ІІІ БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 04:51

Қаншайым төркініне жеткенде, көкжиек  қызғылт тартып, күн де ұясына кіріп бара жатыр еді. Есік алдында тұрған шешесі мен інісін әзер таныды. - Ана жақта... осы жолдың бойында Гүлжан қалды. Тез құтқарыңдар... - деуге әзер шамасы келді. Сосын талықсып кетті...                                                      * * * Ол есін жиғанда таң атып, ай-жай болып қалған екен. - Гүлжан!.. Гүлжанды таптыңдар ма? - деп, жастықтан басын жұлып алды. Інісі Нұрахмет діріл аралас даусымен: - Сенің жүрген ізіңмен барып, Гүлжанның орнын таптық. Орамалыңның бір шетін жыртып жусанға байлап кеткен екенсің, оны да көрдік. Бірақ... қыз жоқ, -  деді. Бишара бала, жыртқышқа жем болды-ау... Аһ-һ!.. Қаншайым жастықты умаждап, тұншығып булығып жылады. Көмейіне кептелген ащы өксік шыдатпай кетті білем, енді бір мезетте қос жұдырығымен қара жерді аяусыз сабалап жатты. - Бейбақ балапаным-ай, соқыр құдай бұл сұмдығын саған көрсеткенше, мені неге қақпақылына салып, мені неге жалмамады екен! Әкең екеуіңнің азаңды арқалап, азабыңды арқалап, бұл дүниеде тағы да қалғаным ба! Мен кімге керек едім енді... Қатын-қалаш жиылып келіп, оған басу сөз айтты. - Неге сонша зарланасың, өлі денесі жоқ болса, сүйегі табылмаса, кім біледі, тірі шығар. Жолы түскен жолаушы өзімен бірге ала кетуі де мүмкін ғой... Әлгіндегідей жылы сез күпті көңілге үміт ұялатса да ондай жақсылық хабар жақын арада естіле қоймады. Сол күннен бастап Ананың құлағында бір үн, сыңсыған сәби үні үнемі ызындады да тұрды. Айдалада жолдың жағасына өз қолымен қалдырған қызының күйігі, қызының қайғысы жүрегіне шер болып қатты. Тіпті беріректе, соғыс басталар жылы, төтеннен келген науқастан ұлы қайтыс болғанда, біраз күн жылап сықтады, өкінді, опынды, бірақ оған Гүлжанын іздегендей қаусап, күйреген жоқ. Араға жылдар түскенде ұлдың қайғысы көңілден аз-аздап көне бастағанын да сезінді. Ажалға не шара, демі бітсе, осы жүрген жұмыр басты пендеңіздің барлыры да қара жердің қойнына барады. Ал, дені сап-сау, қол-аяғы балғадай жас нәрестені ез ықтиярыңмен отқа итеруден өткен қылмыс болар ма жер бетінде! Ар соты кешірер ме мұны... Ар соты... Ол әділ сот! Ымырасыз сот... Қолыңмен істедің бе, мойныңмен көтер" дейді ол. Не көтеріп жүресің, не болмаса шыдай алмай мұрт сынасың. Екінің бірі. Мұндайда аралық жол болмақ емес... Қаншайым - ананың түнде ұйқысын, күндіз күлкісін бөліп, сол бір сыңсып жылаған сәби үні жиырма жыл бойы неге мазалады? Неге?..                                                        * * * Колхоз төрағасы Ақылбек керзі етігінің қонышын тіктіріп отырып: - Осы Жагор, сен ғой орыссың. Ал, қызың болса қазаққа көбірек ұқсайды, мұның сыры неде? - деп сұраған. Жагор бұған күліп отырып жауап қатты. - Әйелім қазақ қызы еді. Марқұм ерте өліп қалды, әйтпесе осы күнге дейін тағы да үш-төрт нәрестені дүниеге әкелмес пе. Мен өзім мына сіздер секілді он бала туса да қарсылық жасамауға бел буған едім, қайтейін енді, - дегенде, Ақаң еріксіз кеңкілдеп қоя беріп: - Ай, Жагор-ай, сен де тек емессің, бойыңда ептеп біздің халықтың қаны бар,- деп, күректей алақанымен арқасынан қағып-қағып жіберген.  Жалпы Жагор ешкімге ашылып әңгіме айтқан емес. Ел іші оның әлгі сөздеріне иланып жүрді. Мариямды ауылдың кейбір салпы етек келіншектері "орыс пен қазақтың буданынан туған" деп, жаратпаған пішінмен, сыртынан пыш-пыш өсек айтысып қоятынды. Бір жолы Қаншайым ауырып қалып, Мариям үйіне келіп уқол салғанды.  -         Осы, қарағым, сен өз шешеңді білесің бе? - деп жорта сыр тартып көріп еді, сонда, ол түк білмейтін болып шықты. Қазбалап, тамырлап, ежіктеп сұрауға батылы жетпеді. Кім біледі, тәрбиесі бөлек неме көңілге тиер ауыр сөз айтып тастаса, кәрі кеудені қаусатып кетеді ғой. Құрал-саймандарын жиыстырып, кеткелі жатқанда қыздың жасын сұрады. -  Биыл тура жиырмаға толады екенмін, апа, - деді ол жүзі бал-бұл жанып. - Жақында туған күнімді атап өтемін. Қанша дегенмен жиырма жас... Дәрігер қыз кетісімен Қаншайым ұзын-сонар ой сілемдеріне берілді. "Шіркін-ай, менің Гүлжаным қазір тірі болғанда ол да жиырмаға толып отырар ма еді. Кімге тартқанын да біле алмадым. Әкесіне ұқсаса мінезі тік, айтқанынан қайтпайтын, жанары өңменіңнен өтердей өткір боларды; ал маған тартса... кім болсын тура өзім болады да қояды... Ендігі өз теңін тауып, тұрмыс құрып дегендей..." Ана жымиып қойды. Сол сәт оның қиялы қияға самғады. Құда-құдағи, күйеу бала туралы тәтті ойларға беріліп, бақыт бесігінде тербетіліп, сырқатын ұмытып, кеудесін көрнеген шаттық сезім ескі шаңыраққа сыйғызбай, зеңгір көкке, сонау самғау биікке алып ұшсын бір...

Қаншайым төркініне жеткенде, көкжиек  қызғылт тартып, күн де ұясына кіріп бара жатыр еді. Есік алдында тұрған шешесі мен інісін әзер таныды.

- Ана жақта... осы жолдың бойында Гүлжан қалды. Тез құтқарыңдар... - деуге әзер шамасы келді. Сосын талықсып кетті...

                                                     * * *

Ол есін жиғанда таң атып, ай-жай болып қалған екен.

- Гүлжан!.. Гүлжанды таптыңдар ма? - деп, жастықтан басын жұлып алды. Інісі Нұрахмет діріл аралас даусымен:

- Сенің жүрген ізіңмен барып, Гүлжанның орнын таптық. Орамалыңның бір шетін жыртып жусанға байлап кеткен екенсің, оны да көрдік. Бірақ... қыз жоқ, -  деді.

Бишара бала, жыртқышқа жем болды-ау... Аһ-һ!..

Қаншайым жастықты умаждап, тұншығып булығып жылады. Көмейіне кептелген ащы өксік шыдатпай кетті білем, енді бір мезетте қос жұдырығымен қара жерді аяусыз сабалап жатты.

- Бейбақ балапаным-ай, соқыр құдай бұл сұмдығын саған көрсеткенше, мені неге қақпақылына салып, мені неге жалмамады екен! Әкең екеуіңнің азаңды арқалап, азабыңды арқалап, бұл дүниеде тағы да қалғаным ба! Мен кімге керек едім енді...

Қатын-қалаш жиылып келіп, оған басу сөз айтты.

- Неге сонша зарланасың, өлі денесі жоқ болса, сүйегі табылмаса, кім біледі, тірі шығар. Жолы түскен жолаушы өзімен бірге ала кетуі де мүмкін ғой...

Әлгіндегідей жылы сез күпті көңілге үміт ұялатса да ондай жақсылық хабар жақын арада естіле қоймады. Сол күннен бастап Ананың құлағында бір үн, сыңсыған сәби үні үнемі ызындады да тұрды. Айдалада жолдың жағасына өз қолымен қалдырған қызының күйігі, қызының қайғысы жүрегіне шер болып қатты. Тіпті беріректе, соғыс басталар жылы, төтеннен келген науқастан ұлы қайтыс болғанда, біраз күн жылап сықтады, өкінді, опынды, бірақ оған Гүлжанын іздегендей қаусап, күйреген жоқ. Араға жылдар түскенде ұлдың қайғысы көңілден аз-аздап көне бастағанын да сезінді. Ажалға не шара, демі бітсе, осы жүрген жұмыр басты пендеңіздің барлыры да қара жердің қойнына барады. Ал, дені сап-сау, қол-аяғы балғадай жас нәрестені ез ықтиярыңмен отқа итеруден өткен қылмыс болар ма жер бетінде! Ар соты кешірер ме мұны... Ар соты... Ол әділ сот! Ымырасыз сот... Қолыңмен істедің бе, мойныңмен көтер" дейді ол. Не көтеріп жүресің, не болмаса шыдай алмай мұрт сынасың. Екінің бірі. Мұндайда аралық жол болмақ емес...

Қаншайым - ананың түнде ұйқысын, күндіз күлкісін бөліп, сол бір сыңсып жылаған сәби үні жиырма жыл бойы неге мазалады? Неге?..

                                                       * * *

Колхоз төрағасы Ақылбек керзі етігінің қонышын тіктіріп отырып:

- Осы Жагор, сен ғой орыссың. Ал, қызың болса қазаққа көбірек ұқсайды, мұның сыры неде? - деп сұраған. Жагор бұған күліп отырып жауап қатты.

- Әйелім қазақ қызы еді. Марқұм ерте өліп қалды, әйтпесе осы күнге дейін тағы да үш-төрт нәрестені дүниеге әкелмес пе. Мен өзім мына сіздер секілді он бала туса да қарсылық жасамауға бел буған едім, қайтейін енді, - дегенде, Ақаң еріксіз кеңкілдеп қоя беріп:

- Ай, Жагор-ай, сен де тек емессің, бойыңда ептеп біздің халықтың қаны бар,- деп, күректей алақанымен арқасынан қағып-қағып жіберген. 

Жалпы Жагор ешкімге ашылып әңгіме айтқан емес. Ел іші оның әлгі сөздеріне иланып жүрді. Мариямды ауылдың кейбір салпы етек келіншектері "орыс пен қазақтың буданынан туған" деп, жаратпаған пішінмен, сыртынан пыш-пыш өсек айтысып қоятынды.

Бір жолы Қаншайым ауырып қалып, Мариям үйіне келіп уқол салғанды.

 -         Осы, қарағым, сен өз шешеңді білесің бе? - деп жорта сыр тартып көріп еді, сонда, ол түк білмейтін болып шықты. Қазбалап, тамырлап, ежіктеп сұрауға батылы жетпеді. Кім біледі, тәрбиесі бөлек неме көңілге тиер ауыр сөз айтып тастаса, кәрі кеудені қаусатып кетеді ғой. Құрал-саймандарын жиыстырып, кеткелі жатқанда қыздың жасын сұрады.

-  Биыл тура жиырмаға толады екенмін, апа, - деді ол жүзі бал-бұл жанып. - Жақында туған күнімді атап өтемін. Қанша дегенмен жиырма жас...

Дәрігер қыз кетісімен Қаншайым ұзын-сонар ой сілемдеріне берілді. "Шіркін-ай, менің Гүлжаным қазір тірі болғанда ол да жиырмаға толып отырар ма еді. Кімге тартқанын да біле алмадым. Әкесіне ұқсаса мінезі тік, айтқанынан қайтпайтын, жанары өңменіңнен өтердей өткір боларды; ал маған тартса... кім болсын тура өзім болады да қояды... Ендігі өз теңін тауып, тұрмыс құрып дегендей..."

Ана жымиып қойды. Сол сәт оның қиялы қияға самғады. Құда-құдағи, күйеу бала туралы тәтті ойларға беріліп, бақыт бесігінде тербетіліп, сырқатын ұмытып, кеудесін көрнеген шаттық сезім ескі шаңыраққа сыйғызбай, зеңгір көкке, сонау самғау биікке алып ұшсын бір...

Бөлісу: