Жыланның кегі

19 Қараша 2013, 04:38

- Дүниеде кекшіл мақұлық, көп-ақ, олардың талайын көргенбіз... Ауыл сыртындағы аңғарда келе жатып, Қалекең ма­ған тағы бір әңгіме айтып берді. Ол әңгімесін әуелгіде осылайша жұмбақтап бастады да, аз-кем үзілістен соң маған бұрыла түсіп: - О, тоба, бұ жарық жалғанда жыландай кекшіл нәрсені көрсем көзім шықсын, - деген. - Оның сыры неде? Не үшін бұлай дейсіз? - деп, мен де ынтыға түсем. - Ойбай, айтатыны жоқ, ілгеріректе кісі таңқаларлық әрекетін көргеніміз бар, бұл шұбатылған жылан жарықтығыңның... Мына Қасқыржан деген қойшыны білесің ғой. Әлгі Қасқыржан ше... Ана Ақшидің түбінде қыстап отыратын шүңірек көз жігітті айтамын... -  Е, білемін, білемін. Қасқыржанды бұл аймақта білмейтін пенде болушы ма еді. Әрі қарай... Арғы жағын айта беріңіз. - Сол Қасқыржанның Кебек деген әкесі болған. Бұ шіркіннің шамасы арғы атасымен жазылатын болса керек. Әйтпесе фамилиясы Кебеков болуға тиісті. Маған десе неге "итов" болмайды. Ол енді құлағыңды ұрайынның өз шаруасы ғой. Айтпағым, сол Кебек марқұм осы Қызылмақташының кетпеншісі еді. Ілгері, қолхоз кезінде мұнда кетпеншілер жарысы болатын. Кім бір күнде егістік жерді көп шабады, соны кешкісін есептеп шығаратын. Сосын озғандардың есімін мадақтайтын. Басқаларға үлгі қылатын. Сондай еңбек тайталасында бұл Кебек кетпеншіге жан баласы шыдас бере алмайтын еді-ай!.. Бертініректе оның атына "кетпенші" деген атақ қоса жалғанып айтылып жүретін. Мұны марқұмның өзі де тым теріс кермей, іштей масайрап қалатынды. Жұмыс десе жанын беретін Кебектің кісі сүймес жалғыз қылығы болды. Онысы енді айтып отырсаң, тіптен күлкілі еді. Баланың ойыны секілді... Марқұм жылан атаулыға өлердей өш еді. Онда егіс даласында не көп - жылан көп. Ана жерден де, мына жерден де ирелең-ирелең етіп зытып бара жатқаны. Кебек оларды көрсе бітті, қуып жүріп, кетпенімен қақ бөліп тастайды. Бишаралар екіге бөлінген соң бір орнында тағат тауып тұра алмай секіріп жүргені. Сонысынан ләззат ала ма Кебек сақ-сақ күліп, кетпеніне сүйеніп, бірауық қарайды да тұрады. - Бірқатар қатарластары оның мұнысын әбес көріп: - Әй, Кебек, бала емессің, шаға емессің. Мынауың не? Бұл қылығыңды қойғаның дұрыс,- дейтін. Оларды тыңдар Кебек пе? - Е, мұның несі әбес екен? Жылан деген жауыз. Кісіні шақса өлтіреді. Адамға зияннан бөтен тигізер шапағаты шамалы. Олай болса, мен елге көмектесіп жүрген жоқпын ба!.. Осылай деп, өзінікін өзі түзеп алар еді. Өз айтқаны өзіне жөн. Содан не керек  Кебек бұл әдетін доғарған жоқ. Баяғысынша жылан көрсе тап беріп, кетпенімен қақ белінен шауып тастай берумен болды. Бір күні, (онда қасында үш-төрт жолдасы бармыз) егістіктен қайтып келе жатыр едік. Ауылға тақай бергенде дәл алдымыздан ұзындығы метрден асатын қара-сұр жылан жылмаң етіп шыға келді де, ирелеңдеп, бұта-бұтаның арасына кіруге асықты. Мұндайда қарап қалар Кебек пе! Дереу тұра ұмтылғаны. "Қой, қайтесің"  дегенімізге тоқтамады. Әні-міні дегенше жетіп алып, кетпенімен шауып кеп қалғаны. Жаңағы ұзын жыланның енді құйрығы бір бөлек, басы бір бөлек болды. Құйрық жағы шоршып-шоршып түседі. Ал, бас жағы онша көп секектемеді. Күтіп тұрар уақыт жоқ, бәріміз алға қарай асыға адымдадық. Күн кешкіре бастаған. Өзіміз күні бойғы жұмыстан әбден қалжырап келеміз. Ондайда не қызық керек. Ауылға кірген соң, бет-бетімізбен үйді-үйімізге тартыстық. Ілездемде әлгіндегі оқиға есімізден шықты да кетті. Ертесіне таң атар-атпастан-ақ бір жайсыз хабар ауыл арасында желдей есті. "Кетпенші Кебек қаза болыпты" десті. Бұл хабар қайсысымызға да соншалық тосын, сенімсіздеу естілді. Дереу көзімізді тырнап ашып, әлгі марқұмның үйіне жетейік. Келгенде өз көзімізге өзіміз сенбедік. Жаздың жаймашуақ күні еді. Тамақтанып болған Кебек далаға төсек салдырып, қалың ұйқыға кетеді. "Шаршап жүр ғой, алаңсыз дем алсын" деп әйелі де оның жанына балаларды жақындатпайды. Таңертең ерте оянатын күйеуі тіптен қыбырсыз жатқан соң, келсе, денесі мұздап қалыпты. Бір таң қаларлығы - дәл бас жағында құйрығы кесілген жыланның басы жатыр. Ол да өлі. Ауылдың бірқатар асқақалдары жаға ұстасып: - Астапыралла-а!.. Бұл жылан деген пәлең өте кекшіл кекшіл келді ғой. Соған тиісіп несі бар еді. Енді көрмеймісің!.. - деп күбірлесті. "Ой, пәлекет-ай, бұлар сондай ма еді?" - деп біз де аузымыз ашыла аңырайдық. Қалай дегенде де енді біз үшін аңқылдақ, ақкөңіл Кебек жоқ еді. Ол о дүниеге түн ішінде-ақ аттанып кетіпті... Кебек пен кекшіл жылан жайлы әңгіме көпке дейін ел аузында жүрді. Бұл тек бертініректе ғана ұмытыла бастағанды... Оның тарихы осындай.   Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

- Дүниеде кекшіл мақұлық, көп-ақ, олардың талайын көргенбіз...

Ауыл сыртындағы аңғарда келе жатып, Қалекең ма­ған тағы бір әңгіме айтып берді. Ол әңгімесін әуелгіде осылайша жұмбақтап бастады да, аз-кем үзілістен соң маған бұрыла түсіп:

- О, тоба, бұ жарық жалғанда жыландай кекшіл нәрсені көрсем көзім шықсын, - деген.

- Оның сыры неде? Не үшін бұлай дейсіз? - деп, мен де ынтыға түсем.

- Ойбай, айтатыны жоқ, ілгеріректе кісі таңқаларлық әрекетін көргеніміз бар, бұл шұбатылған жылан жарықтығыңның...

Мына Қасқыржан деген қойшыны білесің ғой. Әлгі Қасқыржан ше... Ана Ақшидің түбінде қыстап отыратын шүңірек көз жігітті айтамын...

-  Е, білемін, білемін. Қасқыржанды бұл аймақта білмейтін пенде болушы ма еді. Әрі қарай... Арғы жағын айта беріңіз.

- Сол Қасқыржанның Кебек деген әкесі болған. Бұ шіркіннің шамасы арғы атасымен жазылатын болса керек. Әйтпесе фамилиясы Кебеков болуға тиісті. Маған десе неге "итов" болмайды. Ол енді құлағыңды ұрайынның өз шаруасы ғой. Айтпағым, сол Кебек марқұм осы Қызылмақташының кетпеншісі еді. Ілгері, қолхоз кезінде мұнда кетпеншілер жарысы болатын. Кім бір күнде егістік жерді көп шабады, соны кешкісін есептеп шығаратын. Сосын озғандардың есімін мадақтайтын. Басқаларға үлгі қылатын. Сондай еңбек тайталасында бұл Кебек кетпеншіге жан баласы шыдас бере алмайтын еді-ай!..

Бертініректе оның атына "кетпенші" деген атақ қоса жалғанып айтылып жүретін. Мұны марқұмның өзі де тым теріс кермей, іштей масайрап қалатынды. Жұмыс десе жанын беретін Кебектің кісі сүймес жалғыз қылығы болды. Онысы енді айтып отырсаң, тіптен күлкілі еді. Баланың ойыны секілді...

Марқұм жылан атаулыға өлердей өш еді.

Онда егіс даласында не көп - жылан көп. Ана жерден де, мына жерден де ирелең-ирелең етіп зытып бара жатқаны. Кебек оларды көрсе бітті, қуып жүріп, кетпенімен қақ бөліп тастайды. Бишаралар екіге бөлінген соң бір орнында тағат тауып тұра алмай секіріп жүргені. Сонысынан ләззат ала ма Кебек сақ-сақ күліп, кетпеніне сүйеніп, бірауық қарайды да тұрады.

- Бірқатар қатарластары оның мұнысын әбес көріп:

- Әй, Кебек, бала емессің, шаға емессің. Мынауың не? Бұл қылығыңды қойғаның дұрыс,- дейтін. Оларды тыңдар Кебек пе?

- Е, мұның несі әбес екен? Жылан деген жауыз. Кісіні шақса өлтіреді. Адамға зияннан бөтен тигізер шапағаты шамалы. Олай болса, мен елге көмектесіп жүрген жоқпын ба!..

Осылай деп, өзінікін өзі түзеп алар еді. Өз айтқаны өзіне жөн.

Содан не керек  Кебек бұл әдетін доғарған жоқ. Баяғысынша жылан көрсе тап беріп, кетпенімен қақ белінен шауып тастай берумен болды.

Бір күні, (онда қасында үш-төрт жолдасы бармыз) егістіктен қайтып келе жатыр едік. Ауылға тақай бергенде дәл алдымыздан ұзындығы метрден асатын қара-сұр жылан жылмаң етіп шыға келді де, ирелеңдеп, бұта-бұтаның арасына кіруге асықты. Мұндайда қарап қалар Кебек пе! Дереу тұра ұмтылғаны. "Қой, қайтесің"  дегенімізге тоқтамады.

Әні-міні дегенше жетіп алып, кетпенімен шауып кеп қалғаны. Жаңағы ұзын жыланның енді құйрығы бір бөлек, басы бір бөлек болды. Құйрық жағы шоршып-шоршып түседі. Ал, бас жағы онша көп секектемеді. Күтіп тұрар уақыт жоқ, бәріміз алға қарай асыға адымдадық.

Күн кешкіре бастаған. Өзіміз күні бойғы жұмыстан әбден қалжырап келеміз. Ондайда не қызық керек.

Ауылға кірген соң, бет-бетімізбен үйді-үйімізге тартыстық. Ілездемде әлгіндегі оқиға есімізден шықты да кетті.

Ертесіне таң атар-атпастан-ақ бір жайсыз хабар ауыл арасында желдей есті. "Кетпенші Кебек қаза болыпты" десті. Бұл хабар қайсысымызға да соншалық тосын, сенімсіздеу естілді. Дереу көзімізді тырнап ашып, әлгі марқұмның үйіне жетейік.

Келгенде өз көзімізге өзіміз сенбедік.

Жаздың жаймашуақ күні еді. Тамақтанып болған Кебек далаға төсек салдырып, қалың ұйқыға кетеді. "Шаршап жүр ғой, алаңсыз дем алсын" деп әйелі де оның жанына балаларды жақындатпайды. Таңертең ерте оянатын күйеуі тіптен қыбырсыз жатқан соң, келсе, денесі мұздап қалыпты. Бір таң қаларлығы - дәл бас жағында құйрығы кесілген жыланның басы жатыр. Ол да өлі.

Ауылдың бірқатар асқақалдары жаға ұстасып:

- Астапыралла-а!.. Бұл жылан деген пәлең өте кекшіл кекшіл келді ғой. Соған тиісіп несі бар еді. Енді көрмеймісің!.. - деп күбірлесті.

"Ой, пәлекет-ай, бұлар сондай ма еді?" - деп біз де аузымыз ашыла аңырайдық.

Қалай дегенде де енді біз үшін аңқылдақ, ақкөңіл Кебек жоқ еді. Ол о дүниеге түн ішінде-ақ аттанып кетіпті...

Кебек пен кекшіл жылан жайлы әңгіме көпке дейін ел аузында жүрді. Бұл тек бертініректе ғана ұмытыла бастағанды...

Оның тарихы осындай.

 

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу: