Бөкеннің соңғы ерлігі

19 Қараша 2013, 04:35

Ақсақал оқта-текте насыбай атушы еді. "Осы құрғырды әне бір жылы қызық көріп бастай қойып едім, енді тастап кете алмай жүргенім",- деп бір атым насыбайды тілінің астына тастар алдында ақтала сөйлейтін. "Титімдей пайдасы болса, кәні, бұ шіркіннің!..". "Сендер жастарсыңдар, болашақтарың алда, бұған үйір бола көрмеңдер" дегенді сөз астарымен суыртпақтап қана жеткізгені. Көкшіл түсті түйір-түйір насыбайды тілінің астына баса қойып, әлдебір әңгіменің тиегін ағыта бергенде, бағанағыдай емес, енді даусы да өзгеріп кетеді. Бірақ сөзін түсінесің. Керек десеңіз, кей-кейде бұл кісіге осындай өзгешелеу үнмен әңгіме айтқан жарасатын да сияқты. Бүгін маған тағы да бір шағын сыр шертіп берді... - Мына Ердешбай... сен оны жақсы білесің ғой, әлдебір қолы шолақ құрдасымды айтып отырмын, ойпырмой-й, аңқұмар-ақ адам еді, шіркін... Қазір кісі сенбейді.Сопы дерсің. -          Мен Ерекеңді өмірі қолына мылтық ұстап көрмеген адам деп ойлап жүруші ем... - Әні! Әні! Жұрттың бәрі де солай көреді. Талайдың  аузынан естідім осы сөзді. Ал енді бар ғой, сол Ердешбайың сона бір жылдары мына жатқан "Аққолтығыңнан" бастап, Ақсай, Ақтөбе, Қайнар, онан арғы Қаратау сілемдерін түгел шарлап шыққан кәнігі аңшы. Оның мылтығының ұшынан не аң, не құс аман құтылып көрген емес. Айтты не, айтпады не, бір жолы кезекті сапардан өте көңілсіз оралды да, маған: - Қабылтай, мен бұдан былай аң аулауға шықпаймын! - дегені. Әуелгіде таңырқай қарадым оған. Оның сөзі маған, әрине, түсініксіз еді. - Е-е, жайшылық па?! Не боп қалды?..          - Несін сұрайсың! Өмірімде бірінші рет бөкеннің жан тәсілім алдындағы кісіге жасаған соңғы айбатын көрдім. Көзін айтсаңшы, көзін... Қоркып кеттім. Енді талай уақыт түсіме кірер әлі... -  Ау, жұмбақтамай түсіндірші бәрін де! Ол қалай болды өзі?.. Ердешбай басындағы тымағын алып, тершіген маңдайын алақанымен сүртті де, әңгімесін қайта жалғады. -  Аяқ астынан желігіп, Бозжорғаны жайдақ міне салып, Ақсайға бара қалмасым бар ма. Қия белден аса бергенімде бір топ ақбөкеннің үстінен түстім. Иығымда қос ауыз мылтық, астымда жүйрік бозжорға, "Әп, бәлем, сәті түсті ме, енді сендерді құтқармаспын" деп, солай қарай салып келіп жібердім. Бозжорғам зулап келеді. Бөкендер иісті сезе салып, тым-тарақай, бет-бетімен қашты. О, зәлімдер-ай! Бір-біреуден тарай қашқанын көрмеймісің. Көп ойлануға уақыт жоқ, сол жақ бүйірге бұра тартқан дәу текенің соңына түсіп кеп бердім. Айғай салып келіп жібердім. Бозжорғам зулап келеді. Бөкендер иісті сезе салып, тым-тарақай, бет-бетімен қашты. О, зәлімдер-ай! Бір-біреуден тарай қашқанын көрмеймісің. Көп ойлануға уақыт жоқ, сол жақ бүйірге бұға тартқан дәу текенің соңына түсіп кеп бердім. Алған соң үлкенін алайын дедім. Пәлі! Жүйріктің жүйрігі екен өзі де... Әні-міні дегенше арамыз алшақтап барады. Бозжорғаның басын бос жібергем, сонда да анау бұл шабысына ілестірер түрі жоқ. Қара мылтықты қолқалайын десем, оның ыңғайы тағы да келмей тұр. Сен жақсы білесің ғой, бөкен жарықтық бір жағына қарай бұрылса, сөзсіз жолыңды кесіп өтеді. Ол да өзіне тән қасиет-дағы... Бәлки соры, бәлки бағы... Бірақ тап осы жолы бұл оған сор болып жабысты. Сәлден соң бөкен солға қарай икемделе берді. Әп, бәрекелде! Мен енді асықпадым. Бозжорғаның басын осылай қарай икемдеп, иығымдағы мылтықты қолыма алып, оңтайлы сәтті аңдуға көштім. Ол арманым соншалық көп күттірмеді. Томпақ тұмсықты бөкен жер танабын қуырып, қиялай шауып, бөктердің етегімен сызып келе жатты. Оқ дерсің жарықтықты! Шылбырды жайлап босаттым да, енді оны мылтықтың ұшына ала бастадым. Міне, міне! Өзі айналып, көздеген тұсыма келіп те қалды. Шүріппені басып салдым. Менің Бозжорғамды білесің ғой, мылтық даусына үрікпейді. Бірінші оқ оған дарымаған сияқтанды, шынымды айтсам ол жағын сол мезет ажыратып жатқан мен жоқ, екінші шүріппені де тартып қалдым. "Бақ-қ" еткен дауыс естілді. Бөкеннің даусы ма, болмаса құлағым шуылдады ма!.. Көзімнің алдындағы бір сәттік тұман сейілгендей болды. Енді алдыма қарасам, жарықтық бөкеннің артқы екі аяғы кирелеңдеп қалыпты. Алдыңғы аяғымен сүйретіліп бара жатқан секілді. Ат басын ірікпей, жанына таяп қалып едім, оқыстан әлгі жануар бері қарай кілт бұрылып, өзіме ұмтылғаны. Көзіне көзім түсіп кеткені... Денем тітіркеніп сала берді. Жануардың екі жанары қанталап тұр ма дедім. "Сен... сен адам емес, жауызсың!.." деген ой сап ете қалды басыма.  Қанталаған ашулы, кекті қос жанар маған қарай енді бір әзірде жүгіріп емес, ұшып келе жатқандай көрінді. Рас, рас ол маған қарай ұшып келе жатты. Еркімнен айрылып қалдым. Денем бір ысып, бір суынды. Өзім өз болғалы тұңғыш рет абдырап, абыржып, бар биліктен ажырап, қанды көздердің арбауына шырмалдым.  Ойпырмай, сен сенесің бе, бөкен ең соңғы күшін жинап алып , екі-ақ аяқпен, алдыңғы екі аяғымен маған жетіп, Бозжорғаның кеудесіне сарт етіп соқты. Қарағайдай қос мүйіз сақ еткенде ғана өз-өзіме келген сияқтандым. Алайда, бұл кезде барлығы да кеш еді...  Бозжорға осқырып жіберіп, анадай жерге ысырылып барып, төрт аяқтап жата қалды. Мен қара жерге екі аунап барып, қайта тұрдым. Есеңгіреп қалып, қайда қашарымды білмей, бөкеннің өзіне қарай жүгіріппін. Оның соңғы ерлігі - соңғы қимылы екен. Көз алдымда жан тәсілім етті. Үзіліп бара жатқанда тағы да бағанағы суық жанарын маған қадап алды. "Адам емессің, жауызсың сен!..". Бозжорғамен ауылға жеткенше асықтым... - Ердешбай сөзінде тұрды, - деді Қабылтай ақсақал әңгімесін онан әрі жалғап. - Сонан кейін аңға шыққанын көрген емеспін. Сол күннен соң біржола қойып кетті. Міне, бөкен екеш, бөкен де өмірге құштар. Жауыздық пен жақсылықты, қатыгездік пен қайырымдылықты олар да түсінеді. Тілі жоқ болса да, түйсігі бар жануар ғой...

Ақсақал оқта-текте насыбай атушы еді. "Осы құрғырды әне бір жылы қызық көріп бастай қойып едім, енді тастап кете алмай жүргенім",- деп бір атым насыбайды тілінің астына тастар алдында ақтала сөйлейтін. "Титімдей пайдасы болса, кәні, бұ шіркіннің!..".

"Сендер жастарсыңдар, болашақтарың алда, бұған үйір бола көрмеңдер" дегенді сөз астарымен суыртпақтап қана жеткізгені.

Көкшіл түсті түйір-түйір насыбайды тілінің астына баса қойып, әлдебір әңгіменің тиегін ағыта бергенде, бағанағыдай емес, енді даусы да өзгеріп кетеді. Бірақ сөзін түсінесің. Керек десеңіз, кей-кейде бұл кісіге осындай өзгешелеу үнмен әңгіме айтқан жарасатын да сияқты.

Бүгін маған тағы да бір шағын сыр шертіп берді...

- Мына Ердешбай... сен оны жақсы білесің ғой, әлдебір қолы шолақ құрдасымды айтып отырмын, ойпырмой-й, аңқұмар-ақ адам еді, шіркін... Қазір кісі сенбейді.Сопы дерсің.

-          Мен Ерекеңді өмірі қолына мылтық ұстап көрмеген адам деп ойлап жүруші ем...

- Әні! Әні! Жұрттың бәрі де солай көреді. Талайдың  аузынан естідім осы сөзді. Ал енді бар ғой, сол Ердешбайың сона бір жылдары мына жатқан "Аққолтығыңнан" бастап, Ақсай, Ақтөбе, Қайнар, онан арғы Қаратау сілемдерін түгел шарлап шыққан кәнігі аңшы. Оның мылтығының ұшынан не аң, не құс аман құтылып көрген емес. Айтты не, айтпады не, бір жолы кезекті сапардан өте көңілсіз оралды да, маған:

- Қабылтай, мен бұдан былай аң аулауға шықпаймын! - дегені. Әуелгіде таңырқай қарадым оған. Оның сөзі маған, әрине, түсініксіз еді.

- Е-е, жайшылық па?! Не боп қалды?..

         - Несін сұрайсың! Өмірімде бірінші рет бөкеннің жан тәсілім алдындағы кісіге жасаған соңғы айбатын көрдім. Көзін айтсаңшы, көзін... Қоркып кеттім. Енді талай уақыт түсіме кірер әлі...

-  Ау, жұмбақтамай түсіндірші бәрін де! Ол қалай болды өзі?..

Ердешбай басындағы тымағын алып, тершіген маңдайын алақанымен сүртті де, әңгімесін қайта жалғады.

-  Аяқ астынан желігіп, Бозжорғаны жайдақ міне салып, Ақсайға бара қалмасым бар ма. Қия белден аса бергенімде бір топ ақбөкеннің үстінен түстім. Иығымда қос ауыз мылтық, астымда жүйрік бозжорға, "Әп, бәлем, сәті түсті ме, енді сендерді құтқармаспын" деп, солай қарай салып келіп жібердім. Бозжорғам зулап келеді. Бөкендер иісті сезе салып, тым-тарақай, бет-бетімен қашты. О, зәлімдер-ай! Бір-біреуден тарай қашқанын көрмеймісің. Көп ойлануға уақыт жоқ, сол жақ бүйірге бұра тартқан дәу текенің соңына түсіп кеп бердім. Айғай салып келіп жібердім. Бозжорғам зулап келеді. Бөкендер иісті сезе салып, тым-тарақай, бет-бетімен қашты. О, зәлімдер-ай! Бір-біреуден тарай қашқанын көрмеймісің. Көп ойлануға уақыт жоқ, сол жақ бүйірге бұға тартқан дәу текенің соңына түсіп кеп бердім. Алған соң үлкенін алайын дедім.

Пәлі! Жүйріктің жүйрігі екен өзі де... Әні-міні дегенше арамыз алшақтап барады. Бозжорғаның басын бос жібергем, сонда да анау бұл шабысына ілестірер түрі жоқ. Қара мылтықты қолқалайын десем, оның ыңғайы тағы да келмей тұр. Сен жақсы білесің ғой, бөкен жарықтық бір жағына қарай бұрылса, сөзсіз жолыңды кесіп өтеді. Ол да өзіне тән қасиет-дағы... Бәлки соры, бәлки бағы... Бірақ тап осы жолы бұл оған сор болып жабысты. Сәлден соң бөкен солға қарай икемделе берді. Әп, бәрекелде! Мен енді асықпадым. Бозжорғаның басын осылай қарай икемдеп, иығымдағы мылтықты қолыма алып, оңтайлы сәтті аңдуға көштім. Ол арманым соншалық көп күттірмеді. Томпақ тұмсықты бөкен жер танабын қуырып, қиялай шауып, бөктердің етегімен сызып келе жатты. Оқ дерсің жарықтықты! Шылбырды жайлап босаттым да, енді оны мылтықтың ұшына ала бастадым. Міне, міне! Өзі айналып, көздеген тұсыма келіп те қалды.

Шүріппені басып салдым. Менің Бозжорғамды білесің ғой, мылтық даусына үрікпейді. Бірінші оқ оған дарымаған сияқтанды, шынымды айтсам ол жағын сол мезет ажыратып жатқан мен жоқ, екінші шүріппені де тартып қалдым. "Бақ-қ" еткен дауыс естілді. Бөкеннің даусы ма, болмаса құлағым шуылдады ма!.. Көзімнің алдындағы бір сәттік тұман сейілгендей болды. Енді алдыма қарасам, жарықтық бөкеннің артқы екі аяғы кирелеңдеп қалыпты. Алдыңғы аяғымен сүйретіліп бара жатқан секілді. Ат басын ірікпей, жанына таяп қалып едім, оқыстан әлгі жануар бері қарай кілт бұрылып, өзіме ұмтылғаны. Көзіне көзім түсіп кеткені... Денем тітіркеніп сала берді. Жануардың екі жанары қанталап тұр ма дедім. "Сен... сен адам емес, жауызсың!.." деген ой сап ете қалды басыма.

 Қанталаған ашулы, кекті қос жанар маған қарай енді бір әзірде жүгіріп емес, ұшып келе жатқандай көрінді. Рас, рас ол маған қарай ұшып келе жатты. Еркімнен айрылып қалдым. Денем бір ысып, бір суынды. Өзім өз болғалы тұңғыш рет абдырап, абыржып, бар биліктен ажырап, қанды көздердің арбауына шырмалдым.

 Ойпырмай, сен сенесің бе, бөкен ең соңғы күшін жинап алып , екі-ақ аяқпен, алдыңғы екі аяғымен маған жетіп, Бозжорғаның кеудесіне сарт етіп соқты. Қарағайдай қос мүйіз сақ еткенде ғана өз-өзіме келген сияқтандым. Алайда, бұл кезде барлығы да кеш еді...

 Бозжорға осқырып жіберіп, анадай жерге ысырылып барып, төрт аяқтап жата қалды. Мен қара жерге екі аунап барып, қайта тұрдым. Есеңгіреп қалып, қайда қашарымды білмей, бөкеннің өзіне қарай жүгіріппін.

Оның соңғы ерлігі - соңғы қимылы екен. Көз алдымда жан тәсілім етті. Үзіліп бара жатқанда тағы да бағанағы суық жанарын маған қадап алды. "Адам емессің, жауызсың сен!..".

Бозжорғамен ауылға жеткенше асықтым...

- Ердешбай сөзінде тұрды, - деді Қабылтай ақсақал әңгімесін онан әрі жалғап. - Сонан кейін аңға шыққанын көрген емеспін. Сол күннен соң біржола қойып кетті.

Міне, бөкен екеш, бөкен де өмірге құштар. Жауыздық пен жақсылықты, қатыгездік пен қайырымдылықты олар да түсінеді. Тілі жоқ болса да, түйсігі бар жануар ғой...

Бөлісу: