ІІ БӨЛІМ

18 Қараша 2013, 04:38

Ертесіне қыздарды көре алмадым. Есік тарс бекітулі, ерте тұрып,  кетіп қалыпты. Қап-ай, қап! Күзетке қойған сақшыдай соларды күтіп, коридорда тал-түске дейін  жүрдім де қойдым. Төсек-орнымды тапсырып, әкелген бар кітабымды көтеріп есік алдына шықтым. Жан-жағыма жалтақ-жалтақ қараймын. Кеткім келмейтін сияқты, бірақ жатақхана тек студенттер үшін ғой, солар тұруы керек. Жапырақ түн баласы  өте көп жауыпты. Сап-сарысы, қызылы, көгі де бар. Сірә, дойыр жел соққаны ғой. Шабаданымды көтеріп, автобусқа мінгелі жатып та жаутаңдай қараймын, іздеймін  кеп көзбен тінткілеп. Өзегім  удай ашиды. Ауыл топырағы  өз перзентін  қалаға  қиғысы келмепті. Бірақ әсем Алматыдағы   қыздарға, әсіресе Нұрпаш  саған  талай-талай келермін. *** Сам жамырағанда ауылға кеп түстік. Көңіл-хошы жоқ, бет-әлпеті сау емес, оқудан құлаған маған алғаш жолыққан да баяғы Кенжехан болды.             - Нишево, ертең колхоз бізді Балқаш бойынан  шөп дайындауға  жібергелі жатыр. Бірге жүр! - дегені мән-жайға қаныққан  соң. Жан баласына көрінбей Кенжеханның үйіне түнеп шығып, солармен бірге Балқашқа тартып  отырдым. Ай шамасынан  кейін  әскерге шақыру қағазы келді. Кенжехан екеуміздің әңгімеміздің өзегі - университеттегі екі студент қыз. Енді соларға соғудың сәті түскендей. Армияға аттанарда жатақханаға  Нұрпашты арнайы іздеп бардым. Биология факультетінің  бірінші курс студенттері Қызылорда облысына  күріш жинауға кетіпті.  Ал, керек болса!                                                                                   *** Арманшыл Бейсенбайың  Қиыр Шығыстағы әскери бөлімде  жауынгер болып шыға келді. Нұрпашқа әдемілеп тұрып,  төрт бетті толтыра ішіне екі-үш шумақ   өлең қосып, хат жібердім. Жауап жоқ болғасын және жаздым. Әскерде хат дегенің  жарты бақыт қой. Ондай бақытты  тағдыр шіркін маған сыйламаса керек. Арада жарты жылдай  өткесін, ойда жоқта Фатимадан хат алдым. Баяғы Нұрпаштың жерлес  құрбысы күлегеш Фатима ше? Сол жазыпты.  «Сенің хатыңның бәрін бірігіп оқимыз. Нұрпаш жауап жазғысы келмейді. Бірақ,  онысы дұрыс емес. Сосын мен жазып отырмын», дейді. Алғашында түк түсінсем бұйырмасын. Қайта-қайта оқып жатып,  ол мені ұмытқан, ұмытқысы келген, керегім жоқ енді оған деген ой қорыттым. Сонымен  хат жазуды да біржолата тоқтаттым. Бірақ өткен шақтың өлең кездерін, абитуриенттік аз ғана өмірдегі ыстық уақыт  табын  елжіреп жиі-жиі еске ап жүрдім. Нұрпашты ұмыта алмадым. Егер мен де сол  жылы студент болғанда... Кейін де күй тыңдасам болды, көз алдыма төсектің ернеуінде қуыршақтай болып, жанға керемет ләззат беретін күй шертетін  баяғы Нұрпаш  келе қалды. Ойың армандай болған сол күндерді аралатады.  Бірте-бірте қайта бастаған өкініш уыты асқынғандай тұнжырап: «Қайда жүр екен сол елік тұлғалы қыз», дейтінмін.  Әдеби әлем

Ертесіне қыздарды көре алмадым. Есік тарс бекітулі, ерте тұрып,  кетіп қалыпты. Қап-ай, қап! Күзетке қойған сақшыдай соларды күтіп, коридорда тал-түске дейін  жүрдім де қойдым.

Төсек-орнымды тапсырып, әкелген бар кітабымды көтеріп есік алдына шықтым. Жан-жағыма жалтақ-жалтақ қараймын. Кеткім келмейтін сияқты, бірақ жатақхана тек студенттер үшін ғой, солар тұруы керек.

Жапырақ түн баласы  өте көп жауыпты. Сап-сарысы, қызылы, көгі де бар. Сірә, дойыр жел соққаны ғой.

Шабаданымды көтеріп, автобусқа мінгелі жатып та жаутаңдай қараймын, іздеймін  кеп көзбен тінткілеп. Өзегім  удай ашиды.

Ауыл топырағы  өз перзентін  қалаға  қиғысы келмепті. Бірақ әсем Алматыдағы   қыздарға, әсіресе Нұрпаш  саған  талай-талай келермін.

***

Сам жамырағанда ауылға кеп түстік. Көңіл-хошы жоқ, бет-әлпеті сау емес, оқудан құлаған маған алғаш жолыққан да баяғы Кенжехан болды.

            - Нишево, ертең колхоз бізді Балқаш бойынан  шөп дайындауға  жібергелі жатыр. Бірге жүр! - дегені мән-жайға қаныққан  соң.

Жан баласына көрінбей Кенжеханның үйіне түнеп шығып, солармен бірге Балқашқа тартып  отырдым. Ай шамасынан  кейін  әскерге шақыру қағазы келді. Кенжехан екеуміздің әңгімеміздің өзегі - университеттегі екі студент қыз. Енді соларға соғудың сәті түскендей.

Армияға аттанарда жатақханаға  Нұрпашты арнайы іздеп бардым. Биология факультетінің  бірінші курс студенттері Қызылорда облысына  күріш жинауға кетіпті.  Ал, керек болса!

                                                                                  ***

Арманшыл Бейсенбайың  Қиыр Шығыстағы әскери бөлімде  жауынгер болып шыға келді.

Нұрпашқа әдемілеп тұрып,  төрт бетті толтыра ішіне екі-үш шумақ   өлең қосып, хат жібердім. Жауап жоқ болғасын және жаздым. Әскерде хат дегенің  жарты бақыт қой. Ондай бақытты  тағдыр шіркін маған сыйламаса керек.

Арада жарты жылдай  өткесін, ойда жоқта Фатимадан хат алдым. Баяғы Нұрпаштың жерлес  құрбысы күлегеш Фатима ше? Сол жазыпты.

 «Сенің хатыңның бәрін бірігіп оқимыз. Нұрпаш жауап жазғысы келмейді. Бірақ,  онысы дұрыс емес. Сосын мен жазып отырмын», дейді.

Алғашында түк түсінсем бұйырмасын. Қайта-қайта оқып жатып,  ол мені ұмытқан, ұмытқысы келген, керегім жоқ енді оған деген ой қорыттым. Сонымен  хат жазуды да біржолата тоқтаттым. Бірақ өткен шақтың өлең кездерін, абитуриенттік аз ғана өмірдегі ыстық уақыт  табын  елжіреп жиі-жиі еске ап жүрдім. Нұрпашты ұмыта алмадым. Егер мен де сол  жылы студент болғанда... Кейін де күй тыңдасам болды, көз алдыма төсектің ернеуінде қуыршақтай болып, жанға керемет ләззат беретін күй шертетін  баяғы Нұрпаш  келе қалды. Ойың армандай болған сол күндерді аралатады.  Бірте-бірте қайта бастаған өкініш уыты асқынғандай тұнжырап: «Қайда жүр екен сол елік тұлғалы қыз», дейтінмін.

 Әдеби әлем

Бөлісу: