ІІІ БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 06:28

Қызметте Саттар отыратын стол үстіне күніне бір құшақ жада қағаз келіп түседі. Саттар соның бәрімен танысып, біреулерін шкафқа, біреулерін бастыққа жолдайды. Қағаздар да адам тәрізді. Олардың да аласы, құласы бар. Кейбір қағаздар өз бағасымен, өз орнымен бұның алдына келсе, кейбірі өз салмағын ақиқаттан артық пайымдап алла пешенесіне сызған ырзықтан артықты сұрап столының үстінде көлбеп жатып алады. Көк түтінді кеңірдектей сорып, алдында алакөзденіп тарбиып жатқан қағазбен жүйкеңді егеп айтысқа түсуге тура келеді. Қағаздар да адам тәрізді, сенімен ерінбей тәжікелесіп, қайтсе өз дегенін өткізбекке тырысып әлек. Кейбір жағдайда Саттар есікті ішінен іліп алып жалғыз өзіне жабылған дүйім қағаздармен жекпе-жек айқасатын, сізге өтірік бізге шын, әлгі алакөз қағаздар аспани құдіреттің арқасында өңшең құйрық шаншып ұмтылып жүрген сүзеген бұқаларға айналып, аша мүйіздерін асадай білеп, мына ортадағы екі аяқты пенденің көк түтіннен онсыз да бұзылып жүрген бір қасық арам қанын судай шашқалы тап береді. Екі аяқты пенде итжемі шықса да жаман кеудесін жолға тастауға жоқ, шамадан шыққанша жер басып жүргісі келеді. Саттардың басы біреу, аяғы екеу болғандықтан тарпа бас салған қызылкөз бұқалардың алдында шыр айналып испандық мысықайла пикадорларша денесіне соққы дарытпай қаламынан сүңгі, қалпағынан қалқан жасап, оңды-солды секіріп ыршып, қаншылқым майдандасатын. Қапыңды тауып тап басар ақикөз, адуын бұқалар кейде бұның аяқ-қолын тарбаңдата мүйізіне қондырып алып, бірер бұлғап бастан асыра лақтырып та жібереді. Адамнан айла құтылған ба, қағаздар бұқа болып жабылғанмен түбінде Саттардың айтқанына көніп, айдағанына жүріп есіктен қош айтысып шығып кететін. Бірақ онысы алдамшы. Көп ұзамай екі аяқты бір басты иесін жетектеп қайтып келеді. Өмірде әділеттің өзі кей жағдайда әділетсіздіктің тууына бір себепші емес пе! Қала үстінде қалың масадай сыңсып ұшқан жебелер мәнін де сонда түсінді. Телефон трубкасын орнына іле бергені еді, есіктен шашы сары, көзі көк қазақ сарт етіп кіріп келді. «Мынау Мыңжасар болмаса игі» деп шошып кетті. Саттар. Кісі іркілместен тура бұның алдына жетіп келді де, қолындағы қағазды Саттардың алдына тосып: - Мынау сенің қолың ба? - деді. Саттар бас изеді. Кісі сол жедел жүрісінен танбай есік алдына қайта барып тоқтады да плащының қойнынан әлдене іздей бастады. «Темекі тартқысы келді-ау» деп ойлады Саттар. Кісі қойнынан сарт еткізіп оқтаулы садақ суырып алды. Суырып алды да Саттарды отырған жерінде атып салып шығып жүре берді. Жез тұмсықты сұр жебе кірістен шығып жеткенше бұл дүр сілкініп төрт аяқ үстінде тұрған. Он иықтан тиген оқ жылқы денесіне терең бойлай алмай теріден етіп тоқтады. Айғырдың нәркес көзі қанталап ұясында ойнақшыды. Оң иығында сылбыраған садақ оғын артқы тұяғымен қағып жіберіп еді, Жебенің сабы сынып жез тұмсығы ет пен тері арасында қалып қойды. пенде болғанда қойнына садағын бұл да тығып жүрер еді. Ешкімге есесін жібермес еді. «Адамдар арасында жүріп жылқы болу да оңай емес-ау!» Асау еңсесін биік көтеріп құлақ қайшылап сергек келеді. Жан-жағынан ағылып өтіп жатқан Алматы тұрғындарының мынау жалғыз атта шаруасы жоқ. Байқамай ма, әлде байқаса да таңғалмай ма белгісіз. Таң қалу әдеттен көшкен заман ғой. Саттар қазір Асяның пәтерін бетке алып барады. Ася - баяғы ауылда кездесіп Алматыға кетіп қалатын ақ шалбарлы қыз. Саттар Алматыға келе салысымен оны оқитын жерінен іздеп тауып алған. Қыз сәл тосырқап қарсы алса да «таныстың ескісі жақсы» болғандықтан пәтеріне алып барған. Үй иелері соңғы үш-төрт күннен бері жоқ, елге кетіпті. Олар кетісімен Саттар Асяның қасында түнеп қалып жүрді. Есікті ашып ішке енгенде сырттан құмығып тұрған музыка әуені бұған дүрсе қоя бергендей. Ақ шалбарлы қыз бөлме ортасында толқын ұрған талдай теңселіп билеп тұрды. Маңдайы жіпсіп, екі иығынан дем алады. - Жаңа би үйреніп жатырмын, Саттар раздевайся и проходи! - деді. Саттар қыз шабытына тан қала бас шайқап, диванға келіп отырды. Есірік әуен мейлінше желігіп алған, бірде етпеттей қалып жер бауырлай еңіресе, бірде шашын жәйіп шалқалап күліп бақылдайды. Көкірегінде дір еткен сәулесі бар пендені баурап, табан астында бақсыдай арқаландырып жіберердей сиқыр ырғақ буынға түсіп алқын-жұлқын тепсінеді. Ырғақпен әуен әлеміне бір жола қолын төбесіне қойып берілген қыз денесі, бөксе, балтыр, бел ырғағы толқынданып көз тұтқындар өнер көрсетеді. Ақ шалбарлы қыз содыр баладай бөлме ішінде асыр салып біраз «секіріп» алды. Жас айғыр Асяның алдына кеп бас шұлғып тұр. Ат аяғындағы қанды көріп қыз шыр ете түсті. - Ой, бедный мой конь, кто это тебя так ранил? Какой злодей? Ой, ой! - деп, бәйек боп Асаудың жаралы аяғын нәп-нәзік саусағымен сипай берді. Жас айғыр оқыранды.  

Бөлісу: