ІІІ БӨЛІМ

18 Қараша 2013, 04:39

Кездесеміз-ау деген  кімнің ойында бар. Мектепті жаңа бітірген  қарындасымның  документтерін университетке тапсырып жатқанмын. Баяғы университет, ығы-жығы, шу-шу еткен жалтаң көз абитуриенттер. Көбісін жетектеген бір-бір адам.  Алғырлық көрсетпесең  жатақханадан құр қаласың.кезекте бізбен қатарлас тұрған келіншек  маған қарай берді. Қарайды да күлімсірейді. Шырамытам, бірақ біздің  ауылда мұндай жан жоқ  сияқты еді... - Бейсенбай, аман ба?  - деп  әлгі қол беріп жатыр. Танымадың-ау деймін. Алпыс сегіздің  абитуриенткасы Нұрпаш ше? Алдымда бәлекей келіншек тұр. Жанары маздап жанған шоқтай нұрлана қалыпты. Балғын денесі  ашаңданып, сүйектеніп кеткендей. Дегенмен сынын бермеген. Жүрегім төмен тартып, шым-шым ете қалды. Бұйырмадың-ау бұл бейне маған. Сол Нұрпаш сияқты  және ол  Нұрпаш сияқты емес. Мынау  баяғы ұяң, жәудіреген біздің қарсыда тұратын қыз.., жо-жоқ бұл самбырлап ашық - жарқын  сөйлеп тұрған басқа, бөтен. Көптен сытылып  бөлек шықтық. Елінде, былтыр  ғана тұрмыс құрыпты. Фатима да үйлі-баранды. Аралда тұрады екен. Мен де төрт баланың әкесі болғанымды айттым. - Әскерде жүргенде хат жазсаң, маған бұйырар едің-ау, деймін. Әзілім сиықсыз шықты. Әзілдегенсіп, ащы шындықты айтып тұрмын. Оның жанары  бастау көзіндей тұнбаланып қалды. Уақыт өз дегенін істейді, жүзіне майда сызаттар жүгіре бастапты. - Бәрі менмендіктен шығар. Студент болғасын өзімізді пір тұтып кетіппіз ғой. Сен болсаң мәңгілік абитуриент сияқты көріндің де тұрдың. Кейін жоғары курсқа барғасын сен іздеп келсеші  деп талай  армандадым. Үйленіп алғанымды  естігенде  іштей мүжіліп өкінгенімді айтпа! Ұмыта алмайды екенсің. Сенің домбыраға емес маған жалықпай қарайтының, соңымнан гүліңді  бере алмай  салпақтай  жүргенің, Сәрсенмен төбелескенің  бәрі-бәрі мен үшін еді ғой.  Кезінде бар нәрсені бағалай алмай уақыт көшінен өткен соң, оның шын қасиетін ұғады екенсің. Өзімнің жоқ жерден пайда болған өркөкіректігімнің жазасын тартып, кейіннен, әсіресе соңғы курстарда сағыныш дегеннің  не екенін ұққандай болдым. Сан-сапалақ  жігітсымақтарға көңіл толмай,  есіме қалқан құлақ, тақыр бас Бейсенбай келетін. Фатима да саған хат жазбағанымды жазғыратын көп. Ол  сенен ұлы ақын шығады деп қатты үміттенетін. «Егер сен соған  қосылсаң, оны ұлы ақын жасар едің» дейтін әзілдеп. Енді сен де өзгергенсің. Маған да таңырқай қарайсың. Сөзшең боп кетті деп айыптама тағы. Мүмкін мына ағылып жатқан тіршілік осындай ірілі-уақты, әркімнің өз жанының түпкірінде жатқан  сыр деп аталатын уақиғалармен қымбат шығар. Еске алудың өзі - өмірді ойлау, өткенді аңсау, сағыну...Қызық қой өмір дегенің, ә? - дейді Нұрпаш. Анадай жерде Нұрпаштың інісі мен қарындасым шүйіркелесе қалыпты. Төңірек ду-ду еткен жастар.  Әдеби әлем

Кездесеміз-ау деген  кімнің ойында бар.

Мектепті жаңа бітірген  қарындасымның  документтерін университетке тапсырып жатқанмын. Баяғы университет, ығы-жығы, шу-шу еткен жалтаң көз абитуриенттер. Көбісін жетектеген бір-бір адам.  Алғырлық көрсетпесең  жатақханадан құр қаласың.кезекте бізбен қатарлас тұрған келіншек  маған қарай берді. Қарайды да күлімсірейді. Шырамытам, бірақ біздің  ауылда мұндай жан жоқ  сияқты еді...

- Бейсенбай, аман ба?  - деп  әлгі қол беріп жатыр.

Танымадың-ау деймін. Алпыс сегіздің  абитуриенткасы Нұрпаш ше?

Алдымда бәлекей келіншек тұр. Жанары маздап жанған шоқтай нұрлана қалыпты. Балғын денесі  ашаңданып, сүйектеніп кеткендей. Дегенмен сынын бермеген. Жүрегім төмен тартып, шым-шым ете қалды. Бұйырмадың-ау бұл бейне маған. Сол Нұрпаш сияқты  және ол  Нұрпаш сияқты емес. Мынау  баяғы ұяң, жәудіреген біздің қарсыда тұратын қыз.., жо-жоқ бұл самбырлап ашық - жарқын  сөйлеп тұрған басқа, бөтен.

Көптен сытылып  бөлек шықтық. Елінде, былтыр  ғана тұрмыс құрыпты. Фатима да үйлі-баранды. Аралда тұрады екен. Мен де төрт баланың әкесі болғанымды айттым.

- Әскерде жүргенде хат жазсаң, маған бұйырар едің-ау, деймін. Әзілім сиықсыз шықты. Әзілдегенсіп, ащы шындықты айтып тұрмын. Оның жанары  бастау көзіндей тұнбаланып қалды. Уақыт өз дегенін істейді, жүзіне майда сызаттар жүгіре бастапты.

- Бәрі менмендіктен шығар. Студент болғасын өзімізді пір тұтып кетіппіз ғой. Сен болсаң мәңгілік абитуриент сияқты көріндің де тұрдың. Кейін жоғары курсқа барғасын сен іздеп келсеші  деп талай  армандадым. Үйленіп алғанымды  естігенде  іштей мүжіліп өкінгенімді айтпа! Ұмыта алмайды екенсің. Сенің домбыраға емес маған жалықпай қарайтының, соңымнан гүліңді  бере алмай  салпақтай  жүргенің, Сәрсенмен төбелескенің  бәрі-бәрі мен үшін еді ғой.  Кезінде бар нәрсені бағалай алмай уақыт көшінен өткен соң, оның шын қасиетін ұғады екенсің. Өзімнің жоқ жерден пайда болған өркөкіректігімнің жазасын тартып, кейіннен, әсіресе соңғы курстарда сағыныш дегеннің  не екенін ұққандай болдым. Сан-сапалақ  жігітсымақтарға көңіл толмай,  есіме қалқан құлақ, тақыр бас Бейсенбай келетін. Фатима да саған хат жазбағанымды жазғыратын көп. Ол  сенен ұлы ақын шығады деп қатты үміттенетін. «Егер сен соған  қосылсаң, оны ұлы ақын жасар едің» дейтін әзілдеп. Енді сен де өзгергенсің. Маған да таңырқай қарайсың. Сөзшең боп кетті деп айыптама тағы. Мүмкін мына ағылып жатқан тіршілік осындай ірілі-уақты, әркімнің өз жанының түпкірінде жатқан  сыр деп аталатын уақиғалармен қымбат шығар. Еске алудың өзі - өмірді ойлау, өткенді аңсау, сағыну...Қызық қой өмір дегенің, ә? - дейді Нұрпаш. Анадай жерде Нұрпаштың інісі мен қарындасым шүйіркелесе қалыпты. Төңірек ду-ду еткен жастар. 

Әдеби әлем

Бөлісу: