ІІІ БӨЛІМ

18 Қараша 2013, 04:56

Мамыр айының  тамылжыған   мақпал түндерінің бірінде Сапарбай мен Қапыштың үйлену тойы болды. Иә, кәдімгі ұзын сирақ «Дон - Кихот» серейген Сапаштың. Менің титтейімнен бірге өскен досымның. Құрақ ұша дайындалып, жастарға бөлек той жасады. Той үстінде «Бүгін қайтсем де Айымкүлге жасырып жүрген сырымды білдірем» - деген ойдамын. Досымның қуанышына қызмет істеуім керек. Бәріміз қосыла ән шырқасақ, Айымкүлдің таза да мөлдір даусы ерекше қалқып шығады. Шашы жалбырап көзіне түсіп Әбіш отыр, гармонды құлаштай керіп. Топырлай биге шыққанда  Айымкүлге айтам-ау деген көкейімде жүрген жаттанды сөздер  тамағыма тығылады. Бірақ айта алар емеспін. Үндеуден қалдым. Егер оны басқа біреу биге шақырып әкетсе, ешкіммен билеуге зауқым соқпайды. Тойдың шаруашылық жұмыстарымен  айналысып  кетемін. - Таң атып қалыпты ғой,- дейді Айымкүл би ырғағына беріле. Кел, бір ойын ұйымдастырайық. - Жүр онда жас жұбайларға айтайық,- деп іздей бастадық. Оларды жеке бөлмеден таптық. Мойнына  үлкен  галстук  байлап алған Сапашым Қапышты аймалап тұр. Бізді көріп қысылып қалды. Әй, шыдамсыз досым-ай. - О, Сейдеке кел, сен де отыр Айымкүл,- деп төртеумізге деген рюмкаларға көбігі бұрқыраған  шампан толтыра бастады. Ал, менің қымбатты достарым,- бәрімізге жағалай қарап шықты. - Сендерге таусылмас бақыт тілеп,  армандарыңа жете берулеріңе... деп келе жатыр еді.- Біз Сапарбай екеуміз шын жүректен тілектеспіз. Армандарың биік, ал махаббаттарың  мынадан да мөлдір, кіршіксіз болсын, - деп іліп әкетіп, Қапыш бокал алды. Әй,  осылар-ақ бір нәрсені ұшықтырады да жүреді. - Ойын ұйымдастырайық деп едік, - деп, Айымкүл жас жұбайлар жаққа қарады. - Екеуіңе бердік бар билікті. Бастаңдар, - деді Сапаш көзін маған қысып қойып. Онысын  қыздар да байқап тұр. - Әй, бүлдірерсің-ау бүйтіп жүріп, «Көрші-көрші» ойыны  басталды. Әбіш отыр Айымкүлдің жанында. Екеуі  әлденеге  мәз болып жарқын-жарқын күледі. Мен қасыма  Қарлығашты  шақырғам. Именбей  үшінші  белгісін де көрсеткім келеді. Жас қыздың  жүзі қызарып, кеудесі дүрс-дүрс соғады. Әбіштер отырған  жаққа қарап қоямын. «Қайдан ғана  бұл ойынды ұйымдастырды екенмін». Айымкүл Әбіштің құлағына әлденені сыбырлап жатыр.  Әбішім - кәдімгі  хатшы, күтпеген жерден  Қарлығашты  сұрайды. Жанымдағы  қызға қараймын. Намысқа тырыстым. Қолымды  тызылдата  соққылаған  тоғыз ыстық  дүреге  де төтеп  бердім. Басқарушы  тағы да   айналып  қолындағы  ширатылған  орамалын  иіріп Айымкүлден: - Кімнің көршісі керек?-дейді - Депутат жігітті... Мені айтып  отыр. Биылғы сайлауда  ауылдық кеңеске  депутат сайланғам. Қарлығаш болса мен қимас көзбен  ұзатып сала берді.  Айымкүлдің  тізесінің  жанына келіп жайғастым. Ол менің құлағыма сыбырлап: - Егер мені басқа  біреуге берсең... Жігіт емессің, - дейді  естілер, естілмес. Үнсіз басымды  изедім. Талай-талай  армадаған  қыз қасымда отыр.  Татулық белгісін көрсетіп, қолын иығыма салды. Біреулер көршімді сұрап келіп еді, маңыма  жолатпадым. Ән айт десе қосыла  шырқаймыз. Маған соқпақ болған дүреге  ол да қолын  созып, бөлісіп алмақ  болады. Әбіш болса шынымен  қызып  қалыпты.  Біраз  отырған  соң  гармонына  сүйене ұйықтап  кетті.    Әдеби әлем

Мамыр айының  тамылжыған   мақпал түндерінің бірінде Сапарбай мен Қапыштың үйлену тойы болды. Иә, кәдімгі ұзын сирақ «Дон - Кихот» серейген Сапаштың. Менің титтейімнен бірге өскен досымның. Құрақ ұша дайындалып, жастарға бөлек той жасады.

Той үстінде «Бүгін қайтсем де Айымкүлге жасырып жүрген сырымды білдірем» - деген ойдамын. Досымның қуанышына қызмет істеуім керек. Бәріміз қосыла ән шырқасақ, Айымкүлдің таза да мөлдір даусы ерекше қалқып шығады. Шашы жалбырап көзіне түсіп Әбіш отыр, гармонды құлаштай керіп. Топырлай биге шыққанда  Айымкүлге айтам-ау деген көкейімде жүрген жаттанды сөздер  тамағыма тығылады. Бірақ айта алар емеспін. Үндеуден қалдым. Егер оны басқа біреу биге шақырып әкетсе, ешкіммен билеуге зауқым соқпайды. Тойдың шаруашылық жұмыстарымен  айналысып  кетемін.

- Таң атып қалыпты ғой,- дейді Айымкүл би ырғағына беріле. Кел, бір ойын ұйымдастырайық.

- Жүр онда жас жұбайларға айтайық,- деп іздей бастадық. Оларды жеке бөлмеден таптық. Мойнына  үлкен  галстук  байлап алған Сапашым Қапышты аймалап тұр. Бізді көріп қысылып қалды. Әй, шыдамсыз досым-ай.

- О, Сейдеке кел, сен де отыр Айымкүл,- деп төртеумізге деген рюмкаларға көбігі бұрқыраған  шампан толтыра бастады. Ал, менің қымбатты достарым,- бәрімізге жағалай қарап шықты. - Сендерге таусылмас бақыт тілеп,  армандарыңа жете берулеріңе... деп келе жатыр еді.- Біз Сапарбай екеуміз шын жүректен тілектеспіз. Армандарың биік, ал махаббаттарың  мынадан да мөлдір, кіршіксіз болсын, - деп іліп әкетіп, Қапыш бокал алды. Әй,  осылар-ақ бір нәрсені ұшықтырады да жүреді. - Ойын ұйымдастырайық деп едік, - деп, Айымкүл жас жұбайлар жаққа қарады.

- Екеуіңе бердік бар билікті. Бастаңдар, - деді Сапаш көзін маған қысып қойып. Онысын  қыздар да байқап тұр. - Әй, бүлдірерсің-ау бүйтіп жүріп, «Көрші-көрші» ойыны  басталды. Әбіш отыр Айымкүлдің жанында. Екеуі  әлденеге  мәз болып жарқын-жарқын күледі. Мен қасыма  Қарлығашты  шақырғам. Именбей  үшінші  белгісін де көрсеткім келеді. Жас қыздың  жүзі қызарып, кеудесі дүрс-дүрс соғады. Әбіштер отырған  жаққа қарап қоямын. «Қайдан ғана  бұл ойынды ұйымдастырды екенмін». Айымкүл Әбіштің құлағына әлденені сыбырлап жатыр.  Әбішім - кәдімгі  хатшы, күтпеген жерден  Қарлығашты  сұрайды. Жанымдағы  қызға қараймын. Намысқа тырыстым. Қолымды  тызылдата  соққылаған  тоғыз ыстық  дүреге  де төтеп  бердім. Басқарушы  тағы да   айналып  қолындағы  ширатылған  орамалын  иіріп Айымкүлден:

- Кімнің көршісі керек?-дейді

- Депутат жігітті...

Мені айтып  отыр. Биылғы сайлауда  ауылдық кеңеске  депутат сайланғам. Қарлығаш болса мен қимас көзбен  ұзатып сала берді.  Айымкүлдің  тізесінің  жанына келіп жайғастым. Ол менің құлағыма сыбырлап:

- Егер мені басқа  біреуге берсең... Жігіт емессің, - дейді  естілер, естілмес. Үнсіз басымды  изедім. Талай-талай  армадаған  қыз қасымда отыр.  Татулық белгісін көрсетіп, қолын иығыма салды. Біреулер көршімді сұрап келіп еді, маңыма  жолатпадым. Ән айт десе қосыла  шырқаймыз. Маған соқпақ болған дүреге  ол да қолын  созып, бөлісіп алмақ  болады. Әбіш болса шынымен  қызып  қалыпты.  Біраз  отырған  соң  гармонына  сүйене ұйықтап  кетті.

 

 Әдеби әлем

Бөлісу: