І БӨЛІМ

18 Қараша 2013, 05:07

Қой қораланар кезде абыр-сабыр  басылды. Үш күннен бері жанымыздан шықпаған  ет жақын-ау деген жандар да  бәсең қоштасып, шығып-шығып кетісіп жатты.             Шаршап жүрген қарындастарым әп-сәтте ұйықтап кетті. Солардың  қасына  қисайып, қанша  көзімді  жұмсам да  қане ұйқы келсеші. Күні кеше ғана тірі  жүрген  шешемнің бейнесі көз алдымнан кетпейді.  Есіме қай-қайдағы жайлар түсіп, кемірген ойлар қамалап,  жүрегімді өкініш тырналайды. Қайран әзиз анам, неге ерте үзілдің? Мына соңыңда қалған жетімектерің қалай күн көреді? Әне ауызғы үйде уһілеп, төсегін  сықырлатып  әкем де  ояу жатыр. Енді көрер күніміз не болады?..             Кірпігім жасқа шыланып, үнімді  қанша  шығармауға  тырыссам да болмады,  булығып, қыстыға  өксіп-өксіп  жыладым кеп.  Үш күн бойы дауыс сап, жоқтап келгендерге  қосыла  қайысқанымда  көз жасым  суалған болар, тостағым  босаған болар-ау деген едім... Жоқ, әлі ағыл-тегіл, ебіл-себіл... Жан  ана сенің  даусыңды  сағынып, жүрек елжіретер  мейіріміңді аңсап, мына қарындастарым да, анау соғыс мүгедегі әкем де  оңашада  әлі тала-талай  көз жастарын сығып алар... Қайран, шешем-ай, бұ фәниден  не жақсылық  көрдің  десеңші,  бәрімізді өсіремін, жеткіземін деп жүруші ең, міне, өзіңнен айырылып қалдық-ау...             Әкем арқамнан  қағып  жатыр.             -Саған  не болды, жаным?.. Сен үлкен жігіт емеспісің?.. Қойшы-қойшы қарағым...             Өзінің даусы да қарлығып, жылап жіберуге шақ-шақ тұр. Аттың о жағына бір, бұ жағына бір түсіп, шайқалып жүретін сері сиыршы, міне, үш-ақ күнде  мүлде бүкшиіп, мүсәпір болып,  енді не істерін білмей дал. Ауызғы  үйге шам  жағып, әкем пешке  шай қойды. Мен түрегеп жас айғыздаған  бет-аузымды жудым. Әкемнің де, менің де  көзіміздің  айналасы  қызарған, ісіңкі.             Дөңгелек  кішкентай  үстелдің  жанында  шошайып  екеуара  шай ішкен болдық. Түк батпайды, тек әйтеуір  мына  жабайы қараңғы  түнде  жалғыз қалып  жабырқаудан  қашып,  азапты  ойлардан  құтылуға  ермек  іздеген  тірлігіміз  бұл. Әкем жалпы  әңгімеге шорқақ. Тіпті  өз өмірі  жөнінде айтуға  сараң. Төбесінен тоқ еткізіп айтып қалады да, қарап  отырады. Әкем жөнінде бар  білетінім: әке-шешесі  қабат өлген  соң  жетім қалып, балалар үйінде  болған,  соғысқа қатысқан...Ал, шешем әңгімені  майын  тамызып  айтатын, ертегі, аңызды да көп білетін-ді. Сол түнгі әңгіме  әлі  жадымда: әкемнің  салыңқы  қабағы, көзі  шүңірейіп, ұрты  суалып қалғаны, қайратты  бурыл  шашы  түп-түгел ағарғаны, кәдімгідей  жөні түзік сөз бастағаны  бәрі-бәрі есімде. Дөңгелек үстел жанында дірілдеген  қолымен  шай құйып беріп  отырып, ол өзінің  тұңғыш ұлына беймәлім болып келген  ғұмыры,  ондағы  талай-талай  қилы  кезеңдері  туралы бәрін ақтарып  салды. Оған дейін де, одан кейін де  әкем дәл сол түндегідей  шешіліп, әңгімешіл  болған емес-ті. Есімде  қаймағы бұзылмай сақталған, сары таңға  дейін айтылған  сол әңгіменің  бір бөлігі  еді бұл.  Әдеби әлем

Қой қораланар кезде абыр-сабыр  басылды. Үш күннен бері жанымыздан шықпаған  ет жақын-ау деген жандар да  бәсең қоштасып, шығып-шығып кетісіп жатты.

            Шаршап жүрген қарындастарым әп-сәтте ұйықтап кетті. Солардың  қасына  қисайып, қанша  көзімді  жұмсам да  қане ұйқы келсеші. Күні кеше ғана тірі  жүрген  шешемнің бейнесі көз алдымнан кетпейді.  Есіме қай-қайдағы жайлар түсіп, кемірген ойлар қамалап,  жүрегімді өкініш тырналайды. Қайран әзиз анам, неге ерте үзілдің? Мына соңыңда қалған жетімектерің қалай күн көреді? Әне ауызғы үйде уһілеп, төсегін  сықырлатып  әкем де  ояу жатыр. Енді көрер күніміз не болады?..

            Кірпігім жасқа шыланып, үнімді  қанша  шығармауға  тырыссам да болмады,  булығып, қыстыға  өксіп-өксіп  жыладым кеп.  Үш күн бойы дауыс сап, жоқтап келгендерге  қосыла  қайысқанымда  көз жасым  суалған болар, тостағым  босаған болар-ау деген едім... Жоқ, әлі ағыл-тегіл, ебіл-себіл... Жан  ана сенің  даусыңды  сағынып, жүрек елжіретер  мейіріміңді аңсап, мына қарындастарым да, анау соғыс мүгедегі әкем де  оңашада  әлі тала-талай  көз жастарын сығып алар... Қайран, шешем-ай, бұ фәниден  не жақсылық  көрдің  десеңші,  бәрімізді өсіремін, жеткіземін деп жүруші ең, міне, өзіңнен айырылып қалдық-ау...

            Әкем арқамнан  қағып  жатыр.

            -Саған  не болды, жаным?.. Сен үлкен жігіт емеспісің?..

Қойшы-қойшы қарағым...

            Өзінің даусы да қарлығып, жылап жіберуге шақ-шақ тұр. Аттың о жағына бір, бұ жағына бір түсіп, шайқалып жүретін сері сиыршы, міне, үш-ақ күнде  мүлде бүкшиіп, мүсәпір болып,  енді не істерін білмей дал. Ауызғы  үйге шам  жағып, әкем пешке  шай қойды. Мен түрегеп жас айғыздаған  бет-аузымды жудым. Әкемнің де, менің де  көзіміздің  айналасы  қызарған, ісіңкі.

            Дөңгелек  кішкентай  үстелдің  жанында  шошайып  екеуара  шай ішкен болдық. Түк батпайды, тек әйтеуір  мына  жабайы қараңғы  түнде  жалғыз қалып  жабырқаудан  қашып,  азапты  ойлардан  құтылуға  ермек  іздеген  тірлігіміз  бұл. Әкем жалпы  әңгімеге шорқақ. Тіпті  өз өмірі  жөнінде айтуға  сараң. Төбесінен тоқ еткізіп айтып қалады да, қарап  отырады. Әкем жөнінде бар  білетінім: әке-шешесі  қабат өлген  соң  жетім қалып, балалар үйінде  болған,  соғысқа қатысқан...Ал, шешем әңгімені  майын  тамызып  айтатын, ертегі, аңызды да көп білетін-ді.

Сол түнгі әңгіме  әлі  жадымда: әкемнің  салыңқы  қабағы, көзі  шүңірейіп, ұрты  суалып қалғаны, қайратты  бурыл  шашы  түп-түгел ағарғаны, кәдімгідей  жөні түзік сөз бастағаны  бәрі-бәрі есімде. Дөңгелек үстел жанында дірілдеген  қолымен  шай құйып беріп  отырып, ол өзінің  тұңғыш ұлына беймәлім болып келген  ғұмыры,  ондағы  талай-талай  қилы  кезеңдері  туралы бәрін ақтарып  салды. Оған дейін де, одан кейін де  әкем дәл сол түндегідей  шешіліп, әңгімешіл  болған емес-ті. Есімде  қаймағы бұзылмай сақталған, сары таңға  дейін айтылған  сол әңгіменің  бір бөлігі  еді бұл.

 Әдеби әлем

Бөлісу: