І БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 05:39

Әуелде екеу еді. Үш кісілік палатада екеуден-екеу. Екеуі де томсарулы. Ләм - мим. Үн жоқ. Бұл оған, анау бұған тіл қатпайды. Бір-бірін көріп тұрғаны осы. Бұрын- соңды бірін-бірі білмек тұрмақ, кездеспеген. Сонда да араларында өзекті өкпесі бар адамдардай. Бұртиюлы. Екеуінің көзі де, көңілі де екі жақта. Мүмкін, мінез... Бұйығылық... Томаға-тұйықтық...        Екеудің бірі - Қылыш қара, екіншісі - Үндемес сары.  Қылыш қара ойлады. Өзі туралы. Бірақ сырқаты туралы емес. Оны ойлай беретін несі бар? Одан да басқа бірнеңені... Екеуінің де аузынан сөз шықпай жатқаны бәлкім, мінезден... Мінездің міні... Бұл тұйық па? Жоқ! Сөзге, сөйлесуге әманда әзір тұратын былқылдақ көңілі енді келіп, осы ауруханаға түскенде кенет өзгере қалып па! Мінез деген - мінез. Кісі мінезі тез өзгермейді. Мінез, түптеп келгенде, туа бітті қасиет. Туа бітті әдет. Ал, оны жол-жөнекей өзгерту... Айтпақшы, өзгертуге болады деседі. Оқығаны бар. Ана орыстың үлкен жазушысы бар емес пе, Чехов деген... Сол өз мінезін өзі өзгерткен дейді. Замандастары ол туралы жылы-жылы сөз айтып, қандай сыпайы, қандай салмақты, қандай әдепті деп таң қала даудырласып жатқанда, ауруы әбден меңдеген Чехов бар күшін жия жымиып күліпті дейді. "Қайран достарым, - депті ол, - менің ішкі мінезімді, шын бейнемді білсең ғой, ал мынау, өздерің көріп жүрген мінез - жәй, өзімді-өзім қолға алудан..." Анау-мынау емес, орыстың орман жазушысы осылай депті. Тірліктегі мінезім басқа, ал ішкі мінезім одан бөлек... Ал, ендеше... Соған қарағанда... Қылыш қара, өз ойынша, өз мінезіне өзі би. Ашықтау. Көңілділеу. Сөзшеңдеу. Сөйлесер жан табылса, әрине, көңілден шығатын кісі болып, сөзі жараса бастаса, таңды таңға ұруға бар. Жақсы әңгіме әрбірден соң көңіл шырайы, сезім сергітер, ой тазартар... Ол үнемі тұнжырап, үндемей, томсарып жүретіндерді іштей ұнатпайтын. Әсіресе, әлгі бір адамды...  Әлгі бір үндеместі... Сол да өмір болып па!.. Онсыз да қысқа тірлік... Одан гөрі осы қысқа өмірдің әрбір сәтін көңілдірек, әсемдеңкіреп өткізбес пе! Томсарып, түнеріп жүру - не қоғамға, не тұрмысқа, не қатын-балаңа, әйтпесе жанындағы біреуге ренжу. Жә, ренжігенде де оның шегі болмай ма. Бір күн, екі күн, бір апта... Ау, содан соң серпілу керек қой... Серпілу қажет. Ал, жаңағы адам... өмірі тұнжырап, түнеріп жүреді де қояды. Тірлік ол үшін қызығын әлдеқашан жоғалтқандай. Енді мен үшін бәрібір дейтіндей. Ой, сөйтіп те өмір сүру деген... Ашуы келетін. Сол кісіні көрген сайын бойын белгісіз бір ашу кернеп кететін. Егер сөзге тартып, сөйлесе кетсе бар ғой, одан ешбір жаманшылық көрмесе де, неге екені белгісіз, тұп-тура шабуылға шығып, оны жерден алып, жерден салуға әзір болатын. Бірақ анау бұған үндемейді.Тіпті сөйлесетіндей ыңғай да байқатпайды. Өзімен-өзі. Осыған ит ашуы келіп жүргенде бір күні тағы бір кісіні көрді. Ал, бұл болса... құдай көрсетпесін, түбі түскен шелек сияқты. Анамен де, мынамен де емен-жарқын сөйлесе жөнеледі. Қарқылдап күледі. Жөн-жосықсыз күледі. Ерсілеу күледі. Сөйлеген сөзі де түйеден түскендей, қарадүрсіндеу. Қотыр сөз... Әуелде сол адамды іштартып, "е, осылай жүрмей ме жұрттың бәрі" деп ойлап еді, арада аз уақыт өтпей-ақ ол ойынан өзі қашты. Қотыр сөзіне қарап... Ерсі күлкісіне қарап... Мынадай даңғой даңғырлақ болғаннан үндемес болу әлдеқайда артық па деді. Сонда... бұл өмірде кісі қандай болуы керек? Сөзшең бе, жоқ болмаса томаға-тұйық па? Өзі туралы ойланғанда кейде әлгі түбі тесік шелек секілді адамға ұқсап кететіндей еді. Әредік сөзшең болып кеткенде... Сосын дереу өзін тежей қоятын. Осы жерде тоқтағаным дұрыс болар деп... Біраз болды, ептеп басы ауыратын болып жүр. Қан қысымы көтерілген дейді. Осы заманда қан қысымы көтерілмей қайтсін. Қайта шыдап-ақ жүр екен. Қан қысымы көтерілмек тұрмақ, бұрқ-сарқ тасып та кетер. Заман мынау... ақша билеп тұрған... Дүниеге көк қағаз - доллар билік құрып тұрған... Ой, десе, АҚШ долларының дөңгелегі алға басып еді, тығырыққа ақша ғана емес, адам да тіреліп қалғандай. Көп кісілердің пейілі ғана емес, мінезі де өзгеріп кетті. Доллар-мінез дарылдақтар көбейіп... Кейінгі уақытта жұбайы да бұны жұбата сөйлеп: - Жасың қырықты орталады, елудің аулы да алыс емес, енді денсаулығыңды күтсеңші, - дейтін. - Сен алда-жалда олай-бұлай бола қалсаң, біз қайтеміз? Балаларыңның өз қолы өз аузына жете қойған жоқ... Балалар десе бауыр ет езілмей қоя ма. Өз қолы өз аузына жете қоймағаны да рас. - Денсаулық саған керек болмаса, бізге керек, күтінші жарқыным, - деп әйелі бәйек. Күнде айтады. Күнде құлақ етін жейді. "Давлениемен ойнама, бәрі деп-демде..." дейді. Бәрі деп-демде... Рас-ау, бұл өмірде бәрі деп-демде. Сүйек пен еттен жаратылған жұмыр басты пенде үшін бәрі қас-қағым сәтте... О, жаратқан десе, өзі жаратады да, өзі қия жарға тақап қоятынын-ай, ә!.. Өйтіп жаратқанша... Жә, жә, осыным артықтау шығар. Шүкір, жарық дүние сыйлағаныңа мың мәрте шүкір... Денсаулықты күту мәселесі күн тәртібінде тұрғалы қашшан. Әйелі күндіз де, түнде де қақсайды. Өйт те бүйт... Ақыры соның дегенін қылды. Бас редакторға жағдайын айтып еді, қарсы болмады. Тіпті екі сөзге келген жоқ. - Ауырып жүрсең, не сөз бар. Жат, емделіп ал, - деді. Ауруханаға өз еркімен келіп жатқаны осы еді, дәрігер дереу тексеріп, қан қысымына қосымша тағы да үш-төрт кеселдің бетін ашып берді. Осынша дертпен үндемей жүре бергеніңізді айтам-ау деп күледі бұған. Бұл аң-таң. Ептеп басы ауыратыны рас. Ал, енді әлгіндегідей сырқатты сезінсе кәні! Дәрігердің қолына түссең болды, істейтіні осы. Ауру еместі ауру, сырқат еместі сырқат етіп, әп-сәтте есіңнен тандырып тастайды. Мейлі. Ақыры келді, енді асығар не бар. Бас редактордың өзі рұқсат етті. Өз еркімен жіберді. Е, ендеше қорқатын не бар. Тексерсін. Емдесін. Тек... бұның көңіл күйін бөліп, ойына әрнені салған бүгін ғана палатаға келген кісі - ана жатқан Үндемес сары. Келгелі бері үш-төрт сағат болды, әлі бір ауыз сөз айтқан жоқ. Бір қарағанда - әжептәуір мекемеде істейтін қызметкер сияқты. Жәй адам емес. Сөйлессе, сөздің түбін түсірердей-ақ сыңайы бар. Әлде... жанына батқан ауруы бар ма? Сосын да сөзге селсоқ па екен?.. Мүмкін, ол... - Сағат қанша болды?.. Үндемес сарының ең алғашқы сөзі де, сауалы да осы болды. Бұл оның тіл қатқанына қуанып кетті ме, дереу сағатты айтты. - Уһ-һ... - деді Үндемес сары. - Не, бір жеріңіз қатты ауырып жатыр ма?.. Ол жауап беру орнына бұған бір сәт кірпік қақпай қадалып қарап қалды. Көзі қандай өткір еді. Әзер дегенде... назарын қайта аударып әкетті. Әрі қарап жатып, күбірлегендей болып: - Е, ауру деген жетеді бізде, - деді. - Бірақ соның бәрінен де жан жарасы ауырлау болып тұр... Қылыш қара үнсіз қалды. Жаңағы сөзге елең етті де, әрі қарай сөз жалғастыруға бата алмағандай. Жан жарасымен ауырған кісімен қалай тез сөйлесе алсын. Көз жанары анау. Мінезі де бәлкім, тік пе? Кім біледі, шарт кетіп... Үндемес сары бұдан әрі үндемей қалған. Әрі қарай тіл қатуға зауқы жоқ. Осы Қылыш қарамен неменеге сөйлеседі. Нені түсінер ол! Сөйлескенде не демек? "Шырағым, мен чиновник едім, аппарат қызметкері едім, анау-мынау емес, консультант едім, сол аппаратыңа бір кісідей еңбегім де сіңе бастаған қызметкер едім, сол орнымнан айрылып қалдым, андағылар иттік етті, оңбағандар-р..." Осыны айта ма? Түсінсе жақсы. Ал, түсінбей... "Ой, сіз өзі қиялилау екенсіз, сондай консультанттық қызметтен де кісі оңай босай ма, іліктің екен, шырмауықша шырматылып, қалай болғанда да айрылмау керек еді" деп малтасын езсе... Ішінен ойлады. Өткен күндері еске түсіп, бәрін де жоқ жерден Бұлдіріп алғанын ойлап, іштей күйзелді. Жаны шырқырап, ауырғандай болды. Біреу бүйіріне біз сұғып жатқандай. "Чиновник болып нем бар еді! Мұғалімдік неме жетпеді осы... Тып-тыныш тірлігім бар еді, көңілім орнында еді. Ал, енді мынау... Кімді кінәлаймын, кіммен жаға ұстасамын... Сол жұмысқа қалай оңай барсам, солай жылдам босадым да... далада қалдым ғой енді..." Үндемес сары басын шайқап, ішінен кіжініп қойды. Өз кінәсінен гөрі өзгенің кінәсі басымдау дегендей. "Мен емес, басқалар, басқалардың қиянаты... Адамдығынан гөрі арамдығы басымдау пенделердің ит қылығы-ы..." Осы ой... Кеше де мазалаған. Алдыңғы күні де... Одан да бұрын... Бүгін тағы да... Басы зеңіп кеткендей. "Әй, осы көңілсіз ойдан қайтсем құтылам! Аппаратный чиновник болмағандар тәуір өмір сүре алмай ма екен, басқалар не, адамның қоры ма сонша... "Біз чиновникпіз" деп кеуде кере сөйлегенде міндеті тас жара жаздайды-ау солардың! Немене, чиновник зор да, басқалар қор ма? Басқа қызметтегілер ше?.. Коммерция, бизнес... Солар жаман өмір сүріп жатыр ма? Доллар кімде - соларда. Дүние кімде - соларда-а... Тіпті олар осы аппаратный чиновниктеріңе сыртынан күледі де. Көгенге байланып, көзін сатқандар деп... Керек десе, енді мен сол чиновниктеріңнен де зор, мықты боламын. Көр де тұр... коммерцияға, бизнеске кетіп..." Енді ол кермек қиялдан қаша бастады. Оны бойынан үркітуге ұмтылды. Сосын қасындағы серігіне - Қылыш қараға қарап, сөйлесуге зауқы соқпаса да, өзін-өзі қинағандай болып, тіл қатты: - Атың кім? - Алтай. - Мен - Алмаспын. Өте жақсы. Осыны айтып тұрып, Қылыш қараның - Алтайдың рең-басына осы жолы ғана дұрыстап қараған. Жасы өзінен кішілеу көрінді, сосын да сен деп сөйлесуін әрі жалғай берді. - Қайда істеуші едің? - Журналиспін. - Е, журналиспін де. Ол жақсы екен. Журналист деген өте тәуір мамандық. Ал, біздікі... - Үндемес сары кідіріп қалды. Қылыш қара еміне түсіп, қайда істейтінін білмекке құштар. - Сіз ше? Сіз қайда жұмыс-с... - Чиновникпін. "Чиновникпін" деген сөзді Үндемес сары өте зілді айтты. Өкпесі бар адамдай. Чиновниктік жұмыс шаршатқандай. Осылайша олар текіректеп, сөз сабақтаса алмай жатқан. Әлден уақытта барып, ойына бірнеңе келді ме, Үндемес сары жатқан орнынан кеуде көтеріп, бойын тіктеді. Сосын Алтайға қарап: - Журналист болсаң, саған айтар, тек өзіңе ғана айтар әңгімем бар, - деді. - Бірақ біліп қой, мен өзі көп ашыла бермеймін, көрінгенге ашыла бермеймін... Алтай ыңғайлана берді.

Әуелде екеу еді. Үш кісілік палатада екеуден-екеу. Екеуі де томсарулы. Ләм -

мим. Үн жоқ. Бұл оған, анау бұған тіл қатпайды. Бір-бірін көріп тұрғаны осы. Бұрын-

соңды бірін-бірі білмек тұрмақ, кездеспеген. Сонда да араларында өзекті өкпесі бар

адамдардай.

Бұртиюлы. Екеуінің көзі де, көңілі де екі жақта. Мүмкін, мінез...

Бұйығылық... Томаға-тұйықтық...       

Екеудің бірі - Қылыш қара, екіншісі - Үндемес сары. 

Қылыш қара ойлады. Өзі туралы. Бірақ сырқаты туралы емес. Оны ойлай беретін несі бар? Одан да басқа бірнеңені... Екеуінің де аузынан сөз шықпай жатқаны бәлкім, мінезден... Мінездің міні... Бұл тұйық па? Жоқ! Сөзге, сөйлесуге әманда әзір тұратын былқылдақ көңілі енді келіп, осы ауруханаға түскенде кенет өзгере қалып па! Мінез деген - мінез. Кісі мінезі тез өзгермейді. Мінез, түптеп келгенде, туа бітті қасиет. Туа бітті әдет. Ал, оны жол-жөнекей өзгерту... Айтпақшы, өзгертуге болады деседі. Оқығаны бар. Ана орыстың үлкен жазушысы бар емес пе, Чехов деген... Сол өз мінезін өзі өзгерткен дейді. Замандастары ол туралы жылы-жылы сөз айтып, қандай сыпайы, қандай салмақты, қандай әдепті деп таң қала даудырласып жатқанда, ауруы әбден меңдеген Чехов бар күшін жия жымиып күліпті дейді. "Қайран достарым, - депті ол, - менің ішкі мінезімді, шын бейнемді білсең ғой, ал мынау, өздерің көріп жүрген мінез - жәй, өзімді-өзім қолға алудан..." Анау-мынау емес, орыстың орман жазушысы осылай депті. Тірліктегі мінезім басқа, ал ішкі мінезім одан бөлек... Ал, ендеше... Соған қарағанда...

Қылыш қара, өз ойынша, өз мінезіне өзі би. Ашықтау. Көңілділеу. Сөзшеңдеу. Сөйлесер жан табылса, әрине, көңілден шығатын кісі болып, сөзі жараса бастаса, таңды таңға ұруға бар. Жақсы әңгіме әрбірден соң көңіл шырайы, сезім сергітер, ой тазартар... Ол үнемі тұнжырап, үндемей, томсарып жүретіндерді іштей ұнатпайтын. Әсіресе, әлгі бір адамды...  Әлгі бір үндеместі... Сол да өмір болып па!.. Онсыз да қысқа тірлік... Одан гөрі осы қысқа өмірдің әрбір сәтін көңілдірек, әсемдеңкіреп өткізбес пе! Томсарып, түнеріп жүру - не қоғамға, не тұрмысқа, не қатын-балаңа, әйтпесе жанындағы біреуге ренжу. Жә, ренжігенде де оның шегі болмай ма. Бір күн, екі күн, бір апта... Ау, содан соң серпілу керек қой... Серпілу қажет. Ал, жаңағы адам... өмірі тұнжырап, түнеріп жүреді де қояды. Тірлік ол үшін қызығын әлдеқашан жоғалтқандай. Енді мен үшін бәрібір дейтіндей. Ой, сөйтіп те өмір сүру деген...

Ашуы келетін.

Сол кісіні көрген сайын бойын белгісіз бір ашу кернеп кететін. Егер сөзге тартып, сөйлесе кетсе бар ғой, одан ешбір жаманшылық көрмесе де, неге екені белгісіз, тұп-тура шабуылға шығып, оны жерден алып, жерден салуға әзір болатын. Бірақ анау бұған үндемейді.Тіпті сөйлесетіндей ыңғай да байқатпайды. Өзімен-өзі.

Осыған ит ашуы келіп жүргенде бір күні тағы бір кісіні көрді. Ал, бұл болса... құдай көрсетпесін, түбі түскен шелек сияқты. Анамен де, мынамен де емен-жарқын сөйлесе жөнеледі. Қарқылдап күледі. Жөн-жосықсыз күледі. Ерсілеу күледі. Сөйлеген сөзі де түйеден түскендей, қарадүрсіндеу. Қотыр сөз... Әуелде сол адамды іштартып, "е, осылай жүрмей ме жұрттың бәрі" деп ойлап еді, арада аз уақыт өтпей-ақ ол ойынан өзі қашты. Қотыр сөзіне қарап... Ерсі күлкісіне қарап... Мынадай даңғой даңғырлақ болғаннан үндемес болу әлдеқайда артық па деді.

Сонда... бұл өмірде кісі қандай болуы керек? Сөзшең бе, жоқ болмаса томаға-тұйық па?

Өзі туралы ойланғанда кейде әлгі түбі тесік шелек секілді адамға ұқсап кететіндей еді. Әредік сөзшең болып кеткенде... Сосын дереу өзін тежей қоятын. Осы жерде тоқтағаным дұрыс болар деп...

Біраз болды, ептеп басы ауыратын болып жүр. Қан қысымы көтерілген дейді. Осы заманда қан қысымы көтерілмей қайтсін. Қайта шыдап-ақ жүр екен. Қан қысымы көтерілмек тұрмақ, бұрқ-сарқ тасып та кетер. Заман мынау... ақша билеп тұрған... Дүниеге көк қағаз - доллар билік құрып тұрған... Ой, десе, АҚШ долларының дөңгелегі алға басып еді, тығырыққа ақша ғана емес, адам да тіреліп қалғандай. Көп кісілердің пейілі ғана емес, мінезі де өзгеріп кетті. Доллар-мінез дарылдақтар көбейіп...

Кейінгі уақытта жұбайы да бұны жұбата сөйлеп:

- Жасың қырықты орталады, елудің аулы да алыс емес, енді денсаулығыңды күтсеңші, - дейтін. - Сен алда-жалда олай-бұлай бола қалсаң, біз қайтеміз? Балаларыңның өз қолы өз аузына жете қойған жоқ...

Балалар десе бауыр ет езілмей қоя ма. Өз қолы өз аузына жете қоймағаны да рас.

- Денсаулық саған керек болмаса, бізге керек, күтінші жарқыным, - деп әйелі бәйек. Күнде айтады. Күнде құлақ етін жейді. "Давлениемен ойнама, бәрі деп-демде..." дейді. Бәрі деп-демде... Рас-ау, бұл өмірде бәрі деп-демде. Сүйек пен еттен жаратылған жұмыр басты пенде үшін бәрі қас-қағым сәтте... О, жаратқан десе, өзі жаратады да, өзі қия жарға тақап қоятынын-ай, ә!.. Өйтіп жаратқанша... Жә, жә, осыным артықтау шығар. Шүкір, жарық дүние сыйлағаныңа мың мәрте шүкір...

Денсаулықты күту мәселесі күн тәртібінде тұрғалы қашшан. Әйелі күндіз де, түнде де қақсайды. Өйт те бүйт...

Ақыры соның дегенін қылды. Бас редакторға жағдайын айтып еді, қарсы болмады. Тіпті екі сөзге келген жоқ.

- Ауырып жүрсең, не сөз бар. Жат, емделіп ал, - деді.

Ауруханаға өз еркімен келіп жатқаны осы еді, дәрігер дереу тексеріп, қан қысымына қосымша тағы да үш-төрт кеселдің бетін ашып берді. Осынша дертпен үндемей жүре бергеніңізді айтам-ау деп күледі бұған. Бұл аң-таң. Ептеп басы ауыратыны рас. Ал, енді әлгіндегідей сырқатты сезінсе кәні! Дәрігердің қолына түссең болды, істейтіні осы. Ауру еместі ауру, сырқат еместі сырқат етіп, әп-сәтте есіңнен тандырып тастайды.

Мейлі. Ақыры келді, енді асығар не бар. Бас редактордың өзі рұқсат етті. Өз еркімен жіберді. Е, ендеше қорқатын не бар. Тексерсін. Емдесін.

Тек... бұның көңіл күйін бөліп, ойына әрнені салған бүгін ғана палатаға келген кісі - ана жатқан Үндемес сары. Келгелі бері үш-төрт сағат болды, әлі бір ауыз сөз айтқан жоқ. Бір қарағанда - әжептәуір мекемеде істейтін қызметкер сияқты. Жәй адам емес. Сөйлессе, сөздің түбін түсірердей-ақ сыңайы бар. Әлде... жанына батқан ауруы бар ма? Сосын да сөзге селсоқ па екен?.. Мүмкін, ол...

- Сағат қанша болды?..

Үндемес сарының ең алғашқы сөзі де, сауалы да осы болды. Бұл оның тіл қатқанына қуанып кетті ме, дереу сағатты айтты.

- Уһ-һ... - деді Үндемес сары.

- Не, бір жеріңіз қатты ауырып жатыр ма?..

Ол жауап беру орнына бұған бір сәт кірпік қақпай қадалып қарап қалды. Көзі қандай өткір еді. Әзер дегенде... назарын қайта аударып әкетті. Әрі қарап жатып, күбірлегендей болып:

- Е, ауру деген жетеді бізде, - деді. - Бірақ соның бәрінен де жан жарасы ауырлау болып тұр...

Қылыш қара үнсіз қалды. Жаңағы сөзге елең етті де, әрі қарай сөз жалғастыруға бата алмағандай. Жан жарасымен ауырған кісімен қалай тез сөйлесе алсын. Көз жанары анау. Мінезі де бәлкім, тік пе? Кім біледі, шарт кетіп...

Үндемес сары бұдан әрі үндемей қалған. Әрі қарай тіл қатуға зауқы жоқ. Осы Қылыш қарамен неменеге сөйлеседі. Нені түсінер ол! Сөйлескенде не демек? "Шырағым, мен чиновник едім, аппарат қызметкері едім, анау-мынау емес, консультант едім, сол аппаратыңа бір кісідей еңбегім де сіңе бастаған қызметкер едім, сол орнымнан айрылып қалдым, андағылар иттік етті, оңбағандар-р..." Осыны айта ма? Түсінсе жақсы. Ал, түсінбей... "Ой, сіз өзі қиялилау екенсіз, сондай консультанттық қызметтен де кісі оңай босай ма, іліктің екен, шырмауықша шырматылып, қалай болғанда да айрылмау керек еді" деп малтасын езсе...

Ішінен ойлады. Өткен күндері еске түсіп, бәрін де жоқ жерден Бұлдіріп алғанын ойлап, іштей күйзелді. Жаны шырқырап, ауырғандай болды. Біреу бүйіріне біз сұғып жатқандай.

"Чиновник болып нем бар еді! Мұғалімдік неме жетпеді осы... Тып-тыныш тірлігім бар еді, көңілім орнында еді. Ал, енді мынау... Кімді кінәлаймын, кіммен жаға ұстасамын... Сол жұмысқа қалай оңай барсам, солай жылдам босадым да... далада қалдым ғой енді..."

Үндемес сары басын шайқап, ішінен кіжініп қойды. Өз кінәсінен гөрі өзгенің кінәсі басымдау дегендей. "Мен емес, басқалар, басқалардың қиянаты... Адамдығынан гөрі арамдығы басымдау пенделердің ит қылығы-ы..."

Осы ой... Кеше де мазалаған. Алдыңғы күні де... Одан да бұрын... Бүгін тағы да... Басы зеңіп кеткендей.

"Әй, осы көңілсіз ойдан қайтсем құтылам! Аппаратный чиновник болмағандар тәуір өмір сүре алмай ма екен, басқалар не, адамның қоры ма сонша... "Біз чиновникпіз" деп кеуде кере сөйлегенде міндеті тас жара жаздайды-ау солардың! Немене, чиновник зор да, басқалар қор ма? Басқа қызметтегілер ше?.. Коммерция, бизнес... Солар жаман өмір сүріп жатыр ма? Доллар кімде - соларда. Дүние кімде - соларда-а... Тіпті олар осы аппаратный чиновниктеріңе сыртынан күледі де. Көгенге байланып, көзін сатқандар деп... Керек десе, енді мен сол чиновниктеріңнен де зор, мықты боламын. Көр де тұр... коммерцияға, бизнеске кетіп..."

Енді ол кермек қиялдан қаша бастады. Оны бойынан үркітуге ұмтылды.

Сосын қасындағы серігіне - Қылыш қараға қарап, сөйлесуге зауқы соқпаса да, өзін-өзі қинағандай болып, тіл қатты:

- Атың кім?

- Алтай.

- Мен - Алмаспын. Өте жақсы.

Осыны айтып тұрып, Қылыш қараның - Алтайдың рең-басына осы жолы ғана дұрыстап қараған. Жасы өзінен кішілеу көрінді, сосын да сен деп сөйлесуін әрі жалғай берді.

- Қайда істеуші едің?

- Журналиспін.

- Е, журналиспін де. Ол жақсы екен. Журналист деген өте тәуір мамандық. Ал, біздікі... - Үндемес сары кідіріп қалды. Қылыш қара еміне түсіп, қайда істейтінін білмекке құштар.

- Сіз ше? Сіз қайда жұмыс-с...

- Чиновникпін.

"Чиновникпін" деген сөзді Үндемес сары өте зілді айтты. Өкпесі бар адамдай. Чиновниктік жұмыс шаршатқандай.

Осылайша олар текіректеп, сөз сабақтаса алмай жатқан.

Әлден уақытта барып, ойына бірнеңе келді ме, Үндемес сары жатқан орнынан кеуде көтеріп, бойын тіктеді. Сосын Алтайға қарап:

- Журналист болсаң, саған айтар, тек өзіңе ғана айтар әңгімем бар, - деді. - Бірақ біліп қой, мен өзі көп ашыла бермеймін, көрінгенге ашыла бермеймін...

Алтай ыңғайлана берді.

Бөлісу: