Қараңғы бөлмедегі қара мысық

19 Қараша 2013, 05:32

Тас бөлме. Қараңғы бөлме. Лүп етiп самал соқса кәнiки. Шыбын екеш ызыңдауық қара шыбын да жоламайды мұнда. Төбеден ұрғандай тылсым тыныштық. Өлi тыныштық. Үш күн болды, үш түн болды - көрген-баққаны осы. Жалғыздықтың бөлмесi неткен үрейлi едi. Дәл мұншалық еңсенi езiп, көңiлдi құлазытып, жiгерiн жасытар деп ойласа кәнi. Ойлаушы едi. Темiрiм қатты деушi едi. Анау-мынауға жаси қоймаспын деушi едi. Соның бәрi де жәй, күйбең тiрлiктiң көз алдауы болғаны ма? Жайбарақат өмiрдегi еркiндiктiң ессiз де тиянақсыз, тайғанақ ағыны болғаны ма?.. Ой, шiркiн-ай, пенде әншейiнде өз қиялына өзi мас болып, өзiн-өзi көкке көтере бередi екен-ау. Бұны қалай байқамаған?.. Қайран, пендешiлiк!.. Ит пендешiлiк!.. Жә, бiрақ осының бәрiн бүгiн ғана бiлгендей, қазiр ғана түйсiнгендей түңiле өкiнiп, сан соғар не бар. Пенденiң аты - пенде емес пе. Пенденiң пенделiгi болмаса, әр адым аттаған сайын артық-кем түсiп жатар тұстары болмаса, кәйтiп қана қара жер басып жүре алады. Мен де, сен де, ол да - пенде. Пенделермiз... Әр қадам сайын пендешiлiк жасаймыз. Нәзiр ауыр дем алды. Осы жолы қолқасы қысып, шаншып, ашып бiр ауырғандай болды. Қараңғы бөлменiң қапырық ауасы ауыртты ма?... Болмаса ауыр ойдың ащы запыраны ма?... Әйтеуiр қолқасы шымырлап кеттi. "Аһ!" дедi екiншi мәрте. "Қу дүние... қисық жолсың бұраңдаған..." Үш күн, үш түнгiден бүгiнгi күйi мүлде бөлек. Бойын елден ерек үрей билеп алғаны несi екен! Неден қорқады сондай-ақ?.. Рас, әнеукүнi қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi әй-шәйға қаратпастан, алдына салып, тұп-тура осында айдап әкелдi. "Бұйрық солай!" дедi. Арнайы рұқсат қағаздарын көрсеттi. "Өкiметке қарсы астыртын әрекет жасап, шет елдермен байланысқа шығатын көрiнесiз" дейдi. Қай өкiметке?.. Мына өзi iрге тасын қаласып, ыстығы мен суығына қатар күйiп келе жатқан өкiметке ме?!. Түсiнсе бұйырмасын. Түсiнбестiк шығар. Ел қарап жүре ме! Көре алмайтын бiреудiң әрекетi болар да. Ер жiгiттiң досынан гөрi жауы көбiрек болатыны баяғыдан белгiлi емес пе. Кiм?.. Кiм жауығар едi? Осынау тырнақтай ғана тiрлiкте кiмдермен үзеңгi қағыстырып, көкпарласып едi бұл. Қызмет бабында тәртiптi талап етiп, қаталдық көрсеткенi рас. Бойкүйездiкке жаны қас-ты. Жалқаулармен ымырасыз-ды. Жағымпаздыққа жаны сыздайтын. "Аһ!" дедi тағы да. "Қу дүние... қисық жолсың бұраңдаған... Осынау қырықтың көк желкесіне көтерiлген жасыма дейiн тек қана адалдықты ту еттiм, халқыма адал қызмет қылдым деп жүрсем... бiр-ақ күнде Отанын сатқан опасыз, ардан безген ұятсыз болып шыға келгенiм бе?!" Бөлме тас қараңғы. Қараңғы үйдi қара мысық - қарау ой кезiп жүр. Қарау ой - қара мысық айтады: сенiң арың да, тәнiң де таза емес; осы уақытқа дейiн кiмдерге қиянат жасамап едiң; ана қолың болса қанды; мына табаныңда қара дақ - қара күйе бар... "Қиянатың не?! Қайдағы қан ол!.. Халқымды шын сүйдiм. Халқым үшiн күйдiм... Жаманын жасыра алмай, күлтелектеуге көнбей, бетiне шыжғырып басқаным ба?.. Жақсысын айтып, мерейiн асырып, шаттана жар салғаным ба?.." Қараңғы   бөлмедегi қара мысық айтады: "Е-һе, кiнәңдi әлi де бiлмейдi екенсiң ғой. Бүлдiргенiңдi өзiңнiң бетiңе шыжғырып басар кез ендi келе жатыр. Мың асқанға - бiр тосқын деген! Шалқақтама дегем! Асқақтама дегем! Тыңдадың ба! Ал, тарт ендi сазайыңды..." "... Ойбай-ау, айтсаңшы! Айтып өлтiрсеңшi! Не жаздым халқыма?.." "Не жаздым дейсiң, ә?.. Санаңа бәрiбiр жетер емес қой. Тыңда ендеше. Қазақ деген етек-жеңi далиып жатқан, тойса тоба қылатын қойдай жуас момын халық едi. Қонағына төрiн берiп, өзi есiктiң алдын мiсе тұтушы едi. Бар жылы-жұмсағын сол құдайы қонағының алдына тосушы еді. Ат басын әдейi тiресе де, болмаса жол-жөнекей соқса да, келген кiсiнi құдайындай сыйлайтын ел едi бұл. Сен сол елдiң сан ғасырлық жазу емлесiне тиiстiң. Араб әрпiн мiсе тұтпай, оны әр-әр жерден түртпектеп, латын әрпiне ауыстыру керек деп тепсiндiң. Оның оп-оңай шаруа еместiгiнде ойың да болған жоқ. Зиялы қауымның бiразы мұныңа қарсылық бiлдiрiп жатса да тоқтамадың ғой. Қайсар болған, бiрбет болған жақсы-ақ шығар. Әйтсе де халқыңның тағдыры, ертеңгi болашағы таразы басына iлiнген тұста қайдағы харiптi айтып, бүйтiп тепсiнуге, қырыс мiнез көрсетiп, қасарысуға хақың бар ма едi? Айтшы, саған ондай құқықты кiм бердi? Кiм?.." "...Сен ...сен не деп көкiп барасың? Қазақтың кiм екенiн мына маған - қазаққа түсiндiрмексiң бе?! Мұның ендi тым артықтау. Ал, алфавитке келсек... Араб әрпiмен жазу, онан соң оқу екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермес шаруа екенiн әуелi өзiң бiлемiсiң? Бұл тек менiң ғана ойлап тапқаным десең - қателескенiң. Сол кездiң саясаты солай болады. Оңай емесiн өзiм де бiлгем. Бiрақ қайтерсiң. Керек болса айтайын, Орта Азия халықтарының жазу әрпiн латыншаға ауыстыру Қазақстанда, яки Өзбекстанда жүргiзiлген жоқ. Ол нақ Мәскеудiң төрiнде, үлкен үйде жүргiзiлдi. Солардың нұсқауы болғанын түйсiнермiсiң сен! Оған қоса өз атымнан айтарым: латын харпi түркi тектес елдердiң көбiсiнде қалыптасып үлгерген, әлем дәрiгерлерi медициналық рецептi сол харiппен жазады емес пе, керек десең, латынша жазу да оқу да анағұрлым оңайырақ. Кейiнгi жастарымыздың тезiрек сауат ашуына, білім мұхитына бойлай құлаш ұруына осылай ықпал ете түсемiз бе дегемiз..." Қараңғы бөлмедегi қара мысық бәрiбiр тыным табар түрі жоқ. Нәзiрдi қайта-қайта алқымдап бара жатыр. "Пәлi, қалай-қалай сайрайсың ендi келiп! Жаның мұрныңның ұшына келгенде бас сауға жасағаның ғой бұл. Есiңде болсын, тарих есер ұлдарының ессiз әрекетiн ешқашан ұмыттырмайды, қайта-қайта жаңғыртып, қайта түлетiп, болашаққа аманаттай арқалап, жеткiзедi де тұрады.  Содан да әр iстiң әдiл төрешiсi - уақыт, заман. Сен қанша жерден шыбын жаның шырқырап, өз басыңды өзiң арашалап, жiберген кемшiлiгiңдi жасырғың келгенiмен, шындықтан үлкен шың жоқ. Оны мойында. Бiр халықтың тұтас  жазба тарихын, жазба мәдениетiн бiрер жылда, қысқа ғана уақытта, дереу төңкерiп тастап, басқа бағытқа бұрып әкетем деу - сорақылықтың үлкенi. Сонау-у 1926 жылы Әзiрбайжан топырағында, оның астанасы - Бакуде өткен тюрқологтардың үлкен басқосуында суырылып сөйлеп, "латыншаға, тездетiп латыншаға ауысуымыз керек" деп бар дауысқа салып айқайлап, соншама iшегiң үзiлгенше зарлағаның қалай?.. Осының өзi, керек етсең, ел тағдырын тәлкек еткенiңдi, ойыншыққа айналдырғаныңды көрсетедi. Ахаң, Ахмет Байтұрсынов жақсы айтып едi. Жақсы сөйлеп едi. Арабша жаңа алфавиттi ұсынбады ма. Оның да алдын орап кеттiң ғой. Соның не? Сөйткенiң не?.. Қайран Ахаң кімнен кем едi? Кімнен сауаты төмен едi?.. Сен бiлетiндi ол да бiлетiн. Сен оқығанды ол да оқыған. Сен бiлетiн тiлдi ол да бiлдi ғой..." Ендi Нәзiрдiң қиялы да кеудесіне сыймай, тыпыршып ала жөнелдi. "Уай, қанымды қайнатып, намысыма тиiп, аққа қара күйе жаға бердiң-ау! Бакудегi кеңес бiздi ажыратқан жоқ, қайта табыстырды, достастырды. Бүкiл түркi тiлдес халықтардың ғалымдары мен тiлшiлерi сонда бас қосты емес пе. Басқа тұрмақ, топастың да төбесiн тесiп, санасына тiл саясатын құйдық-ақ деп едiк! Түсiндiрдiк-ақ деп едiк!... Ахаңды айттың-ау! Ахаңның алдын орадың дедiң-ау. Ахаң менiң ғана емес, бүкiл алаш азаматтарының айбыны, ұстазы. Абайдан кейiнгi кемеңгерiмiз деушi едiк. Тiптi әне бiр жылдары Ахаң екеумiз "Ұлт туралы тезистердiң" жобасын түзгенiмiзде соны ерiккеннiң шаруасы дегенiмiз жоқ. Сонда да ойымыз, пiкiрiмiз бiр түйiнге тоқпайласып, бiр жерден шыққан. Түсiнiскенбiз. Ал, Бакуде, сен айтқандай, бет жыртысқанымыз жоқ, парасатты пiкiр сайысына түстiк деп ойлаймын мен. Оған бола менi кiнәлау қисынсыз. Бiр нәрсенi ұғынғаның жөн: әр адамның өз ойы, өз пiкiрi болады; пiкiрсiз адам - бағытсыз адам... Мен қай кезде де өзiмнiң ойымды ашық бiлдiрiп үйренгем, бұлтақтау, жалтақтау, өтiрiк мүләйiмсу - жаныма жат..." "...Мiне, мiне, ендi ғана шындық аулына жақындап келесiң. Сенi құртқан, сенi орға жыққан бiлiмсiздiгiң де емес, парасатсыздығың да емес, ең алдымен осы мiнезiң! Қаттылығың! Халық тағдырын қолға ұстап тұрып, қаттылығыңа баса беруiң, қасарыса беруiң жөн бе едi. Рас, рас, тiл бiлерлiгiң болды. Билік басында жүрген көптеген басшыларға қарағанда сен көп тiл бiлерлiгiңмен ерекшелендiң. Содан да көбiрек қолпаш естiдiң. Мәскеулiк кейбiр саясатшыл шенеунiктер қулыққа салып, айламен айналдырып, марапаттаған болып, көпiрме лебiзбен өзiңдi көтермеледі. Майдалап сыр тартып, матадай бипаздады. Өздерi тасада тығыла тұрып, көрiнбей, көзге түспей, жүктiң ауырын саған қарай аудара сырласты. Соған малдандың. Құрулы торға тез-ақ топ ете түстiң. Әп дегенше алдамшы, алаяқ саясаттың сойыл соғары болдың да, алға түсiп, шаба жөнелдiң. Сендей оң-солын бiлер сыралғы адамның тез көнiп, тым тез-ақ илеуге түсiп жүре бергенi кiм-кiмге де түсiнiксiз. Қолшоқпар!.. Қолшоқпарлық қолың ба едi?.." "Тарт тiлiңдi! Не деп көкiп барасың?.. Ауыз өзiмдiкi екен деп ойыңа келгендi айтып сандала берме, сарнай берме, арты қиынға бастайды. Өкiнiшi өзектi өртейдi. Осыны бiлiп қой. Қолшоқпар деуiң - менiң жеке басымды қорлауың! Түрмеңе жап! Дүреле! Ат! Ас!.. Алайда, арыма тиме. Мен арымның алдында әрқашан таза болдым. Кiсiнiң ала жiбiн аттаған кезiм жоқ десем бiр жаратушының алдында күнәһар бола қоймаспын. Ұлтым - қазақ, қаным - қазақ... Қазақ болып ойладым, ойлап та келемiн. Сен қара мысық - қарау ой, өйтiп қойны-қоншыма кiрiп, тырнақ астынан кiр iздей бергендi қой ендi. Пенде болған соң майда-шүйде пенделiгiмiз болған шығар, бiрақ одан жымысқы астар, жыралы ой iздегенiңе жол болсын. Бiрлiктi аңсаған кiсiнiң тiрлiгi емес ол..." "... Майда-шүйде пенделiгiмiз бар едi деп, мiне, өзiң де мойындап отырсың! Бар! Бар болғанда қандай!.. Қырсық шалғанда, өзiң ойлағандай, тым майда болмай отыр-ау сол құрғырың. Зор күнә! Оңайлықпен жуылмас күнә!.." "Тағы ненi бастадың?! Не ол?.. Не жайында айтпақсың?.." "Ә-ә, жүрегiң тағы да дiр ете түсiп, бойыңды от қарыды ма! Солай-й!.. Бiз екеумiз еске түсiрер қилы-қилы жәйттер, қиянға бастар қияс оқиғалар бар әлi. Мәскеудегi күншығыс елдерi коммунистерi университетiнде 1924 жылы 24 қарашадағы қазақ жастарының басқосуы есiңде болар. Иә, иә,  "Жерлестiк" ұйымының жиналысы... Баяғы "бағы ашылмаған" Мағжан ақынның өлеңдер жинағын талқылайтын жиналыс... Бiлем, бәрiн де бiлем. Сен қай кезде де Мағжанды жақсы көрдiң. Өлеңдерiн сүйiп оқыдың, жастанып жатып оқыдың. Кейбiр сәтті шумақтарын жаттап та жүретiнсiң. Ал, сол жолы... сенi түрткен түлен не?.. Сыншы, сыншы дегенге мiнезi шадыр шобыр аттың әдетiне басып, ер-тұрманыңды астыңа алып, осынша тулармысың! Мағжан оған дейiн-ақ әбден танылып, оған дейiн де ел ықыласына бөленiп, ақындық бейнесiн айқындап үлгерген едi ғой. "Халықтар көсемi" Сталиннiң өзi көрсе болды, тiлi қышып тиiсе кететiн атышулы "Орта Азияның Шыңғысханы" Сұлтанбек Қожанов тағы да бiрбеттiгiне басып, топ пен тобырдың өсек-аяңына бой берместен, оның өлеңдерiне алғысөз жазып, бiр том етiп тасқа бастырып бергенде, қалың мұқабалы кiтабын бауырына басып, Мағжанекең көзiне жас алған едi. Сол бақыт жасы кеуiп те болмай жатып, маңдайдан қос қолдап ұрғандай болғандарың-ай! Ақын жырын, ақын үнiн өшiру оңай еместiгiн сен бiлмеушi ме ең? Ол ел жүрегiнде қалатын, ел махаббатымен жасайтын қазына екенi сен үшiн жаңалық болмаса керек-тi. Жаңылыстың ғой, Нәзiр..." "Иә, иә! Осыны әйтеуiр бiр кезде алдыма кесе-көлденең тартар деп әлдеқашан ойлап ем. Қайран, Мағжан!.. Мағжан жыры менiң де сезімімді қозғағанын қалай жасырайын. Сол алқалы жиын да әлi күнге есiмде. Соңғы сөзiмдi қалай түйiндегенiм де көз алдымда. Ұмыта қойғам жоқ. Мағжансыз өткен сол талқылау, бiле-бiлсең, кейде арымды таразылағандай болып, азапқа салатыны бар. Мұратбайдың Ғаниы да сөйлеп едi. Тұрманжанның Өтебайы да... Әсiрес менiң үнiм барынша басым болған сықылды. Сәрсенбiұлы Жәкеннiң кенет суырылып шығып, ақынға шырылдап ара түскенiн қалай ұмытармын. Сол бiр қайсар жiгiт - Жәкен, расын да, әдiлiн де айтты. Көбiмiз айта алмағанды сол жеткiздi. Сол үшiн қайран сабаз жазықты да болды. Ой, жалған-ай!.. Алайда, шыным осы, мен Мағжанды сiлелетiп, сiлiкпесiн шығарып, жоқ етудi мұрат еткен емеспiн. Әдейiлеп сынауды да мақсұт еткем жоқ. Бұл өзi аяқ астынан, кенеттен туындаған ойлар... Талантты ақынды аз-кем мiнеген болып, кемшiлiгiн көрсеткен болып, тағы да қамшыласақ па дедiк. Кейбiр тұстарда, расын-ақ айтайыншы, сақтандырып қойсақ па дедiк. Тағы да есте болар жәйт: мен өз сөзiмде Мағжан ақын емес дегем жоқ, жала жаптым деп те ойлаймын. Сөз - оның жеке бір жинағы төңiрегiнде өрбiдi. Осалдау өлеңдерiн нысанаға алып, сiлкiлеп алғанымыз да рас. Шындыққа жүгiне сөйлер болсам - сол күнi ақынды сынай тұрып, өзiм де iшiмнен қан жыладым. Бiрақ, амал қанша! Ол туралы жоғарыдағы үлкен лауазым иесiнiң бiреуi өз баяндамасында "ұлтшыл ақын, ескiлiктi көксеушi ақын" деп түйреп өткенін да бiлмеушi ме ең сен!... Бәрiнiң астарында бiр құпия сыр бүркелiп жатты. Оны сол уақытта ешқайсымыз да түсiне алмадық. Ойластырылған шаруа... Өз қолымыздағы балтамен өзiмiздiң қолымызды шорт кесу, шауып тастау..." "...Пәлi, соның бәрiн iштей бiлген екенсiң, түсiнген екенсiң, ең болмаса үндемей қалуға болмас па едi. Мағжанға тұзақ құрардай не жазығы бар едi бейбақтың!.." "...Жазығы... уақытынан озып кеткенi. Ертеңгi күннiң, болашақтың өлмес жырларын сол кезде-ақ тудыра бiлгенi. Мен онысын түсiндiм. Іштей сездім. Алайда, қайтiп мадақтарсың, қайтiп ақтап аларсың! Ол тұрмақ, сол шақта асқар таудай Абайдың атын ауызға алуға сескендiк! Ұлылығын паш етiп, әлемге жаюға жүрексiндiк! Десе де... Мағжанды мен әрдайым қорғадым, қолдадым. Сонау бiр жылдары Мәскеуде Күншығыс елдерiнiң кiтап баспасын басқарып тұрған шағымда өзiм жұмысқа тарттым, жазған көп дүниелерiн шығаруға ықпал еттiм. Бiрқатар аудармалар жасады. Басқалардың тiсi бата қоймайтын Лениннiң еңбектерiн қазақ тiлiнде сөйлеттi. Олары жарық көрдi. Бұған тарих куә! Өткен өмiр куә..." "Жә-жә, ендi бүгiн тас қараңғы бөлмеде бүрiсiп отырып, ақталғаның кiмге керек. Артық кетсең де, асылық iстесең де ар соты алдыңнан күтiп алады. Оның үкiмi қатал! Ымырасыз сот! Ал, мен болсам... тек өткен өмiрiңнiң қара дақтарын қайта бiр есiңе салып, тәубеңе келтiрудi мұрат тұтып ем. Қамығар, күйiнер еш ретiң жоқ сенiң. Жер басып жүрген өз айналаңдағы жұмыр басты пендеңiздiң қай-қайсысы да құдай алдында күнәдан пәкпiн дей алмайды. Бәрiнiң жаңылыс басып, жаңсақ кеткен жерлерi, мүлт кеткен тұстары жетерлiк. Онысын мойындайтындар да, мойындамайтындар да бар. Қайтерсiң ендi... Мен сенiмен осылайша қоштассам ба деймiн. Алда әлi де тартыс, өмiр тартысы күтiп тұр. Тағы да жағаласарсыңдар. Тағы да жұлқысарсыңдар. Бiрiңнiң сыртыңнан бiрiң оқ атарсыңдар. Бiрiңдi бiрiң сатып, бiрiңе бiрiң ор қазарсыңдар. Ол айна-қатесiз ақиқат. Сендер, адамдар, сөйтпесеңдер жүре алмайсыңдар ма?!. Көр де тұр, осыған дейiнгi көңiлге медеу етпекшi бар еңбегiңнiң құны көк тиын болады. Оны ешкiм де, еш пенде де ауызға алмайды. Қайраткерлiгiң де, елшi болғаның да, журналистiгiң де, сыншылдығың да - бәрi-бәрi бiр пәсте желге ұшады. Көресiң сонда! Өкiнгеннiң әкесi сонда болады. Не үшiн өмiр сүргенiңдi, кiм үшiн күрескенiңдi түсiнбей дал боларсың-ау әлi! Аяймын! Сендердi аяймын! Қандай қатал тағдыр күтiп тұр алдарыңда. Қош бол, қайраткер! Қош бол, дипломат! Қош қазақ елiнiң үлкен жүректi елшiсi! Сенi мен аяғаныммен, өзгелер, өз бауырларың аяр деймiсiң. Өздерiңдi шабатын өз айбалталарың... Маған ренжiме. Тас бөлмеде, тар қапаста қиналып-қысылып жатқанымда сен-ақ жан алқымнан алып болдың-ау деп қапалана көрме. Мен елеспiн... Қараңғы бөлмелердi кезiп жүретiн қара мысықпын. Қазiр бармын. Қазiр жоқпын. Келдiм, кеттiм. Оған бола бордай үгiлме, жан бауыр! Ал, қош-ш! Екiншi бiр көзге түртсе көргiсiз тар қапаста, қараңғы қапаста жолыққанша...» Қараңғы бөлмедегi қара мысық қою қараңғылыққа бiржола сүңгiп кеттi де, елеске айналып, бiрсiн-бiрсiн жоғалып бара жатты. Ой құшағында отырған жiгiттiң жүрегi шымырлап қоя бердi. "Не дейдi?.. Не деп кеттi әлгi қара мысық?! Бiрiңдi-бiрiң түтерсiң, бiрiңе-бiрiң жауығарсың дедi ме. Ол не сөзi?.. Не деп тантып кетті әлгi?! О, сұрқия!..  Үнiң неткен қорқынышты едi. Сен... сен өйтiп көңiлi кең, жүрегi жомарт менiң халқыма қара күйе жақпа! Халқым барда әдiлдiк бар, шындық бар. Шексiз, таусылмас, түгесiлмес шындық бар. Көпке топырақ шаша алмайсың. Көп өлмейдi. Көп қателеспейдi, жаңылыс баспайды да. Көп өз перзентiн өзi қаралап, өзi қара жерге көмбейдi. Қара ниеттiлердiң арам пиғылы бәрiбiр әшкере болады. Өтiрiк жеңбеген. Жеңе алмайды. Мен осыны бiлем. Осыған сенем. Осы үшiн бар жан-тәнiммен еңбек еткем. Сенiммен, шүбәсiз үмiтпен еңбек еткем. Ендеше менiң кiнәсiз екенiм жалпы жұртқа жария болады, айтылады, мен қалайда ақталам. Шығам әлi-ақ кең дүниеге!... Өзiмнiң халқым барда, өзiмнiң елiм барда, кең жүректi, ақ ниеттi жанашыр жандар барда, қара ниеттiлер мекен ететiн тар қапаста неге жатамын? Солар аман болсын. Солардың мерейi үстем болсын. Соларға сенем..." Ендi ол шалқалап жатты да, қараңғы бөлменiң төбесiне, биiкке көз салды. Әнебiр бұрыштан сызаттанып, әлсiз сәуле, болар-болмас сынық сәуле жылт-жылт еткендей болды.  Соған қарады да, тырп етпей, тапжылмастан ұзақ-қ телмiрдi. Көзiнiң алдынан өткен өмiрi, бар ғұмыры бiрiнен соң бiрi тiзбектелдi. Ферғанадағы балалық шағы... Алғашқы сауат ашуы... Ес бiле бастаған шағындағы әкемен алғашқы әңгiме... "Сенiң болашағыңнан зор үмiт күтемiн, балам!" деп, емiренiп келiп, құшағына тартып, маңдайынан сүйгенi қайран әкесiнiң!... Ол да елiм деп егiлiп, шыбын жанын шүберекке түйiп, тар жол, тайғақ кешуде өмiр сүрiп едi. Сөйтiп жар құлағы жастыққа тимей жүргенде... 1918 жылы Қоқандағы басмашылар "сен сатқынсың", "отанға опасыздық жасап жүрсiң" деп, көп сөзге келмей-ақ, оқтың ұшына алып, бiр түнде айуандықпен өлтiрiп кеттi. Не жазығы бар едi? Кiмдi сатыпты сондай-ақ! Халқын ба, жерiн бе? Керек десе, ол сол ұғым үшiн - ел мен жер үшiн шыбын жанын да қиюға әзiр екенiн ұқпағандары! Сосын... Ташкент, Мәскеудегi аласапыран кезең... Оқу, қызмет... Түркiстан өлкесiндегi жоғары лауазым... Баспагерлiк бейнет... Иә, бертiнде Сауд Арабиясына жол түсiп, елшiлiк жұмыс атқарды. Қазақтың қара баласы намысқа тырысып, жатпай-тұрмай дипломатияның әліппесін үйренді. Ердi намыс өлтiредiнiң кебiн кидi. Әйтпесе қайдан оңай болсын. Сөйтiп, мұнда да елiм деп, жерiм деп тас түйiн еңбек етiп жатыр едi, бiр күнi Орталықтан шақыртып алды да... мына тас бөлмесiне әкеп тықты. Түсiнсе бұйырмасын!... "Халық жауы" дейдi! Қай халықтың жауы!... Осыны айтып жүргендер өз халқын дәл бұл секiлдi сүйе алар ма екен әуелi? Сүйе алса, кәнi, неге көрсетпейдi? Неге жарқырап жанбайды, неге дүркiреп көтерiлмейдi? Неге! Неге!.. Жалғыздан-жалғыз қалғанда ойыңа не түспейдi. Ненi ойламайсың? Бәрi де бiрiнен соң бiрi тiзiлдi-ақ екен. Ой, жалған-ай, бұның әсiресе сағынышпен еске алар, ерекше ыстық топырағы - кiндiк қаны тамған ежелгi ескi қала Иассы - Түркiстан жерi екен-ау! "Сен қасиеттi қала - Түркiстан түбiнде, Әзiрет Сұлтанда туғансың" деп, әкесi қаншама рет айтып едi. "Ата жұртымыз сонда" дедi ғой. "Қоқанға қызмет бабымен келiп қалғанбыз" деген. Сол ата жұрт! Арман болған ата жұрт! Есейгелi берi бiр барып қайтудың ретiн таба алмапты-ау. Не деген қаттылық!... Не деген тасбауырлық!... "О, қасиетiңнен айналайын, Түркiстан!" деп iштей толқып, тебiренiп қоя бердi. "Қайда барсам да, қайда жүрсем де менi қорғаған, менi қолдаған тек сенiң әруағың. Мен сенiң перзентiңмiн. Әзiрет Сұлтанның шапағаты әрдайым демеп келедi. Ол айна қатесiз ақиқат. Оны қай кезде де сезiнемiн. Сезiндiредi маған құпия күш! Тек... өзiңе көптен берi ат басын тiремесем, ол үшiн сөкпешi. Уақыт самалымен, дәуiр дауылымен қаңбақ сынды ары да, берi де зыр жүгiрген мен бiр бейбақ пенде..." Ендi қапас бөлменiң төбесiне телмiрген қалпы еш қыбырсыз, қозғалыссыз жатыр. Төбенiң бiр бұрышын сығалаған ұры сәуле, әлсiз сәуле айдай жарық әлемнiң, жалпақ әлемнiң хабаршысындай едi. Түбi болатын бiр жақсылық хабарды жеткiзгiсi келiп, бiрақ жеткiзе алмай, кiбiртектеп тұрғандай ма едi сол сәуле... Көңiл қылын шерткен тәттi қиялдың бәрiн дәлiз арқылы күбiрлесiп келе жатқан екi кiсiнiң қатқыл үні бұзып жiбердi. - Халық жауының аты - халық жауы, оған еш аяушылық болуы тиiс емес! Алып шық, дереу!.. Атуға әкете ме? Тап солай! Ол бүгін атылады!... Осы бiр дөрекi үн қараша үйде туып, бар білімі мен білігін халқына арнаған қара бала - Төреқұлдың Нәзiрiнiң кеудесiне қадалған қара тікендей болып, қолқасын ашытып ала жөнелдi. Енді даусы да шықпай қалып еді.

Тас бөлме. Қараңғы бөлме. Лүп етiп самал соқса кәнiки. Шыбын екеш ызыңдауық қара шыбын да жоламайды мұнда. Төбеден ұрғандай тылсым тыныштық. Өлi тыныштық. Үш күн болды, үш түн болды - көрген-баққаны осы. Жалғыздықтың бөлмесi неткен үрейлi едi. Дәл мұншалық еңсенi езiп, көңiлдi құлазытып, жiгерiн жасытар деп ойласа кәнi.

Ойлаушы едi. Темiрiм қатты деушi едi. Анау-мынауға жаси қоймаспын деушi едi. Соның бәрi де жәй, күйбең тiрлiктiң көз алдауы болғаны ма? Жайбарақат өмiрдегi еркiндiктiң ессiз де тиянақсыз, тайғанақ ағыны болғаны ма?.. Ой, шiркiн-ай, пенде әншейiнде өз қиялына өзi мас болып, өзiн-өзi көкке көтере бередi екен-ау. Бұны қалай байқамаған?.. Қайран, пендешiлiк!.. Ит пендешiлiк!.. Жә, бiрақ осының бәрiн бүгiн ғана бiлгендей, қазiр ғана түйсiнгендей түңiле өкiнiп, сан соғар не бар. Пенденiң аты - пенде емес пе. Пенденiң пенделiгi болмаса, әр адым аттаған сайын артық-кем түсiп жатар тұстары болмаса, кәйтiп қана қара жер басып жүре алады. Мен де, сен де, ол да - пенде. Пенделермiз... Әр қадам сайын пендешiлiк жасаймыз.

Нәзiр ауыр дем алды. Осы жолы қолқасы қысып, шаншып, ашып бiр ауырғандай болды. Қараңғы бөлменiң қапырық ауасы ауыртты ма?... Болмаса ауыр ойдың ащы запыраны ма?... Әйтеуiр қолқасы шымырлап кеттi.

"Аһ!" дедi екiншi мәрте. "Қу дүние... қисық жолсың бұраңдаған..."

Үш күн, үш түнгiден бүгiнгi күйi мүлде бөлек. Бойын елден ерек үрей билеп алғаны несi екен! Неден қорқады сондай-ақ?.. Рас, әнеукүнi қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi әй-шәйға қаратпастан, алдына салып, тұп-тура осында айдап әкелдi. "Бұйрық солай!" дедi. Арнайы рұқсат қағаздарын көрсеттi. "Өкiметке қарсы астыртын әрекет жасап, шет елдермен байланысқа шығатын көрiнесiз" дейдi. Қай өкiметке?.. Мына өзi iрге тасын қаласып, ыстығы мен суығына қатар күйiп келе жатқан өкiметке ме?!. Түсiнсе бұйырмасын. Түсiнбестiк шығар. Ел қарап жүре ме! Көре алмайтын бiреудiң әрекетi болар да. Ер жiгiттiң досынан гөрi жауы көбiрек болатыны баяғыдан белгiлi емес пе. Кiм?.. Кiм жауығар едi? Осынау тырнақтай ғана тiрлiкте кiмдермен үзеңгi қағыстырып, көкпарласып едi бұл. Қызмет бабында тәртiптi талап етiп, қаталдық көрсеткенi рас. Бойкүйездiкке жаны қас-ты. Жалқаулармен ымырасыз-ды. Жағымпаздыққа жаны сыздайтын.

"Аһ!" дедi тағы да. "Қу дүние... қисық жолсың бұраңдаған... Осынау қырықтың көк желкесіне көтерiлген жасыма дейiн тек қана адалдықты ту еттiм, халқыма адал қызмет қылдым деп жүрсем... бiр-ақ күнде Отанын сатқан опасыз, ардан безген ұятсыз болып шыға келгенiм бе?!"

Бөлме тас қараңғы. Қараңғы үйдi қара мысық - қарау ой кезiп жүр. Қарау ой - қара мысық айтады: сенiң арың да, тәнiң де таза емес; осы уақытқа дейiн кiмдерге қиянат жасамап едiң; ана қолың болса қанды; мына табаныңда қара дақ - қара күйе бар...

"Қиянатың не?! Қайдағы қан ол!.. Халқымды шын сүйдiм. Халқым үшiн күйдiм... Жаманын жасыра алмай, күлтелектеуге көнбей, бетiне шыжғырып басқаным ба?.. Жақсысын айтып, мерейiн асырып, шаттана жар салғаным ба?.."

Қараңғы   бөлмедегi қара мысық айтады:

"Е-һе, кiнәңдi әлi де бiлмейдi екенсiң ғой. Бүлдiргенiңдi өзiңнiң бетiңе шыжғырып басар кез ендi келе жатыр. Мың асқанға - бiр тосқын деген! Шалқақтама дегем! Асқақтама дегем! Тыңдадың ба! Ал, тарт ендi сазайыңды..."

"... Ойбай-ау, айтсаңшы! Айтып өлтiрсеңшi! Не жаздым халқыма?.."

"Не жаздым дейсiң, ә?.. Санаңа бәрiбiр жетер емес қой. Тыңда ендеше. Қазақ деген етек-жеңi далиып жатқан, тойса тоба қылатын қойдай жуас момын халық едi. Қонағына төрiн берiп, өзi есiктiң алдын мiсе тұтушы едi. Бар жылы-жұмсағын сол құдайы қонағының алдына тосушы еді. Ат басын әдейi тiресе де, болмаса жол-жөнекей соқса да, келген кiсiнi құдайындай сыйлайтын ел едi бұл. Сен сол елдiң сан ғасырлық жазу емлесiне тиiстiң. Араб әрпiн мiсе тұтпай, оны әр-әр жерден түртпектеп, латын әрпiне ауыстыру керек деп тепсiндiң. Оның оп-оңай шаруа еместiгiнде ойың да болған жоқ. Зиялы қауымның бiразы мұныңа қарсылық бiлдiрiп жатса да тоқтамадың ғой. Қайсар болған, бiрбет болған жақсы-ақ шығар. Әйтсе де халқыңның тағдыры, ертеңгi болашағы таразы басына iлiнген тұста қайдағы харiптi айтып, бүйтiп тепсiнуге, қырыс мiнез көрсетiп, қасарысуға хақың бар ма едi? Айтшы, саған ондай құқықты кiм бердi? Кiм?.."

"...Сен ...сен не деп көкiп барасың? Қазақтың кiм екенiн мына маған - қазаққа түсiндiрмексiң бе?! Мұның ендi тым артықтау. Ал, алфавитке келсек... Араб әрпiмен жазу, онан соң оқу екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермес шаруа екенiн әуелi өзiң бiлемiсiң? Бұл тек менiң ғана ойлап тапқаным десең - қателескенiң. Сол кездiң саясаты солай болады. Оңай емесiн өзiм де бiлгем. Бiрақ қайтерсiң. Керек болса айтайын, Орта Азия халықтарының жазу әрпiн латыншаға ауыстыру Қазақстанда, яки Өзбекстанда жүргiзiлген жоқ. Ол нақ Мәскеудiң төрiнде, үлкен үйде жүргiзiлдi. Солардың нұсқауы болғанын түйсiнермiсiң сен! Оған қоса өз атымнан айтарым: латын харпi түркi тектес елдердiң көбiсiнде қалыптасып үлгерген, әлем дәрiгерлерi медициналық рецептi сол харiппен жазады емес пе, керек десең, латынша жазу да оқу да анағұрлым оңайырақ. Кейiнгi жастарымыздың тезiрек сауат ашуына, білім мұхитына бойлай құлаш ұруына осылай ықпал ете түсемiз бе дегемiз..."

Қараңғы бөлмедегi қара мысық бәрiбiр тыным табар түрі жоқ. Нәзiрдi қайта-қайта алқымдап бара жатыр.

"Пәлi, қалай-қалай сайрайсың ендi келiп! Жаның мұрныңның ұшына келгенде бас сауға жасағаның ғой бұл. Есiңде болсын, тарих есер ұлдарының ессiз әрекетiн ешқашан ұмыттырмайды, қайта-қайта жаңғыртып, қайта түлетiп, болашаққа аманаттай арқалап, жеткiзедi де тұрады.  Содан да әр iстiң әдiл төрешiсi - уақыт, заман. Сен қанша жерден шыбын жаның шырқырап, өз басыңды өзiң арашалап, жiберген кемшiлiгiңдi жасырғың келгенiмен, шындықтан үлкен шың жоқ. Оны мойында. Бiр халықтың тұтас  жазба тарихын, жазба мәдениетiн бiрер жылда, қысқа ғана уақытта, дереу төңкерiп тастап, басқа бағытқа бұрып әкетем деу - сорақылықтың үлкенi. Сонау-у 1926 жылы Әзiрбайжан топырағында, оның астанасы - Бакуде өткен тюрқологтардың үлкен басқосуында суырылып сөйлеп, "латыншаға, тездетiп латыншаға ауысуымыз керек" деп бар дауысқа салып айқайлап, соншама iшегiң үзiлгенше зарлағаның қалай?.. Осының өзi, керек етсең, ел тағдырын тәлкек еткенiңдi, ойыншыққа айналдырғаныңды көрсетедi. Ахаң, Ахмет Байтұрсынов жақсы айтып едi. Жақсы сөйлеп едi. Арабша жаңа алфавиттi ұсынбады ма. Оның да алдын орап кеттiң ғой. Соның не? Сөйткенiң не?.. Қайран Ахаң кімнен кем едi? Кімнен сауаты төмен едi?.. Сен бiлетiндi ол да бiлетiн. Сен оқығанды ол да оқыған. Сен бiлетiн тiлдi ол да бiлдi ғой..."

Ендi Нәзiрдiң қиялы да кеудесіне сыймай, тыпыршып ала жөнелдi.

"Уай, қанымды қайнатып, намысыма тиiп, аққа қара күйе жаға бердiң-ау! Бакудегi кеңес бiздi ажыратқан жоқ, қайта табыстырды, достастырды. Бүкiл түркi тiлдес халықтардың ғалымдары мен тiлшiлерi сонда бас қосты емес пе. Басқа тұрмақ, топастың да төбесiн тесiп, санасына тiл саясатын құйдық-ақ деп едiк! Түсiндiрдiк-ақ деп едiк!... Ахаңды айттың-ау! Ахаңның алдын орадың дедiң-ау. Ахаң менiң ғана емес, бүкiл алаш азаматтарының айбыны, ұстазы. Абайдан кейiнгi кемеңгерiмiз деушi едiк. Тiптi әне бiр жылдары Ахаң екеумiз "Ұлт туралы тезистердiң" жобасын түзгенiмiзде соны ерiккеннiң шаруасы дегенiмiз жоқ. Сонда да ойымыз, пiкiрiмiз бiр түйiнге тоқпайласып, бiр жерден шыққан. Түсiнiскенбiз. Ал, Бакуде, сен айтқандай, бет жыртысқанымыз жоқ, парасатты пiкiр сайысына түстiк деп ойлаймын мен. Оған бола менi кiнәлау қисынсыз. Бiр нәрсенi ұғынғаның жөн: әр адамның өз ойы, өз пiкiрi болады; пiкiрсiз адам - бағытсыз адам... Мен қай кезде де өзiмнiң ойымды ашық бiлдiрiп үйренгем, бұлтақтау, жалтақтау, өтiрiк мүләйiмсу - жаныма жат..."

"...Мiне, мiне, ендi ғана шындық аулына жақындап келесiң. Сенi құртқан, сенi орға жыққан бiлiмсiздiгiң де емес, парасатсыздығың да емес, ең алдымен осы мiнезiң! Қаттылығың! Халық тағдырын қолға ұстап тұрып, қаттылығыңа баса беруiң, қасарыса беруiң жөн бе едi. Рас, рас, тiл бiлерлiгiң болды. Билік басында жүрген көптеген басшыларға қарағанда сен көп тiл бiлерлiгiңмен ерекшелендiң. Содан да көбiрек қолпаш естiдiң. Мәскеулiк кейбiр саясатшыл шенеунiктер қулыққа салып, айламен айналдырып, марапаттаған болып, көпiрме лебiзбен өзiңдi көтермеледі. Майдалап сыр тартып, матадай бипаздады. Өздерi тасада тығыла тұрып, көрiнбей, көзге түспей, жүктiң ауырын саған қарай аудара сырласты. Соған малдандың. Құрулы торға тез-ақ топ ете түстiң. Әп дегенше алдамшы, алаяқ саясаттың сойыл соғары болдың да, алға түсiп, шаба жөнелдiң. Сендей оң-солын бiлер сыралғы адамның тез көнiп, тым тез-ақ илеуге түсiп жүре бергенi кiм-кiмге де түсiнiксiз. Қолшоқпар!.. Қолшоқпарлық қолың ба едi?.."

"Тарт тiлiңдi! Не деп көкiп барасың?.. Ауыз өзiмдiкi екен деп ойыңа келгендi айтып сандала берме, сарнай берме, арты қиынға бастайды. Өкiнiшi өзектi өртейдi. Осыны бiлiп қой. Қолшоқпар деуiң - менiң жеке басымды қорлауың! Түрмеңе жап! Дүреле! Ат! Ас!.. Алайда, арыма тиме. Мен арымның алдында әрқашан таза болдым. Кiсiнiң ала жiбiн аттаған кезiм жоқ десем бiр жаратушының алдында күнәһар бола қоймаспын. Ұлтым - қазақ, қаным - қазақ... Қазақ болып ойладым, ойлап та келемiн. Сен қара мысық - қарау ой, өйтiп қойны-қоншыма кiрiп, тырнақ астынан кiр iздей бергендi қой ендi. Пенде болған соң майда-шүйде пенделiгiмiз болған шығар, бiрақ одан жымысқы астар, жыралы ой iздегенiңе жол болсын. Бiрлiктi аңсаған кiсiнiң тiрлiгi емес ол..."

"... Майда-шүйде пенделiгiмiз бар едi деп, мiне, өзiң де мойындап отырсың! Бар! Бар болғанда қандай!.. Қырсық шалғанда, өзiң ойлағандай, тым майда болмай отыр-ау сол құрғырың. Зор күнә! Оңайлықпен жуылмас күнә!.."

"Тағы ненi бастадың?! Не ол?.. Не жайында айтпақсың?.."

"Ә-ә, жүрегiң тағы да дiр ете түсiп, бойыңды от қарыды ма! Солай-й!.. Бiз екеумiз еске түсiрер қилы-қилы жәйттер, қиянға бастар қияс оқиғалар бар әлi. Мәскеудегi күншығыс елдерi коммунистерi университетiнде 1924 жылы 24 қарашадағы қазақ жастарының басқосуы есiңде болар. Иә, иә,  "Жерлестiк" ұйымының жиналысы... Баяғы "бағы ашылмаған" Мағжан ақынның өлеңдер жинағын талқылайтын жиналыс... Бiлем, бәрiн де бiлем. Сен қай кезде де Мағжанды жақсы көрдiң. Өлеңдерiн сүйiп оқыдың, жастанып жатып оқыдың. Кейбiр сәтті шумақтарын жаттап та жүретiнсiң. Ал, сол жолы... сенi түрткен түлен не?.. Сыншы, сыншы дегенге мiнезi шадыр шобыр аттың әдетiне басып, ер-тұрманыңды астыңа алып, осынша тулармысың! Мағжан оған дейiн-ақ әбден танылып, оған дейiн де ел ықыласына бөленiп, ақындық бейнесiн айқындап үлгерген едi ғой. "Халықтар көсемi" Сталиннiң өзi көрсе болды, тiлi қышып тиiсе кететiн атышулы "Орта Азияның Шыңғысханы" Сұлтанбек Қожанов тағы да бiрбеттiгiне басып, топ пен тобырдың өсек-аяңына бой берместен, оның өлеңдерiне алғысөз жазып, бiр том етiп тасқа бастырып бергенде, қалың мұқабалы кiтабын бауырына басып, Мағжанекең көзiне жас алған едi. Сол бақыт жасы кеуiп те болмай жатып, маңдайдан қос қолдап ұрғандай болғандарың-ай! Ақын жырын, ақын үнiн өшiру оңай еместiгiн сен бiлмеушi ме ең? Ол ел жүрегiнде қалатын, ел махаббатымен жасайтын қазына екенi сен үшiн жаңалық болмаса керек-тi. Жаңылыстың ғой, Нәзiр..."

"Иә, иә! Осыны әйтеуiр бiр кезде алдыма кесе-көлденең тартар деп әлдеқашан ойлап ем. Қайран, Мағжан!.. Мағжан жыры менiң де сезімімді қозғағанын қалай жасырайын. Сол алқалы жиын да әлi күнге есiмде. Соңғы сөзiмдi қалай түйiндегенiм де көз алдымда. Ұмыта қойғам жоқ. Мағжансыз өткен сол талқылау, бiле-бiлсең, кейде арымды таразылағандай болып, азапқа салатыны бар. Мұратбайдың Ғаниы да сөйлеп едi. Тұрманжанның Өтебайы да... Әсiрес менiң үнiм барынша басым болған сықылды. Сәрсенбiұлы Жәкеннiң кенет суырылып шығып, ақынға шырылдап ара түскенiн қалай ұмытармын. Сол бiр қайсар жiгiт - Жәкен, расын да, әдiлiн де айтты. Көбiмiз айта алмағанды сол жеткiздi. Сол үшiн қайран сабаз жазықты да болды. Ой, жалған-ай!.. Алайда, шыным осы, мен Мағжанды сiлелетiп, сiлiкпесiн шығарып, жоқ етудi мұрат еткен емеспiн. Әдейiлеп сынауды да мақсұт еткем жоқ. Бұл өзi аяқ астынан, кенеттен туындаған ойлар... Талантты ақынды аз-кем мiнеген болып, кемшiлiгiн көрсеткен болып, тағы да қамшыласақ па дедiк. Кейбiр тұстарда, расын-ақ айтайыншы, сақтандырып қойсақ па дедiк. Тағы да есте болар жәйт: мен өз сөзiмде Мағжан ақын емес дегем жоқ, жала жаптым деп те ойлаймын. Сөз - оның жеке бір жинағы төңiрегiнде өрбiдi. Осалдау өлеңдерiн нысанаға алып, сiлкiлеп алғанымыз да рас. Шындыққа жүгiне сөйлер болсам - сол күнi ақынды сынай тұрып, өзiм де iшiмнен қан жыладым. Бiрақ, амал қанша! Ол туралы жоғарыдағы үлкен лауазым иесiнiң бiреуi өз баяндамасында "ұлтшыл ақын, ескiлiктi көксеушi ақын" деп түйреп өткенін да бiлмеушi ме ең сен!... Бәрiнiң астарында бiр құпия сыр бүркелiп жатты. Оны сол уақытта ешқайсымыз да түсiне алмадық. Ойластырылған шаруа... Өз қолымыздағы балтамен өзiмiздiң қолымызды шорт кесу, шауып тастау..."

"...Пәлi, соның бәрiн iштей бiлген екенсiң, түсiнген екенсiң, ең болмаса үндемей қалуға болмас па едi. Мағжанға тұзақ құрардай не жазығы бар едi бейбақтың!.."

"...Жазығы... уақытынан озып кеткенi. Ертеңгi күннiң, болашақтың өлмес жырларын сол кезде-ақ тудыра бiлгенi. Мен онысын түсiндiм. Іштей сездім. Алайда, қайтiп мадақтарсың, қайтiп ақтап аларсың! Ол тұрмақ, сол шақта асқар таудай Абайдың атын ауызға алуға сескендiк! Ұлылығын паш етiп, әлемге жаюға жүрексiндiк! Десе де... Мағжанды мен әрдайым қорғадым, қолдадым. Сонау бiр жылдары Мәскеуде Күншығыс елдерiнiң кiтап баспасын басқарып тұрған шағымда өзiм жұмысқа тарттым, жазған көп дүниелерiн шығаруға ықпал еттiм. Бiрқатар аудармалар жасады. Басқалардың тiсi бата қоймайтын Лениннiң еңбектерiн қазақ тiлiнде сөйлеттi. Олары жарық көрдi. Бұған тарих куә! Өткен өмiр куә..."

"Жә-жә, ендi бүгiн тас қараңғы бөлмеде бүрiсiп отырып, ақталғаның кiмге керек. Артық кетсең де, асылық iстесең де ар соты алдыңнан күтiп алады. Оның үкiмi қатал! Ымырасыз сот! Ал, мен болсам... тек өткен өмiрiңнiң қара дақтарын қайта бiр есiңе салып, тәубеңе келтiрудi мұрат тұтып ем. Қамығар, күйiнер еш ретiң жоқ сенiң. Жер басып жүрген өз айналаңдағы жұмыр басты пендеңiздiң қай-қайсысы да құдай алдында күнәдан пәкпiн дей алмайды. Бәрiнiң жаңылыс басып, жаңсақ кеткен жерлерi, мүлт кеткен тұстары жетерлiк. Онысын мойындайтындар да, мойындамайтындар да бар. Қайтерсiң ендi... Мен сенiмен осылайша қоштассам ба деймiн. Алда әлi де тартыс, өмiр тартысы күтiп тұр. Тағы да жағаласарсыңдар. Тағы да жұлқысарсыңдар. Бiрiңнiң сыртыңнан бiрiң оқ атарсыңдар. Бiрiңдi бiрiң сатып, бiрiңе бiрiң ор қазарсыңдар. Ол айна-қатесiз ақиқат. Сендер, адамдар, сөйтпесеңдер жүре алмайсыңдар ма?!. Көр де тұр, осыған дейiнгi көңiлге медеу етпекшi бар еңбегiңнiң құны көк тиын болады. Оны ешкiм де, еш пенде де ауызға алмайды. Қайраткерлiгiң де, елшi болғаның да, журналистiгiң де, сыншылдығың да - бәрi-бәрi бiр пәсте желге ұшады. Көресiң сонда! Өкiнгеннiң әкесi сонда болады. Не үшiн өмiр сүргенiңдi, кiм үшiн күрескенiңдi түсiнбей дал боларсың-ау әлi! Аяймын! Сендердi аяймын! Қандай қатал тағдыр күтiп тұр алдарыңда. Қош бол, қайраткер! Қош бол, дипломат! Қош қазақ елiнiң үлкен жүректi елшiсi! Сенi мен аяғаныммен, өзгелер, өз бауырларың аяр деймiсiң. Өздерiңдi шабатын өз айбалталарың... Маған ренжiме. Тас бөлмеде, тар қапаста қиналып-қысылып жатқанымда сен-ақ жан алқымнан алып болдың-ау деп қапалана көрме. Мен елеспiн... Қараңғы бөлмелердi кезiп жүретiн қара мысықпын. Қазiр бармын. Қазiр жоқпын. Келдiм, кеттiм. Оған бола бордай үгiлме, жан бауыр! Ал, қош-ш! Екiншi бiр көзге түртсе көргiсiз тар қапаста, қараңғы қапаста жолыққанша...»

Қараңғы бөлмедегi қара мысық қою қараңғылыққа бiржола сүңгiп кеттi де, елеске айналып, бiрсiн-бiрсiн жоғалып бара жатты.

Ой құшағында отырған жiгiттiң жүрегi шымырлап қоя бердi.

"Не дейдi?.. Не деп кеттi әлгi қара мысық?! Бiрiңдi-бiрiң түтерсiң, бiрiңе-бiрiң жауығарсың дедi ме. Ол не сөзi?.. Не деп тантып кетті әлгi?! О, сұрқия!..  Үнiң неткен қорқынышты едi. Сен... сен өйтiп көңiлi кең, жүрегi жомарт менiң халқыма қара күйе жақпа! Халқым барда әдiлдiк бар, шындық бар. Шексiз, таусылмас, түгесiлмес шындық бар. Көпке топырақ шаша алмайсың. Көп өлмейдi. Көп қателеспейдi, жаңылыс баспайды да. Көп өз перзентiн өзi қаралап, өзi қара жерге көмбейдi. Қара ниеттiлердiң арам пиғылы бәрiбiр әшкере болады. Өтiрiк жеңбеген. Жеңе алмайды. Мен осыны бiлем. Осыған сенем. Осы үшiн бар жан-тәнiммен еңбек еткем. Сенiммен, шүбәсiз үмiтпен еңбек еткем. Ендеше менiң кiнәсiз екенiм жалпы жұртқа жария болады, айтылады, мен қалайда ақталам. Шығам әлi-ақ кең дүниеге!... Өзiмнiң халқым барда, өзiмнiң елiм барда, кең жүректi, ақ ниеттi жанашыр жандар барда, қара ниеттiлер мекен ететiн тар қапаста неге жатамын? Солар аман болсын. Солардың мерейi үстем болсын. Соларға сенем..."

Ендi ол шалқалап жатты да, қараңғы бөлменiң төбесiне, биiкке көз салды. Әнебiр бұрыштан сызаттанып, әлсiз сәуле, болар-болмас сынық сәуле жылт-жылт еткендей болды.  Соған қарады да, тырп етпей, тапжылмастан ұзақ-қ телмiрдi. Көзiнiң алдынан өткен өмiрi, бар ғұмыры бiрiнен соң бiрi тiзбектелдi. Ферғанадағы балалық шағы... Алғашқы сауат ашуы... Ес бiле бастаған шағындағы әкемен алғашқы әңгiме... "Сенiң болашағыңнан зор үмiт күтемiн, балам!" деп, емiренiп келiп, құшағына тартып, маңдайынан сүйгенi қайран әкесiнiң!... Ол да елiм деп егiлiп, шыбын жанын шүберекке түйiп, тар жол, тайғақ кешуде өмiр сүрiп едi. Сөйтiп жар құлағы жастыққа тимей жүргенде... 1918 жылы Қоқандағы басмашылар "сен сатқынсың", "отанға опасыздық жасап жүрсiң" деп, көп сөзге келмей-ақ, оқтың ұшына алып, бiр түнде айуандықпен өлтiрiп кеттi. Не жазығы бар едi? Кiмдi сатыпты сондай-ақ! Халқын ба, жерiн бе? Керек десе, ол сол ұғым үшiн - ел мен жер үшiн шыбын жанын да қиюға әзiр екенiн ұқпағандары! Сосын... Ташкент, Мәскеудегi аласапыран кезең... Оқу, қызмет... Түркiстан өлкесiндегi жоғары лауазым... Баспагерлiк бейнет... Иә, бертiнде Сауд Арабиясына жол түсiп, елшiлiк жұмыс атқарды. Қазақтың қара баласы намысқа тырысып, жатпай-тұрмай дипломатияның әліппесін үйренді. Ердi намыс өлтiредiнiң кебiн кидi. Әйтпесе қайдан оңай болсын. Сөйтiп, мұнда да елiм деп, жерiм деп тас түйiн еңбек етiп жатыр едi, бiр күнi Орталықтан шақыртып алды да... мына тас бөлмесiне әкеп тықты. Түсiнсе бұйырмасын!... "Халық жауы" дейдi! Қай халықтың жауы!... Осыны айтып жүргендер өз халқын дәл бұл секiлдi сүйе алар ма екен әуелi? Сүйе алса, кәнi, неге көрсетпейдi? Неге жарқырап жанбайды, неге дүркiреп көтерiлмейдi? Неге! Неге!..

Жалғыздан-жалғыз қалғанда ойыңа не түспейдi. Ненi ойламайсың? Бәрi де бiрiнен соң бiрi тiзiлдi-ақ екен. Ой, жалған-ай, бұның әсiресе сағынышпен еске алар, ерекше ыстық топырағы - кiндiк қаны тамған ежелгi ескi қала Иассы - Түркiстан жерi екен-ау! "Сен қасиеттi қала - Түркiстан түбiнде, Әзiрет Сұлтанда туғансың" деп, әкесi қаншама рет айтып едi. "Ата жұртымыз сонда" дедi ғой. "Қоқанға қызмет бабымен келiп қалғанбыз" деген. Сол ата жұрт! Арман болған ата жұрт! Есейгелi берi бiр барып қайтудың ретiн таба алмапты-ау. Не деген қаттылық!... Не деген тасбауырлық!...

"О, қасиетiңнен айналайын, Түркiстан!" деп iштей толқып, тебiренiп қоя бердi. "Қайда барсам да, қайда жүрсем де менi қорғаған, менi қолдаған тек сенiң әруағың. Мен сенiң перзентiңмiн. Әзiрет Сұлтанның шапағаты әрдайым демеп келедi. Ол айна қатесiз ақиқат. Оны қай кезде де сезiнемiн. Сезiндiредi маған құпия күш! Тек... өзiңе көптен берi ат басын тiремесем, ол үшiн сөкпешi. Уақыт самалымен, дәуiр дауылымен қаңбақ сынды ары да, берi де зыр жүгiрген мен бiр бейбақ пенде..."

Ендi қапас бөлменiң төбесiне телмiрген қалпы еш қыбырсыз, қозғалыссыз жатыр. Төбенiң бiр бұрышын сығалаған ұры сәуле, әлсiз сәуле айдай жарық әлемнiң, жалпақ әлемнiң хабаршысындай едi. Түбi болатын бiр жақсылық хабарды жеткiзгiсi келiп, бiрақ жеткiзе алмай, кiбiртектеп тұрғандай ма едi сол сәуле...

Көңiл қылын шерткен тәттi қиялдың бәрiн дәлiз арқылы күбiрлесiп келе жатқан екi кiсiнiң қатқыл үні бұзып жiбердi.

- Халық жауының аты - халық жауы, оған еш аяушылық болуы тиiс емес! Алып шық, дереу!..

Атуға әкете ме?

Тап солай! Ол бүгін атылады!...

Осы бiр дөрекi үн қараша үйде туып, бар білімі мен білігін халқына арнаған қара бала - Төреқұлдың Нәзiрiнiң кеудесiне қадалған қара тікендей болып, қолқасын ашытып ала жөнелдi.

Енді даусы да шықпай қалып еді.

Бөлісу: