ІІ БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 05:53

Кезекті намазын оқып болып, бет сипап енді ғана жайнамазын жинамаққа ниет жасап жатыр еді, тыстан бір ер кісінің дөрекі үні естілді. Сыртқа шық, сопы! Ау, бұл кім? Ішке кірмейсің бе!-деді Қожа Ахмет. Шық тезірек, діндар! Қабылдап ал, мынаны... Ол не? Кім бұл?-деп, Қожа Ахмет секем ала сөйлеген. Ой, жетесіз! Шығасың ба, жоқ па!... Дөрекі үн одан бетер барылдап шықты. Шықпасына қояр емес. Тыста екі кісі тұр екен. Екеуі  де аузы-басын таңып алған. Өздерінің кім екенін танытқысы жоқ.          - Мына дорбаны саған бер деді! - Дәу қара осыны айтты да, қан жұққан кір дорбаны бұған қарай лақтырып жіберді. Сосын екеуі аттарына міне сап, шауып ала жөнелді. Шықпасына қояр емес. - Ау, тоқтасаңдаршы! Өздерің кімсіңдер?-деп, Ахмет абдырап тұрып қалды да, сосын есін жиып, дорбаға жақындады. «Бұл не? Бұны кім беріп жіберді екен! Сыртына қан жұғыпты-ау!...» Сосын ақырын дорбаның ауыз бауын ағытып жіберіп, ішіне көз салды. Ішінде - бас! Кісінің басы! Астапыралла! Астапыралла-а!...-деп, Ахмет жағасын ұстады. Сосын екінші мәрте қарағанда әлгі бас өзінің жалғыз ұлының басы екенін ұқты. Жүрегі шым-м ете түсті. Тағы, тағы да мұны тұқыртпақ болғандары. Осылай істесек, өз ойынан айниды дегендері...» Ей, пенделер-ай!-деп, Ахмет аспанға қарап, қабағын түйіп, жаны шырқырап, қынжыла сөзге келді. - Жастай жұлып, жастай солдырғандарың қалай? Жастың обалы кімге?... Осыны айтқанын біледі. Одан арғысы есінде жоқ.                                                      Көп күндер бойы ой толғанысына түскен құдайдың құлы Қожа Ахмет бiр күнде көңiл шешiмiн жасады. Сейхун мен Қаратаудың қақ ортасындағы кiшкене елдi мекеннен - шағын қаладан өзiнiң мәңгi орнын таппақ ниетке табан тiредi. Ол - түсiнде жасанып тұратын Иассы едi. Сол Иассыдан қылуеттi - жер асты үйiн қаздырды. Сол ойы қашан iске асып, қашан орындалғанша,  бiткенше дамылсыз күй кештi. Күндердiң күнiнде сол жер асты үйiн - қылуеттi әзiрлеушi жiгiттердiң бiрi бұның үйiнiң есiгiн қағып, кiрiп келгенде қалай орнынан ұшып түрегелгенiн сезбей қалды. - Қанi, қайтты!.. Не болды?.. - деп, дегбiрсiздендi. - Бiттi, сопы аға! Бәрi де әзiр... Тап осы мезетте Қожа Ахметтiң буын-буыны дiрiлдеп, көмейiне әлдене тығылғандай, үнi шықпай бiраз уақыт тұтығып тұрып қалған-ды. - Жарайды, жарайды! Сәлден соң өзiм барып көрермiн... - деп, әзер дегенде жауап сөзiн айтқан. Жiгiт бас иiп, шығып кеткен соң, көңiлi тағы да алақұйын болып, ой додасы омырауында ойнақ сала жөнелгенi. Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Кезекті намазын оқып болып, бет сипап енді ғана жайнамазын жинамаққа ниет жасап жатыр еді, тыстан бір ер кісінің дөрекі үні естілді.

Сыртқа шық, сопы!

Ау, бұл кім? Ішке кірмейсің бе!-деді Қожа Ахмет.

Шық тезірек, діндар! Қабылдап ал, мынаны...

Ол не? Кім бұл?-деп, Қожа Ахмет секем ала сөйлеген.

Ой, жетесіз! Шығасың ба, жоқ па!...

Дөрекі үн одан бетер барылдап шықты. Шықпасына қояр емес. Тыста екі кісі тұр екен. Екеуі  де аузы-басын таңып алған. Өздерінің кім екенін танытқысы жоқ.

         - Мына дорбаны саған бер деді! - Дәу қара осыны айтты да, қан жұққан кір дорбаны бұған қарай лақтырып жіберді. Сосын екеуі аттарына міне сап, шауып ала жөнелді. Шықпасына қояр емес.

- Ау, тоқтасаңдаршы! Өздерің кімсіңдер?-деп, Ахмет абдырап тұрып қалды да, сосын есін жиып, дорбаға жақындады.

«Бұл не? Бұны кім беріп жіберді екен! Сыртына қан жұғыпты-ау!...»

Сосын ақырын дорбаның ауыз бауын ағытып жіберіп, ішіне көз салды. Ішінде - бас! Кісінің басы!

Астапыралла! Астапыралла-а!...-деп, Ахмет жағасын ұстады. Сосын екінші мәрте қарағанда әлгі бас өзінің жалғыз ұлының басы екенін ұқты.

Жүрегі шым-м ете түсті. Тағы, тағы да мұны тұқыртпақ болғандары. Осылай істесек, өз ойынан айниды дегендері...»

Ей, пенделер-ай!-деп, Ахмет аспанға қарап, қабағын түйіп, жаны шырқырап, қынжыла сөзге келді. - Жастай жұлып, жастай солдырғандарың қалай? Жастың обалы кімге?...

Осыны айтқанын біледі. Одан арғысы есінде жоқ.

 

                                                  

Көп күндер бойы ой толғанысына түскен құдайдың құлы Қожа Ахмет бiр күнде көңiл шешiмiн жасады. Сейхун мен Қаратаудың қақ ортасындағы кiшкене елдi мекеннен - шағын қаладан өзiнiң мәңгi орнын таппақ ниетке табан тiредi. Ол - түсiнде жасанып тұратын Иассы едi. Сол Иассыдан қылуеттi - жер асты үйiн қаздырды. Сол ойы қашан iске асып, қашан орындалғанша,  бiткенше дамылсыз күй кештi.

Күндердiң күнiнде сол жер асты үйiн - қылуеттi әзiрлеушi жiгiттердiң бiрi бұның үйiнiң есiгiн қағып, кiрiп келгенде қалай орнынан ұшып түрегелгенiн сезбей қалды.

- Қанi, қайтты!.. Не болды?.. - деп, дегбiрсiздендi.

- Бiттi, сопы аға! Бәрi де әзiр...

Тап осы мезетте Қожа Ахметтiң буын-буыны дiрiлдеп, көмейiне әлдене тығылғандай, үнi шықпай бiраз уақыт тұтығып тұрып қалған-ды.

- Жарайды, жарайды! Сәлден соң өзiм барып көрермiн... - деп, әзер дегенде жауап сөзiн айтқан.

Жiгiт бас иiп, шығып кеткен соң, көңiлi тағы да алақұйын болып, ой додасы омырауында ойнақ сала жөнелгенi.

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: