ІІІ БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 05:14

- Партиялар мен қозғалыстар бізде ғана емес, шетелдерде де бар ғой, - деп Қабаш енді қарсы уәж айта бастады. - шетел басылымдарының жазуынша, партиялар өз елінің басшысының жіберген кемшіліктерін дер кезінде көрсетеді. Елге жария етеді. Қысқасы, мақсаты айқын... Ойлағандары - ел қамы... - Соған сенесіз бе? - Енді... сенбегенде... - Ал, мен сенбеймін. - Неге? - Өйткені, партия, қозғалыстардың ісінде бәрібір ала-құлалық болады. Олар қалай дегенде де сол өз кезіндегі басшыны сүріндіріп, өздері билікке барсақ деп армандайды. Бұл да пенделік арман. Ол үшін кінәлауға да болмас. Алайда, билік үшін таластың аяғы қиянатқа да апарып соғуы әбден мүмкін. - Қысқасы, сіздің ойыңызша барша жұрт билікке бас шұлғып, құрақ ұшып тұруы керек қой шамасы. Билік не десе де, ләббай деуі жөн демексіз бе! - Мен олай дегем жоқ. - Енді әңгіме ыңғайы соған келіп тұр. Партия, қозғалыстарды қолдамайсыз. Саясатшыларды да ұната бермейсіз. Саясатты да, саясаткерді де жек көресіз. - Саясатшылар мен саясаткерлерді ұнатпайтыным рас. Бірақ саясатты емес. - Сонда қалай? Түсінбедім. - Саясат басқа. Саясатшы басқа. - Екеуі бір емес пе? - Жоқ! Саясат сөзі әу бастағы мағынасында өте дұрыс ұғым. Оны жақсы мағынада қолдансақ, саясат - қадірлі. Мысалы, мен отбасымды ұйытып ұстауым үшін ептеп саясатқа барам. Ол жаман ба! Жоқ. Мен еліме зиян тимеу үшін, өзге жатжұрттықпен ептеп саясатқа кірем. Ол бұрыс па? Меніңше, дұрыс шешім. Ал, бірақ өз бас қамы, өз креслосы, өз атағы үшін саясатқа түсіп жатқандарды ұната  алмасым анық. - Мемлекеттің іргетасын шайқалтпай ұстап тұру үшін де саясат керек деседі... - Бұл рас. Бұл - шындық. Мемлекеттік саясат пен бақай есеп саясатты шатастырмау шарт. Екеуі аспан мен жердей... - Партия жетекшілері де өздерін мемлекеттік саясатты жүргізушілерміз дейді. - Бәрі емес. - Бірқатары... - Әй, соларға да күдігім бар. Менің шын ойым - мемлекеттік саясатты мемлекеттік аппарат жүргізеді. Жүргізуге міндетті де. - Ал, сол аппараттың өзінде былық шығып жатса ше! Ондайлар бар ғой. - Енді көп ішінде кездейсоқтар да кездесе береді. Бірақ көпшілігі мемлекеттік саясаткер... Соларға арқа сүйеген абзал. - Сіз, шамасы, мемлекеттік аппаратта қызмет істеген кісі болдыңыз ғой. - Ептеп. - Қазір ше? - Қазір онда емеспін. Өз еркіммен кетіп қалдым. Кішкене өкпем де болды. Алайда жеке өкпе үшін жалпыға күл шашуға болмайды. - Мемлекеттік аппарат қайтсе де өз дегенін істейді дейді. Сол рас па? - Мемлекет үшін керек іс болса, онда оған неге күдіктене қарауымыз керек. Мемлекет деген - сен, мен, менің отбасым, сенің отбасың... Солар аман болсын десек, мемлекеттік саясаткерлерге сенуіміз қажет. - Ал, олар қателесіп кетсе... Ойына арам пиғыл кіріп кетсе... - Онда халық өз сөзін айтуы тиіс. - Сол халық сөзін айтушы - жаңағы қоғамдық қозғалыстар емес пе! - Тағы да айтам: партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек қана таза ниет үстінде бола бермейді; олардың бір ұрты арам; елді айта отырып, өз мүддесі есінде тұрады; халықты айта отырып, қарын қамын қоса тықпалайды... - Түгел олай емес қой... - Әй, көбісі солай. - Иә, - деді Қабаш. - ... сіз шыныда да оларға қатты өкпелі екенсіз. - Менің өкпем кімге керек! Расы - сол ғой. Оны несіне күлтелектетеміз...

- Партиялар мен қозғалыстар бізде ғана емес, шетелдерде де бар ғой, - деп Қабаш енді қарсы уәж айта бастады. - шетел басылымдарының жазуынша, партиялар өз елінің басшысының жіберген кемшіліктерін дер кезінде көрсетеді. Елге жария етеді. Қысқасы, мақсаты айқын... Ойлағандары - ел қамы...

- Соған сенесіз бе?

- Енді... сенбегенде...

- Ал, мен сенбеймін.

- Неге?

- Өйткені, партия, қозғалыстардың ісінде бәрібір ала-құлалық болады. Олар қалай дегенде де сол өз кезіндегі басшыны сүріндіріп, өздері билікке барсақ деп армандайды. Бұл да пенделік арман. Ол үшін кінәлауға да болмас. Алайда, билік үшін таластың аяғы қиянатқа да апарып соғуы әбден мүмкін.

- Қысқасы, сіздің ойыңызша барша жұрт билікке бас шұлғып, құрақ ұшып тұруы керек қой шамасы. Билік не десе де, ләббай деуі жөн демексіз бе!

- Мен олай дегем жоқ.

- Енді әңгіме ыңғайы соған келіп тұр. Партия, қозғалыстарды қолдамайсыз. Саясатшыларды да ұната бермейсіз. Саясатты да, саясаткерді де жек көресіз.

- Саясатшылар мен саясаткерлерді ұнатпайтыным рас. Бірақ саясатты емес.

- Сонда қалай? Түсінбедім.

- Саясат басқа. Саясатшы басқа.

- Екеуі бір емес пе?

- Жоқ! Саясат сөзі әу бастағы мағынасында өте дұрыс ұғым. Оны жақсы мағынада қолдансақ, саясат - қадірлі. Мысалы, мен отбасымды ұйытып ұстауым үшін ептеп саясатқа барам. Ол жаман ба! Жоқ. Мен еліме зиян тимеу үшін, өзге жатжұрттықпен ептеп саясатқа кірем. Ол бұрыс па? Меніңше, дұрыс шешім. Ал, бірақ өз бас қамы, өз креслосы, өз атағы үшін саясатқа түсіп жатқандарды ұната  алмасым анық.

- Мемлекеттің іргетасын шайқалтпай ұстап тұру үшін де саясат керек деседі...

- Бұл рас. Бұл - шындық. Мемлекеттік саясат пен бақай есеп саясатты шатастырмау шарт. Екеуі аспан мен жердей...

- Партия жетекшілері де өздерін мемлекеттік саясатты жүргізушілерміз дейді.

- Бәрі емес.

- Бірқатары...

- Әй, соларға да күдігім бар. Менің шын ойым - мемлекеттік саясатты мемлекеттік аппарат жүргізеді. Жүргізуге міндетті де.

- Ал, сол аппараттың өзінде былық шығып жатса ше! Ондайлар бар ғой.

- Енді көп ішінде кездейсоқтар да кездесе береді. Бірақ көпшілігі мемлекеттік саясаткер... Соларға арқа сүйеген абзал.

- Сіз, шамасы, мемлекеттік аппаратта қызмет істеген кісі болдыңыз ғой.

- Ептеп.

- Қазір ше?

- Қазір онда емеспін. Өз еркіммен кетіп қалдым. Кішкене өкпем де болды. Алайда жеке өкпе үшін жалпыға күл шашуға болмайды.

- Мемлекеттік аппарат қайтсе де өз дегенін істейді дейді. Сол рас па?

- Мемлекет үшін керек іс болса, онда оған неге күдіктене қарауымыз керек. Мемлекет деген - сен, мен, менің отбасым, сенің отбасың... Солар аман болсын десек, мемлекеттік саясаткерлерге сенуіміз қажет.

- Ал, олар қателесіп кетсе... Ойына арам пиғыл кіріп кетсе...

- Онда халық өз сөзін айтуы тиіс.

- Сол халық сөзін айтушы - жаңағы қоғамдық қозғалыстар емес пе!

- Тағы да айтам: партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек қана таза ниет үстінде бола бермейді; олардың бір ұрты арам; елді айта отырып, өз мүддесі есінде тұрады; халықты айта отырып, қарын қамын қоса тықпалайды...

- Түгел олай емес қой...

- Әй, көбісі солай.

- Иә, - деді Қабаш. - ... сіз шыныда да оларға қатты өкпелі екенсіз.

- Менің өкпем кімге керек! Расы - сол ғой. Оны несіне күлтелектетеміз...

Бөлісу: