Ғылым мен искусствоның айырмасы туралы

18 Қараша 2013, 05:32

Ғылым мен искусствоның айырмасы туралы В.Г.Белинский «Саяси экономикаға жетік адам статистік мәліметтерге сүйеніп, қоғам ішіндегі мына таптың күйі мынандай себептермен көп жақсарды, не көп төмендеді деп дәлелдеп, оқушылардың, не тыңдаушылардың санасына әсер етеді. Ақын шындық болмысты жанды және айқын, ашық етіп суреттеу арқылы өмір сүретін реалдық қалыпта көзге көрсетеді, оқушыларының қиялына әсер етеді. Сүйтіп, қоғам ішіндегі мынандай таптың жағдайы мына себептермен көп жақсарды, не көп төмендеді дейді.             Қорыта айтқанда, ғылым мен искусствоның біреуі дәлелдейді, екіншісі көзге көрсетеді, екеуі де сендіреді, бірі логикалық дәлелдер арқылы, екіншісі картина арқылы. Бірақ алдыңғыны тыңдаушылар және түсінушілер санаулы адамдар да, соңғысы барлық адамға бірдей түсінікті...» (ХІ, 311-б.).             Ұлы сыншы ғылым мен искусствоның өзара айырмашылығын ғана көрсетіп қойған жоқ, олардың байланысына да нақтылы ғылыми талдаулар жасады. Жалпы роман және тарихи роман туралы оның данышпандық көзқарастары әдебиеттану ғылымындағы әрі жаңа пікір, әрі өз кезіндегі теріс талқылауларға тұқырта соққы беру болатын. арих ғылымы оның өзі өмір сүрген дәуірде өрістеген, үстемдік етуші ғылым дәрежесіне көтеріліп, дәуірдің әліпбиіне, яғни онымен шұғылданушылық өмір салтына айналғандығын, тарихтың искусствоға жаңаша бағыт сілтеп, саясаттың характеріне әсер еткендігін және бұл тарихи бағыт соңғы кездегі адам баласы қоғамының ілгерілеу жолындағы ұлы адымының үлкен дәлелі екендігін айта келіп, В.Г.Белинский тарих пен тарихи романның байланысына айрықша тоқталады. Тарихшы тарихта не болғанын, кімдердің не жасағандықтарын фактілерге сүйене отырып жай баяндаса, жазушы өзінің творчестволық қиял күшімен бұдан жүз жыл, мың жыл бұрын өмір сүрген адамдарды қайта тірілтеді, қураған сүйегіне от беріп, денесіне қан құяды. Сол кездегі олардың ой-пікір, жақсы көру, жек көру, іс-әрекеттерін образ арқылы біздің көз алдымызға келтіріп, оқиғаның қалай болғандығына бізді айғақ етеді дей келеді де:             «Тарихшылардың міндеті - не болғанын айту; ақынның міндеті - қалай болғанын айту, сондықтан да егер ғылым поэзияға не болғанын айтып, оған қызмет көрсететін болса, поэзия да уақиғаның қалай болғанын көрсетіп, өз тұсынан, ғылымның шеңберін кеңейтеді» (І том, 1959ж. - 57-б.). «Орыс әңгімесі және Гоголь әңгімесі туралы» атты мақаласында: «Кім біледі? Күндердің күнінде тарих көркем шығарма болып, эпопеяның романға ауысқаны тәрізді, тарих романға ауысуы да мүмкін» деді.             Сүйтіп, ұлы сыншы Белинский тарих ғылым мен искусствоның өзара айырмасы, ерекшелігі болса да, бірімен екіншісі байланысты, өмір тануда бір-біріне көмектесетін және ілгерілеген сайын жігі жымдаса түсетін құбылыс екендігін аңғартты.             В.Г.Белинскийдің данышпандық туындыларында реализм, оның тарихы мен мәні, «натуралдық мектептің» өзіне тән халықтық ерекшелігі мен үлкен келешегі, романтизмнің өзіне тән ерекшелігі, грек, батыс, орыс романтизмдеріне тән жайттар «Философиялық романтизм», юмор, сатира, тіл, стиль, стилистика, аударма, оның тарихи-интернационалдық мәні, тағы басқа сандаған әдебиеттің күрделі мәселелері жайлы кемеңгерлік көзқарастар ғылымдық негізде терең талдаулары көп. Оның бәрі де оқушылар үшін керекті, бәрінің де тарихи, теориялық мәні зор. Бірақ бір мақала түгіл, бірнеше томдарға да оларды сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан оның эстетикалық көзқарасы жайлы қысқаша шолуымызды осымен доғарып, сын және сыншылдығы туралы қысқаша тоқталық.            Әдеби әлем

Ғылым мен искусствоның айырмасы туралы В.Г.Белинский «Саяси экономикаға жетік адам статистік мәліметтерге сүйеніп, қоғам ішіндегі мына таптың күйі мынандай себептермен көп жақсарды, не көп төмендеді деп дәлелдеп, оқушылардың, не тыңдаушылардың санасына әсер етеді. Ақын шындық болмысты жанды және айқын, ашық етіп суреттеу арқылы өмір сүретін реалдық қалыпта көзге көрсетеді, оқушыларының қиялына әсер етеді. Сүйтіп, қоғам ішіндегі мынандай таптың жағдайы мына себептермен көп жақсарды, не көп төмендеді дейді.

            Қорыта айтқанда, ғылым мен искусствоның біреуі дәлелдейді, екіншісі көзге көрсетеді, екеуі де сендіреді, бірі логикалық дәлелдер арқылы, екіншісі картина арқылы. Бірақ алдыңғыны тыңдаушылар және түсінушілер санаулы адамдар да, соңғысы барлық адамға бірдей түсінікті...» (ХІ, 311-б.).

            Ұлы сыншы ғылым мен искусствоның өзара айырмашылығын ғана көрсетіп қойған жоқ, олардың байланысына да нақтылы ғылыми талдаулар жасады. Жалпы роман және тарихи роман туралы оның данышпандық көзқарастары әдебиеттану ғылымындағы әрі жаңа пікір, әрі өз кезіндегі теріс талқылауларға тұқырта соққы беру болатын.

арих ғылымы оның өзі өмір сүрген дәуірде өрістеген, үстемдік етуші ғылым дәрежесіне көтеріліп, дәуірдің әліпбиіне, яғни онымен шұғылданушылық өмір салтына айналғандығын, тарихтың искусствоға жаңаша бағыт сілтеп, саясаттың характеріне әсер еткендігін және бұл тарихи бағыт соңғы кездегі адам баласы қоғамының ілгерілеу жолындағы ұлы адымының үлкен дәлелі екендігін айта келіп, В.Г.Белинский тарих пен тарихи романның байланысына айрықша тоқталады. Тарихшы тарихта не болғанын, кімдердің не жасағандықтарын фактілерге сүйене отырып жай баяндаса, жазушы өзінің творчестволық қиял күшімен бұдан жүз жыл, мың жыл бұрын өмір сүрген адамдарды қайта тірілтеді, қураған сүйегіне от беріп, денесіне қан құяды. Сол кездегі олардың ой-пікір, жақсы көру, жек көру, іс-әрекеттерін образ арқылы біздің көз алдымызға келтіріп, оқиғаның қалай болғандығына бізді айғақ етеді дей келеді де:

            «Тарихшылардың міндеті - не болғанын айту; ақынның міндеті - қалай болғанын айту, сондықтан да егер ғылым поэзияға не болғанын айтып, оған қызмет көрсететін болса, поэзия да уақиғаның қалай болғанын көрсетіп, өз тұсынан, ғылымның шеңберін кеңейтеді» (І том, 1959ж. - 57-б.). «Орыс әңгімесі және Гоголь әңгімесі туралы» атты мақаласында: «Кім біледі? Күндердің күнінде тарих көркем шығарма болып, эпопеяның романға ауысқаны тәрізді, тарих романға ауысуы да мүмкін» деді.

            Сүйтіп, ұлы сыншы Белинский тарих ғылым мен искусствоның өзара айырмасы, ерекшелігі болса да, бірімен екіншісі байланысты, өмір тануда бір-біріне көмектесетін және ілгерілеген сайын жігі жымдаса түсетін құбылыс екендігін аңғартты.

            В.Г.Белинскийдің данышпандық туындыларында реализм, оның тарихы мен мәні, «натуралдық мектептің» өзіне тән халықтық ерекшелігі мен үлкен келешегі, романтизмнің өзіне тән ерекшелігі, грек, батыс, орыс романтизмдеріне тән жайттар «Философиялық романтизм», юмор, сатира, тіл, стиль, стилистика, аударма, оның тарихи-интернационалдық мәні, тағы басқа сандаған әдебиеттің күрделі мәселелері жайлы кемеңгерлік көзқарастар ғылымдық негізде терең талдаулары көп. Оның бәрі де оқушылар үшін керекті, бәрінің де тарихи, теориялық мәні зор. Бірақ бір мақала түгіл, бірнеше томдарға да оларды сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан оның эстетикалық көзқарасы жайлы қысқаша шолуымызды осымен доғарып, сын және сыншылдығы туралы қысқаша тоқталық.

           Әдеби әлем

Бөлісу: