В.Г.Белинский - өмір шындығының сәулесі

18 Қараша 2013, 05:30

В.Г.Белинский искусство, әдебиет - өмір шындығының сәулесі. Олар мазмұнды, нәрді өмірден алады да, ақын, суретшілердің ой-сезімдерінде қорытылып, әдеміленген түрде қайта туады, өзінің тууына негіз болған әлеумет өмірін жақсарту, ілгерілетуге көмектеседі деген принципті қолдады. Ұлы сыншының бұл принципінің тарихи да, теориялық та мәні зор болды.             ХҮІІІ ғасырдың аяғы, ХІХ ғасырдың басында Канттың искусствода әдемілікті күйттеуден басқа ешбір мақсат болмайды дейтін идеалистік көзқарасына сүйенген «көркемөнер - көркемөнер үшін» деп аталатын әдебиеттегі буржуазиялық теориясымаққа бірінші рет тойтара соққы берген - революцияшыл-демократ В.Г.Белинский.             «Қоғам мүдделеріне қызмет ету правосын өнерден тартып алу - оны ұлықтау емес, кемсіту деген сөз, себебі осының өзі оны нағыз шынайы, жанды күш-қуатынан айыру деген сөз» деді.             Өзінің фольклор, орыс әдебиетіне арналған және «Әдебиет деген сөздің жалпы мәні» атты мақалаларында әдебиет искусствоның ең жоғарғы түрі екендігін дәлелдей келіп, ол халық өмірінің сәулесі, ой, қиял, ақыл, сезімдерінің жиынтығы, оның міндеті - жалпы халықтың, қоғамның керегіне жарап, соған қызмет ету деген пікірді баса айтып, өткен дәуірден қалған мұраларды осы тұрғыдан алып бағаласа, өз кезіндегі искусство, әдебиеттерге де осы тілектерді қойды.             Оның кезіндегі орыстың кертартпа әдебиетшілері, ақын-жазушылары өткенді жырлау керек, қазіргі өмірді жыр ету поэзияны әлсіздендіреді, жансыз, құр сүлдесін ғана қалдырады десе, Белинский оларға керісінше, «...қазіргі шындық болмысты керек етіп отырған мәселелерге зор көңіл бөлу - ақындардың негізгі міндеті» деді.             Ақын-жазушылардың әлеуметтік тарихи рольдеріне тоқтала келіп, Белинский: «В наше время поэт как поэт не может обещать себе великого успеха, потому что наше время от каждого - следовательно и от поэта - требует, чтоб он прежде всего и больше всего был - человек. Не заботьтесь же о себе как о поэте и воспитывайте в себе человека... Не покупайте любви людей изменою истине...» (т. ІХ, 432).             «...Ұлы кемеңгер ақындар туралы жалпы анықтамасында... Кемеңгердің аты - миллион, өйткені ол миллионның азабын, қуанышын және жігер-талабын дайым өз кеудесінде сақтайды» деген данышпандық қорытындыға келді.             Ұлы сыншының бұл тәрізді ақын-жазушылардың әлеуметтік, халықтық ролдеріне айрықша тоқталып, өте зор көңіл бөлуі, біріншіден, «көркемөнер - көркемөнер үшін», ол тек әдемілікті ғана жырлауы қажет», әлеумет жұмысына, тап тартысына араласпауы керек деген декаденттік буржуазияшыл кертартпалық көзқарастардың тамырына балта ұру болса, екіншіден, искусство, әдебиет езілуші халықтың азаттық жолындағы күрестерінің күшті құралы болу керек деген өзінің революцияшыл демократтық идеясын іс жүзіне асыру, сол үшін күресу тілегінен туған болатын.             В.Г.Белинский искусство мен әдебиеттің тек идеялық мазмұны үшін ғана күрескен жоқ, көркемдігі, түрі үшін күресін де ол қатар жүргізді. Әсіресе 40 жылдардан кейінгі еңбектерінде мазмұн мен түрді диалектикалық бірлікте алып қарауды өрістете айқындай түсті.               «Көркемөнер ең алдымен көркемөнер болуға тиісті де, сонан кейін ғана ол қоғамның рухын оның өз заманындағы даму бағытын көрсететіндігіне ешбір шек келтіруге болмайды».             Кемеңгер сыншының еңбектерін терең зерттей келіп, оның искусство, әдебиет туралы ұсынған принциптерін қорытқан адамның бірі Г.В.Плеханов Белинскийдің эстетикалық кодексін бес түрлі күрделі мәселелердің төңірегіне жинақтағаны әдеби жұртшылығымызға мәлім.             Плехановтың қорытып түйіндеуінше, Белинскийдің эстетикалық кодексінің негізгі мазмұны төмендегіше: ақын айтайын деген ой-пікірін дәлелдеп жатпайды, образ, картина арқылы көрсетеді; ақын өмірді әшекейлеп сырламай да, бұрмаламай да нақ өз қалпында суреттеуі керек; көркем шығарманың негіз етіп алған идеясы заттың кейбір жақтарын ғана емес, барлық жағын түгел қамтырлық, нақтылы идея болсын: көркем шығарманың түрі - идеясына, идеясы - түріне сай болуы шарт; көркем шығарманың ой бірлігіне түр бірлігі дәл келіп, біртұтас бүтіндікті сақтауы керек.             Ұлы сыншы осы өзі ұсынған принциптерін искусство, әдебиет туындыларына талдаулар жасағанда берік сақтады. Басқалардан да осыны талап етті. Сыншы бұл принциптерін тек искусствоның басқа пәндерден айырмасы, қарым-қатынастары туралы да қолданды. Әдеби әлем

В.Г.Белинский искусство, әдебиет - өмір шындығының сәулесі. Олар мазмұнды, нәрді өмірден алады да, ақын, суретшілердің ой-сезімдерінде қорытылып, әдеміленген түрде қайта туады, өзінің тууына негіз болған әлеумет өмірін жақсарту, ілгерілетуге көмектеседі деген принципті қолдады. Ұлы сыншының бұл принципінің тарихи да, теориялық та мәні зор болды.

            ХҮІІІ ғасырдың аяғы, ХІХ ғасырдың басында Канттың искусствода әдемілікті күйттеуден басқа ешбір мақсат болмайды дейтін идеалистік көзқарасына сүйенген «көркемөнер - көркемөнер үшін» деп аталатын әдебиеттегі буржуазиялық теориясымаққа бірінші рет тойтара соққы берген - революцияшыл-демократ В.Г.Белинский.

            «Қоғам мүдделеріне қызмет ету правосын өнерден тартып алу - оны ұлықтау емес, кемсіту деген сөз, себебі осының өзі оны нағыз шынайы, жанды күш-қуатынан айыру деген сөз» деді.

            Өзінің фольклор, орыс әдебиетіне арналған және «Әдебиет деген сөздің жалпы мәні» атты мақалаларында әдебиет искусствоның ең жоғарғы түрі екендігін дәлелдей келіп, ол халық өмірінің сәулесі, ой, қиял, ақыл, сезімдерінің жиынтығы, оның міндеті - жалпы халықтың, қоғамның керегіне жарап, соған қызмет ету деген пікірді баса айтып, өткен дәуірден қалған мұраларды осы тұрғыдан алып бағаласа, өз кезіндегі искусство, әдебиеттерге де осы тілектерді қойды.

            Оның кезіндегі орыстың кертартпа әдебиетшілері, ақын-жазушылары өткенді жырлау керек, қазіргі өмірді жыр ету поэзияны әлсіздендіреді, жансыз, құр сүлдесін ғана қалдырады десе, Белинский оларға керісінше, «...қазіргі шындық болмысты керек етіп отырған мәселелерге зор көңіл бөлу - ақындардың негізгі міндеті» деді.

            Ақын-жазушылардың әлеуметтік тарихи рольдеріне тоқтала келіп, Белинский: «В наше время поэт как поэт не может обещать себе великого успеха, потому что наше время от каждого - следовательно и от поэта - требует, чтоб он прежде всего и больше всего был - человек. Не заботьтесь же о себе как о поэте и воспитывайте в себе человека... Не покупайте любви людей изменою истине...» (т. ІХ, 432).

            «...Ұлы кемеңгер ақындар туралы жалпы анықтамасында... Кемеңгердің аты - миллион, өйткені ол миллионның азабын, қуанышын және жігер-талабын дайым өз кеудесінде сақтайды» деген данышпандық қорытындыға келді.

            Ұлы сыншының бұл тәрізді ақын-жазушылардың әлеуметтік, халықтық ролдеріне айрықша тоқталып, өте зор көңіл бөлуі, біріншіден, «көркемөнер - көркемөнер үшін», ол тек әдемілікті ғана жырлауы қажет», әлеумет жұмысына, тап тартысына араласпауы керек деген декаденттік буржуазияшыл кертартпалық көзқарастардың тамырына балта ұру болса, екіншіден, искусство, әдебиет езілуші халықтың азаттық жолындағы күрестерінің күшті құралы болу керек деген өзінің революцияшыл демократтық идеясын іс жүзіне асыру, сол үшін күресу тілегінен туған болатын.

            В.Г.Белинский искусство мен әдебиеттің тек идеялық мазмұны үшін ғана күрескен жоқ, көркемдігі, түрі үшін күресін де ол қатар жүргізді. Әсіресе 40 жылдардан кейінгі еңбектерінде мазмұн мен түрді диалектикалық бірлікте алып қарауды өрістете айқындай түсті.  

            «Көркемөнер ең алдымен көркемөнер болуға тиісті де, сонан кейін ғана ол қоғамның рухын оның өз заманындағы даму бағытын көрсететіндігіне ешбір шек келтіруге болмайды».

            Кемеңгер сыншының еңбектерін терең зерттей келіп, оның искусство, әдебиет туралы ұсынған принциптерін қорытқан адамның бірі Г.В.Плеханов Белинскийдің эстетикалық кодексін бес түрлі күрделі мәселелердің төңірегіне жинақтағаны әдеби жұртшылығымызға мәлім.

            Плехановтың қорытып түйіндеуінше, Белинскийдің эстетикалық кодексінің негізгі мазмұны төмендегіше: ақын айтайын деген ой-пікірін дәлелдеп жатпайды, образ, картина арқылы көрсетеді; ақын өмірді әшекейлеп сырламай да, бұрмаламай да нақ өз қалпында суреттеуі керек; көркем шығарманың негіз етіп алған идеясы заттың кейбір жақтарын ғана емес, барлық жағын түгел қамтырлық, нақтылы идея болсын: көркем шығарманың түрі - идеясына, идеясы - түріне сай болуы шарт; көркем шығарманың ой бірлігіне түр бірлігі дәл келіп, біртұтас бүтіндікті сақтауы керек.

            Ұлы сыншы осы өзі ұсынған принциптерін искусство, әдебиет туындыларына талдаулар жасағанда берік сақтады. Басқалардан да осыны талап етті. Сыншы бұл принциптерін тек искусствоның басқа пәндерден айырмасы, қарым-қатынастары туралы да қолданды.

Әдеби әлем

Бөлісу: