ІІ БӨЛІМ

19 Қараша 2013, 04:27

Аяқ астынан тексерушілер келе қалмасы бар ма! Бұрын келерден бір-екі күн Бұрын хабар естуші еді. Бұл жолы абайламай қалды. Қайта әнеукүні бір рет өз-өзіне есеп беріп қойғаны жақсы болған екен. Әйтпесе нағыз масқара бүгін болмақшы екен. Есіктің маңдайшасына "тексеру жүріп жатыр" деп үлкен жазу жазылған бір жапырақ қағаз жапсырылды да, тексеру басталып кетті. Екі кісі, екеуі де жас жігіт. Ойлары бұзық-ау, сірә, әуелгі күннен бастап-ақ қылмыс табуға бекінгені байқалды олардың. Кәнігі дүкенші мұны ә дегеннен сезе қойған. Кешкісін оларды ешқайда жіберместен үйіне қонақ етті. Екі жігіт те мұның соншалық сыпайы, майда тіліне таңданулы, Алдарына ішкіліктің ең жақсысын әкеліп қойды. Әуелде біреуі ғана ішіп, екіншісі сы­пайы сөйлеп, сырғақ отыр еді. Дүкенші оны да қоярда-қоймай, бір-екі стақан жұтқызып жіберді. Адамның осал жерін қалай дөп басады десеңші. "Сөз сөйлеп жіберіңіз" дейді. Сосын өзіңізді жеркөкке сыйғызбай-мақтайды. "Бұдан артық лебіз болуы мүмкін бе!" деп соғады. Содан кейін... ішуге де тура келеді... Отырыс ұзаққа созылды да, жас етті күтіп отырып, бұлар біраз сілтеп жібергенін сезбей де қалыпты... Ертесіне екеуі кеш тұрған еді. Бастары мең-зең. Сон­да да сыр бермеген болып қайта іске кірісті. Дүкең кәдуілгі ісін қайтадан қолға алды. - Кеше көбірек сілтеп жібердік пе, мынаны бас жазуға... -  деп жұмыс үстінде-ақ бөтелкені ашып, екеуіне бір-бір стақан тартқызды. Олардың ішкісі жоқ еді, бірақ тырысқан маңдайлары еріксіз итермеледі ішкілікке. Сөйтіп екі күннің ішінде тексеру тамам болды. Үшінші күні ол екеуін Дүкенәлі автобусқа шығарып салды. Көңілін тапқанын іштей сезді. Енді ол екеуінен келетін "бәле" жоқ. Сондай жап-жас жігіттердің көкейіндегісін дөп баса білмесе, Дүкенәлі несіне дүкенші болып істеп жүр? Бұл - масаттанғандағы өз ойы... Әлгілерді шығарып салған соң дүкенді түс ауа ашармын деп үйде шалқасынан түсіп, дем алып жатыр еді. Түскі автобуспен оқудағы қызы келді. Үй іші арқа-жар­қа бола қалды. - Көке, - деді қызы, түгел сәлемдесіп болған соң, Дүкеңнің мойнына асылып. -  Бүгін сіздің туған күніңіз емес пе, тура қырық бес жасқа толдыңыз... Ішінен ойлады: "Құдай-ау, шынымен-ақ сонша жасқа кеп қалғаным ба? Уақыт қалай-қалай зулайды, а!..."     - Кеш батқанша үйге жетем бе, жете алмаймын ба деп асығып-ақ келе жатыр едім. Әйтеуір үлгердім-ау! - деп, ол енді сөмкесінен су жаңа, үстінде жылтырағы бар кәстүмді шығара бастады. - Көке, мынау сіздің туған күніңізге тартуым. Тура жетпіс бес сомға сатып алдым, шетелдікі... - Жетпіс бес сом! Соны несіне!.. - Дүкенәлі абыржып қалды. Жетпіс бес сомды далаға шашып жібергендей көрінді оған. Кәстүмді кигісі де жоқ еді,  қызы қоярда үстіне жапты. - Міне, шап-шақ, ал сіз болсаңыз ренжисіз. Осындай туған күн қуанышында ақша деген сөз бе екен. Апа, бүгін үйде кішігірім той ұйымдастырайық... - Қарағым, - деді Дүкенәлі, - той менің не теңім! Мына кәстуміңе-ақ ризамын. Қайтесің соны... Осылай деді де асығыс басып, үйден шыға жөнелді. Түс ауған еді. Дүкенді бетке алды. Ойланып келе жа­тыр. Дәл қазіргі сезіміне түсіне алмаған. Бұрын ғой, қызы келгенде ылғи куана қарсы алушы еді, құшақтап, мауқын басатын. Ал, бүгін ғана өйте алған жоқ. Неге өйтті? Түсінсе бұйырмасын... Жұмысқа кіріскен кезде де сол сезім. Жұрт біртіндеп келіп сауда жасап жатыр. Дүкеңнің іші алай-дүлей, әлденеге күйінгендей ме... Ренжігендей ме... "...Осы маған не болған?.. Ақшаны кім үшін, не үшін жинап жүрмін? Балаларым үшін деп едім, онық да теріс болып шыққаны ма! Оларға да қимайтын түрім бар. Бәлкім соны өлгенде басыма қоярмын... Қойшы, қай-қайдағыны ойлап кеттім, білем. Тірлікте бәрі де кереқ болады. Керек-к..." Қызы қайтарында "туған күн өткізетін едім" деп екі жүз сом сұрағанда Дүкең тіпті мазасыз күй кешті. Көзін жұмып тұрып: - Қанша?... Қанша дейсін?.. -  деді, естіп тұрса да қайталап сұрап. - Екі жүз сом, үш жүз сом болса тіпті жақсы болар еді.    -Жерден қазып берем бе? Соны... өткізбей-ақ қойсаң да болатын еді ғой. Адам деген кішкене есептей білу керек емес пе. Әкеңе тартсаң жаман болмас едің. Қайтейін... - деп күбірлей берді, күбірлей берді. "Қайтейін" деген сөзді "бәрі-бір сен түсінбейсің" дегендей нығыздап айтып, сөреде тұрған кішкентай қобдиын кілтімен ашып, екі жүз сом алып берді. Бір бума ақшаның тағы да екі жүз сомға кемігенін ойлағанда, іші өртеніп сала бергені...

Аяқ астынан тексерушілер келе қалмасы бар ма! Бұрын келерден бір-екі күн Бұрын хабар естуші еді. Бұл жолы абайламай қалды. Қайта әнеукүні бір рет өз-өзіне есеп беріп қойғаны жақсы болған екен. Әйтпесе нағыз масқара бүгін болмақшы екен. Есіктің маңдайшасына "тексеру жүріп жатыр" деп үлкен жазу жазылған бір жапырақ қағаз жапсырылды да, тексеру басталып кетті. Екі кісі, екеуі де жас жігіт. Ойлары бұзық-ау, сірә, әуелгі күннен бастап-ақ қылмыс табуға бекінгені байқалды олардың. Кәнігі дүкенші мұны ә дегеннен сезе қойған. Кешкісін оларды ешқайда жіберместен үйіне қонақ етті. Екі жігіт те мұның соншалық сыпайы, майда тіліне таңданулы, Алдарына ішкіліктің ең жақсысын әкеліп қойды. Әуелде біреуі ғана ішіп, екіншісі сы­пайы сөйлеп, сырғақ отыр еді. Дүкенші оны да қоярда-қоймай, бір-екі стақан жұтқызып жіберді. Адамның осал жерін қалай дөп басады десеңші. "Сөз сөйлеп жіберіңіз" дейді. Сосын өзіңізді жеркөкке сыйғызбай-мақтайды. "Бұдан артық лебіз болуы мүмкін бе!" деп соғады. Содан кейін... ішуге де тура келеді...

Отырыс ұзаққа созылды да, жас етті күтіп отырып, бұлар біраз сілтеп жібергенін сезбей де қалыпты...

Ертесіне екеуі кеш тұрған еді. Бастары мең-зең. Сон­да да сыр бермеген болып қайта іске кірісті. Дүкең кәдуілгі ісін қайтадан қолға алды.

- Кеше көбірек сілтеп жібердік пе, мынаны бас жазуға... -  деп жұмыс үстінде-ақ бөтелкені ашып, екеуіне бір-бір стақан тартқызды. Олардың ішкісі жоқ еді, бірақ тырысқан маңдайлары еріксіз итермеледі ішкілікке.

Сөйтіп екі күннің ішінде тексеру тамам болды. Үшінші күні ол екеуін Дүкенәлі автобусқа шығарып салды. Көңілін тапқанын іштей сезді. Енді ол екеуінен келетін "бәле" жоқ. Сондай жап-жас жігіттердің көкейіндегісін дөп баса білмесе, Дүкенәлі несіне дүкенші болып істеп жүр? Бұл - масаттанғандағы өз ойы...

Әлгілерді шығарып салған соң дүкенді түс ауа ашармын деп үйде шалқасынан түсіп, дем алып жатыр еді. Түскі автобуспен оқудағы қызы келді. Үй іші арқа-жар­қа бола қалды.

- Көке, - деді қызы, түгел сәлемдесіп болған соң, Дүкеңнің мойнына асылып. -  Бүгін сіздің туған күніңіз емес пе, тура қырық бес жасқа толдыңыз...

Ішінен ойлады: "Құдай-ау, шынымен-ақ сонша жасқа кеп қалғаным ба? Уақыт қалай-қалай зулайды, а!..."

    - Кеш батқанша үйге жетем бе, жете алмаймын ба деп асығып-ақ келе жатыр едім. Әйтеуір үлгердім-ау! - деп, ол енді сөмкесінен су жаңа, үстінде жылтырағы бар кәстүмді шығара бастады.

- Көке, мынау сіздің туған күніңізге тартуым. Тура жетпіс бес сомға сатып алдым, шетелдікі...

- Жетпіс бес сом! Соны несіне!.. - Дүкенәлі абыржып қалды. Жетпіс бес сомды далаға шашып жібергендей көрінді оған. Кәстүмді кигісі де жоқ еді,  қызы қоярда үстіне жапты.

- Міне, шап-шақ, ал сіз болсаңыз ренжисіз. Осындай туған күн қуанышында ақша деген сөз бе екен. Апа, бүгін үйде кішігірім той ұйымдастырайық...

- Қарағым, - деді Дүкенәлі, - той менің не теңім! Мына кәстуміңе-ақ ризамын. Қайтесің соны...

Осылай деді де асығыс басып, үйден шыға жөнелді. Түс ауған еді. Дүкенді бетке алды. Ойланып келе жа­тыр. Дәл қазіргі сезіміне түсіне алмаған. Бұрын ғой, қызы келгенде ылғи куана қарсы алушы еді, құшақтап, мауқын басатын. Ал, бүгін ғана өйте алған жоқ. Неге өйтті? Түсінсе бұйырмасын...

Жұмысқа кіріскен кезде де сол сезім. Жұрт біртіндеп келіп сауда жасап жатыр. Дүкеңнің іші алай-дүлей, әлденеге күйінгендей ме... Ренжігендей ме...

"...Осы маған не болған?.. Ақшаны кім үшін, не үшін жинап жүрмін? Балаларым үшін деп едім, онық да теріс болып шыққаны ма! Оларға да қимайтын түрім бар. Бәлкім соны өлгенде басыма қоярмын... Қойшы, қай-қайдағыны ойлап кеттім, білем. Тірлікте бәрі де кереқ болады. Керек-к..." Қызы қайтарында "туған күн өткізетін едім" деп екі жүз сом сұрағанда Дүкең тіпті мазасыз күй кешті. Көзін жұмып тұрып:

- Қанша?... Қанша дейсін?.. -  деді, естіп тұрса да қайталап сұрап.

- Екі жүз сом, үш жүз сом болса тіпті жақсы болар еді.

   -Жерден қазып берем бе? Соны... өткізбей-ақ қойсаң да болатын еді ғой. Адам деген кішкене есептей білу керек емес пе. Әкеңе тартсаң жаман болмас едің. Қайтейін... - деп күбірлей берді, күбірлей берді. "Қайтейін" деген сөзді "бәрі-бір сен түсінбейсің" дегендей нығыздап айтып, сөреде тұрған кішкентай қобдиын кілтімен ашып, екі жүз сом алып берді. Бір бума ақшаның тағы да екі жүз сомға кемігенін ойлағанда, іші өртеніп сала бергені...

Бөлісу: