І БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 08:06

Кеше ғана. Күні кеше. Орман уілі әлі құлақта тұр. Қалың ағашты қақ жарып сырғып жатқан Чулым сыбдыры да ап-айқын естіледі. Тіпті қабағы жазылмайтын сол бір жердің қоңыр күні де көз алдында: аспаны сұр, жері ылғал - дымқылға бөккен ну қапырық зілдей боп иығыңнан басып тұрғандай. Мұның бәрінен де аяулы жардың мұңды жүзі көзге айқынырақ елестейді. «Қасірет бұлты бір адам басына неге төне береді» дегізеді... О бір кезде: бес мұғалім бір күні, бір сағатта мектебімізбен қоштасып қалдық. Олардың бірі - ағылшын тілінің профессоры, бірі - физика доценті, бірі - ботаник, бірі - география мұғалімі, бесіншісі мен едім. «Бәсе!» дедік те қойдық. Арғы жағы белгілі ғой. Бесеуміздің ендігі көз тігетініміз тек дәрігерлер мен инженерлер. Олар қайда жүрсе де «өлмейтін» жұмысын істеумен келеді. Күндемесек те ішімізден: «Шіркін-ай!» деп қоямыз. Ондағымыз «өзінен-өзі үріккен заманда ұстаздық қой нысанаға алдымен ілігетін»- дегендік. Ит тұмсығы өтпейтін Тайга төріндегі аядай ауданда бос жүру қандай қиын. Өзіңді қайда қоярға білмейсің. «Жер бетіне сыймайсың». Бесенеден белгілі адамсың, бала екеш бала да: «Анау!» дегендей қолын шошайтады бізге қарап. Мұндайда: суға кеткен тал қармар - уақытты ұттыратын тек қармақ. Дүниеде қармақ салудан асқан рақат не бар! Жанжүйеңнің тынысы тарылмайтын жер жалғыз-ақ өзен жағасы. Оның үстіне түбіндегі қиыршығы көрініп жататын тап-таза ағын су болса! Ондай судың балығы да өзгеше келеді: сұлудың қасындай қиылған қара көз бен сызылған қызыл қанат үйір-үйірімен жосып бара жатады, тастаған қармақты қалай қауып кеткенін байқамай да қаласың! Ал ағынға қарсы жүріп барып, ойнаққа кері сырғанаған шоқыра қандай жақсы, керме қармақтың қойдан қоңыр жемі ғой! Жем демекші, шұқыған жеріңнен шұбатылып шығатын қызыл құртты шаншып жіберіп, тал құрыққа таққан қармағыңды қадағалайсың да тұрасың. Ешкімнің сенде, сенің ешкімде шаруаң жоқ. Тек қалтқың қылт етсе қозғаласың. Бірақ қабағыңды шытпайсың. Жүзіңе сәби шырай жүгіреді, екі көзің тоңқалаң асып қайта шығып, су бетімен жорғалай жылжыған қалтқыда! Өмір тауқыметі ойдан шығып кетеді. Рақат! Қармақ салған - рақат! «Иә» балық қаба ма?» деген таныс дауыс қана жалт қаратады. Бұл, көбінесе ауруханадан үйге қайтар алдында, іргедегі су жағасын бір торып кететін дәрігер жолдасың болып шығады. Бүгін де: - Жетер енді, шаршадың ғой,- деген сол екен. - Сабыр ет, үндеме,- дедім мен оған, қалтқыдан көзімді алмастан.- Шабайын деп тұр... - Сенің инженеріңе кіріп шығайық. - Иә, онда не бар?             - Бейшара! «Сізді ауруханаға саламын» деп едім, ол: «София Яхиевна, бірер күн сабыр етіңіз, бүгін әйелім келмекші еді,- деді. Әйелінің келгеніне құтты болсын айтып шығайық. Мойнымды енді ғана бұрдым - әйелім жүзінде әлдекімді мүсіркеген аяныш шырай байқалды. - Жақсы, кіріп шығайық. Бәрібір, күн ақ жауындатып тұр: Бүгін балық та селсоқ. Өзеннің сол жағасына анталай өскен қалың талдың танымалы түбіне қармағымды тасалай салдым да, әйеліме еріп жүре бердім. Бірақ инженердің үйіне жеткенше ауызға елеулі әңгіме түсе қоймады, сірә, дәрігер инженердің сырқатын сөз еткісі келмеген шығар. Ал мен оның алыстағы жары келу қарсаңында ауыр дертке душар болғанына налыдым - әлденеге көңілім ұйтқып, не бір жаман ойларға кете бердім. Бір кез Михаил Ивановичтің (инженердің аты осындай еді) бірінші кездескен күннен бастап айтқан сөздерін ойыма түсірдім. Сол күндегі бет әлібін көз алдыма келтіруге тырыстым. Өңін, жүрісін, мінезін талдадым. Бұрын Красноярскіде кездескенбіз. Бәріміз бір ауданға жөнелткен топтың ішінде кеткенбіз. Ондағы екеудің орысы - Михаил Иванович еді де, қазағы - Ақтөбенің Жұмағалиы еді: Кәдімгі Жұмекең шал. Жұмекең сыдырым сақалды арық адам да, Михаил Иванович жұқа өңді, қызыл шырайлы. Көзге түсетін баскейіптерінің бірі: екі көзі ұясынан шығып кетердей, сыртқа тепкен кісі. Баста бұл бейнесі көзге оғаш көрінсе де, келе-келе үйреніп кеткенбіз. Тіпті оны елемейтін де едік. Ақырын ұтымды сөйлейтін, көп нәрсені жете білетін, әсіресе қала тарихына судай - оның өткені мен болашағын көз алдына елестете әңгімелейтін инженерді. Міне, менің үйіне келе жатқан таныс адамым, тіпті сырлас Михаил Ивановичымның сырт пішіні осы. Бір жағынан оның көптен көрмеген, айтып аузынан тастамайтын, жұма сайын жіберген тамағынан таттырып тұратын жолдасының келгені қуантса, әйелімнің оны сырқатты жан, ауруханаға салмақшымын» дегені көңілге үрей сала береді. «Байғұс жаңа ғана жарымен бірге тұрып, үй болып, ошақ басының шағын қуанышына қосылып шаттанатын, үзілмейтін үмітті бір жүріп, бірге күтетін, енді міне қауіпті сырқатқа кездесіп...» деп қоям келе жатып. Мұны да біреулер естімесін дегендей, ішімнен ғана ойлаймын. Үлкен жолдан аулақ жатқан ну орман ішіндегі бұл селоның үйлері біріне-бірі егіз қозыдай ұқсас: теп-тегіс бөренеден салған, бәрі де шаршы келген, күн мен жауын жеп қара түтінденіп кетсе де, сабан төбелісі жоқ дерлік, бәрі де қарағай қиықты үйлер. Қақпалары да жә тақта, жә жұмыр ағаштан, қора-қопсылары да ағаштан. Дуалдары да сондай. Тіпті бау-бақшаларының қоршаулары да не шарбақ, не талдан тізбектеген, бейне бір ши ұстап қойған сияқты. Тегіс ағаш - мол байлық ішінде тұрғаны көзге бірден шалынады. Деревнялардың жол бойын қуалап салынатыны сияқты, бұл селен өзен бойын қуалай өскен - кез келген қора түкпірі суға тіреліп жатады. Бақшаға нәр беруге өзінен өзі-ақ тіленіп тұр. Өзгелердей иті бар, қара-құрасы мол үй емес, Михаил Ивановичтің пәтері ұл-қызын ел қорғауға берген жетім кемпірдің кішкене ағаш үйі еді. Қайың отын мол болғандықтан өте жылы. Күн көзі кемтар болса да, айнала терезелі, жарығы жеткілікті, жайлы пәтер болатын. Инженер жаңа ғана келген жұбайымен шүйіркелесіп отырса керек. Пижама киген күйі бізге есік ашты да, қуанышты үнмен пеш жанында отырған жұбайына бұрылып:             - Таня, достар келді. Мына жігіт менің сапарлас және тағдырлас жолдасым, өзі әдебиетші - сенің коллегаң. Ал, София Яхиевна дәрігер, менің дәрігерім,- деп таныстыра бастады. Таня бізге қарсы жүрді. Әрине, мәпелеген ері үшін Таня аты қалмаса да, әйел бір қыдыру жасқа келген, елуге иек сүйеген ерінен төрт-бес жас қана кіші болуы керек. Бірақ әлі өңін бермеген. Қоңырқай шашының самай тұстарын қырау шалса да, көруге аса көркем жан екен. Әжімсіз, өте келісті біткен аққұба бетін қой көздері әдейі әшекейлеп қойғандай көрінеді. Жинақты дене, сұлу мұрын, биязы ерін - орыс халқының Еділ бойындағы көркем қыздарының бейнесін көз алдыңа алып келеді. Самара мен Саратовта жиі көріп жүрген таныс жандардай екен. Өзі де сол өлкенің қызы болып шықты. Мұны кейін біліп, жас кездегі ертегідей естен кетпейтін сұлу Саратовты көп әңгімелейтін болғанбыз. Сөйтіп, алыстағы ауданда тағы бір дос семья есігін ашқандай болды. «Сенің коллегаң» деген сөзге мен өзгеше елең ете қалдым. «Жә әдебиет мұғалімі, жә жазушы болды ғой, әй сірә мұғалім шығар...» дегенге тіреле бердім. Өйткені жүз реңінің аса мейірімділігі, өлшеп-пішулі жүріс қимылы, шашаусыз сөз жинақтылығы, тіпті үнінің ырғағы құлаққа айқын шалынатыны - көп жыл бойы көркем сөзді уағыздаған ұстаз мінезіне лайық көрініп кетті. - Жоғары шығыңыздар! Менің атым Андреева Татьяна Михайловна,- деп қолын ұсынды әйел: Жоғарысы, төмені жоқ кішкене үйдің ішіндегі стол жанында тұрған орындыққа тізе бүгісімен Михаил Иванович: - Қазір мен сіздерге шай ысытамын,- деп жалма-жан стол үстінен сырлы қоңыр шайнекті алып пешке қарай ұмтылды.- Бүгін біздің үйде кішкене той. Танянің келу тойы. Шай ішеміз. Саратов тағамын татамыз, әңгімелесеміз. - Рақмет! - Рақмет!- дестік біз қосарлана сөйлеп.- Біз шайға қарамаймыз. Амандасып қана шығуға келдік. - Жоқ отырасыз, мен тез ысытамын шайды. Біздің отыру-отырмауымызды әбден анықтамастан, жолдан келген әйел де ерінің ісіне араласа кетті. - Миша, шайды өзім ысытамын. Сен отыр да жолдастарыңмен бол. Үй-ішіндегі ұсақ жұмыстан сені енді мүлде босатамын. - Жоқ, Таня құдай үшін қозғалма. Сен жолдан келдің, шаршап келдің сонша жерден,- деп еді ері, әйел оған көнбеді. - Жоқ, Миша, мен мүлде шаршағаным жоқ. Саяхат жасағандай, дүниенің жер-жерін аралап, көңілім ашылып келді. Шексіз қуаныштамын. - Танюша болмайды. Ең болмаса бүгінше қозғалма. Міне, шайды қойып та болдым.             - Жоқ, Миша! Онда екеуміз бөлісеміз. Сен балықтың қабыршағын арши бер, мен картошка тазартайын. - Жоқ, Таня, екеуін де өзім істеймін. Ұзақ жылдар бойы еріксіз сарғайып, жоғалтқан бақытын қайта тапқан бұл жанашыр жұбайлардың жүздерінде шаттық нұры лапылдап тұрғандай еді. Оның үстіне біріне-бірі үй ішінде де жанын пида етерлік ізетті мінездері елден бөлек әсер етті. Екеуінің қуанышын өз қуанышымыздай көріп кеттік, тәтті минуттарын бізге бөлуге қимадық. Тізе бүккен орнымыздан қалай түрегелгенімізді де білмей қалдық. - Әуре болмаңыз! - Біз отырмаймыз. - Екеуміз де қызметтеміз, дей салдық. Менің қармақ салудан өзге кәсібім қалмағаны да естен шығып кетті. Дәрігерім бұл халді байқап қалды білем, тез кетуді басқаша дәлелдеді. - Амандасып, келгеніңізге құтты болсын айтып шығу үшін екі-үш минутке ғана кірдік. Жұмысым бастан асып жатыр. Ғапу етіңіз. Және еліміздің салтынша: шеттен келген дос-жаранға үй-жайды көрсету біздің борышымыз,- деді. Екеуміз бас иіп шығып кеттік.

Кеше ғана. Күні кеше. Орман уілі әлі құлақта тұр. Қалың ағашты қақ жарып сырғып жатқан Чулым сыбдыры да ап-айқын естіледі. Тіпті қабағы жазылмайтын сол бір жердің қоңыр күні де көз алдында: аспаны сұр, жері ылғал - дымқылға бөккен ну қапырық зілдей боп иығыңнан басып тұрғандай. Мұның бәрінен де аяулы жардың мұңды жүзі көзге айқынырақ елестейді. «Қасірет бұлты бір адам басына неге төне береді» дегізеді... О бір кезде: бес мұғалім бір күні, бір сағатта мектебімізбен қоштасып қалдық. Олардың бірі - ағылшын тілінің профессоры, бірі - физика доценті, бірі - ботаник, бірі - география мұғалімі, бесіншісі мен едім. «Бәсе!» дедік те қойдық. Арғы жағы белгілі ғой. Бесеуміздің ендігі көз тігетініміз тек дәрігерлер мен инженерлер. Олар қайда жүрсе де «өлмейтін» жұмысын істеумен келеді. Күндемесек те ішімізден: «Шіркін-ай!» деп қоямыз. Ондағымыз «өзінен-өзі үріккен заманда ұстаздық қой нысанаға алдымен ілігетін»- дегендік. Ит тұмсығы өтпейтін Тайга төріндегі аядай ауданда бос жүру қандай қиын. Өзіңді қайда қоярға білмейсің. «Жер бетіне сыймайсың». Бесенеден белгілі адамсың, бала екеш бала да: «Анау!» дегендей қолын шошайтады бізге қарап. Мұндайда: суға кеткен тал қармар - уақытты ұттыратын тек қармақ. Дүниеде қармақ салудан асқан рақат не бар! Жанжүйеңнің тынысы тарылмайтын жер жалғыз-ақ өзен жағасы. Оның үстіне түбіндегі қиыршығы көрініп жататын тап-таза ағын су болса! Ондай судың балығы да өзгеше келеді: сұлудың қасындай қиылған қара көз бен сызылған қызыл қанат үйір-үйірімен жосып бара жатады, тастаған қармақты қалай қауып кеткенін байқамай да қаласың! Ал ағынға қарсы жүріп барып, ойнаққа кері сырғанаған шоқыра қандай жақсы, керме қармақтың қойдан қоңыр жемі ғой! Жем демекші, шұқыған жеріңнен шұбатылып шығатын қызыл құртты шаншып жіберіп, тал құрыққа таққан қармағыңды қадағалайсың да тұрасың. Ешкімнің сенде, сенің ешкімде шаруаң жоқ. Тек қалтқың қылт етсе қозғаласың. Бірақ қабағыңды шытпайсың. Жүзіңе сәби шырай жүгіреді, екі көзің тоңқалаң асып қайта шығып, су бетімен жорғалай жылжыған қалтқыда! Өмір тауқыметі ойдан шығып кетеді. Рақат! Қармақ салған - рақат! «Иә» балық қаба ма?» деген таныс дауыс қана жалт қаратады. Бұл, көбінесе ауруханадан үйге қайтар алдында, іргедегі су жағасын бір торып кететін дәрігер жолдасың болып шығады. Бүгін де: - Жетер енді, шаршадың ғой,- деген сол екен. - Сабыр ет, үндеме,- дедім мен оған, қалтқыдан көзімді алмастан.- Шабайын деп тұр... - Сенің инженеріңе кіріп шығайық. - Иә, онда не бар?

            - Бейшара! «Сізді ауруханаға саламын» деп едім, ол: «София Яхиевна, бірер күн сабыр етіңіз, бүгін әйелім келмекші еді,- деді. Әйелінің келгеніне құтты болсын айтып шығайық. Мойнымды енді ғана бұрдым - әйелім жүзінде әлдекімді мүсіркеген аяныш шырай байқалды. - Жақсы, кіріп шығайық. Бәрібір, күн ақ жауындатып тұр: Бүгін балық та селсоқ. Өзеннің сол жағасына анталай өскен қалың талдың танымалы түбіне қармағымды тасалай салдым да, әйеліме еріп жүре бердім. Бірақ инженердің үйіне жеткенше ауызға елеулі әңгіме түсе қоймады, сірә, дәрігер инженердің сырқатын сөз еткісі келмеген шығар. Ал мен оның алыстағы жары келу қарсаңында ауыр дертке душар болғанына налыдым - әлденеге көңілім ұйтқып, не бір жаман ойларға кете бердім. Бір кез Михаил Ивановичтің (инженердің аты осындай еді) бірінші кездескен күннен бастап айтқан сөздерін ойыма түсірдім. Сол күндегі бет әлібін көз алдыма келтіруге тырыстым. Өңін, жүрісін, мінезін талдадым. Бұрын Красноярскіде кездескенбіз. Бәріміз бір ауданға жөнелткен топтың ішінде кеткенбіз. Ондағы екеудің орысы - Михаил Иванович еді де, қазағы - Ақтөбенің Жұмағалиы еді: Кәдімгі Жұмекең шал. Жұмекең сыдырым сақалды арық адам да, Михаил Иванович жұқа өңді, қызыл шырайлы. Көзге түсетін баскейіптерінің бірі: екі көзі ұясынан шығып кетердей, сыртқа тепкен кісі. Баста бұл бейнесі көзге оғаш көрінсе де, келе-келе үйреніп кеткенбіз. Тіпті оны елемейтін де едік. Ақырын ұтымды сөйлейтін, көп нәрсені жете білетін, әсіресе қала тарихына судай - оның өткені мен болашағын көз алдына елестете әңгімелейтін инженерді. Міне, менің үйіне келе жатқан таныс адамым, тіпті сырлас Михаил Ивановичымның сырт пішіні осы. Бір жағынан оның көптен көрмеген, айтып аузынан тастамайтын, жұма сайын жіберген тамағынан таттырып тұратын жолдасының келгені қуантса, әйелімнің оны сырқатты жан, ауруханаға салмақшымын» дегені көңілге үрей сала береді. «Байғұс жаңа ғана жарымен бірге тұрып, үй болып, ошақ басының шағын қуанышына қосылып шаттанатын, үзілмейтін үмітті бір жүріп, бірге күтетін, енді міне қауіпті сырқатқа кездесіп...» деп қоям келе жатып. Мұны да біреулер естімесін дегендей, ішімнен ғана ойлаймын. Үлкен жолдан аулақ жатқан ну орман ішіндегі бұл селоның үйлері біріне-бірі егіз қозыдай ұқсас: теп-тегіс бөренеден салған, бәрі де шаршы келген, күн мен жауын жеп қара түтінденіп кетсе де, сабан төбелісі жоқ дерлік, бәрі де қарағай қиықты үйлер. Қақпалары да жә тақта, жә жұмыр ағаштан, қора-қопсылары да ағаштан. Дуалдары да сондай. Тіпті бау-бақшаларының қоршаулары да не шарбақ, не талдан тізбектеген, бейне бір ши ұстап қойған сияқты. Тегіс ағаш - мол байлық ішінде тұрғаны көзге бірден шалынады. Деревнялардың жол бойын қуалап салынатыны сияқты, бұл селен өзен бойын қуалай өскен - кез келген қора түкпірі суға тіреліп жатады. Бақшаға нәр беруге өзінен өзі-ақ тіленіп тұр. Өзгелердей иті бар, қара-құрасы мол үй емес, Михаил Ивановичтің пәтері ұл-қызын ел қорғауға берген жетім кемпірдің кішкене ағаш үйі еді. Қайың отын мол болғандықтан өте жылы. Күн көзі кемтар болса да, айнала терезелі, жарығы жеткілікті, жайлы пәтер болатын. Инженер жаңа ғана келген жұбайымен шүйіркелесіп отырса керек. Пижама киген күйі бізге есік ашты да, қуанышты үнмен пеш жанында отырған жұбайына бұрылып:

            - Таня, достар келді. Мына жігіт менің сапарлас және тағдырлас жолдасым, өзі әдебиетші - сенің коллегаң. Ал, София Яхиевна дәрігер, менің дәрігерім,- деп таныстыра бастады. Таня бізге қарсы жүрді. Әрине, мәпелеген ері үшін Таня аты қалмаса да, әйел бір қыдыру жасқа келген, елуге иек сүйеген ерінен төрт-бес жас қана кіші болуы керек. Бірақ әлі өңін бермеген. Қоңырқай шашының самай тұстарын қырау шалса да, көруге аса көркем жан екен. Әжімсіз, өте келісті біткен аққұба бетін қой көздері әдейі әшекейлеп қойғандай көрінеді. Жинақты дене, сұлу мұрын, биязы ерін - орыс халқының Еділ бойындағы көркем қыздарының бейнесін көз алдыңа алып келеді. Самара мен Саратовта жиі көріп жүрген таныс жандардай екен. Өзі де сол өлкенің қызы болып шықты. Мұны кейін біліп, жас кездегі ертегідей естен кетпейтін сұлу Саратовты көп әңгімелейтін болғанбыз. Сөйтіп, алыстағы ауданда тағы бір дос семья есігін ашқандай болды. «Сенің коллегаң» деген сөзге мен өзгеше елең ете қалдым. «Жә әдебиет мұғалімі, жә жазушы болды ғой, әй сірә мұғалім шығар...» дегенге тіреле бердім. Өйткені жүз реңінің аса мейірімділігі, өлшеп-пішулі жүріс қимылы, шашаусыз сөз жинақтылығы, тіпті үнінің ырғағы құлаққа айқын шалынатыны - көп жыл бойы көркем сөзді уағыздаған ұстаз мінезіне лайық көрініп кетті. - Жоғары шығыңыздар! Менің атым Андреева Татьяна Михайловна,- деп қолын ұсынды әйел: Жоғарысы, төмені жоқ кішкене үйдің ішіндегі стол жанында тұрған орындыққа тізе бүгісімен Михаил Иванович: - Қазір мен сіздерге шай ысытамын,- деп жалма-жан стол үстінен сырлы қоңыр шайнекті алып пешке қарай ұмтылды.- Бүгін біздің үйде кішкене той. Танянің келу тойы. Шай ішеміз. Саратов тағамын татамыз, әңгімелесеміз. - Рақмет! - Рақмет!- дестік біз қосарлана сөйлеп.- Біз шайға қарамаймыз. Амандасып қана шығуға келдік. - Жоқ отырасыз, мен тез ысытамын шайды. Біздің отыру-отырмауымызды әбден анықтамастан, жолдан келген әйел де ерінің ісіне араласа кетті. - Миша, шайды өзім ысытамын. Сен отыр да жолдастарыңмен бол. Үй-ішіндегі ұсақ жұмыстан сені енді мүлде босатамын. - Жоқ, Таня құдай үшін қозғалма. Сен жолдан келдің, шаршап келдің сонша жерден,- деп еді ері, әйел оған көнбеді. - Жоқ, Миша, мен мүлде шаршағаным жоқ. Саяхат жасағандай, дүниенің жер-жерін аралап, көңілім ашылып келді. Шексіз қуаныштамын. - Танюша болмайды. Ең болмаса бүгінше қозғалма. Міне, шайды қойып та болдым.

            - Жоқ, Миша! Онда екеуміз бөлісеміз. Сен балықтың қабыршағын арши бер, мен картошка тазартайын. - Жоқ, Таня, екеуін де өзім істеймін. Ұзақ жылдар бойы еріксіз сарғайып, жоғалтқан бақытын қайта тапқан бұл жанашыр жұбайлардың жүздерінде шаттық нұры лапылдап тұрғандай еді. Оның үстіне біріне-бірі үй ішінде де жанын пида етерлік ізетті мінездері елден бөлек әсер етті. Екеуінің қуанышын өз қуанышымыздай көріп кеттік, тәтті минуттарын бізге бөлуге қимадық. Тізе бүккен орнымыздан қалай түрегелгенімізді де білмей қалдық. - Әуре болмаңыз! - Біз отырмаймыз. - Екеуміз де қызметтеміз, дей салдық. Менің қармақ салудан өзге кәсібім қалмағаны да естен шығып кетті. Дәрігерім бұл халді байқап қалды білем, тез кетуді басқаша дәлелдеді. - Амандасып, келгеніңізге құтты болсын айтып шығу үшін екі-үш минутке ғана кірдік. Жұмысым бастан асып жатыр. Ғапу етіңіз. Және еліміздің салтынша: шеттен келген дос-жаранға үй-жайды көрсету біздің борышымыз,- деді. Екеуміз бас иіп шығып кеттік.

Бөлісу: