Патриот сыншы

18 Қараша 2013, 05:27

Өз отанын терең сүйетін патриот сыншы патшалық Россияны жаны түршіге жек көрсе де, оның келешегі зор екендігін, келешек Россия крепостнойлық, жеке меншіктілікті Европадан бұрын жойып, дүниежүзіндегі мәдениетті мемлекеттердің алдыңғы сапында көсемдік роль атқаратындығына имандай сенді.             «Білімді әлемге бас болып, ғылымға да, өнерге де заң ұсынушы, күллі мәдениетті адамзаттың емірене қадірлеген құрмет, сыйына бөленуші 1940 жылғы Россияны көру нәсіп болатын немерелеріміз бен шөберелерімізге қызығамын да күндеймін». Өзінен жүз жыл кейін болатын жағдайды сонша дәл, таң қалдырғандай қырағылықпен болжау, не деген кемеңгерлік!             Ленин басшылығымен социалистік Ұлы Октябрь революциясының жеңіп шығып, Россияда Совет өкіметінің орнауы, кешегі фашизмге қарсы Ұлы Отан соғысында Россия халқының жер жүзін апаттан сақтап қалуы, бүгін көкті билеп, аспан әлеміне тарихта бірінші рет адам ұшыруы ұлы адамның айтқандары бұлжымай, дәл келгендігін дәлелдемей ме? Не деген көрегендік!             Ұлы сыншының ұрпағына қалдырып кеткен данышпандық мұрасы әр жақты, философия, қоғам құрылысы, т.б. сан алуан мәселелерді қамтиды. Олардың әрқайсысын терең толғап, кең шешерлік өз мамандары бар. Біздің бұл жерде негізгі сөз етпегіміз, мақаламыздың бас жағында айтылған тек әдебиеттану ғылымымен байланысты еңбектерін ғана қысқаша шолу.             Искусствоны, әдебиетті, оның өзіне тән ерекшеліктері мен эстетикалық сипаттарын, әлеуметтік, тәрбиелік мәнін терең ұғынамын деген адам ең алдымен Белинскийді оқиды. Өйткені ол - әрі әдебиеттің тарихын, әрі теориясын терең білген, мұқият зерттеген, қандай мәселені болсын, сол кез, сол жағдаймен байланыстыра талдап, кемеңгерлік қорытынды шығара білген бірінші әдебиет ғалымы. Сонымен қатар, ұлы сыншы көркем әдебиеттің өткен дәуірдегі нұсқаларын дұрыс бағалап, өз кезіндегісіне тура басшылық етті де, келешектегі әдебиеттің даму жолдарына дұрыс бағыт сілтеді. Кім болсын мейлі, В.Г.Белинский - әдебиетшілердің бәріне ұстаз. Шын мәніндегі әдебиетші, не искусствовед Белинскийдің искусство туралы оқуынан қашса да, құтыла алмайды. Ұлы сыншы, теоретик-ғалымның ұлы туындыларын мұқият зерттеп, терең түсінбей әдебиетші боламын деу - не топастық, не жалған әдебиетшілік.             В.Г.Белинский өзінің әдебиетшілік алғашқы адымын орыс әдебиетінің тарихын жасау, теориялық, эстетикалық проблемаларын шешу талаптарынан бастады. 1840 жылдар бұл идеясын орындау үшін ол орыс әдебиетінің тарих және теориялық курсын құрастыруды жоспарлайды. Бұл тілегі түп-түгел орындалмаса да, Белинский орыс әдебиеті тарихының негізін қалап, желісін тартты, ол жөнінде өзінің ғылыми-теориялық пікірлерін кезіндегі әдеби жұртшылыққа ұсынды. Орыс әдебиетінің тарихын зерттеудегі Белинский ұсынған ғылыми принциптер күні бүгінге шейін мәнін жойған жоқ. Әдеби әлем

Өз отанын терең сүйетін патриот сыншы патшалық Россияны жаны түршіге жек көрсе де, оның келешегі зор екендігін, келешек Россия крепостнойлық, жеке меншіктілікті Европадан бұрын жойып, дүниежүзіндегі мәдениетті мемлекеттердің алдыңғы сапында көсемдік роль атқаратындығына имандай сенді.

            «Білімді әлемге бас болып, ғылымға да, өнерге де заң ұсынушы, күллі мәдениетті адамзаттың емірене қадірлеген құрмет, сыйына бөленуші 1940 жылғы Россияны көру нәсіп болатын немерелеріміз бен шөберелерімізге қызығамын да күндеймін». Өзінен жүз жыл кейін болатын жағдайды сонша дәл, таң қалдырғандай қырағылықпен болжау, не деген кемеңгерлік!

            Ленин басшылығымен социалистік Ұлы Октябрь революциясының жеңіп шығып, Россияда Совет өкіметінің орнауы, кешегі фашизмге қарсы Ұлы Отан соғысында Россия халқының жер жүзін апаттан сақтап қалуы, бүгін көкті билеп, аспан әлеміне тарихта бірінші рет адам ұшыруы ұлы адамның айтқандары бұлжымай, дәл келгендігін дәлелдемей ме? Не деген көрегендік!

            Ұлы сыншының ұрпағына қалдырып кеткен данышпандық мұрасы әр жақты, философия, қоғам құрылысы, т.б. сан алуан мәселелерді қамтиды. Олардың әрқайсысын терең толғап, кең шешерлік өз мамандары бар. Біздің бұл жерде негізгі сөз етпегіміз, мақаламыздың бас жағында айтылған тек әдебиеттану ғылымымен байланысты еңбектерін ғана қысқаша шолу.

            Искусствоны, әдебиетті, оның өзіне тән ерекшеліктері мен эстетикалық сипаттарын, әлеуметтік, тәрбиелік мәнін терең ұғынамын деген адам ең алдымен Белинскийді оқиды. Өйткені ол - әрі әдебиеттің тарихын, әрі теориясын терең білген, мұқият зерттеген, қандай мәселені болсын, сол кез, сол жағдаймен байланыстыра талдап, кемеңгерлік қорытынды шығара білген бірінші әдебиет ғалымы. Сонымен қатар, ұлы сыншы көркем әдебиеттің өткен дәуірдегі нұсқаларын дұрыс бағалап, өз кезіндегісіне тура басшылық етті де, келешектегі әдебиеттің даму жолдарына дұрыс бағыт сілтеді. Кім болсын мейлі, В.Г.Белинский - әдебиетшілердің бәріне ұстаз. Шын мәніндегі әдебиетші, не искусствовед Белинскийдің искусство туралы оқуынан қашса да, құтыла алмайды. Ұлы сыншы, теоретик-ғалымның ұлы туындыларын мұқият зерттеп, терең түсінбей әдебиетші боламын деу - не топастық, не жалған әдебиетшілік.

            В.Г.Белинский өзінің әдебиетшілік алғашқы адымын орыс әдебиетінің тарихын жасау, теориялық, эстетикалық проблемаларын шешу талаптарынан бастады. 1840 жылдар бұл идеясын орындау үшін ол орыс әдебиетінің тарих және теориялық курсын құрастыруды жоспарлайды. Бұл тілегі түп-түгел орындалмаса да, Белинский орыс әдебиеті тарихының негізін қалап, желісін тартты, ол жөнінде өзінің ғылыми-теориялық пікірлерін кезіндегі әдеби жұртшылыққа ұсынды. Орыс әдебиетінің тарихын зерттеудегі Белинский ұсынған ғылыми принциптер күні бүгінге шейін мәнін жойған жоқ.

Әдеби әлем

Бөлісу: