М.В.Ломоносов тіл мен стиль туралы

18 Қараша 2013, 05:21

   «Ломоносов ұлы адам еді; бірінші Петр мен Екатеринаның арасындағы кезеңде ағарту жұмысының қолдаушысы болды. Ол бірінші университет құрды. Дұрысын айтсақ, оның өзі біздің университетіміз еді» деді А.С.Пушкин1.             Данышпан ақын Пушкиннің бұл сөздері - тарихи ұлы еңбектеріне дәл және терең толғап, кеңінен қамтылып берілген баға.             Ұлы Петрден кейінгі Ресейдің дамуы тарихында «қайта өзгеріс дәуірінде» үлкен із қалдырған кемеңгерлердің ең көрнектісі, сөз жоқ, Ломоносов. Ол - ғылымның барлық саласында зор еңбектер жасап, кейінгі буынның мәдени-ағарту бағытында дамуына күрделі жол салып кеткен адам.             Ол химия, физика, астрономия, тағы басқа сандаған ғылымдарда сандаған үлкен жаңалықтар жасады. Біз бұл мақала-лекциямызда М.В.Ломоносовтың өмірін, еңбегін зерттеушілердің жазғандарына сүйене отырып, қазақ оқырмандарын оның орыс тілі мен әдебиеті туралы бізге қалдырып кеткен ой-пікірлерімен қысқаша да болса таныстыруды мақұл көрдік.             М.В.Ломоносовтың тіл, әдебиет жайлы айтқандарының әрі ғылымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Сан мыңдаған қазақ оқушылары ұлы адамның оқу, өнерге үндеген ой-пікірлерін өзіне үлгі, өнеге етулері сөзсіз. Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда? - деп, Айтпа ғалым сүйсеңіз, - дейтін Абай сөздері әркімнің-ақ есінде.             Ең алдымен, тіл туралы 1740 жылдың аяғынан бастап Ломоносов «Орыс грамматикасын» жаза бастап, оны 1755 жылы бастырып шығарды. Бұл орыс тілінің грамматикасы классикалық үлгі ретінде жүз жылдай барлық мектептерде қолданылып, оқу құралы болып келді.             Ломоносов орыс тілінің байлығы мол, ол тілде не нәрсе болса да жазуға болады деген пікірді берік ұстады. Шындығында, орыс тілінің байлығы, оның болашағының молдығы сөзсіз ақиқат нәрсе еді. Бірақ осыны қисын-жүйесіне түсіріп, құрал ету жалғыз ғана Ломоносовтың қолынан келді. Бұл грамматика келешектегі орыс тілінің ғылыми грамматикасын жасауға бірден-бір негіз болып, тіл ғылымының дамуына жол салды. Бұл жөніндегі Ломоносовтың ролін,   1А.С.Пушкин. Шығармалары (орыс тілінде, бір томдық). - 1936ж. 752-б.   оның жасаған аудармаларын байқауға болады. Өзіне дейінгі таза шіркеу - славян тілімен жазылатын салтты, көне сүрлеуді тастай беріп, ол ұстазы Вольфтің физикасын халық тіліне таяу, жұртшылықтың ұғымына сай жаңа сөйлем, жаңаша сөз тіркестерінен аударды. Әрине зерттеуші орыс ғалымдарының пікірлері бойынша, ол сөзді көктен алған жоқ. Оның бұл әдісі де ғылыми әдіс, алдыңғы қатарлы көзқарасқа сүйенген пікірден туды.             Славян тілінің негізі бай болғанмен, діни жағы басым, ескі грек тілімен және аз-маздап латын тілімен де шатасып, араласқан тіл болатын. Бұл әрі түсініксіз, әрі бұқараның қолданбайтын «кітап» тілі болып қалған шұбар тіл еді. Ол осылардың ішінен славяндарға және орысқа ортақ сөздерді ғана алып, кәдеге аспайтын, ескірген, түсініксіз сөздерді алмауды ұсынады. Бұл ежелден ғылымның көксеген бұқарашылдығы еді. Осы бұқарашылдық жолды ол тіл мәселесінде де қолдана бастады, оның бұл ісі кейінгі ұрпақтарға үлгі болды.             Орыс тілінің дамуы жөнінде: «басқа елдердің тілдеріндей, орыс тілі де таңданарлық дәрежеге ие болады» деген еді Ломоносов. Оның бұл арманды мақсаты сол өз заманында-ақ орындала бастады. Ол тілге ұлы өзгеріс кіргізіп, сөйлемді айқын, жатық, тәртіпті және дұрыс етіп құруды қолдады. Жас кезінен көп бақылап, көп тексеріп, тілді ғылыми жөнге салып тәртіптеу нәтижесінде ол әдебиет тілі үшін жоғарғы стиль, орта стиль, төменгі стиль деген үш ереже шығарды және бұл стильдермен не жазылуын белгіледі (өзі штиль деп атады).             Жоғарғы стильмен батырлар жыры, ода, шешендік сөздер жазылуы керек, бұл стиль шіркеу славян тілінде де, орыс тілінде де бірдей қолданатын сөздерден құралмақ. Бұл стильге тән ерекшелік - байсалды салтанаттылық. Орта стильмен драмалар, өлеңдер, сықақтар жазылады, мұнда славян сөздерінен гөрі орыс сөздері молырақ болуы керек. Ал төменгі стильмен комедиялар, жырлар (песни), эпиграммалар және дос жарандар арасындағы хат-қатынастар жазылуы керек деді. Бұл стильде басты орын алатын тілі, сөзі орыстың күнбе-күнгі сөйлесетін халық тіліне жақын болуы қажет деп білді.             Орыс тілін нығайтумен бірге, тілдің шұбарлануына, түсініксіздігіне қарсы күресті. Бірақ орыс тілін ұлт аумағында ғана өзімен өзі болып, жер жүзіндегі адам баласының бәріне ортақ ету жолынан алып қашып, бөлектеген жоқ. Ол керекті интернационалдық сөздерді мейлінше батыл кіргізіп отырды. Бірақ Ломоносовтың тілдегі жасаған бұл төңкерісіне оның салт-сана майданындағы жаулары қарсы шықпай қалған жоқ. Бұл тартыс Тредьяковский1 мен Сумароковтың2  оған  қарсы  шыққан  күресінен  анық  көрінеді.       1Тредьяковский В.К. (1704-1769) - орыс ақыны, Ломоносовтың замандасы. 2Сумароков А.П. (1717-1777) - Ломоносов заманындағы жазушы, классицизм бағытын қолдаушылардың бірі. Тредьяковский Ломоносовтың одаларын, ғылым туралы өлеңдерін оқып, онда кіргізілген орыстың байырғы сөздеріне, халық тіліне қарсы болды. «Өлеңге төменгі тіл кіріп кетті» деп қатты наразылық білдірді. Тіл мен әдебиетте айтыс-тартысты белсене көтерген Ломоносовқа ашына қарсы шыққан адам - жазушы Сумароков. Сумароков - орыс әдебиетінде дворяндық классицизм стилін әбден бекіткен адам. Оның жазғандарының бәрі классицизм поэтикасының ережесімен жазылған. Ол бұл стильмен әдебиеттің сол кездегі белгілі түрінің бәрін де жазды: трагедиялар, салтанатты, «рухани» философиялық, махаббаттық одалар, сатиралар, ән өлеңдері, эпиграммалар, мысалдар, идиллиялар, эклогалар, элегиялар, тағы басқалар.             Ол әдебиет майданында орта дворяндардың, екінші сөзбен айтқанда, ескі ата қалпымен келе жатқан топтың жыршысы болды. Кейде ол шаруаларды құлдықта ұстау тәртібіне аз-маз өзгерістер кіргізуді, консультациялық кейбір жағдайларды қолдап та қойды. Бірақ ол негізінде Россияда өндіріс кәсібінің өркендеуіне жан-тәнімен қарсы қауымның таяғын соғушы адам болды. Ағарту ісінде біраз қайраткерлік көрсетсе де ол Ломоносовтың өндіріс бағытын қолдап, Россияны жаңа жолмен өркендету ісіне қарсы шықты. Тіл мен әдебиеттегі олардың айтыс-тартыстары осы негіздегі идеялық қарсылықтың бір жарқыншағы болатын.             Сөйтіп 50 жылдарда Ломоносовқа бір жағынан Сумароков, Тредьяковский, екінші жағынан дін қауымы (духавенство) шабуыл жасады.             Сумароковтың орта дворяндар, Россияның байырғы ескі қалпын сүюшілер қауымынан шыққандығын, солардың жырын жырлағанын оның мына сөзінен анық байқауға болады.             «Қазір дворяндарда сукно заводтары сән болып бара жатыр, бірақ Францияны көріп келген өте білгіштердің айтуына қарағанда, Лиондағы жібек тоқымалары да пайданы жерден гөрі кем келтіреді. Ал Россия бәрінен де бұрын жер кәсібіне зер салуы керек. Өйткені байтақ даласы мол, ол даланың кей жерінде жиі болғанмен, көпшілік жерінде жайлаған халқы аз. Заводтар жері аз, шаруасы көп жерде ғана пайдалы» дейді.             Ал Ломоносов: Кезінде сал асқар тау, Құлазып жатқан далаға. Днепр, Обь, Ақеділ, Ағады өзен салаға; Оларда сансыз байлық бар, Ғылыммен ертең ашылар, - деп отанының ен байлығының ғылым арқылы ашылып, тез кәдеге асуын, өндіріс күшінің молайып, үдеуін көкседі.             Поэзияның теориясын жасау жөнінде де Ломоносов көп еңбек сіңірді. Бұрыннан орыс тіліне әрі ауыр, әрі әуезділігі кем саналатын буын негізінде құрылған силлиболық өлең құрылысын Ломоносовтың алдын ала Тредьяковский ақын өзгерткен болатын. Бірақ оның кіргізген өзгерісі мен жаңалықтары тек қана бастама есебінде, шәкірттің шимайы сияқты еді. Жаңа құрылыспен жазған оның өлеңдерінің бұрынғыдан айырмасы аз, тіпті жоқтың қасы болатын. Тредьяковскийдің тоникалық жүйеде жазған бірінші өлеңін Ломоносовтың кезектесіп келетін екпінді буын мен екпінсіз буынның негізіне құрылған, тоника өлшеуімен жазылған өлеңімен салыстырсаңыз, айырмасы анық байқалады. Бұл Ломоносовтың орыс поэзиясындағы салған тарихи жаңа жолы болды.             Бұл жолды кейінірек Державин1, онан соң ұлы ақын Пушин әрі кеңейтіп, әрі мәңгі өшпейтін етіп бекітті. Бұл жаңа ырғақ, жаңа өлшем, көркем тіл мен терең мазмұнды көңілге құйып, сезімді оятатын жаңа поэзияның бастамасы болатын. Бұл бірінші орыс ақынының өлеңі еді.             Ломоносовтың 1739 жылы Марбургтен жазған хаты, 1755 жылы «Өлең шығарушылар жөніндегі пікір» атты еңбегі және «Шешендік сөзге қысқаша жетекші» деген әдебиет мәселелері жөніндегі жазған еңбегі теориялық құнды еңбектер еді. Бұл келешекте әдебиеттің теориясын жасап, оны ғылым жолына салып зерттеп, өсу жолдарын сызуға ұлы бастама болды.             Ломоносов поэзиясының әлеуметтік, ғылымдық және тәрбиелік мәні. Петрге дейінгі тартыс, оның өзінің күресі шашылыңқы Россияның басын мықтап қосып, ірі ұлт мемлекетін құру, батыстың үлгісін толық алу еді. Ал бұл дамудың негізгі арнасы үш ғасыр бойы Россияда әлеуметтік пікір конституциялы монархия құру төңірегінде айналсоқтай берді дейтін Ленин пікіріне дәл келетін еді. Тарихи дамудың осы сияқты ұлы бағыты ірі білімпаздардың, қоғам қайраткерлерінің, жазушы, суретші, музыкашылардың игілі шығармаларынан, әлеуметтік күресінен, өмір бейнесінен толық көрініп отырады. Жоғарыда айтып өткен ғылыми, әлеуметтік ағарту жұмыстарында Ломоносовтың қоғамдық көзқарастары айқын болып отырса, оның әдебиеттегі жасаған еңбектерінде, өзінің поэзиясында бұл ағым өте күшті байқалады.  1Державин Г.Р. (1743-1816) - Ломоносов пен Пушкиннің екі аралығындағы орыстың ең ірі, ең атақты ақыны. Бұл сурет келбеті ғой дана ердің, Ел үшін еңіреген кемеңгердің; Еліне әрі басшы, әрі қосшы, Іс етті қамқоры боп туған елдің. Халықтың пайдасы үшін заң шығарып, Көрсетті адамдықтың үлгі өнерін, - деп ол ұлы Петрдің іс жүзінде Ресейді шаруашылық, мәдениет жағынан ілгерілеткенін жырлап, оның келбетін мадақтаса, оның мемлекетін нығайтуын, елге қамқор болуын көрсетумен бірге, «Халықтың пайдасы үшін заң шығарды» деп, екінші бір үлкен мәселені көрсетеді. Бұл әрине, әлдеқалай сөз емес, Ломоносовтың батыс елдеріндегі қоғам құрылысында тапқан жетістіктерін тексеріп, оны өзінше талдап шешіп, Россия жағдайында қолданудың керектігінен туған тілек еді.             Ұлт мемлекеті бекіп, ғылым, мәдениет, шаруашылық істері жолға қойыла бастаған Россияда мемлекет құрылысы да тәртіпті болуы керек, алдыңғы қатарға ұмтылған Россияда, әсіресе анау қалың шаруалардың басында билік болмай, қожаларының құлы болып отыруы қырағы білімпазға жарамсыз. Заңсыз, әділетсіз қоғам құрылысының түрі оның ішін удай ашытатын нәрсе еді. Сондықтан да ол әуелі үлкен үміт, үлкен демократтықтың сағымын елестеткен, бірақ соңынан ескі әнге басқан Екінші Екатеринаның таққа мінер қарсаңында, 1762 жылы жазған бір өлеңінде халық тағдырын бір қолымен ұстаушы патшаларға бағыштап ақын былай деді: Әміршісі жерімнің, Билеушісі елімнің, Заңды бұзсаң жаңылдың, Желігіне еріп көңілдің. Қорлама баққан еліңді, Түзе, болса кемісі, Оқу, рахым, еңбекпен Ек, елің жемісті: Әділдікке мырза боп, Жеңілдік берсең халқыңа, Жарылқар тәңірі үйіңді, Қосылар даңқ, даңқыңа. Мұндағы «заңды бұзсаң жаңылдың» дегенінде үлкен мән бар. Ломоносовша, «әмірші», «билеушіден» жоғары бір зат бар, ол - заң. Оның «әділдікке мырза боп, жеңілдік берсең халқыңа...» дегені сол әлеумет тұрмысындағы әділеттіктің тілегі, халыққа жеңілдік әперу мақсаты. Әрине, Ломоносов өзінен жарты ғасыр кейін Радищев А.Н. (1749-1802) - ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы орыс жазушысы, демократ-революционер қойған тілекті, болмаса 100 жыл кейін жақсылықты жоғарыдан күтпей, төменнен, халықтың өз күшімен жасауды үгіттеген Добролюбов пен Чернышевскийдің ұлы ісін істей алмады; олардың революцияшыл жолын жасауға Ломоносов заманында тарихи жағдай да жоқ еді, оны ұлы ғалымнан талап ету орынсыз да болар еді. Сондықтан ол қалың көпшіліктің мүддесін қорғауға әміршілердің өзін шақырды, оларға сонау өткен, «елдің басшысы да, қосшысы да болған» ұлы Петр сияқты болыңдар деп нұсқады, соның жолын өркендете берсеңдер, әділдік те, бақыттылық та болады деді. «Еліңді қорлама!» деп, бұйрықты тілек етті. Мұндай мақсаттар қою ол кездегі қоғам даму сатысындағы жағдайлармен санасқанда, ұлы прогрестік тілектер және батыл нұсқаулар еді.             Ломоносовтың поэзиясындағы басты ағым, оның әлеуметтік мазмұнының ең күрделісі осы Петр бастаған шаруашылық, мәдени, ағарту ісіндегі табыстарды үдету, әлеумет өмірінде әділдік, демократтық орнату болды. Оның ескіге қарсы күресі, ғылымға үгіттеген пікірлері, жер байлығын толық пайдалану жолындағы жол сілтеулерінің бәрі де жоғарғы айтылған негізгі арнаға құяды. Оның «Сақал туралы гимн» деген өлеңінің сырт көрінісі бүркеліп айтылса да, арғы төрі шіркеу мен дінге қарсылығын сол кездің өзінде-ақ діншіл қауымдар жақсы ұққан еді.             Ағарту, ғылым жұмысының бас жауы, ескінің тірегі болған шіркеу мен дінге және оның қолдаушыларына көркем сөзді құрал етіп шанышқан найзасы еді. Оның: Ғылым - жастың қорегі, Ғылым - қарттың тірегі; Бақытты күнде көрігің, Бақытсыз кезде серігің, Ғылымның даусыз керегі, - дегендегі ғылымның маңызын, оның адамға, адам өміріне әрі керек, әрі серік екенін түсіндіруі де сол жоғарғы айтылған негізгі тілектердің тарауы еді. Тулаған толқын кең дала, Меңіреу тоғай айнала, Кез, арала жер шарын; Солтүстік суық мұзын көр, Шыңына таулар шығып көр, Ұшып біл, жаһан аспаннан. Зертте, Бәрін қалдырма, Ашылмай жатыр талайлар, Жер жүзі әлі білмеген Табиғатта талай бар, - деп табиғатты түгел танып, оның көріп-білмеген ен байлығын иеленіп, керегіңе жарат дегені де сол әлеумет құрылысының жетілуіне, соны ілгерілетуге арналған болатын. Мұнан басқа да мысалға келтіргендей, оның әрі сұлу, әрі мазмұнды өлеңдері көп. Ол өлеңдерінде ақын табиғаттың әртүрлі құбылыстарын түсіндіруге тырысады, күннің күшін, нажағайды, солтүстіктегі болатын ғажайып жарқылдарды, электр күшін, тағы басқа да ол күнде халық тегіс біліп болмаған табиғат құбылыстарын баяндайды, оны өмірге бағындыру жолдарын айтады. Әсіресе «Шыңның пайдасы» дейтін поэмасында ол көп нәрселердің бетін ашып, олардың өмірге өте қажеттігін көрсетпек болды.             Ломоносов поэзияда, искусствода өзінің ғылымдығын, ғылымда өзінің ақындығын көрсетті. Оның химия, физика, философия жөніндегі және онан басқа да ғылыми еңбектерін алсақ, ой тербеткендей әдемі, ақындық қаламының жемісі екендігін, өлеңдерін оқығанда, ғылым иесінің сөзі екендігін анық көреміз. Бұл оның әр алуан талантының бірі мен бірі байланысып өріліп жатқанын және бәрі жиылып, ұлы арнаға құйған өзендер тәрізді отан мүддесі деген негізі бір үлкен идеяға тоғысқандығын көрсетеді. Ломоносовты біз сегіз қырлы, данышпандық жағынан алып қарасақ, дүниежүзіндегі даңқты адамдардың сапынан орын алатындығы сөзсіз. Өз заманы мен өз жағдайының көлемінде алып, өзінің әржақтылық қабілеті жағынан салыстырғанда, оның Леонардо да Винчи, болмаса Гете сияқты адамдармен барабар екендігі талассыз. Оның ең бірінші ерекшелігі: қандай мәселе болса да, терең алып, әріден қозғайды, кеңінен толғап, ғылыми көзқарастардың ең алдыңғы қатардағы тұрғысынан қарап, соған тірей сөйлейді. Әдеби әлем

   «Ломоносов ұлы адам еді; бірінші Петр мен Екатеринаның арасындағы кезеңде ағарту жұмысының қолдаушысы болды. Ол бірінші университет құрды. Дұрысын айтсақ, оның өзі біздің университетіміз еді» деді А.С.Пушкин1.

            Данышпан ақын Пушкиннің бұл сөздері - тарихи ұлы еңбектеріне дәл және терең толғап, кеңінен қамтылып берілген баға.

            Ұлы Петрден кейінгі Ресейдің дамуы тарихында «қайта өзгеріс дәуірінде» үлкен із қалдырған кемеңгерлердің ең көрнектісі, сөз жоқ, Ломоносов. Ол - ғылымның барлық саласында зор еңбектер жасап, кейінгі буынның мәдени-ағарту бағытында дамуына күрделі жол салып кеткен адам.

            Ол химия, физика, астрономия, тағы басқа сандаған ғылымдарда сандаған үлкен жаңалықтар жасады. Біз бұл мақала-лекциямызда М.В.Ломоносовтың өмірін, еңбегін зерттеушілердің жазғандарына сүйене отырып, қазақ оқырмандарын оның орыс тілі мен әдебиеті туралы бізге қалдырып кеткен ой-пікірлерімен қысқаша да болса таныстыруды мақұл көрдік.

            М.В.Ломоносовтың тіл, әдебиет жайлы айтқандарының әрі ғылымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Сан мыңдаған қазақ оқушылары ұлы адамның оқу, өнерге үндеген ой-пікірлерін өзіне үлгі, өнеге етулері сөзсіз.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда? - деп,

Айтпа ғалым сүйсеңіз, -

дейтін Абай сөздері әркімнің-ақ есінде.

            Ең алдымен, тіл туралы 1740 жылдың аяғынан бастап Ломоносов «Орыс грамматикасын» жаза бастап, оны 1755 жылы бастырып шығарды. Бұл орыс тілінің грамматикасы классикалық үлгі ретінде жүз жылдай барлық мектептерде қолданылып, оқу құралы болып келді.

            Ломоносов орыс тілінің байлығы мол, ол тілде не нәрсе болса да жазуға болады деген пікірді берік ұстады. Шындығында, орыс тілінің байлығы, оның болашағының молдығы сөзсіз ақиқат нәрсе еді. Бірақ осыны қисын-жүйесіне түсіріп, құрал ету жалғыз ғана Ломоносовтың қолынан келді. Бұл грамматика келешектегі орыс тілінің ғылыми грамматикасын жасауға бірден-бір негіз болып, тіл ғылымының дамуына жол салды. Бұл жөніндегі Ломоносовтың ролін,

  1А.С.Пушкин. Шығармалары (орыс тілінде, бір томдық). - 1936ж. 752-б.

  оның жасаған аудармаларын байқауға болады. Өзіне дейінгі таза шіркеу - славян тілімен жазылатын салтты, көне сүрлеуді тастай беріп, ол ұстазы Вольфтің физикасын халық тіліне таяу, жұртшылықтың ұғымына сай жаңа сөйлем, жаңаша сөз тіркестерінен аударды. Әрине зерттеуші орыс ғалымдарының пікірлері бойынша, ол сөзді көктен алған жоқ. Оның бұл әдісі де ғылыми әдіс, алдыңғы қатарлы көзқарасқа сүйенген пікірден туды.

            Славян тілінің негізі бай болғанмен, діни жағы басым, ескі грек тілімен және аз-маздап латын тілімен де шатасып, араласқан тіл болатын. Бұл әрі түсініксіз, әрі бұқараның қолданбайтын «кітап» тілі болып қалған шұбар тіл еді. Ол осылардың ішінен славяндарға және орысқа ортақ сөздерді ғана алып, кәдеге аспайтын, ескірген, түсініксіз сөздерді алмауды ұсынады. Бұл ежелден ғылымның көксеген бұқарашылдығы еді. Осы бұқарашылдық жолды ол тіл мәселесінде де қолдана бастады, оның бұл ісі кейінгі ұрпақтарға үлгі болды.

            Орыс тілінің дамуы жөнінде: «басқа елдердің тілдеріндей, орыс тілі де таңданарлық дәрежеге ие болады» деген еді Ломоносов. Оның бұл арманды мақсаты сол өз заманында-ақ орындала бастады. Ол тілге ұлы өзгеріс кіргізіп, сөйлемді айқын, жатық, тәртіпті және дұрыс етіп құруды қолдады. Жас кезінен көп бақылап, көп тексеріп, тілді ғылыми жөнге салып тәртіптеу нәтижесінде ол әдебиет тілі үшін жоғарғы стиль, орта стиль, төменгі стиль деген үш ереже шығарды және бұл стильдермен не жазылуын белгіледі (өзі штиль деп атады).

            Жоғарғы стильмен батырлар жыры, ода, шешендік сөздер жазылуы керек, бұл стиль шіркеу славян тілінде де, орыс тілінде де бірдей қолданатын сөздерден құралмақ. Бұл стильге тән ерекшелік - байсалды салтанаттылық. Орта стильмен драмалар, өлеңдер, сықақтар жазылады, мұнда славян сөздерінен гөрі орыс сөздері молырақ болуы керек. Ал төменгі стильмен комедиялар, жырлар (песни), эпиграммалар және дос жарандар арасындағы хат-қатынастар жазылуы керек деді. Бұл стильде басты орын алатын тілі, сөзі орыстың күнбе-күнгі сөйлесетін халық тіліне жақын болуы қажет деп білді.

            Орыс тілін нығайтумен бірге, тілдің шұбарлануына, түсініксіздігіне қарсы күресті. Бірақ орыс тілін ұлт аумағында ғана өзімен өзі болып, жер жүзіндегі адам баласының бәріне ортақ ету жолынан алып қашып, бөлектеген жоқ. Ол керекті интернационалдық сөздерді мейлінше батыл кіргізіп отырды. Бірақ Ломоносовтың тілдегі жасаған бұл төңкерісіне оның салт-сана майданындағы жаулары қарсы шықпай қалған жоқ. Бұл тартыс Тредьяковский1 мен Сумароковтың2  оған  қарсы  шыққан  күресінен  анық  көрінеді.

 

 

 

1Тредьяковский В.К. (1704-1769) - орыс ақыны, Ломоносовтың замандасы.

2Сумароков А.П. (1717-1777) - Ломоносов заманындағы жазушы, классицизм бағытын қолдаушылардың бірі.

Тредьяковский Ломоносовтың одаларын, ғылым туралы өлеңдерін оқып, онда кіргізілген орыстың байырғы сөздеріне, халық тіліне қарсы болды. «Өлеңге төменгі тіл кіріп кетті» деп қатты наразылық білдірді. Тіл мен әдебиетте айтыс-тартысты белсене көтерген Ломоносовқа ашына қарсы шыққан адам - жазушы Сумароков. Сумароков - орыс әдебиетінде дворяндық классицизм стилін әбден бекіткен адам. Оның жазғандарының бәрі классицизм поэтикасының ережесімен жазылған. Ол бұл стильмен әдебиеттің сол кездегі белгілі түрінің бәрін де жазды: трагедиялар, салтанатты, «рухани» философиялық, махаббаттық одалар, сатиралар, ән өлеңдері, эпиграммалар, мысалдар, идиллиялар, эклогалар, элегиялар, тағы басқалар.

            Ол әдебиет майданында орта дворяндардың, екінші сөзбен айтқанда, ескі ата қалпымен келе жатқан топтың жыршысы болды. Кейде ол шаруаларды құлдықта ұстау тәртібіне аз-маз өзгерістер кіргізуді, консультациялық кейбір жағдайларды қолдап та қойды. Бірақ ол негізінде Россияда өндіріс кәсібінің өркендеуіне жан-тәнімен қарсы қауымның таяғын соғушы адам болды. Ағарту ісінде біраз қайраткерлік көрсетсе де ол Ломоносовтың өндіріс бағытын қолдап, Россияны жаңа жолмен өркендету ісіне қарсы шықты. Тіл мен әдебиеттегі олардың айтыс-тартыстары осы негіздегі идеялық қарсылықтың бір жарқыншағы болатын.

            Сөйтіп 50 жылдарда Ломоносовқа бір жағынан Сумароков, Тредьяковский, екінші жағынан дін қауымы (духавенство) шабуыл жасады.

            Сумароковтың орта дворяндар, Россияның байырғы ескі қалпын сүюшілер қауымынан шыққандығын, солардың жырын жырлағанын оның мына сөзінен анық байқауға болады.

            «Қазір дворяндарда сукно заводтары сән болып бара жатыр, бірақ Францияны көріп келген өте білгіштердің айтуына қарағанда, Лиондағы жібек тоқымалары да пайданы жерден гөрі кем келтіреді. Ал Россия бәрінен де бұрын жер кәсібіне зер салуы керек. Өйткені байтақ даласы мол, ол даланың кей жерінде жиі болғанмен, көпшілік жерінде жайлаған халқы аз. Заводтар жері аз, шаруасы көп жерде ғана пайдалы» дейді.

            Ал Ломоносов:

Кезінде сал асқар тау,

Құлазып жатқан далаға.

Днепр, Обь, Ақеділ,

Ағады өзен салаға;

Оларда сансыз байлық бар,

Ғылыммен ертең ашылар, -

деп отанының ен байлығының ғылым арқылы ашылып, тез кәдеге асуын, өндіріс күшінің молайып, үдеуін көкседі.

            Поэзияның теориясын жасау жөнінде де Ломоносов көп еңбек сіңірді. Бұрыннан орыс тіліне әрі ауыр, әрі әуезділігі кем саналатын буын негізінде құрылған силлиболық өлең құрылысын Ломоносовтың алдын ала Тредьяковский ақын өзгерткен болатын. Бірақ оның кіргізген өзгерісі мен жаңалықтары тек қана бастама есебінде, шәкірттің шимайы сияқты еді. Жаңа құрылыспен жазған оның өлеңдерінің бұрынғыдан айырмасы аз, тіпті жоқтың қасы болатын. Тредьяковскийдің тоникалық жүйеде жазған бірінші өлеңін Ломоносовтың кезектесіп келетін екпінді буын мен екпінсіз буынның негізіне құрылған, тоника өлшеуімен жазылған өлеңімен салыстырсаңыз, айырмасы анық байқалады. Бұл Ломоносовтың орыс поэзиясындағы салған тарихи жаңа жолы болды.

            Бұл жолды кейінірек Державин1, онан соң ұлы ақын Пушин әрі кеңейтіп, әрі мәңгі өшпейтін етіп бекітті. Бұл жаңа ырғақ, жаңа өлшем, көркем тіл мен терең мазмұнды көңілге құйып, сезімді оятатын жаңа поэзияның бастамасы болатын. Бұл бірінші орыс ақынының өлеңі еді.

            Ломоносовтың 1739 жылы Марбургтен жазған хаты, 1755 жылы «Өлең шығарушылар жөніндегі пікір» атты еңбегі және «Шешендік сөзге қысқаша жетекші» деген әдебиет мәселелері жөніндегі жазған еңбегі теориялық құнды еңбектер еді. Бұл келешекте әдебиеттің теориясын жасап, оны ғылым жолына салып зерттеп, өсу жолдарын сызуға ұлы бастама болды.

            Ломоносов поэзиясының әлеуметтік, ғылымдық және тәрбиелік мәні. Петрге дейінгі тартыс, оның өзінің күресі шашылыңқы Россияның басын мықтап қосып, ірі ұлт мемлекетін құру, батыстың үлгісін толық алу еді. Ал бұл дамудың негізгі арнасы үш ғасыр бойы Россияда әлеуметтік пікір конституциялы монархия құру төңірегінде айналсоқтай берді дейтін Ленин пікіріне дәл келетін еді. Тарихи дамудың осы сияқты ұлы бағыты ірі білімпаздардың, қоғам қайраткерлерінің, жазушы, суретші, музыкашылардың игілі шығармаларынан, әлеуметтік күресінен, өмір бейнесінен толық көрініп отырады. Жоғарыда айтып өткен ғылыми, әлеуметтік ағарту жұмыстарында Ломоносовтың қоғамдық көзқарастары айқын болып отырса, оның әдебиеттегі жасаған еңбектерінде, өзінің поэзиясында бұл ағым өте күшті байқалады.

 1Державин Г.Р. (1743-1816) - Ломоносов пен Пушкиннің екі аралығындағы орыстың ең ірі, ең атақты ақыны.

Бұл сурет келбеті ғой дана ердің,

Ел үшін еңіреген кемеңгердің;

Еліне әрі басшы, әрі қосшы,

Іс етті қамқоры боп туған елдің.

Халықтың пайдасы үшін заң шығарып,

Көрсетті адамдықтың үлгі өнерін, -

деп ол ұлы Петрдің іс жүзінде Ресейді шаруашылық, мәдениет жағынан ілгерілеткенін жырлап, оның келбетін мадақтаса, оның мемлекетін нығайтуын, елге қамқор болуын көрсетумен бірге, «Халықтың пайдасы үшін заң шығарды» деп, екінші бір үлкен мәселені көрсетеді. Бұл әрине, әлдеқалай сөз емес, Ломоносовтың батыс елдеріндегі қоғам құрылысында тапқан жетістіктерін тексеріп, оны өзінше талдап шешіп, Россия жағдайында қолданудың керектігінен туған тілек еді.

            Ұлт мемлекеті бекіп, ғылым, мәдениет, шаруашылық істері жолға қойыла бастаған Россияда мемлекет құрылысы да тәртіпті болуы керек, алдыңғы қатарға ұмтылған Россияда, әсіресе анау қалың шаруалардың басында билік болмай, қожаларының құлы болып отыруы қырағы білімпазға жарамсыз. Заңсыз, әділетсіз қоғам құрылысының түрі оның ішін удай ашытатын нәрсе еді. Сондықтан да ол әуелі үлкен үміт, үлкен демократтықтың сағымын елестеткен, бірақ соңынан ескі әнге басқан Екінші Екатеринаның таққа мінер қарсаңында, 1762 жылы жазған бір өлеңінде халық тағдырын бір қолымен ұстаушы патшаларға бағыштап ақын былай деді:

Әміршісі жерімнің,

Билеушісі елімнің,

Заңды бұзсаң жаңылдың,

Желігіне еріп көңілдің.

Қорлама баққан еліңді,

Түзе, болса кемісі,

Оқу, рахым, еңбекпен

Ек, елің жемісті:

Әділдікке мырза боп,

Жеңілдік берсең халқыңа,

Жарылқар тәңірі үйіңді,

Қосылар даңқ, даңқыңа.

Мұндағы «заңды бұзсаң жаңылдың» дегенінде үлкен мән бар. Ломоносовша, «әмірші», «билеушіден» жоғары бір зат бар, ол - заң. Оның «әділдікке мырза боп, жеңілдік берсең халқыңа...» дегені сол әлеумет тұрмысындағы әділеттіктің тілегі, халыққа жеңілдік әперу мақсаты. Әрине, Ломоносов өзінен жарты ғасыр кейін Радищев А.Н. (1749-1802) - ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы орыс жазушысы, демократ-революционер қойған тілекті, болмаса 100 жыл кейін жақсылықты жоғарыдан күтпей, төменнен, халықтың өз күшімен жасауды үгіттеген Добролюбов пен Чернышевскийдің ұлы ісін істей алмады; олардың революцияшыл жолын жасауға Ломоносов заманында тарихи жағдай да жоқ еді, оны ұлы ғалымнан талап ету орынсыз да болар еді. Сондықтан ол қалың көпшіліктің мүддесін қорғауға әміршілердің өзін шақырды, оларға сонау өткен, «елдің басшысы да, қосшысы да болған» ұлы Петр сияқты болыңдар деп нұсқады, соның жолын өркендете берсеңдер, әділдік те, бақыттылық та болады деді. «Еліңді қорлама!» деп, бұйрықты тілек етті. Мұндай мақсаттар қою ол кездегі қоғам даму сатысындағы жағдайлармен санасқанда, ұлы прогрестік тілектер және батыл нұсқаулар еді.

            Ломоносовтың поэзиясындағы басты ағым, оның әлеуметтік мазмұнының ең күрделісі осы Петр бастаған шаруашылық, мәдени, ағарту ісіндегі табыстарды үдету, әлеумет өмірінде әділдік, демократтық орнату болды. Оның ескіге қарсы күресі, ғылымға үгіттеген пікірлері, жер байлығын толық пайдалану жолындағы жол сілтеулерінің бәрі де жоғарғы айтылған негізгі арнаға құяды. Оның «Сақал туралы гимн» деген өлеңінің сырт көрінісі бүркеліп айтылса да, арғы төрі шіркеу мен дінге қарсылығын сол кездің өзінде-ақ діншіл қауымдар жақсы ұққан еді.

            Ағарту, ғылым жұмысының бас жауы, ескінің тірегі болған шіркеу мен дінге және оның қолдаушыларына көркем сөзді құрал етіп шанышқан найзасы еді. Оның:

Ғылым - жастың қорегі,

Ғылым - қарттың тірегі;

Бақытты күнде көрігің,

Бақытсыз кезде серігің,

Ғылымның даусыз керегі, -

дегендегі ғылымның маңызын, оның адамға, адам өміріне әрі керек, әрі серік екенін түсіндіруі де сол жоғарғы айтылған негізгі тілектердің тарауы еді.

Тулаған толқын кең дала,

Меңіреу тоғай айнала,

Кез, арала жер шарын;

Солтүстік суық мұзын көр,

Шыңына таулар шығып көр,

Ұшып біл, жаһан аспаннан.

Зертте,

Бәрін қалдырма,

Ашылмай жатыр талайлар,

Жер жүзі әлі білмеген

Табиғатта талай бар, -

деп табиғатты түгел танып, оның көріп-білмеген ен байлығын иеленіп, керегіңе жарат дегені де сол әлеумет құрылысының жетілуіне, соны ілгерілетуге арналған болатын. Мұнан басқа да мысалға келтіргендей, оның әрі сұлу, әрі мазмұнды өлеңдері көп. Ол өлеңдерінде ақын табиғаттың әртүрлі құбылыстарын түсіндіруге тырысады, күннің күшін, нажағайды, солтүстіктегі болатын ғажайып жарқылдарды, электр күшін, тағы басқа да ол күнде халық тегіс біліп болмаған табиғат құбылыстарын баяндайды, оны өмірге бағындыру жолдарын айтады. Әсіресе «Шыңның пайдасы» дейтін поэмасында ол көп нәрселердің бетін ашып, олардың өмірге өте қажеттігін көрсетпек болды.

            Ломоносов поэзияда, искусствода өзінің ғылымдығын, ғылымда өзінің ақындығын көрсетті. Оның химия, физика, философия жөніндегі және онан басқа да ғылыми еңбектерін алсақ, ой тербеткендей әдемі, ақындық қаламының жемісі екендігін, өлеңдерін оқығанда, ғылым иесінің сөзі екендігін анық көреміз. Бұл оның әр алуан талантының бірі мен бірі байланысып өріліп жатқанын және бәрі жиылып, ұлы арнаға құйған өзендер тәрізді отан мүддесі деген негізі бір үлкен идеяға тоғысқандығын көрсетеді. Ломоносовты біз сегіз қырлы, данышпандық жағынан алып қарасақ, дүниежүзіндегі даңқты адамдардың сапынан орын алатындығы сөзсіз. Өз заманы мен өз жағдайының көлемінде алып, өзінің әржақтылық қабілеті жағынан салыстырғанда, оның Леонардо да Винчи, болмаса Гете сияқты адамдармен барабар екендігі талассыз. Оның ең бірінші ерекшелігі: қандай мәселе болса да, терең алып, әріден қозғайды, кеңінен толғап, ғылыми көзқарастардың ең алдыңғы қатардағы тұрғысынан қарап, соған тірей сөйлейді.

Әдеби әлем

Бөлісу: