І БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 04:49

Біздің шаңырақтың ал- қызыл гүлдері - Нүргүл  мен Айсұлуға. Мариям Жагор деген орыс қызы... Осылай басталатын әнді, осы ән әуенін білмейтін бір қазақ бар еді деп біреуді сендіре алар ма едің. Әрине, ешкімді сендіре алмайсың. Өйткені бұл әнді жетегіне  алып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ешкім де емес, өмірдің өзі. Ал, біздің бүгінгі әңгімеміздің желісіне өзек болған етікші Жагор да, сестра қыз Мариям да олардан мүлде бөлек... Қызылмақташы қолхозының шиборбай балалары бұл әнді шынында да осы Мариямға, осы Жагорға арналған деп шырқап жүр. ...Қазаққа Дудар деген ғашық болып. Сондағы Мариямның айтқан сөзі... - деп, ойнап жүрген балалар бар даусымен айғай салғанда, жанынан өтіп бара жатқан сестра қыз аздап ұялыс тауып: - Әй, қойыңдар енді. Әйтпесе ұстап алып, май құйрыққа ине шаншимын, - деп тұра ұмтылатын. Көше тоздырған желаяқтар бет-бетімен бытырап қаша жөнеледі. Етікші Жагор (Егор Иванов) мен сестра қыз Ма­риям Егорованың Қызылмақташы қолхозына келгеніне көп те болған жоқ. Жергілікті халық әлі олардың өмір тарихына онша қанық емес. Әзірге бар білетіндері: Мариямды аудан арнайы осы қолхозға жіберіпті, жеңіл-желпі ауру-сырқауларды арба салдыратып, көлік тоздырып аудан апармай-ақ, осында емдеп жазады. Онысы өте жақсы болды. Қолхозшылар дәрі-дәрмекке қарқ болып қалды. Бас аурудікі дейсіз бе, іш ауруы дейсіз бе - бәріне де табылады. Тек ауыл адамдарының көңілдерін күпті еткен сұрау біреу ғана: қазақ қызы Мария қалайша орысқа қыз болған? Ал, етікші Жагорың қазақ тіліне судай болып шықты. Тіпті өзіңді жаңылыстырады. Бәрінен де өнерін айт, шіркіннің. Жыртылған етік, мәсі, бәтеңкелерді қолына алса бітті, жамап-жасқап, бір-екі күннен кейін қайтарғанда өзін танымай қаласың. Қызы да, өзі де қолхоз үшін ауадай қажет адамдар болып шықты. ...Май топырақты иір-иір дала жолының үстінде кішкентай ноқат пайда бола кетті. Енді бір мезетте сол ноқат айқындала-айқындала түсіп, адам бейнесіне айналды. Құдай-ау, адам деп отырғаны - сәби ғой. Кәдімгі сәби, айдалада жол үстінде қалған жалғыз Бұлдіршін... шырылдап жылайды кеп, жылайды-ай, даусы да қарлыға бастаған ба... Бет-аузын түгел жас жуыпты. Кіп-кішкентай қолдарын ербең-ербең еткізіп, әлдекімді іздейді.            Енді бірде... қалың қамыс арасынан жон арқасы жалт-жұлт еткен, көздері оттай жанған көкбөрі шыға келді. Арлан қасқыр аздап аялдап, жан-жағына асықпай кез тастап, сонсоң еріне бір есінеп алды да, шырылдап жылап отырған иесіз бейкүнә балаға жақындап келе жатты. Жас нәресте қозғалып келе жатқан тіршілік иесінен аялы алақан іздегендей солай қарай итіне түсіп, май топырақты мұрнымен сүзе құлады. Жыртқыш аң қазір... қазір-ақ жарық дүние есігін жақында ғана ашқан жас нәрестені қып-қызыл қанға бояйды. Май топырақты дала жолының үстіндегі жалғыз ноқат қып-қызыл қан болып жайылып кетеді. Жолдың  бетін сәби қаны жуып жүре береді... Өмірден бір тіршілік иесі, ешкімге залалы тимеген кішкентай Адам мәңгіге жоралады... Әне, әне, қасқырдың қатыгез тырнақтары жоғары көтерілді, азу тістері шақұр-шұқыр етті... - А-а-а-ай-й!.. - Қаншайым бар даусымен шыңғырып, шошып оянды. Қырман басында, түскі үзіліс кезінде жарты сағатқа жантая кеткен қолхозшы әйелдер бастарын жұлып-жұлып алысты. Біріне-бірі: -  Не болды? -  Не болып қалды?.. -  десіп, абыр-сабыр бола кетті. - Тағы да қызымды көрдім, - деді Қаншайым даусы дірілдеп. - Көкжал қасқыр жегелі жатыр екен... -  Ал, қатындар, тұрыңдар! Осымен үзіліс бітті, - деп дауыстады бригадир, Қаншайым ілби басып, қолына күрегін ұстап, көпшіліктің соңынан ілесті. Қолы жұмыста болса да, қиялында әлгіндегі түс. Дәл қазір ішкі әлемін әлде бір жалын өртеп бара жатқандай. Елді айтады-ау, балаларынан Отан үшін, туған жер үшін ақтық қантөгіс айқаста айрылып, қайғы жұтса, бұл бейбақ айдың күні аманда, өз қолынан өлімге қиып, айдалаға тастап кетті ғой. Құдай-ай, ана үшін бұдан еткен қорлық болар ма! Енді міне, жол үстінде қалған сәбиінің сыңсып жылаған үні жиырма жылдан бері құлағында ызыңдап тұрады да қояды. Көзі ілінсе болды, түні бойы сыңсыған сәби үнін тыңдап шығады. Сосын қорқынышты түстер кереді. Тіпті, кейде сол нәресте періште болып, көкке ұшып кетіп, түн баласына шешесінің қасына келіп, сықылықтап күле ме, еңіреп  жылай ма, мені неге тастап кеттің деп, бұны буындырғысы ке­ле ме; кей-кейде тынысы тарылып, дем жетпей бара жатқанда, оянып кетеді;  әлдеқандай мұңды ән айтама-ау; енді бір мезет анашым деп құшақтап,  тас шандыр болып қатып қалған емшегін борпылдатып сора ма-ау... Ана сол бір сәбиін жол үстінде қалдырғалы бері, жиырма жыл бойы дұрыс ұйқы көрген жоқ, ой азабын көрді. Сыңси жылаған нәресте үнінен қанша қашса да, құтыла алмады. Сол үн қалған ғұмырында Ана арын тәлкек етіп, мазақ етумен келеді... Жиырма жыл бойы ар соты аяқталған емес...

Біздің шаңырақтың ал- қызыл гүлдері - Нүргүл  мен Айсұлуға.

Мариям Жагор деген орыс қызы...

Осылай басталатын әнді, осы ән әуенін білмейтін бір қазақ бар еді деп біреуді сендіре алар ма едің. Әрине, ешкімді сендіре алмайсың. Өйткені бұл әнді жетегіне  алып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ешкім де емес, өмірдің өзі. Ал, біздің бүгінгі әңгімеміздің желісіне өзек болған етікші Жагор да, сестра қыз Мариям да олардан мүлде бөлек...

Қызылмақташы қолхозының шиборбай балалары бұл әнді шынында да осы Мариямға, осы Жагорға арналған деп шырқап жүр.

...Қазаққа Дудар деген ғашық болып.

Сондағы Мариямның айтқан сөзі... - деп, ойнап жүрген балалар бар даусымен айғай салғанда, жанынан өтіп бара жатқан сестра қыз аздап ұялыс тауып:

- Әй, қойыңдар енді. Әйтпесе ұстап алып, май құйрыққа ине шаншимын, - деп тұра ұмтылатын. Көше тоздырған желаяқтар бет-бетімен бытырап қаша жөнеледі.

Етікші Жагор (Егор Иванов) мен сестра қыз Ма­риям Егорованың Қызылмақташы қолхозына келгеніне көп те болған жоқ. Жергілікті халық әлі олардың өмір тарихына онша қанық емес. Әзірге бар білетіндері: Мариямды аудан арнайы осы қолхозға жіберіпті, жеңіл-желпі ауру-сырқауларды арба салдыратып, көлік тоздырып аудан апармай-ақ, осында емдеп жазады. Онысы өте жақсы болды. Қолхозшылар дәрі-дәрмекке қарқ болып қалды. Бас аурудікі дейсіз бе, іш ауруы дейсіз бе - бәріне де табылады. Тек ауыл адамдарының көңілдерін күпті еткен сұрау біреу ғана: қазақ қызы Мария қалайша орысқа қыз болған?

Ал, етікші Жагорың қазақ тіліне судай болып шықты. Тіпті өзіңді жаңылыстырады. Бәрінен де өнерін айт, шіркіннің. Жыртылған етік, мәсі, бәтеңкелерді қолына алса бітті, жамап-жасқап, бір-екі күннен кейін қайтарғанда өзін танымай қаласың. Қызы да, өзі де қолхоз үшін ауадай қажет адамдар болып шықты.

...Май топырақты иір-иір дала жолының үстінде кішкентай ноқат пайда бола кетті. Енді бір мезетте сол ноқат айқындала-айқындала түсіп, адам бейнесіне айналды. Құдай-ау, адам деп отырғаны - сәби ғой. Кәдімгі сәби, айдалада жол үстінде қалған жалғыз Бұлдіршін... шырылдап жылайды кеп, жылайды-ай, даусы да қарлыға бастаған ба... Бет-аузын түгел жас жуыпты. Кіп-кішкентай қолдарын ербең-ербең еткізіп, әлдекімді іздейді.           

Енді бірде... қалың қамыс арасынан жон арқасы жалт-жұлт еткен, көздері оттай жанған көкбөрі шыға келді. Арлан қасқыр аздап аялдап, жан-жағына асықпай кез тастап, сонсоң еріне бір есінеп алды да, шырылдап жылап отырған иесіз бейкүнә балаға жақындап келе жатты. Жас нәресте қозғалып келе жатқан тіршілік иесінен аялы алақан іздегендей солай қарай итіне түсіп, май топырақты мұрнымен сүзе құлады. Жыртқыш аң қазір... қазір-ақ жарық дүние есігін жақында ғана ашқан жас нәрестені қып-қызыл қанға бояйды. Май топырақты дала жолының үстіндегі жалғыз ноқат қып-қызыл қан болып жайылып кетеді. Жолдың  бетін сәби қаны жуып жүре береді... Өмірден бір тіршілік иесі, ешкімге залалы тимеген кішкентай Адам мәңгіге жоралады... Әне, әне, қасқырдың қатыгез тырнақтары жоғары көтерілді, азу тістері шақұр-шұқыр етті...

- А-а-а-ай-й!.. - Қаншайым бар даусымен шыңғырып, шошып оянды. Қырман басында, түскі үзіліс кезінде жарты сағатқа жантая кеткен қолхозшы әйелдер бастарын жұлып-жұлып алысты. Біріне-бірі:

-  Не болды?

-  Не болып қалды?.. -  десіп, абыр-сабыр бола кетті.

- Тағы да қызымды көрдім, - деді Қаншайым даусы дірілдеп. - Көкжал қасқыр жегелі жатыр екен...

-  Ал, қатындар, тұрыңдар! Осымен үзіліс бітті, - деп дауыстады бригадир, Қаншайым ілби басып, қолына күрегін ұстап, көпшіліктің соңынан ілесті. Қолы жұмыста болса да, қиялында әлгіндегі түс. Дәл қазір ішкі әлемін әлде бір жалын өртеп бара жатқандай. Елді айтады-ау, балаларынан Отан үшін, туған жер үшін ақтық қантөгіс айқаста айрылып, қайғы жұтса, бұл бейбақ айдың күні аманда, өз қолынан өлімге қиып, айдалаға тастап кетті ғой. Құдай-ай, ана үшін бұдан еткен қорлық болар ма! Енді міне, жол үстінде қалған сәбиінің сыңсып жылаған үні жиырма жылдан бері құлағында ызыңдап тұрады да қояды. Көзі ілінсе болды, түні бойы сыңсыған сәби үнін тыңдап шығады. Сосын қорқынышты түстер кереді. Тіпті, кейде сол нәресте періште болып, көкке ұшып кетіп, түн баласына шешесінің қасына келіп, сықылықтап күле ме, еңіреп  жылай ма, мені неге тастап кеттің деп, бұны буындырғысы ке­ле ме; кей-кейде тынысы тарылып, дем жетпей бара жатқанда, оянып кетеді;  әлдеқандай мұңды ән айтама-ау; енді бір мезет анашым деп құшақтап,  тас шандыр болып қатып қалған емшегін борпылдатып сора ма-ау...

Ана сол бір сәбиін жол үстінде қалдырғалы бері, жиырма жыл бойы дұрыс ұйқы көрген жоқ, ой азабын көрді. Сыңси жылаған нәресте үнінен қанша қашса да, құтыла алмады. Сол үн қалған ғұмырында Ана арын тәлкек етіп, мазақ етумен келеді... Жиырма жыл бойы ар соты аяқталған емес...

Бөлісу: