ІІ БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 05:23

Жiгiттiң әу бастағы азан шақырып қойған аты - Сатымсай. Бiрақ ол есiмi өзiне аса ұнамайтын сияқты. "Қазақ та қызық, осындай да ат бола ма екен!" деп қиналды. "Современный емес. Ескi есiм. Өте ескi... Әкем "бiр кездерi сондай батыр бабамыз болған, сол кiсiдей жүректi, елге сыйлы болсын деген ниетпен атағанбыз" дейдi. Батыр болса қайтем... мәселе батырдың атында емес. Оның атын алғанның бәрi батыр бола берсе... Жо-жоқ, маған ұнамайды. Сатымсай... Немене, жердiң, ауылдың аты сияқты ма өзi! Менi Сэм деңдер. Мен - Сэммiн..." Мiне, бұның сүйген жарының ендiгi аты - Сэм. Жолдастары да, тамыр таныстары да, тiптi өз әкесiне дейiн осылай дейдi. О, дариға, сонау бiр жылдары астанадан алыс түкпiрдегi кiшкене ауылдан осында аттанғанда, қаланың сұлу мұртты жiгiтiне ұнап, соған жар болармын деп үш ұйықтаса түсiне кiрiп пе?! Қайдан-н! Ендi мiне, тағдыр деген осы. Кеш те болса кездестi. Сөйлестi. Сырласты. Сыр бөлiстi. Бiр-бiрiне ұнаған сыңайлы. Сэмнiң көп сөзi жоқ. Әңгiме де көпке ұзамады. "Маған тұрмысқа шығасың ба?" деп емiрене тiл қатқанда, қыз шалқасынан құлап түсе жаздады. Тiлi таңдайына жабысып қалды ма, тiлге келе алмай, тек қана басын изей берген. Сонымен, той да өттi. Дүркiреп-ақ өттi. Әкесi қаладағы ең беделдi кiсiлердiң бiрi. Дүние жетедi. Өз дүниесiн былай қойғанның өзiнде, сарыауыз ұлына жеке пәтер, жеңiл машина алып берiптi. Қыз осындай ертегi өмiрге iлез-демде ұшып келiп қона қалды. Сонан соң да әлде түс, әлде өңi екенiн бiле алмай аңтарулы. Ауылда туып, ауылда өссе де, қала өмiрiмен бiршама таныс болып үлгерген қыз үшiн мұндай сән-салтанатты өмiр кешiп жатқандардың тiрлiгi соншалық таңқаларлық та емес-тi. Несi бар, дүние шiркiн, кiмге не iстетпеген! Оған таң қала берсе... Тек көңiлiндегi қуанышы сол - дәл осындай молшылық ортаға ойда-жоқта өзiнiң де келiп түсе қалғаны едi. Армандаса болар ма! Iздесе жетер ме! Ойласа орындалар ма! Тiптi сол дүниеңдi де қоя бер, ең бастысы - өмiрлiк жарын жолықтырғаны. Сатымсай дер, болмаса оның көңiлiне қарап, Сэм-ақ дер. Есiмде тұрған не бар? Сэм! Ал, Сэм, Сэм... Әйелi өз күйеуiн қалай атаймын десе де еркi. Жұрттың  шаруасы қанша! Азар болса қазақшылығы аздау екен, шет елге елiктегiштеу екен дер. Елiктесе ше? Шет ел сорлы ма едi?! Олардың да қол жетпес бағалы байлығы бар. Олардың да өзгеге үйретерлiк жақсы жақтары жетерлiк. Өркениетте өз орны бар елдер қаншама! Әлем бiлетiн қалалар қаншалық. Дүние жүзiн таң қалдырған ұлттар аз ба!.. Аз емес. Ал, Сэм... Керек десең, Сэм деген ат қазаққа да баяғыда-ақ жетуi керек едi. Күшiкбай, Итбаймен өмiрiмiз өте бере ме? Маңдайымызға тек соны ғана жазып қойып па! Жоқ, бiздiң де дүниежүзiлiк өркениетте алар орынымыз бар. Оған ұмтылар ұрпақ - бiз. Бiздер... - Саған Сэм деген есiм сондай жарасады, - деп қылықтана ерекелеттi жолдасын. - Рас па? Рас айтасың ба? (Жүзi бал-бұл жанды). - Имандай шыным... - Ал, сенiң есiмiң бар ғой, маған онша ұнамайды. - Неге? (Қыз жанарында күдiктi үрей). - Бiртүрлi ескi сияқты. Сапаргүл, Сапаргүл... Сачка... жоқ, келмейдi. Сеня... тоже ұқсамайды, а, таптым! Сенi Сэмиха дейiк. Сэмиха-а! Мiне, ғажап! Қыз сықылықтап тұрып күлдi. - Мейлi, мейлi! Не десең де, сенiң қалауың болсын. Сэмиха... Бiртүрлi қызық екен, дегенмен бiрте-бiрте үйренiп те кетермiн. - Үйренесiң. Үйренбей ше! Чем Сапар дегенше...    Олар отбасылық өмiрдiң алғашқы күнi-ақ осындай мәселелердi дереу-дереу шеше бастады. Қыз бақытты болатын. Сол бақыттан басы айналып, Сэм не десе, соған бас изеп, дегенiне көнiп, еркелей тiл қатып қоятын-ды. Сэм де қанша дегенмен қалада туған, қалада тәрбие алған дегендей, мәдениетi бiр басына жетерлiк жiгiт. Оның әсiресе көпшiлiк ортада өзiн-өзi ұстауы қандай ғанибет. Үлкенмен де, кiшiмен де өте сыпайы сөйлеседi. Қай-қайсысының да көңiлiнен шығып жатады. Әкесiнiң жора-жолдастары жиылған ортада да болып үлгердi. Ылғи оқыған, биiк парасатты, ақылға телегей топ бұны жер-көкке сыйғызбай мақтап, болашағынан кәдiмгiдей-ақ үмiт күтетiндiктерiн де жасырмаған. Бiлiмдiлiгiн айтқан, тәрбиесiн тiлге тиек қылған. Ендi келiп, бұл жiгiттiң оған қоса тағы бiр оңды қадамы - өзiнiң өмiрлiк жарын да дұрыс таңдағандығы дестi. Сапаргүл демедi, олар да Сэмиха дедi бұны. "Сэм мен Сэмиха ендi сiздiң әулеттi көбейтедi, көркейтедi, өсiредi, өркендетедi"... Мейлi, қалай деп айтса да бәрiбiр.  Қыз әйтеуiр өзiн де елеп, ықылас бiлдiрiп, бұған да арнап мадақ сөз айтқандарына разы. Сэм сырт қарағанда расында да өте кiшiпейiл, жаны нәзiк, сөзi сыпайы жiгiт. Оның жүрiс-тұрысы да әдемi, өзiне жарасып тұрады. Қай ортада да оны мәдениеттi жiгiт деi қабылдайтыны сөзсiз-ақ. Қыз, сосын-ақ ендiгi өмiрлiк жолдасына лайық болуға тырысып, бұрынғы қазақы әдеттерiн қойып, мүмкiндiгiнше "современный" болып көрiнуге тырысып бақты. Қимыл-қозғалысын да өзгертiңкiреп, өзiн қаланың жастары сияқты барынша еркiн ұстауға тырысып, тiлiн де бұрап сөйлеп, қазақшаға орысша араластырып айтуға машықтанып келе жатты. Өзiнше сонда ғана "современный" болып көрiнетiндей, бүгiнгi күннiң жасы бола қалатындай. Оның үстiне бұнысы, бұл тiрлiгi, яғни осылайша екi тiлдi араластыра сөйлегенi Сэмге де ұнай бастаған сықылды. - Өтiрiк қымсынып, өтiрiк ұялғанды қою керек. Сыпайылық деген үндемеумен, ұяң кейiп көрсетумен өлшенбейдi. Өз пiкiрiңдi батыл айта отырып, бiреудiң кемсiтуiне қарсы қайрат қыла отырып та сыпайы, мәдениеттi болуға болады, - деп, Сэм көп айтады. Қыз әуелде мұны тез қабылдай алмаса да, бiрте-бiрте ойға келдi. Расында да, ауылдың ұяң мiнезi кiмге керек? Оны мұнда кiм бағалап, кiм түсiнiп жатыр! Қайта ұяңдық көрсеткен сайын төбеңе шығып, басына түседi. Ендеше, не тұрыс бар. Қаланың шалбар киген, немесе қысқа юбка киген "полухиппи" қыздарынан несi кем! Оны бұл да жасай алады. Жасағаны сол, солардан бiрдi-бiр кем түссе кәнi! Ақыры Сэмге сол ұнайтын болды, күйеуiнiң көңiл қалауы сол екен, ендеше тартыншықтар жөнi жоқ. - Саған ұнаса болды, сенiң дегенiңдi iстеймiн, - деп, қыз Сэмге одан бетер еркелей қылықтанды. Жан жолдасы, бiрақ, күннен-күнге өзгеше қылық, көңiлге кiдi алар қылық шығарып келе жатты. Әсiресе түн төсегiндегi мiнезi... Кешегi түнi тiптi ойына келгендi iстемекке ниеттендi. Бұған шетелдiк жастарды, олардың iс-әрекетiн, қимыл-қозғалысын мысал етiп, әртүрлi нәрсенi айтып, жүрегiн ұшырды. Қыз ұялып, үндемей құтылармын деп едi, онысына көнер болмады. - Сен осы секс туралы не бiлесiң? - деп, одан соң бұған тiке шабуылға көштi. - ?!. - Неге үндемейсiң? Ерлi-зайыпты кісілердің бiр-бiрiнен жасырын сыры  болмаса керек. Iшiңдi аш, сырыңды бөлiс. - Не айтам сонда?.. Ненi сұрап отырсың?.. - Ну, мысалы... Жалпа секс туралы не айта аласың дегенім ғой. Мүмкiн мен бiлмейтiндi...  - Жо-жоқ. Бәрiн де үйретiп жатқан сенсiң. Әйтпесе... мен деген... бұл туралы түк те бiлмеймiн.   Сэм осы жерге келгенде шырт сынды. Ашуға булықты. Қанасына сыймай кеткендей. (Бұл ненiң ашуы - түсiнсе бұйырмасын!) - Сен... Сен менi мазақ етiп отырсың. Түк бiлмеуiң мүмкiн емес. Бiздiң заманда жiгiттерден гөрi қыздар көп бiледi мұны. А впрочем... менiмен алғашқы түндi өткiзгенде сездім. Бұған дейiн ешкiммен болмағанның өзi-ақ...көп нәрсені мағұлым етті. Демек... Қыз бiртүрлi өзiн ыңғайсыз сезiнгендей. Ары таза бола тұрып та, өзін мұқатқан сықылды мына тектес сөздердi естiгенiне iштей қапаланып кеттi. - Сонда не! Не үшiн жазықтымын? Не үшiн... - деп, көзiне шарасыздық жасы iркiлiп те қалды. Күйеуi өзiнiкiн жөн санап, арындап, алған бетiнен қайтатын емес. - Бүгiнгi уақыт - басқа уақыт, - дедi ол. - Арым таза, ешкiммен қыдырған жоқпын деген желеу - жәй сөз ғана. Онымен бiздiң қатар-құрбыларымызды таңдандыра алмайсың, тiптi керек десең... Сенiң осы жасқа дейiн ешкiммен болмағаныңды естiсе... менiң достарым мазақ қылады. Қысқасы, бұл жайлы ендi ауыз ашпайық. Арамызда қалсын... Бұның маңдайынан ащы тер бұрқ ете түстi. "Мәссаған, безгелдек!" деп ойлады. "Мiне, бүгiнгi уақыттың әуенi... Ау, мен сонда қай заманда өмiр сүрiп жатқан жаспын?! Менiң қатарым осы Сэмдер емес пе? Бұлар түсiнгендi мен неге түсiне алмаймын? Әлде уақыттан қалып-ақ қойғаным ба?..." Басын шым-шытырақ, шашыранды ойлар қаумалады. Түсiне алса кәнi! Бұл  не нәрсе? Түсi ме, әлде өңi ме?.. Жас күйеуiнiң, жаңа ғана жанұя құрған жан жарының, сүйген жарының әңгiмесi анау. "Сен секс туралы не бiлесiң?.." Не бiлушi ем, еркек пен әйел жүрек жарастырып, бас түйiстiрiп, шаңырақ құруы керек. Сосын... төсек... Е, оны қойшы. Несіне сөз ету керек, несін айта бермек. Одан да арғысын, арғы жағын айтпас па. Мына жарық әлемге жаңа ұрпақ келедi, сол ұрпағының қуанышымен кiсi өмiр сүрсе, өмiрдi сүйе түссе... Мiне, нағыз әңгiме осы емес пе. Әйтпесе айтыла бермейтiн ләззатты сәттi де айбарақ қылып, әжептәуiр әңгiмеге өзек етiп, соны түнi бойы талқыға салып... көңiлге тиiп... ой, жалған-ай!.. Кешегi түнi Сэмдi тiптi танымай қалды. Өмiрде, тiрлiкте қандай сыпайы, қандай мәдениеттi. Ал, түндегiсi... Оны да қойшы, өз әйелiм, өзiмнiң жарым деп еркелiк жасағаны шығар. Одан да зоры... осы күнге дейiн ешкiммен, ешбiр еркекпен болмағаныңды менiң достарым бiлмей-ақ қойсын, әйтпесе күледi дегенi ше! О, сұмдық! Неге күледi! Күлетiн не бар оған!.. Не деп күледi?!. Күлiп көрсiншi осыдан... Бойын бiр сәттiк ашу кернеп, өзiн-өзi ұстай алмай, шамырқанып, шамданып, қаны басына теуiп, аласұрып ала жөнелдi.

Жiгiттiң әу бастағы азан шақырып қойған аты - Сатымсай. Бiрақ ол есiмi өзiне аса ұнамайтын сияқты. "Қазақ та қызық, осындай да ат бола ма екен!" деп қиналды. "Современный емес. Ескi есiм. Өте ескi... Әкем "бiр кездерi сондай батыр бабамыз болған, сол кiсiдей жүректi, елге сыйлы болсын деген ниетпен атағанбыз" дейдi. Батыр болса қайтем... мәселе батырдың атында емес. Оның атын алғанның бәрi батыр бола берсе... Жо-жоқ, маған ұнамайды. Сатымсай... Немене, жердiң, ауылдың аты сияқты ма өзi! Менi Сэм деңдер. Мен - Сэммiн..."

Мiне, бұның сүйген жарының ендiгi аты - Сэм. Жолдастары да, тамыр таныстары да, тiптi өз әкесiне дейiн осылай дейдi. О, дариға, сонау бiр жылдары астанадан алыс түкпiрдегi кiшкене ауылдан осында аттанғанда, қаланың сұлу мұртты жiгiтiне ұнап, соған жар болармын деп үш ұйықтаса түсiне кiрiп пе?! Қайдан-н! Ендi мiне, тағдыр деген осы. Кеш те болса кездестi. Сөйлестi. Сырласты. Сыр бөлiстi. Бiр-бiрiне ұнаған сыңайлы. Сэмнiң көп сөзi жоқ. Әңгiме де көпке ұзамады. "Маған тұрмысқа шығасың ба?" деп емiрене тiл қатқанда, қыз шалқасынан құлап түсе жаздады. Тiлi таңдайына жабысып қалды ма, тiлге келе алмай, тек қана басын изей берген.

Сонымен, той да өттi. Дүркiреп-ақ өттi. Әкесi қаладағы ең беделдi кiсiлердiң бiрi. Дүние жетедi. Өз дүниесiн былай қойғанның өзiнде, сарыауыз ұлына жеке пәтер, жеңiл машина алып берiптi. Қыз осындай ертегi өмiрге iлез-демде ұшып келiп қона қалды. Сонан соң да әлде түс, әлде өңi екенiн бiле алмай аңтарулы. Ауылда туып, ауылда өссе де, қала өмiрiмен бiршама таныс болып үлгерген қыз үшiн мұндай сән-салтанатты өмiр кешiп жатқандардың тiрлiгi соншалық таңқаларлық та емес-тi. Несi бар, дүние шiркiн, кiмге не iстетпеген! Оған таң қала берсе... Тек көңiлiндегi қуанышы сол - дәл осындай молшылық ортаға ойда-жоқта өзiнiң де келiп түсе қалғаны едi. Армандаса болар ма! Iздесе жетер ме! Ойласа орындалар ма! Тiптi сол дүниеңдi де қоя бер, ең бастысы - өмiрлiк жарын жолықтырғаны. Сатымсай дер, болмаса оның көңiлiне қарап, Сэм-ақ дер. Есiмде тұрған не бар? Сэм! Ал, Сэм, Сэм... Әйелi өз күйеуiн қалай атаймын десе де еркi. Жұрттың  шаруасы қанша! Азар болса қазақшылығы аздау екен, шет елге елiктегiштеу екен дер. Елiктесе ше? Шет ел сорлы ма едi?! Олардың да қол жетпес бағалы байлығы бар. Олардың да өзгеге үйретерлiк жақсы жақтары жетерлiк. Өркениетте өз орны бар елдер қаншама! Әлем бiлетiн қалалар қаншалық. Дүние жүзiн таң қалдырған ұлттар аз ба!.. Аз емес. Ал, Сэм... Керек десең, Сэм деген ат қазаққа да баяғыда-ақ жетуi керек едi. Күшiкбай, Итбаймен өмiрiмiз өте бере ме? Маңдайымызға тек соны ғана жазып қойып па! Жоқ, бiздiң де дүниежүзiлiк өркениетте алар орынымыз бар. Оған ұмтылар ұрпақ - бiз. Бiздер...

- Саған Сэм деген есiм сондай жарасады, - деп қылықтана ерекелеттi жолдасын.

- Рас па? Рас айтасың ба? (Жүзi бал-бұл жанды).

- Имандай шыным...

- Ал, сенiң есiмiң бар ғой, маған онша ұнамайды.

- Неге? (Қыз жанарында күдiктi үрей).

- Бiртүрлi ескi сияқты. Сапаргүл, Сапаргүл... Сачка... жоқ, келмейдi. Сеня... тоже ұқсамайды, а, таптым! Сенi Сэмиха дейiк. Сэмиха-а! Мiне, ғажап!

Қыз сықылықтап тұрып күлдi.

- Мейлi, мейлi! Не десең де, сенiң қалауың болсын. Сэмиха... Бiртүрлi қызық екен, дегенмен бiрте-бiрте үйренiп те кетермiн.

- Үйренесiң. Үйренбей ше! Чем Сапар дегенше...   

Олар отбасылық өмiрдiң алғашқы күнi-ақ осындай мәселелердi дереу-дереу шеше бастады. Қыз бақытты болатын. Сол бақыттан басы айналып, Сэм не десе, соған бас изеп, дегенiне көнiп, еркелей тiл қатып қоятын-ды. Сэм де қанша дегенмен қалада туған, қалада тәрбие алған дегендей, мәдениетi бiр басына жетерлiк жiгiт. Оның әсiресе көпшiлiк ортада өзiн-өзi ұстауы қандай ғанибет. Үлкенмен де, кiшiмен де өте сыпайы сөйлеседi. Қай-қайсысының да көңiлiнен шығып жатады. Әкесiнiң жора-жолдастары жиылған ортада да болып үлгердi. Ылғи оқыған, биiк парасатты, ақылға телегей топ бұны жер-көкке сыйғызбай мақтап, болашағынан кәдiмгiдей-ақ үмiт күтетiндiктерiн де жасырмаған. Бiлiмдiлiгiн айтқан, тәрбиесiн тiлге тиек қылған. Ендi келiп, бұл жiгiттiң оған қоса тағы бiр оңды қадамы - өзiнiң өмiрлiк жарын да дұрыс таңдағандығы дестi. Сапаргүл демедi, олар да Сэмиха дедi бұны. "Сэм мен Сэмиха ендi сiздiң әулеттi көбейтедi, көркейтедi, өсiредi, өркендетедi"... Мейлi, қалай деп айтса да бәрiбiр.  Қыз әйтеуiр өзiн де елеп, ықылас бiлдiрiп, бұған да арнап мадақ сөз айтқандарына разы.

Сэм сырт қарағанда расында да өте кiшiпейiл, жаны нәзiк, сөзi сыпайы жiгiт. Оның жүрiс-тұрысы да әдемi, өзiне жарасып тұрады. Қай ортада да оны мәдениеттi жiгiт деi қабылдайтыны сөзсiз-ақ. Қыз, сосын-ақ ендiгi өмiрлiк жолдасына лайық болуға тырысып, бұрынғы қазақы әдеттерiн қойып, мүмкiндiгiнше "современный" болып көрiнуге тырысып бақты. Қимыл-қозғалысын да өзгертiңкiреп, өзiн қаланың жастары сияқты барынша еркiн ұстауға тырысып, тiлiн де бұрап сөйлеп, қазақшаға орысша араластырып айтуға машықтанып келе жатты. Өзiнше сонда ғана "современный" болып көрiнетiндей, бүгiнгi күннiң жасы бола қалатындай. Оның үстiне бұнысы, бұл тiрлiгi, яғни осылайша екi тiлдi араластыра сөйлегенi Сэмге де ұнай бастаған сықылды.

- Өтiрiк қымсынып, өтiрiк ұялғанды қою керек. Сыпайылық деген үндемеумен, ұяң кейiп көрсетумен өлшенбейдi. Өз пiкiрiңдi батыл айта отырып, бiреудiң кемсiтуiне қарсы қайрат қыла отырып та сыпайы, мәдениеттi болуға болады, - деп, Сэм көп айтады. Қыз әуелде мұны тез қабылдай алмаса да, бiрте-бiрте ойға келдi. Расында да, ауылдың ұяң мiнезi кiмге керек? Оны мұнда кiм бағалап, кiм түсiнiп жатыр! Қайта ұяңдық көрсеткен сайын төбеңе шығып, басына түседi. Ендеше, не тұрыс бар. Қаланың шалбар киген, немесе қысқа юбка киген "полухиппи" қыздарынан несi кем! Оны бұл да жасай алады. Жасағаны сол, солардан бiрдi-бiр кем түссе кәнi! Ақыры Сэмге сол ұнайтын болды, күйеуiнiң көңiл қалауы сол екен, ендеше тартыншықтар жөнi жоқ.

- Саған ұнаса болды, сенiң дегенiңдi iстеймiн, - деп, қыз Сэмге одан бетер еркелей қылықтанды.

Жан жолдасы, бiрақ, күннен-күнге өзгеше қылық, көңiлге кiдi алар қылық шығарып келе жатты. Әсiресе түн төсегiндегi мiнезi... Кешегi түнi тiптi ойына келгендi iстемекке ниеттендi. Бұған шетелдiк жастарды, олардың iс-әрекетiн, қимыл-қозғалысын мысал етiп, әртүрлi нәрсенi айтып, жүрегiн ұшырды. Қыз ұялып, үндемей құтылармын деп едi, онысына көнер болмады.

- Сен осы секс туралы не бiлесiң? - деп, одан соң бұған тiке шабуылға көштi.

- ?!.

- Неге үндемейсiң? Ерлi-зайыпты кісілердің бiр-бiрiнен жасырын сыры  болмаса керек. Iшiңдi аш, сырыңды бөлiс.

- Не айтам сонда?.. Ненi сұрап отырсың?..

- Ну, мысалы... Жалпа секс туралы не айта аласың дегенім ғой. Мүмкiн мен бiлмейтiндi... 

- Жо-жоқ. Бәрiн де үйретiп жатқан сенсiң. Әйтпесе... мен деген... бұл туралы түк те бiлмеймiн.  

Сэм осы жерге келгенде шырт сынды. Ашуға булықты. Қанасына сыймай кеткендей. (Бұл ненiң ашуы - түсiнсе бұйырмасын!)

- Сен... Сен менi мазақ етiп отырсың. Түк бiлмеуiң мүмкiн емес. Бiздiң заманда жiгiттерден гөрi қыздар көп бiледi мұны. А впрочем... менiмен алғашқы түндi өткiзгенде сездім. Бұған дейiн ешкiммен болмағанның өзi-ақ...көп нәрсені мағұлым етті. Демек...

Қыз бiртүрлi өзiн ыңғайсыз сезiнгендей. Ары таза бола тұрып та, өзін мұқатқан сықылды мына тектес сөздердi естiгенiне iштей қапаланып кеттi.

- Сонда не! Не үшiн жазықтымын? Не үшiн... - деп, көзiне шарасыздық жасы iркiлiп те қалды.

Күйеуi өзiнiкiн жөн санап, арындап, алған бетiнен қайтатын емес.

- Бүгiнгi уақыт - басқа уақыт, - дедi ол. - Арым таза, ешкiммен қыдырған жоқпын деген желеу - жәй сөз ғана. Онымен бiздiң қатар-құрбыларымызды таңдандыра алмайсың, тiптi керек десең... Сенiң осы жасқа дейiн ешкiммен болмағаныңды естiсе... менiң достарым мазақ қылады. Қысқасы, бұл жайлы ендi ауыз ашпайық. Арамызда қалсын...

Бұның маңдайынан ащы тер бұрқ ете түстi. "Мәссаған, безгелдек!" деп ойлады. "Мiне, бүгiнгi уақыттың әуенi... Ау, мен сонда қай заманда өмiр сүрiп жатқан жаспын?! Менiң қатарым осы Сэмдер емес пе? Бұлар түсiнгендi мен неге түсiне алмаймын? Әлде уақыттан қалып-ақ қойғаным ба?..."

Басын шым-шытырақ, шашыранды ойлар қаумалады. Түсiне алса кәнi! Бұл  не нәрсе? Түсi ме, әлде өңi ме?.. Жас күйеуiнiң, жаңа ғана жанұя құрған жан жарының, сүйген жарының әңгiмесi анау. "Сен секс туралы не бiлесiң?.." Не бiлушi ем, еркек пен әйел жүрек жарастырып, бас түйiстiрiп, шаңырақ құруы керек. Сосын... төсек... Е, оны қойшы. Несіне сөз ету керек, несін айта бермек. Одан да арғысын, арғы жағын айтпас па. Мына жарық әлемге жаңа ұрпақ келедi, сол ұрпағының қуанышымен кiсi өмiр сүрсе, өмiрдi сүйе түссе... Мiне, нағыз әңгiме осы емес пе. Әйтпесе айтыла бермейтiн ләззатты сәттi де айбарақ қылып, әжептәуiр әңгiмеге өзек етiп, соны түнi бойы талқыға салып... көңiлге тиiп... ой, жалған-ай!..

Кешегi түнi Сэмдi тiптi танымай қалды. Өмiрде, тiрлiкте қандай сыпайы, қандай мәдениеттi. Ал, түндегiсi... Оны да қойшы, өз әйелiм, өзiмнiң жарым деп еркелiк жасағаны шығар. Одан да зоры... осы күнге дейiн ешкiммен, ешбiр еркекпен болмағаныңды менiң достарым бiлмей-ақ қойсын, әйтпесе күледi дегенi ше! О, сұмдық! Неге күледi! Күлетiн не бар оған!.. Не деп күледi?!. Күлiп көрсiншi осыдан...

Бойын бiр сәттiк ашу кернеп, өзiн-өзi ұстай алмай, шамырқанып, шамданып, қаны басына теуiп, аласұрып ала жөнелдi.

Бөлісу: