IV БӨЛІМ

18 Қараша 2013, 04:57

Таң бозарып атып келеді. Айымкүлдің  қолтығынан  имене  ұстап, «Не айтсам  екен, не деуім керек»- деген ой шырмауында  келемін. Батылдау  болам  ба  деп  ішкен  манағы  шараптың  күші  қайда  кеткенін  қайдам. Міне, Шәріптің  көк  қақпасының  жанына  да келіп  жеттік.  Мұндайда  бір  минутты  босқа  жіберуге  болмайды. «Сорлы  Сейділ, тіл қат ең болмаса». Айымкүл, осы  ағай  қалай жақын саған?  Шәріп ағаның әйелі біздің жақын туыс әкпеміз Сен келесі жылы халық театры атағын алғанға дейін боласың ғой? Оны  көрерміз. Сейділ. Биыл оқуға барамын. Егер  түсе алмасам, мүмкін  ауылыма кетермін. Қай оқуға бармақшысың? Консерваторияға. Музыка  училищесін бітірдім ғой. Саған  да оқу керек, Сейділ. Сырттай  оқуға  бармайсың ба? Қой әне,  елдер  де келеді ұят болар. Жақсы,- деп  қолын  ұсынды. Мен бас салып құшып: Мен сені сүйем ғой, Айымкүл. Алғашқы көргеннен -ақ  саған ғашықпын. Шын махаббат бар жерде  адам сүйгенін сағынады екен. Ерекше құмарлықпен аңсап,  ой арманы да соның төңірегіне жүреді. Сенсің ғой, бақытым...             Бұл менің қиялымдағы ғана сөздер. Көшеден  өріске малдарын қосқалы бара жатқандар  қараң-құраң көріне бастады. Айымкүл қолын бір бұлғады да, өзіне ғана жарасымды  жүрісімен  қақпа  ішіне  кіріп  көрінбей кетті.                                                                                     ***             Сарыала  күз. Ағаштардан  алтын  теңгелердей  жалба-жұлба жапырақтар  домалай  түсіп жатыр. Қала  көшесі  әдеттегідей  ерсілі-қарсылы  ағылған  машинаға толы.             Көңілім  бүгін  көтеріңкі, шат. Жүрегімді  тербеген  қуанышымды  жасыра алмай,  өз өзімнен  еріксіз жымиып қоямын.  Сыртай  оқуға түскен бетім. Бұған да  сонау  бір  таңдағы  Айымкүлдің  сөзі қамшы  болды ғой деймін. Жақсы-ақ дайындалған  едім,  конкурстан  әрең өттім. Ендігі  бет  алысым - консерватория - Айымкүл. Ол менің оқуға келгенімді білмейді. Түскенімді бір-ақ естіртіп, таңқалдырмақпын. Көрмегелі  айға жуық  уақыт болып қалған. Айымкүл болса, жазда оқуға кеткен. Содан  түсіпті  дегенді   естігенбіз. Іздеп  келуге  колхоздың  сан салалы  жұмысынан босамадық. Көктемгі егіс,  орақ, сүдігер.             Міне,  еңселі, биік қызыл үй. Ішінен әр түрлі  музыка  аспаптарының  әуезі  сыртқа төгіліп тұр. Есік алдында топ-топ  болып жүрген қыз- жігіттер. Бос тұрған  орындықтың  біріне  келіп отырдым да, Айымкүлді көзбен іздей бастадым.             - Сейділдә! - деген дауысқа  қарасам, бір шетте  Айымкүл  тұр таңдана. Жымия  күліп,  амандасты. Қолында  бүйірі  шыққан портфель. Ә, дегенде  не дерімді білмей  тілімді  жұтып  қойғандай  тұрып қалыппын.             - Иә, Сейділ, қайдан жүрсің?             - Құттықтаймын!             - Өзіңді де,- деп  оның оқуға түскені жаңа есіме түсті.  Қыздың сүйкімді қолы уысымда тыпыршып қалды.             - Айымка, жүр тамақтанып  келмейміз бе?             Ұзын бойлы, жағасыз пиджак киген, мойылдай  қара  шашты жігіт  келіп  Айымкүлдің қолтығынан ұстады.             - А-а, қазір, қазір міне,  мынау Сейділда. Мен жұмыс  істеген  колхоздан. Нағыз артист болып келе жатыр еді, - деп мені  таныстырып жатыр.             - Сәдуақас,- деп жігіт қолын ұсынды. Атымды айттым.             - Училищеде бірге оқығанбыз. Сәдуақас оқуға былтыр түскен. Ал, Сейіл біз асығыспыз. Қазір сабаққа баруымыз керек. Оған дейін тамақтанып алайық,- деді екеуі қолтықтаса басып,  бұрылып кетті. Әлде нені күбірлей сөйлеп, ұзап барады. Мең-зең  тұрып қалдым.             Аптыққан көңілім  әп-сәтте  аударылып  түсіп,  ыза мен ашуға ауысты. Үнемі спектакльде жақсы ойнасам, жеткен жетістігіме, шыққан  биігіме қуанатын  Айымкүлді  бүгін  тағы  қуантайын  деп келдім-ау.             Келген  ізіммен қайтып барамын.             ... Олардың үйленгенін кейін естідім. Сапаштар  барып  келген тойларына.             ...Арманымның ақ құсы,             Жалғыз сен деп білемін,- деп  Айымкүл  телевизордан  менің  айта алмаған  сырымды  өзі айтып жатыр.             Тұрып терезе алдына бардым. Манадан  бері  төпей  жауған  жаздың  нөсері  басылыпты. Терезе көздері  егіле жылап тұр. Бір сәт  аспан  төріне  айшықты  кемпірқосақ  орнады да,  тұнған сәуле  тамшылар  мың  түрге  бөленіп, құбылып  жүре берді...  Ән әуезі тербеліп  тұр.  Иә, сол бір жыл  есімде  мәңгі  қалып қойыпты.             1976. Әдеби әлем

Таң бозарып атып келеді. Айымкүлдің  қолтығынан  имене  ұстап, «Не айтсам  екен, не деуім керек»- деген ой шырмауында  келемін. Батылдау  болам  ба  деп  ішкен  манағы  шараптың  күші  қайда  кеткенін  қайдам. Міне, Шәріптің  көк  қақпасының  жанына  да келіп  жеттік.  Мұндайда  бір  минутты  босқа  жіберуге  болмайды. «Сорлы  Сейділ, тіл қат ең болмаса».

Айымкүл, осы  ағай  қалай жақын саған?

 Шәріп ағаның әйелі біздің жақын туыс әкпеміз

Сен келесі жылы халық театры атағын алғанға дейін боласың ғой?

Оны  көрерміз. Сейділ. Биыл оқуға барамын. Егер  түсе алмасам, мүмкін  ауылыма кетермін.

Қай оқуға бармақшысың?

Консерваторияға. Музыка  училищесін бітірдім ғой. Саған  да оқу керек, Сейділ. Сырттай  оқуға  бармайсың ба? Қой әне,  елдер  де келеді ұят болар. Жақсы,- деп  қолын  ұсынды. Мен бас салып құшып:

Мен сені сүйем ғой, Айымкүл. Алғашқы көргеннен -ақ  саған ғашықпын. Шын махаббат бар жерде  адам сүйгенін сағынады екен. Ерекше құмарлықпен аңсап,  ой арманы да соның төңірегіне жүреді. Сенсің ғой, бақытым...

            Бұл менің қиялымдағы ғана сөздер. Көшеден  өріске малдарын қосқалы бара жатқандар  қараң-құраң көріне бастады. Айымкүл қолын бір бұлғады да, өзіне ғана жарасымды  жүрісімен  қақпа  ішіне  кіріп  көрінбей кетті.

 

                                                                                  ***

            Сарыала  күз. Ағаштардан  алтын  теңгелердей  жалба-жұлба жапырақтар  домалай  түсіп жатыр. Қала  көшесі  әдеттегідей  ерсілі-қарсылы  ағылған  машинаға толы.

            Көңілім  бүгін  көтеріңкі, шат. Жүрегімді  тербеген  қуанышымды  жасыра алмай,  өз өзімнен  еріксіз жымиып қоямын.  Сыртай  оқуға түскен бетім. Бұған да  сонау  бір  таңдағы  Айымкүлдің  сөзі қамшы  болды ғой деймін. Жақсы-ақ дайындалған  едім,  конкурстан  әрең өттім. Ендігі  бет  алысым - консерватория - Айымкүл. Ол менің оқуға келгенімді білмейді. Түскенімді бір-ақ естіртіп, таңқалдырмақпын. Көрмегелі  айға жуық  уақыт болып қалған. Айымкүл болса, жазда оқуға кеткен. Содан  түсіпті  дегенді   естігенбіз. Іздеп  келуге  колхоздың  сан салалы  жұмысынан босамадық. Көктемгі егіс,  орақ, сүдігер.

            Міне,  еңселі, биік қызыл үй. Ішінен әр түрлі  музыка  аспаптарының  әуезі  сыртқа төгіліп тұр. Есік алдында топ-топ  болып жүрген қыз- жігіттер. Бос тұрған  орындықтың  біріне  келіп отырдым да, Айымкүлді көзбен іздей бастадым.

            - Сейділдә! - деген дауысқа  қарасам, бір шетте  Айымкүл  тұр таңдана. Жымия  күліп,  амандасты. Қолында  бүйірі  шыққан портфель. Ә, дегенде  не дерімді білмей  тілімді  жұтып  қойғандай  тұрып қалыппын.

            - Иә, Сейділ, қайдан жүрсің?

            - Құттықтаймын!

            - Өзіңді де,- деп  оның оқуға түскені жаңа есіме түсті.  Қыздың сүйкімді қолы уысымда тыпыршып қалды.

            - Айымка, жүр тамақтанып  келмейміз бе?

            Ұзын бойлы, жағасыз пиджак киген, мойылдай  қара  шашты жігіт  келіп  Айымкүлдің қолтығынан ұстады.

            - А-а, қазір, қазір міне,  мынау Сейділда. Мен жұмыс  істеген  колхоздан. Нағыз артист болып келе жатыр еді, - деп мені  таныстырып жатыр.

            - Сәдуақас,- деп жігіт қолын ұсынды. Атымды айттым.

            - Училищеде бірге оқығанбыз. Сәдуақас оқуға былтыр түскен. Ал, Сейіл біз асығыспыз. Қазір сабаққа баруымыз керек. Оған дейін тамақтанып алайық,- деді екеуі қолтықтаса басып,  бұрылып кетті. Әлде нені күбірлей сөйлеп, ұзап барады. Мең-зең  тұрып қалдым.

            Аптыққан көңілім  әп-сәтте  аударылып  түсіп,  ыза мен ашуға ауысты. Үнемі спектакльде жақсы ойнасам, жеткен жетістігіме, шыққан  биігіме қуанатын  Айымкүлді  бүгін  тағы  қуантайын  деп келдім-ау.

            Келген  ізіммен қайтып барамын.

            ... Олардың үйленгенін кейін естідім. Сапаштар  барып  келген тойларына.

            ...Арманымның ақ құсы,

            Жалғыз сен деп білемін,- деп  Айымкүл  телевизордан  менің  айта алмаған  сырымды  өзі айтып жатыр.

            Тұрып терезе алдына бардым. Манадан  бері  төпей  жауған  жаздың  нөсері  басылыпты. Терезе көздері  егіле жылап тұр. Бір сәт  аспан  төріне  айшықты  кемпірқосақ  орнады да,  тұнған сәуле  тамшылар  мың  түрге  бөленіп, құбылып  жүре берді...

 Ән әуезі тербеліп  тұр.

 Иә, сол бір жыл  есімде  мәңгі  қалып қойыпты.

            1976.

Әдеби әлем

Бөлісу: