І БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 08:09

Асау боран. Дала алай-түлей. Кәдімгі: «Ақпан-ақпан алты күн, айқайың сенің қатты күн» дейтін ақпан. Желі ұйтқып, қарасын біткенді қармен кесектейді, терезені сабалайды. Кейде тіпті, жұдырықтап тұрғандай ұрады... Неше күн үзбей соғып, толастамай тұрған қаңтардың ақ бораны. Алыста мұнартқан Көктау. Таудың қар сәлделі басы көзге болар-болмас шалынады. Арқа бетінде кеудесін керіп жатқан айдын шалқар. Шалқар десе - шалқар: арғы жағасына көз жетпейді; бергі бетіндегі - жаз күні көк құрақ қыста ақ қамысты жалпақ жағасын көзбен шолып та шығарлық емес... Оң қолда: ақ қамыстан алқа таққан ұзын Аңқаты, қос өңірі ну жыңғыл, төрі: бидайық төсек тар тоғай, аралды төбе кең алқап. Алқаптың қойыны жағалай ауыл. Сол ауылды да, аралды алқапты да, алқалы өзенді де қымтап жатқан сары қар. Үздіксіз соққан ақ боран қартадай сары қардың үстінде желімен ойнап асыр салып жатқандай. Айнала қыбырсыз, жансыз, қарасыз. Тек қана Арал-Төбенің түбегіндегі он шақты үйдің болар-болмас бедері көзге шалынады. Ал, батыс жақ беттегі жапырайған тұмақтай, қазақы қыстаудың қармен құндақталған сығырайма терезесінен оқта-текте от сығалайды. Әлсіз сәуле боран үдегенде бір жоғалып, бір жылтылдайды. Қаһарлы қыс аяқты қия бастырмай қарымен көміп, суығымен сығып, тірі жанды сыртқа шығармай езіп, жаншып жатқан сияқты. Бірақ... Үйде дабыр. Әңгіме. Шүберектеп тығындаған терезенің «уіліне» төтеп бере алмай май шамы бір жанып, бір сөніп жатса да таласа сөйлеп, сөзін қағазға жазғыштап бірнеше адам отыр. Ол сөз, ол жазу: айтылып, тұжырылып, бір тоқтамға тірелген көкей кесті тілектің түйіні. Жеті өлшеп, бір кескен үлкен мақсаттың ұшы еді. - Берер ме екен?.. Берсе іс бітті ғой!- деді екі оқтылау түрде, кішірек келген қара шал. Оның үніндегі күдікті жігерлі пішінді жас жігіт бірден тарқатты: - Береді, Беке! Айттым ғой сөйлестім, бәрін де шештім деп! - Онда құба-құп! Көрмей жүрген жұмыс емес, тек жер мен құрал қолға тисін. - Бекеңе керегі сол жер... құрал. Іске сәт! - Бір Бекең емес, бәрімізге де. - Ал, мен жаздым!- деп еңкейе түсті кекілді, шот маңдай сары бала жігіт. Ол малдасын құрған күйі алдына көпшіктен «үстел» қойып, қарандашын бір жалап алып, жазуға да кірісті. «Мәжіліс хат. Саны екінші. Қатынасқандар саны - алты. Оның бірі партияға мүше, бірі кандидаты, үшеуі комсомол. Қалған біреуі Қосшы ұйымының толық мүшесі...» - Тоқта, тоқта... Олай деме. Арал-Төбедегі Қосшы ұйымының жалпы жиналысы деп жаз. Біздің коммунистер мен комсомолымыздың пікірлері бөлек хатталып, райкомға өз жолымен барады. Оны басқаша жазасың. Ал, мынау кедейлер атынан ауаткомге және ауыл Совет куәландырған бір көшірмесі Қарыз-Серікке барады. Өзім алып барамын.- деді кішкене мәжілісті басқарып отырған әлгі жігерлі жас жігіт. - Бұл - Қызыл әскер қатарында болып жаңадан ғана ауылға қайтқан, осы жерден комсомол ұясын ашып, оған өзі хатшы болып сайланған орта бойлы, қара торы Темір дейтін жігіт еді. - Е, солай болу керек! - Бәсе, солай, райкомыңның өзіне, мықтап жазылуы керек! - Теміржан біледі ғой, Қызыл Әскердің ойынын ойнап қайтты ғой!- десті басқалары Темірді қостап, риза болған үнмен. Маздап жанған сары қамыстың оты кері шалқып, бетті шарпуға да таяу. Бірақ, құлағы баласының сөзінде, көзі жалынды қадағалап отырған атжалманды қара кемпір қамысты қазандықтың көмейіне ысырады да екінші түйдегін әзірлейді. Қазан бүлк-бүлк қайнайды. Ас дайын. Үй жылы. Бала сөзіне кемпір өзгеше риза, іштей құжырлана қостайды. «Адам болған» Темірін құшақтап алғысы да келеді. Бетінен сүйіп: «Кішкенем... Тем-тайым!» деп қалуға дайын. Кешікпей кемпірдің бабымен пісірген асы да желініп: - Ал, мен жүруге қамданам,- деді Темір.- Әңгіменің ізін суытпай тез бітіріп, қаулыны бекіттіріп, беретін қарызын алып, іске белді бекем байлап кіріспесе болмайды. - Сөз бар ма? - Дұп-дұрыс! - Иә, белді бекем буып, бір жола кірісу керек! - десті басқалары жамырап. Кемпір сары уайымға көшті: - Тем-тай-ау, Теміржан-ау, мына көзге түртсе көрінбейтін ақ мылтық боранда қайда барасың!.. Қой, айналайын, адасып кетесің. Боран ашылған соң ертең барарсың. Және жеті түн... Ит-құс болса анау... Кеше өзің айттың ғой, қасқыр ұлып тұр деп... - Ал басталды. Түу, мама-ай. Осы жоқ жерден сары уайымды қайдан тауып ала қоясың?! Көрмей жүрген аудан ба, жүрмей жүрген жол ма! Түк те уайымдама! Бүгін жетіп қонып, ертең істі бітіріп, кешке қарай қайтып келемін. Көп уақыт өтпей-ақ жылмағай даланың кісіге қарайтын бурасындай ойында қалшылдап, қырында түтіккен дүлей боранының құшағында алысып-жұлысып Темір кетіп бара жатты. Қарсы сабалаған қар көзге тығылады, арттан ұйтқыған жел айналасын үйіріп-үйіріп келіп ту сырттан құшақтай алады. Кейде әлемді ақ буалдыр басып, еш нәрсені көрсетпей кетеді. Жалғыз аттылы тек қара жолдың сорабымен ғана соғып барады. Ол көзсіз бораннан да, бетті дарыған ақшұнақ аяздан да қаймығатын емес. Үйде қалғандар уайымшыл кемпірге: - Қорықпа, шеше, Темір адаспайды. Ол суық пен бораннан да қорықпайды. Әскер ойынын ойнап шыныққан жігіт қой!- деп сендіреді. «Ол суықтан қорықпайды... Боранда адаспайды...» деген бұл жігерлі сенімді баласындай құшақтап, сығырайған шамын сөндірмей, үйде жалғыз қалған кемпір қазандыққа сүйеніп отырып, қалғып-қалғып кетеді.

Бөлісу: