ІІІ БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 05:24

- Сэмиха! - Iм-м... - Сэмиха деймiн. Тез тұр. Оян ендi. - Не болды? Бүгiн демалыс емес пе. Қайда асығамыз?!. - Таудағы дачаға кетемiз, - дедi Сэм қуанышты үнмен. - Кеше жолдастарыммен бұл туралы келiскенмiн. Үш жұп болып, таза ауаға шығамыз. Демалыс деп, мiне, соны айт... - Ой, Сэм... Маған неге ертерек айтпағансың. Кешкiсiн жейтiн дәмдi тағамдар әзiрлеп қоятын едiм. - A, ой! - дедi Сэм, - қайтесiң шаршап. Барлығын да аналар ұйымдастырып қойған. Тауда шашлык әзiрлеймiз. Арақ, шарап, сыра... Ой, бiр демалатын шығармыз... Сэмиха жiгiттiң мойнынан құшақтай алып, емiрене еркелей бетiнен сүйдi. Жiгiт оны қыпша белiнен қыса ұстап, орнынан тiк көтердi. Екеуi  ендi асығыс-үсiгiс жинала бастады. Оны-мұны заттарды сөмкеге салып үлгергенше, тыстан жеңiл мәшинелердiң "қышқырған" дауысы да естiлдi. Бұлар үш мәшинемен жолға шықты. Әрқайсысында жеке көлiк. Жақын араласатын екi досы - Жетер мен Әбiл алда. Әрине, Жетер деп отырған бiз, әйтпесе ол талайдан берi - Джон, Әбiл болса - Ашот. Джонның жанындағы тал шыбықтай майысып тұрған жұбайы - Илиса да, Ашоттыкi - Энгелсина. Солардың аты кiм екенiн Сэмиха сұрамапты да. Таудың арасындағы жықпыл-жықпыл, бұралаң жолдармен зымыратып отырып, ақыры екi қабатты дачаға да жеттi. Сэмнiң әкесiнiң жұрттың көзiнен тасалап салдырған, бiлдiрмей, жасырып салдырған кең сарайдай "боз үйi"- осы дача. Аты дача демесең, кiшiгiрiм коттедж десе де болғандай. Есiк-терезесi, еденi түгелiмен ең қымбат ағаштан жасалған. Қазiргi тұрысындағы бағасын ойласа, Сэмиханың басы айналады. Шаш та жетпес-ау! Мұның қазiргi иесi - Сэм. Не iстеймiн десе де өзi бiледi. - Жiгiттер, - дедi автомашинадан түсе бере Илиса иен Энгелсина айқай салып. - Таудың таза ауасына аман-есен жеткенiмiз үшiн деп бiр-бiр рюмкадан тартып жiбермеймiз бе! - Дұрыс! - Өте орынды! - дестi жiгiттер де. Бөтелкенiң аузы ашылып, стақандарға лық-лық құйылды. - Тартамыз! - Тоқтамай тартамыз! - дестi бiр-бiрiне. Сэмиха да аналардан қалып қоюға ыңғайсызданып, қолындағы стақанды түбiне дейiн көтердi. Ой, ащысын-ай! Iшпедi емес мұндай "тентек суды", iштi де бұрынырақ. Бiрақ, тап мынадай емес. Бұлай iшу деген... сұмдық қой. "Әйелге, әйел затына күйеуi тап бұлай еркiндiк бере берсе, күнi ертең-ақ бұзылып, iшкiлiкке салынып, онсыз тұра алмастай халге жетiп, азғындап кетсе..." Жарайды, бүгiнше өз философиямды өз iшiмде қалдыра тұрайын. Тауға шықтық. Көкiрек кере таза ауа жұтуға, көңiл көтеруге келдiк. Оның үстiне... Сэмнiң ең жақын жолдастары. Оларды ренжiтiп алсам, Сэм де көңiлсiз болады. Дача бiздiкi. Ендеше қонақ та бiзге келдi. Да, ну! К черту бәрiне де. Iшемiз, жеймiз, көңiлдi асқақтатып, дауыс жеткенше ән саламыз. Шырқайықшы бiр! Бәрiбiр өткiншi өмiр... Тек Сэм риза болса жетiп жатыр. Таза ауада жайылған дастархан, дастархан басындағы ән мен әңгiме, сырласу сағаты ұзаққа созылды. Iшкiлiктiң көптiгi соншалық, жiгiттер де, қыздар да әбден масаңсып, бойлары балқып, қызып та алды. Қызық сосын басталған. Сэмиха кезектi тост көтерiлгенде, өзiнше қулыққа көшiп, ешкiм сезе қоймас деп, стақанын жасырып қоя салып едi, осыны байқаған Илиса шалқасынан түссiн. - Вот, Сэм, сен өз әйеліңді аяйсың, оны сақтағың келедi. Ал, бiзге iш деп қинайсың, аузымызға құйғандай болып iшкiзесiң. Сэмиха бiзден артық па? - деп, тiлi күрмеле ырқ-ырқ еттi. Сол-ақ екен, Сэм бұған, ызғарлы көзбен ucaa?eaia қарап: - Сен не, менi осында позорить ету үшiн келдiң бе! - деп тiстендi. (Реңi бiр пәсте өзгерiп сала берген.) Бұл қипалақтап қалды. - Неге олай дейсiң? Мен сенiң жанашыр, жақсы көретiн тiлекшiңмiн. Тек... осы жолы iшкiлiк жүрмей... - Жүредi. Жүргiземiз егер жүрмесе! - деп, масаң жiгiттер өре түрегелдi. Қыздар да  "әп, бәлем" дегендей, кеу-кеулеп, оларға қосыла кеттi. Сэмиха ендi шегiнер жер қалмағанын сездi де, стақанды қыса ұстаған күйi iшiндегiсiн түгелiмен басына төңкере салды. - Браво! - деп, қыршаңқы қыздар қол шапалақтады. Бұл да түк емес екен. Осыдан соң қызықтың көкесi басталып келе жатты. Қызыңқырап алған Джон "мен ендi осында отырған барлық келiншектердiң ернiнен сүйемiн" дедi. Сэмиха оның әйелі Илисаға жалт қарап, "не дер екен" деп аңырап едi, ол тiптi қуанулы. "Давай, сөйтсең сөйт" деп, сықылықтап күледi. Әзiлi шығар деп едi, ол орнынан тұрып, Энгелсинаны құшақтап алды да, ернiнен құшырлана тiстеледi. Әлгі сұлуда қарсылық жоқ, тiптi қымсынса кәнiки! Ендiгi кезек Сэмихаға келдi. Бұл жасқаншақтап, қорғаншақтай қашып, күйеуiне қарады. Оның бұнымен шаруасы жоқ. Илисаға жақындай түсiп, малтасын езiп, бiр нәрселердi айтып жатыр. Қарсылық жасағанына да қарамастан, Джон бұның алманың сабағындай әдемi, жұп-жұмсақ мойнын өзiне қарай қара күшке сала, қатты тарта, епетейсiз қимыл жасай, бұрып алды да, дереу шиедей үлбiреген, Сэмнен өзге сүйiп көрмеген пәк ернiне ұмтылды... Мұны да елемеуге болар ма едi. Ендiгiсi тiптi шектен шығу секiлденiп кеттi бұған. Екi көзi аларып, аузынан көбiгi шашырап, Ашот орнынан ұшып тұрды да: - Жiгiттер, - дедi, - бiр-бiрiмiзден жасыратын, бiр-бiрiмiзден ұялатын, бiр-бiрiмiзден қипақтайтын, қысылып-қымтырылатындай жөнiмiз жоқ. Менде мынадай өте әсерлi, өте әдемi, өте ойлы ұсыныс бар. Үшеумiз әйелiмiздi кезекпе-кезек сәл уақытқа алмастырсақ қайтедi? Әрине, бiздiң ханымдарымыз бұндай қызық тiлекке, бөлекше әдетке, ләззәттi әдетке  қарсы болмаса... (Жымысқылана күлiп алды.) Сэмиханың төбе шашы тiк тұрды, құйқасы шымырлап қоя бердi. Әзiлi ме, әлде шыны ма? Мұнысы, мынаусы не сұмдық ендi! Жақын жолдастардың бiр-бiрiмен зат емес, басқа емес, әйел алмастыруы деген... О, пәлекет! Бетi аулақ! Мұндай жаман, мұндай ылас тiрлiк өзiмен кетсiн!.. Сөйтсе, бұл оның ғана ойы екен, ал Илиса мен Энгелсина болса жырқ-жырқ күле түсiп, екi көздерi оттай жанып, беттерi алаулап: -Жiгiттерiмiз солай шешсе, соны қаласа, соны ұнатса, сөйткiлерi келсе... бiз қайтпекпiз, өздерiң бiлiңдер, өз көңiлдерiңе салыңдар, - деп қарап тұр. Шыдамның жеткен жерi де, шегi де осы едi, ашуын бойына сыйғыза алмай, орнынан ұшып тұрды да, әдептi де ұмытып, айқайлап жiбердi. - Бұл не? Еркiндiк, ерiк деген осындай бола ма екен?! Қыздар, сендерге не жоқ! Ар, ұят, намыс деген қайда? Намысы үшiн жанын да қия бiлген қазақтың қыздары емессiңдер ме?.. (Қалшылдап кеттi, денесi дiр-дiр еттi.) - Немене, қазақтың қыздары кiмнен кем екен! Қай намысты айтып отырсың сен? Дүниежүзiлiк дәрежеде сөз қозғап, әлемдiк өлшеммен әңгiмелесек, бұл түк те емес. Қылмысқа да, намысқа да - түкке жатпайды. Бiз, ойбай-ау, жезөкше ме екенбiз? Жоқ! Сүйiп қосылған күйеулерiмiздiң көзiне, кейбiр шетелдiк бикештер секiлдi, жасырынып, тығылып, тасаға кетiп, бiлдiрмеген болып, шөп салып жатыр ма екенбiз?.. Жоқ! Жоқ! Келiссе, өздерi келiсiп жатыр. Бiз бе екен?! Өздерi ғой... Еркектердiң көңiл қалауы. Мұны, бiле бiлсең, махаббат еркiндiгi дейдi. Махаббатқа деген, сезiмге деген жаңаша көзқарас... Жаңа замандық көзқарас... Түсiнбесең, түсiнiп ал, - деп, Илиса жұлына сөйледi. - Сен... өйтiп, тым еркiнсiп, еркелiкке салып, өзiм бiлемге басып, ақылдысынып... бiздiң арамызда аулбайский замачкаңды көрсете берме! Жаңаны, бүгiнгi күннiң бағытын дұрыс ұға алмадың екен, екi елi аузыңа ие болып, жайыңа тыныш отыр, - деп, Энгелсина да зiркiлдеп қоя бердi. Осы сәтте әшейiнде сабырлы, былқ етпес Сэмнiң қызарып-бозарғанын көрсең. Бұны түтiп жердей болып, итiнiп-итiнiп қойып, жұдырығын түйiп, тiстерiн қышырлатқан. Ашот сөзге араласты. - Сэм, сен осы қызды аламын, үйленемiн дегенде, мен саған не ақыл айтып едiм! Сөзiмдi жерге тастап, өзімді тыңдамап едiң! (Тiстене, тиiсе, жанды ауырта айтты). - Оны мен де айтқам, - дедi Джон. (Көңiлсiздеу күй!)  Ашуға булыққан Сэм ендi шыдамның шiдерiн бұза оларға тағы бiр айтылмауға тиiс сырды айтып-ақ салғаны. - Сендер бiлмейсiңдер ғой, мен осы күнге дейiн iште сақтап, жасырып жүр едiм, бұл қыз деген аты ғана болмаса, бiр жiгiт те көз салмастан, елеусiз қалып, осы жасына дейiн ешкiммен... болмапты да. Сенесiңдер ме, осыған-н... - Да-а-а! - дедi Илиса миығынан күлiп. - ешбiр еркек керексiнбеген, қызықпаған, тiптi қарамаған қыз десейшi. О, сорлы Сэм... Басыңдағы сорың бес елi екен ғой сенiң... (Аузы толы ащы мысқыл!) - Да, ну, сене алмай тұрмын мен осыған!.. Сэм, сенiкi әзiл шығар. Егер осы айтқаның рас болса, онда сенiң мына Сэмихаң бар ғой... бұл бар ғой... нағыз анау... - деп, Энгелсина қарқылдап күлдi. Бұдан әрi бұл ортада беттiң арын белге түйгендей болып, безiрейiп отыру еш мүмкiн емес екенiн сезген қыз орнынан ширақ, тым тез-ақ көтерiлдi де, бетi ауған жаққа безе жөнелдi. Артына, артта қалып бара жатқан арсыз топқа қарағысы келмедi...

- Сэмиха!

- Iм-м...

- Сэмиха деймiн. Тез тұр. Оян ендi.

- Не болды? Бүгiн демалыс емес пе. Қайда асығамыз?!.

- Таудағы дачаға кетемiз, - дедi Сэм қуанышты үнмен. - Кеше жолдастарыммен бұл туралы келiскенмiн. Үш жұп болып, таза ауаға шығамыз. Демалыс деп, мiне, соны айт...

- Ой, Сэм... Маған неге ертерек айтпағансың. Кешкiсiн жейтiн дәмдi тағамдар әзiрлеп қоятын едiм.

- A, ой! - дедi Сэм, - қайтесiң шаршап. Барлығын да аналар ұйымдастырып қойған. Тауда шашлык әзiрлеймiз. Арақ, шарап, сыра... Ой, бiр демалатын шығармыз...

Сэмиха жiгiттiң мойнынан құшақтай алып, емiрене еркелей бетiнен сүйдi. Жiгiт оны қыпша белiнен қыса ұстап, орнынан тiк көтердi.

Екеуi  ендi асығыс-үсiгiс жинала бастады. Оны-мұны заттарды сөмкеге салып үлгергенше, тыстан жеңiл мәшинелердiң "қышқырған" дауысы да естiлдi.

Бұлар үш мәшинемен жолға шықты.

Әрқайсысында жеке көлiк.

Жақын араласатын екi досы - Жетер мен Әбiл алда. Әрине, Жетер деп отырған бiз, әйтпесе ол талайдан берi - Джон, Әбiл болса - Ашот. Джонның жанындағы тал шыбықтай майысып тұрған жұбайы - Илиса да, Ашоттыкi - Энгелсина. Солардың аты кiм екенiн Сэмиха сұрамапты да.

Таудың арасындағы жықпыл-жықпыл, бұралаң жолдармен зымыратып отырып, ақыры екi қабатты дачаға да жеттi. Сэмнiң әкесiнiң жұрттың көзiнен тасалап салдырған, бiлдiрмей, жасырып салдырған кең сарайдай "боз үйi"- осы дача. Аты дача демесең, кiшiгiрiм коттедж десе де болғандай. Есiк-терезесi, еденi түгелiмен ең қымбат ағаштан жасалған. Қазiргi тұрысындағы бағасын ойласа, Сэмиханың басы айналады. Шаш та жетпес-ау! Мұның қазiргi иесi - Сэм. Не iстеймiн десе де өзi бiледi.

- Жiгiттер, - дедi автомашинадан түсе бере Илиса иен Энгелсина айқай салып. - Таудың таза ауасына аман-есен жеткенiмiз үшiн деп бiр-бiр рюмкадан тартып жiбермеймiз бе!

- Дұрыс!

- Өте орынды! - дестi жiгiттер де.

Бөтелкенiң аузы ашылып, стақандарға лық-лық құйылды.

- Тартамыз!

- Тоқтамай тартамыз! - дестi бiр-бiрiне.

Сэмиха да аналардан қалып қоюға ыңғайсызданып, қолындағы стақанды түбiне дейiн көтердi. Ой, ащысын-ай! Iшпедi емес мұндай "тентек суды", iштi де бұрынырақ. Бiрақ, тап мынадай емес. Бұлай iшу деген... сұмдық қой. "Әйелге, әйел затына күйеуi тап бұлай еркiндiк бере берсе, күнi ертең-ақ бұзылып, iшкiлiкке салынып, онсыз тұра алмастай халге жетiп, азғындап кетсе..." Жарайды, бүгiнше өз философиямды өз iшiмде қалдыра тұрайын. Тауға шықтық. Көкiрек кере таза ауа жұтуға, көңiл көтеруге келдiк. Оның үстiне... Сэмнiң ең жақын жолдастары. Оларды ренжiтiп алсам, Сэм де көңiлсiз болады. Дача бiздiкi. Ендеше қонақ та бiзге келдi. Да, ну! К черту бәрiне де. Iшемiз, жеймiз, көңiлдi асқақтатып, дауыс жеткенше ән саламыз. Шырқайықшы бiр! Бәрiбiр өткiншi өмiр... Тек Сэм риза болса жетiп жатыр.

Таза ауада жайылған дастархан, дастархан басындағы ән мен әңгiме, сырласу сағаты ұзаққа созылды. Iшкiлiктiң көптiгi соншалық, жiгiттер де, қыздар да әбден масаңсып, бойлары балқып, қызып та алды. Қызық сосын басталған.

Сэмиха кезектi тост көтерiлгенде, өзiнше қулыққа көшiп, ешкiм сезе қоймас деп, стақанын жасырып қоя салып едi, осыны байқаған Илиса шалқасынан түссiн.

- Вот, Сэм, сен өз әйеліңді аяйсың, оны сақтағың келедi. Ал, бiзге iш деп қинайсың, аузымызға құйғандай болып iшкiзесiң. Сэмиха бiзден артық па? - деп, тiлi күрмеле ырқ-ырқ еттi.

Сол-ақ екен, Сэм бұған, ызғарлы көзбен ucaa?eaia қарап:

- Сен не, менi осында позорить ету үшiн келдiң бе! - деп тiстендi. (Реңi бiр пәсте өзгерiп сала берген.)

Бұл қипалақтап қалды.

- Неге олай дейсiң? Мен сенiң жанашыр, жақсы көретiн тiлекшiңмiн. Тек... осы жолы iшкiлiк жүрмей...

- Жүредi. Жүргiземiз егер жүрмесе! - деп, масаң жiгiттер өре түрегелдi. Қыздар да  "әп, бәлем" дегендей, кеу-кеулеп, оларға қосыла кеттi. Сэмиха ендi шегiнер жер қалмағанын сездi де, стақанды қыса ұстаған күйi iшiндегiсiн түгелiмен басына төңкере салды.

- Браво! - деп, қыршаңқы қыздар қол шапалақтады.

Бұл да түк емес екен. Осыдан соң қызықтың көкесi басталып келе жатты. Қызыңқырап алған Джон "мен ендi осында отырған барлық келiншектердiң ернiнен сүйемiн" дедi. Сэмиха оның әйелі Илисаға жалт қарап, "не дер екен" деп аңырап едi, ол тiптi қуанулы. "Давай, сөйтсең сөйт" деп, сықылықтап күледi. Әзiлi шығар деп едi, ол орнынан тұрып, Энгелсинаны құшақтап алды да, ернiнен құшырлана тiстеледi. Әлгі сұлуда қарсылық жоқ, тiптi қымсынса кәнiки! Ендiгi кезек Сэмихаға келдi. Бұл жасқаншақтап, қорғаншақтай қашып, күйеуiне қарады. Оның бұнымен шаруасы жоқ. Илисаға жақындай түсiп, малтасын езiп, бiр нәрселердi айтып жатыр. Қарсылық жасағанына да қарамастан, Джон бұның алманың сабағындай әдемi, жұп-жұмсақ мойнын өзiне қарай қара күшке сала, қатты тарта, епетейсiз қимыл жасай, бұрып алды да, дереу шиедей үлбiреген, Сэмнен өзге сүйiп көрмеген пәк ернiне ұмтылды...

Мұны да елемеуге болар ма едi. Ендiгiсi тiптi шектен шығу секiлденiп кеттi бұған.

Екi көзi аларып, аузынан көбiгi шашырап, Ашот орнынан ұшып тұрды да:

- Жiгiттер, - дедi, - бiр-бiрiмiзден жасыратын, бiр-бiрiмiзден ұялатын, бiр-бiрiмiзден қипақтайтын, қысылып-қымтырылатындай жөнiмiз жоқ. Менде мынадай өте әсерлi, өте әдемi, өте ойлы ұсыныс бар. Үшеумiз әйелiмiздi кезекпе-кезек сәл уақытқа алмастырсақ қайтедi? Әрине, бiздiң ханымдарымыз бұндай қызық тiлекке, бөлекше әдетке, ләззәттi әдетке  қарсы болмаса... (Жымысқылана күлiп алды.)

Сэмиханың төбе шашы тiк тұрды, құйқасы шымырлап қоя бердi. Әзiлi ме, әлде шыны ма? Мұнысы, мынаусы не сұмдық ендi! Жақын жолдастардың бiр-бiрiмен зат емес, басқа емес, әйел алмастыруы деген... О, пәлекет! Бетi аулақ! Мұндай жаман, мұндай ылас тiрлiк өзiмен кетсiн!..

Сөйтсе, бұл оның ғана ойы екен, ал Илиса мен Энгелсина болса жырқ-жырқ күле түсiп, екi көздерi оттай жанып, беттерi алаулап:

-Жiгiттерiмiз солай шешсе, соны қаласа, соны ұнатса, сөйткiлерi келсе... бiз қайтпекпiз, өздерiң бiлiңдер, өз көңiлдерiңе салыңдар, - деп қарап тұр.

Шыдамның жеткен жерi де, шегi де осы едi, ашуын бойына сыйғыза алмай, орнынан ұшып тұрды да, әдептi де ұмытып, айқайлап жiбердi.

- Бұл не? Еркiндiк, ерiк деген осындай бола ма екен?! Қыздар, сендерге не жоқ! Ар, ұят, намыс деген қайда? Намысы үшiн жанын да қия бiлген қазақтың қыздары емессiңдер ме?.. (Қалшылдап кеттi, денесi дiр-дiр еттi.)

- Немене, қазақтың қыздары кiмнен кем екен! Қай намысты айтып отырсың сен? Дүниежүзiлiк дәрежеде сөз қозғап, әлемдiк өлшеммен әңгiмелесек, бұл түк те емес. Қылмысқа да, намысқа да - түкке жатпайды. Бiз, ойбай-ау, жезөкше ме екенбiз? Жоқ! Сүйiп қосылған күйеулерiмiздiң көзiне, кейбiр шетелдiк бикештер секiлдi, жасырынып, тығылып, тасаға кетiп, бiлдiрмеген болып, шөп салып жатыр ма екенбiз?.. Жоқ! Жоқ! Келiссе, өздерi келiсiп жатыр. Бiз бе екен?! Өздерi ғой... Еркектердiң көңiл қалауы. Мұны, бiле бiлсең, махаббат еркiндiгi дейдi. Махаббатқа деген, сезiмге деген жаңаша көзқарас... Жаңа замандық көзқарас... Түсiнбесең, түсiнiп ал, - деп, Илиса жұлына сөйледi.

- Сен... өйтiп, тым еркiнсiп, еркелiкке салып, өзiм бiлемге басып, ақылдысынып... бiздiң арамызда аулбайский замачкаңды көрсете берме! Жаңаны, бүгiнгi күннiң бағытын дұрыс ұға алмадың екен, екi елi аузыңа ие болып, жайыңа тыныш отыр, - деп, Энгелсина да зiркiлдеп қоя бердi.

Осы сәтте әшейiнде сабырлы, былқ етпес Сэмнiң қызарып-бозарғанын көрсең. Бұны түтiп жердей болып, итiнiп-итiнiп қойып, жұдырығын түйiп, тiстерiн қышырлатқан. Ашот сөзге араласты.

- Сэм, сен осы қызды аламын, үйленемiн дегенде, мен саған не ақыл айтып едiм! Сөзiмдi жерге тастап, өзімді тыңдамап едiң! (Тiстене, тиiсе, жанды ауырта айтты).

- Оны мен де айтқам, - дедi Джон. (Көңiлсiздеу күй!)

 Ашуға булыққан Сэм ендi шыдамның шiдерiн бұза оларға тағы бiр айтылмауға тиiс сырды айтып-ақ салғаны.

- Сендер бiлмейсiңдер ғой, мен осы күнге дейiн iште сақтап, жасырып жүр едiм, бұл қыз деген аты ғана болмаса, бiр жiгiт те көз салмастан, елеусiз қалып, осы жасына дейiн ешкiммен... болмапты да. Сенесiңдер ме, осыған-н...

- Да-а-а! - дедi Илиса миығынан күлiп. - ешбiр еркек керексiнбеген, қызықпаған, тiптi қарамаған қыз десейшi. О, сорлы Сэм... Басыңдағы сорың бес елi екен ғой сенiң... (Аузы толы ащы мысқыл!)

- Да, ну, сене алмай тұрмын мен осыған!.. Сэм, сенiкi әзiл шығар. Егер осы айтқаның рас болса, онда сенiң мына Сэмихаң бар ғой... бұл бар ғой... нағыз анау... - деп, Энгелсина қарқылдап күлдi.

Бұдан әрi бұл ортада беттiң арын белге түйгендей болып, безiрейiп отыру еш мүмкiн емес екенiн сезген қыз орнынан ширақ, тым тез-ақ көтерiлдi де, бетi ауған жаққа безе жөнелдi. Артына, артта қалып бара жатқан арсыз топқа қарағысы келмедi...

Бөлісу: