Дмитрий Шомко

18 Қараша 2013, 04:57

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ертіс» командасының солқапталдағы ең белсенді футболшысы, әрі еліміздегі талантты жас ойыншылардың бірі – Дмитрий Шомко. Дмитрий Шомко  1990 жылы, 19 наурызда Павлодар облысы, Екібастұзқаласында дүниеге келген. Екібастұз кезінде еліміздегі футболы дамығанқалалардың бірі болған. Қаланың басты командасы «Батыр» екі рет күміс жүлдені еншілегені тарих бетінде жазылып тұр. Осы клубтың басты жұлдыздары Николай Курганский, Руслан Гумар 90-шы жылдары жасындай жарқылдап, еліміздегі ең танымал футболшылардың алдынғы легінде жүрді. Осындай шеберлердің ойынын көріп өскен Дима да өзініңөмірін футболмен байланыстыруға шешім қабылдайды. Алғашқы бапкері Евгений Скоробогатскийден үйренгі көп болды. Екібастұз қаласыныңатақты футболшыларының көбі бала кезден осы маманнан тәлім алған. Биылғы «Ертістің» ең үздік сұрмергені атанған Қуаныш Бегалинде Скоробогатскийден тәлім алған. Жас баланың жақсы футболшы болуы оның бапкеріне де байланысты екені белгілі. Бұл жағынан Диманың жолы болды десек болады. Шомко ерте танылған ойыншы. Он бес жасында жергілікті «Батырдың» сапына алынды. Атауы бірнеше  рет ауысқан команда сапында ол төрт жыл доп тепті. Осы жылдар аралығындақаншама тәжірибе жинақтады. Сол кезде негізгі құрамда Евгений Лунев,Азамат Әубәкіров, Сергей Иванов, Виталий Ушаков бастаған танымал футболшылар өнер көрсетті. 2009 жылы Павлодар облысының бірінші командасы, бес дүркін ел чемпионы «Ертістің» жейдесін киді. Ол кезде команданың бас бапкері Ойрат Садуов еді. Жергілікті маман болған соң, еліміздегі таланттарды жастарды жинай бастады. Садуовтың сеніміне ие болған Шомко Кереку командасының негізгі құрамына іліге бастайды. Қазақстан чемпионатында 21 жасқа толмаған бір жас футболшы негізгі құрамда өнер көрсету керек деген ереже бар. Міне сол қағидаға Диманың жас ерекшілігі мен шеберлігі дәл келді.  Кейіннен келген Леонид Назаренко, Талғат Байсуфинов болсын жас талантты өз тізімдерінен сызып тастай алған жоқ. Қайта жаңадан келген бапкерлерге өзінің шеберлігін дәлелдей білді. Команда тізгінін Талғат Маруанұлы  ұстаған 2010 жылы Дима өзініңалғашқы жүлдесіне қол жеткізді. «Тобыл» мен «Ақтөбеден» кейін Павлодар клуб ел біріншілігін үшін орынмен аяқтайды. Содан кейін оғанқызыққан клубтар көп болды. Осылардың арасында алғаш болып елордалық «Локоматив» жас футболшыны жалға алады. Астанада олҚазақстан суперкубогында жеңіске жетті. Бұл жерде де «лимитчиктің» міндетін атқарды. Жалпы бас шаһарда 11 ойын өткізді. Жалға алынған уақыты аяқталған соң, Керекуге қайта оралды. Талғат Байсуфинов жасақтаған «Ертіс» өзінің мықтылығын 2012 жылы дәлелдей алды. Ел біріншілігінде талай команданы үш ұпайдан айырған пентекампеондар «Шахтермен» мәреге үзеңгі қағыстырып келді. Тек соңғы сәтте аздаған қателіктердің салдарынан чемпионатты күміс жүлдемен аяқтады. Сондай-ақ, Қазақстан кубогының финалы да «Ертістің» қатысуымен өтті. Жартылай финалда «Ақтөбенің» қақпасына жауапсыз бес доп соққан Байсуфинов шәкірттері финалда «Астанаға» есе жіберді. Осылайша маусымды қос күміспен аяқтады. Биылғы маусым Дима үшін өте сәтті өрбіді. Алдымен еурокубокта жасындай жарқырады. Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Боснияның «Широки Бриег» командасына алғаш болып есеп ашқан ойыншы.  «Ертістің» Еуропа лигасында өткізген төрт матчына дақатысты. Жай ғана қатысып қоймай, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ұлттық құрамада  Ұлттық құрамада алғашқы ойынын 2011 жылы ақпанда Түркияда Беларусьқұрамасына қарсы өткізді. Кездесудің 85-минутында әріптесі Азат Нұрғалиевті алмастырып шықты. Содан кейін біраз уақыт ұлттыққұрамаға шақырылмай жүрді. Ал биыл Мирослав Беранектің сенімінеқайта ие болып, бас командадан өз орнын тапты. Маусымда Болгарияғақарсы кездесуде алғашқы голын соқты. Одан кейін Грузия, Швеция, Фарер аралдарымен өткен матчтың барлығында құрамадағы ең белсенді ойыншылардың бірі болды.  Бразилияда өтетін әлем чемпионатыныңсоңғы іріктеу матчында Ирландияға соққан голын жанкүйерлер ұмытақоймас. Дублинде Шомко сол аяғынан қуатты соққысы Ирландияқақпашысын сан соқтырған болатын. Жалпы ұлттық құрамада осы уақытқа дейін жеті ойын өткізіп, екі гол соққан. Дмитрий Шомко – сол қапталда өнер көрсететін футболшылардыңарасында ең бәсі жоғары ойыншы. Оның сол аяғының пәрменді соққысы, жылдамдығы, физикалық даярлығы барлығы жоғары деңгейде. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2012 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2010 жылы Қазақстан суперкубогының иегері: 2011 жылы Қазақстан кубогының финалисті: 2012 жылы.   Бек Төлеуов, « Sport»  

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ертіс» командасының солқапталдағы ең белсенді футболшысы, әрі еліміздегі талантты жас ойыншылардың бірі – Дмитрий Шомко.

Дмитрий Шомко  1990 жылы, 19 наурызда Павлодар облысы, Екібастұзқаласында дүниеге келген. Екібастұз кезінде еліміздегі футболы дамығанқалалардың бірі болған. Қаланың басты командасы «Батыр» екі рет күміс жүлдені еншілегені тарих бетінде жазылып тұр. Осы клубтың басты жұлдыздары Николай Курганский, Руслан Гумар 90-шы жылдары жасындай жарқылдап, еліміздегі ең танымал футболшылардың алдынғы легінде жүрді. Осындай шеберлердің ойынын көріп өскен Дима да өзініңөмірін футболмен байланыстыруға шешім қабылдайды. Алғашқы бапкері Евгений Скоробогатскийден үйренгі көп болды. Екібастұз қаласыныңатақты футболшыларының көбі бала кезден осы маманнан тәлім алған. Биылғы «Ертістің» ең үздік сұрмергені атанған Қуаныш Бегалинде Скоробогатскийден тәлім алған. Жас баланың жақсы футболшы болуы оның бапкеріне де байланысты екені белгілі. Бұл жағынан Диманың жолы болды десек болады. Шомко ерте танылған ойыншы. Он бес жасында жергілікті «Батырдың» сапына алынды. Атауы бірнеше  рет ауысқан команда сапында ол төрт жыл доп тепті. Осы жылдар аралығындақаншама тәжірибе жинақтады. Сол кезде негізгі құрамда Евгений Лунев,Азамат Әубәкіров, Сергей Иванов, Виталий Ушаков бастаған танымал футболшылар өнер көрсетті.

2009 жылы Павлодар облысының бірінші командасы, бес дүркін ел чемпионы «Ертістің» жейдесін киді. Ол кезде команданың бас бапкері Ойрат Садуов еді. Жергілікті маман болған соң, еліміздегі таланттарды жастарды жинай бастады. Садуовтың сеніміне ие болған Шомко Кереку командасының негізгі құрамына іліге бастайды. Қазақстан чемпионатында 21 жасқа толмаған бір жас футболшы негізгі құрамда өнер көрсету керек деген ереже бар. Міне сол қағидаға Диманың жас ерекшілігі мен шеберлігі дәл келді.  Кейіннен келген Леонид Назаренко, Талғат Байсуфинов болсын жас талантты өз тізімдерінен сызып тастай алған жоқ. Қайта жаңадан келген бапкерлерге өзінің шеберлігін дәлелдей білді.

Команда тізгінін Талғат Маруанұлы  ұстаған 2010 жылы Дима өзініңалғашқы жүлдесіне қол жеткізді. «Тобыл» мен «Ақтөбеден» кейін Павлодар клуб ел біріншілігін үшін орынмен аяқтайды. Содан кейін оғанқызыққан клубтар көп болды. Осылардың арасында алғаш болып елордалық «Локоматив» жас футболшыны жалға алады. Астанада олҚазақстан суперкубогында жеңіске жетті. Бұл жерде де «лимитчиктің» міндетін атқарды. Жалпы бас шаһарда 11 ойын өткізді. Жалға алынған уақыты аяқталған соң, Керекуге қайта оралды.

Талғат Байсуфинов жасақтаған «Ертіс» өзінің мықтылығын 2012 жылы дәлелдей алды. Ел біріншілігінде талай команданы үш ұпайдан айырған пентекампеондар «Шахтермен» мәреге үзеңгі қағыстырып келді. Тек соңғы сәтте аздаған қателіктердің салдарынан чемпионатты күміс жүлдемен аяқтады. Сондай-ақ, Қазақстан кубогының финалы да «Ертістің» қатысуымен өтті. Жартылай финалда «Ақтөбенің» қақпасына жауапсыз бес доп соққан Байсуфинов шәкірттері финалда «Астанаға» есе жіберді. Осылайша маусымды қос күміспен аяқтады.

Биылғы маусым Дима үшін өте сәтті өрбіді. Алдымен еурокубокта жасындай жарқырады. Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Боснияның «Широки Бриег» командасына алғаш болып есеп ашқан ойыншы.  «Ертістің» Еуропа лигасында өткізген төрт матчына дақатысты. Жай ғана қатысып қоймай, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Ұлттық құрамада 

Ұлттық құрамада алғашқы ойынын 2011 жылы ақпанда Түркияда Беларусьқұрамасына қарсы өткізді. Кездесудің 85-минутында әріптесі Азат Нұрғалиевті алмастырып шықты. Содан кейін біраз уақыт ұлттыққұрамаға шақырылмай жүрді. Ал биыл Мирослав Беранектің сенімінеқайта ие болып, бас командадан өз орнын тапты. Маусымда Болгарияғақарсы кездесуде алғашқы голын соқты. Одан кейін Грузия, Швеция, Фарер аралдарымен өткен матчтың барлығында құрамадағы ең белсенді ойыншылардың бірі болды.  Бразилияда өтетін әлем чемпионатыныңсоңғы іріктеу матчында Ирландияға соққан голын жанкүйерлер ұмытақоймас. Дублинде Шомко сол аяғынан қуатты соққысы Ирландияқақпашысын сан соқтырған болатын. Жалпы ұлттық құрамада осы уақытқа дейін жеті ойын өткізіп, екі гол соққан.

Дмитрий Шомко – сол қапталда өнер көрсететін футболшылардыңарасында ең бәсі жоғары ойыншы. Оның сол аяғының пәрменді соққысы, жылдамдығы, физикалық даярлығы барлығы жоғары деңгейде.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2012 жылы

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2010 жылы

Қазақстан суперкубогының иегері: 2011 жылы

Қазақстан кубогының финалисті: 2012 жылы.

 

Бек Төлеуов, « Sport»

 

Бөлісу: