбей өскен перзенттер. Етек-жеңін жимай, бұғып бой жасырмай заулап келе жатты. Ат тұяғы майда тастарды асықтай шүйіріп өрге де аяң салды. Қыратқа шыққан сайын төменде қалған ойпаң жерлер дөңгеленіп, тостағанның түбіндей шұңғылданды. Алда келе жатқан Зейнедден бір кез кілт тоқтап, қыраттың қылыш қырына көзін шүйді. Шүйді де атының басын кері бұрып кейіндегілерге: - Түйдектелген шаң... шаң астында шапқан аттылы!- деп айқай салды. Ат басын тежей қалған жауынгерлер тегісінен шаң шыққан жаққа көздерін тікті: құйыншыбын болып, бәйгеге шапқандай үзеңгі қағысып келе жатқан барлаушылар бұрқыраған тозаңнан бөлініп шыға берді; отряд бір «бәле »барын бірден сезді. Алға кеткен жігіттерін үнсіз, тағатсыздана күтті...

Бөлісу: