І БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 06:26

Қолында жалғыз чемоданы бар жалғыз жігіт қала табалдырығын аттағалы тұрды. Жігіттің көз алдында бір шеті сонау түксиген тауға тіреліп, бір шеті жалпақ далаға шегініп мыңғырған үлкен қала жатты. Иін тіресе жалғасқан үйлер, өрмекшінің торындай айқыштанған көшелер, әредік-әредікте аспандап шошайған түтін мұнаралары, қаланың басы да, аяғы да жоқ мың-жыбыр тірлігі өз тынысы, өз ырғағымен жүріп жатты. Қала үстін не түтін, не тұман екені белгісіз салбыраған мұнар басқан. Автобус әлі келмепті. Көпшіліктің қасында қолында жалғыз чемоданы бар жалғыз жігіт емес, күні кеше ғана тұяғы астында жалпақ дала дөңгеленген Асау тұрды. Жылқы баласы қала тірлігіне аспаннан түскендей тосырқана қарайды. Қоршаған қала тірлігі жылқы көзінде қалай жұмбақ көрінсе, бұның осы ортаға қалай түсуі одан да зор жұмбақ. Жалпы ол ештеңе ұға алмай тұр, мынау төрт тұяқ тас көшеде жұқару үшін емес, жалпақ жазираны құшаққа алып көсілу үшін, керек емес пе еді! Жылқы, жылқы болғалы қанша заман. Қанша заман табиғат құшағының еркесі болып келген тол бүгін қалаға өз аяғымен келіп кірді. Бұл тосын сапарды әңгімені жазып отырған мен де, әңгіменің, кейіпкері болып отырған сол Асау да білмейді. Оның неге бұлай болғанын, яғни кең жайлау өрісін тастап Асаудың Алматыға келу себебін сіз ешкімнен сұрап шаршап жүрмеңіз. Оған ешкім де кінәлі емес. Осы әңгімені оқып шыққаннан кейін: «кінәліні тауып, Асау сияқты әсем атты қалаға әкелгені үшін сазайын тарттыру керек» деп қызынушылар да табылуы мүмкін. Дереу «ондай түліктің жақсы төлін жусанды даласына қайтару керек» деп шара қолдануды да сұрауы мүмкін оқушы. Өйтуге де болар еді. Автордың сол Асауды Алматының көшесінен тауып алып даласына қайтаруға да шамасы келер еді. Бірақ мәселе онда емес. Мәселе - бұл Асауды өріске жібергенмен ертең оның баласы немесе баласының баласы Асаудың осы бүгінгі жолымен қалаға кіріп аялдамада жұртпен бірге құлақ қайшылап автобус күтіп тұратынында еді. Оны көрген сол заманның бір жазушысы көшедегі жылқы туралы сөзсіз әңгіме жазар еді. Ендеше шындыққа зәредей ақауы жоқ хикаямызды одан әрі жалғастыра берелік! Автобусты күтіп отырғанда сағат алты болды. Қаладағы бүкіл төрт дөңгелекті машина біткенді байлауынан сайтан ағызып жібергендей көшеге толып кеткен. Шынжырынан босаған іш қыста иттей ерсілі-қарсылы шапқыласады олар. Асау дөнен таң қалады. Айғыр қуған тұмса байталдай әне бір машина безінеді. Өкшелеген өктем жау жетіп желкесін қиярдай тұс-тұсынан сып-сып көмекей жырта шыңғырады. Қып-қызыл машиналар жәй кеткен жоқ, танауға жағымсыз көк түтінін лоқсып-лоқсып құсып кетті. Асау нәркес көзін аударып-төңкеріп алмас тұяғын асфальтқа қайрады. Осыншама иін тірескен машинаны көтере алмай үлкен көпірдің белі майысатын тәрізді. Лық толып келген автобусқа аялдамадағы ел лап қойды. Жұртпен таласа-тармаса автобусқа Саттар да ілікті.

Бөлісу: